Әлемдік экономика

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2011 в 15:46, курсовая работа

Описание работы

Технология деңгейінің тез өсуі мен жаңа қаржылық орталықтардың қалыптасуы кезінде интернационализациялау процесі трансұлттық компаниялар деңгейімен ғана шектелініп қоймай, мыңдаған ұсақ және орта кәсіпорындарды да қамтиды. Оларға тән қасиеттердің бірі экономикалық интернационализацияның әртараптандыру нысандары болып табылады. Олардың ішінде қазіргі кезеңде ең маңыздылысы біріккен кәсіпорындар.

Содержание

Кіріспе ……………………………………………………………………...
1-тарау. Халықаралық еңбек бөлінісінің халықаралық
экономикадағы алатын орны мен ролі
1.1. Халықаралық еңбек бөлінісінің мәні мен ерекшеліктері………………………………………………………...
1.2. Қазақстан Республикасының халықаралық еңбек бөлінісінің алатын орны мен ролі………………………………….....................
2-тарау. Біріккен кәсіпорындар-халықаралық еңбек бөлінісінің
негізгі нысаны
2.1. Қазақстандағы біріккен кәсіпорындардың қазіргі жағдайына талдау…………………………………………………………...........
2.2. Қазақстандағы біріккен кәсіпорындардың даму деңгейін бағалау………………………………………………………………
3-тарау. Қазақстан Республикасында біріккен кәсіпорындардың дамыту болашағы
3.1. Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісінің қатысу болашағы мен кейбір мәселелері………………………………….....................
3.2. Қазақстан Республикасында біріккен кәсіпорындарды дамыту мүмкіндіктері мен болашағы……………………………................
Қорытынды…………………………………………………………….....
Пайдаланған әдебиеттер тізімі…………………………………………..

Работа содержит 1 файл

Әлемдік экономика.doc

— 676.50 Кб (Скачать)

      Қазақстан Республикасы да халықаралық еңбек бөлінісі процесіне енген. Оның орны мен рөлі дамуымен, сонымен қатар табиғи және жасалынған артықшылықтармен, әсіресе біздің еліміз минералды шикізатқа маманданған және олардың техника-экономикалық көрсеткіштерімен анықталады. Осының негізінде біздің еліміздің сыртқы саудасы құрылады: шикізат экспорты, дайын өнімдер импорты. Бірақ егер Қазақстан экономика деңгейін көтергісі келсе, дайын өнімдер өндірісін көтеру қажет, ол елдің халықаралық экономикалық қатынаста орнын көтерер еді, ал қазір біз өнеркәсібі дамыған елдердің шикізат көзі болып отырмыз. Ол үшін экспорт-импорт саясатына реформа жүргізу қажет, сонымен қатар ұлттық өндіріс деңгейін көтеру тиіс.

      Біріккен кәсіпкерлік Қазақстан сыртқы экономикалық қызметінің жаңа механизмінің дамуы мен қалыптасуында үлкен рөл атқарады және бірқатар мәселелерді шешеді: біріншіден, батыс технологиясы мен техникасын өндіріс процесі кезінде  біріктіреді және экономикаға шетел қаржыларын таратады; екіншіден, өндірісті ұйымдастыру мен басқаруда ТҰҚ тәжірибелерін пайдаланады; үшіншіден, табыстың нақты валюта көзі рөлін атқарады; төртіншіден, сыртқы нарыққа ену мәселелерін шешеді; бесіншіден, тұрғындарды жұмысбастылықпен қамтамасыз ету мәселелерін шешеді. Осыған байланысты біріккен кәсіпкерлік даму процесін және республикадағы экономикалық механизмдерін зерреу өте маңызды мәселе болып табылады.

      Дипломдық жұмыстың басты мақсаты - Қазақстан Республикасының халықаралық байланыстың жаңа түрі ретінде халықаралық еңбек бөлінісі кезінде біріккен кәсіпкерліктің экономикалық тетіктерін, сипатын, түрі мен артықшылықтарын зерттеу, сипатын, түрі мен айырмашылықтарын зерттеу, оның транзиттік экономика жүйесіндегі әлеуметтік мүмкін боларлық жолдарын анықтау.

