Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2011 в 15:46, курсовая работа
Технология деңгейінің тез өсуі мен жаңа қаржылық орталықтардың қалыптасуы кезінде интернационализациялау процесі трансұлттық компаниялар деңгейімен ғана шектелініп қоймай, мыңдаған ұсақ және орта кәсіпорындарды да қамтиды. Оларға тән қасиеттердің бірі экономикалық интернационализацияның әртараптандыру нысандары болып табылады. Олардың ішінде қазіргі кезеңде ең маңыздылысы біріккен кәсіпорындар.
Кіріспе ……………………………………………………………………...
1