      Дипломдық жұмыстың негізгі міндеттері мыналар жатады:

  1. Қазіргі  кездегі  халықаралық еңбек бөлінісінің мәні мен ерекшеліктерін анықтау.
  2. Қазақстан Республикасының халықаралық еңбек бөлінісіндегі орнын сипаттау.
  3. Экономиканы интернационалдырудың келешегі мен түрі ретіндегі артықшылықтарын негіздеу.
  4. Біріккен кәсіпорындарды ұйымдастырудың түрлері мен принциптерін жүйелендіру және сыныптандыру, олардың түрлерін ауыспалы экономика өзгешеліктерін ескере отырып таңдау күштерін ұсыну;
  5. Біріккен кәсіпорындардың жеделдік даму тәжірибесін талдау негізінде оның нысандарын анықтау.
  6. Нарық және өтпелі экономика жағдайындағы елдердегі Біріккен кәсіпорындардың ерекшеліктерін түсіндіру;
  7. Өтпелі кезеңге тап басу жағдайындағы бүгінгі Біріккен кәсіпорындардың қалыптасу мен олардың бейімделу мүмкіндіктерін талдау,
  8. Біріккен кәсіпкерлікті экономикалық тетіктерін жетілдіру үшін маңдай алды бағыттарын анықтау, біріккен кәсіпкерлік қызметін қалыптастырудың нысандарын белгілеу;
  9. Біріккен кәсіпкерлікті дамытуды күшейтуге бағытталған жалпы бағдарламаның және саяси ұсыныстарды беру.
  10. Қазақстан Республикасының халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу мәселелері мен міндеттерін анықтау.

      Бұл дипломдық жұмыстың методологиялық және теориялық негізі отандық және шетел экономикалық ілім өнімдерінің ғылыми еңбектері, үкімет органдарының мәліметтері, экономиканы интернациаландыру және транснационализация мәселелері бойынша конференция деректері болып табылады.

      Жұмыста жазылған жалпылама ойлар, қорытындылар Қазақстан Республикасының үкіметінің қаулы, құқықтық, заңдық  актілерінің қолдануына негізделген.

      Жұмыстың мәліметтік негізін статистика және талдау комитеті деректері құрайды.

      Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер негізінен тұрады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1-ТАРАУ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕҢБЕК БӨЛІНІСІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ АЛАТЫН ОРНЫ МЕН РӨЛІ 

      1.1. Халықаралық еңбек бөлінісінің мәні мен ерекшеліктері 

      Халықаралық экономикалық қатынастардың мәнін және мазмұнын анықтайтын категориялардың бірі – халықаралық еңбек бөлінісі. Қазіргі уақытта халықаралық еңбек бөлінісіне тартылмаған елдер жоқтың қасы. Өндіргіш күштердің ғылыми – техникалық прогресс әсерімен жедел дамуы халықаралық еңбек бөлінісі тереңдеуінің негізгі кепілі.

      Халықаралық еңбек бөлінісі қатысушы елдер мен аймақтарға қосымша экономикалық тиімділік келтіріп, олардың өз қажеттіліктерін неғұрлым аз шығындармен қамтамасыз етуге жол ашады.

      Халықаралық еңбек бөлінісі – ел ішіндегі және еларалық бөлінісінің қорытындысы. Халықаралық еңбек бөлінісінің мәні өндіріс процесін бөлшектеу мен біріктірудің диалектикалық бірлігінен көрінеді.

      Өндірістік процестің ойдағыдай жүруі ондағы атқарылатын әртүрлі еңбек процестерінің бөлшектеніп мамандануына, содан соң кооперацияланып, өзара жарасымды іс-қимылдарға көшуіне байланысты.

      Еңбек бөлінісі – бұл қоғамдық еңбектің тарихи анықталған жүйесі. Ол қоғамның даму процесінде іс-әрекеттің сапалық дифференциация нәтижесінде қалыптасады.

      Еңбек бөлінісі тек қана бөлектену процесі емес, сонымен қатар еңбекті біріктіру әдісі. Мұндай диалектикалық бірлік халықаралық деңгейде ерекше көрінеді.

      Қоғамдық еңбек бөлінісі өндірістік әрекет түрлеріне байланысты мынадай нысандарға бөлінеді:

Информация о работе Әлемдік экономика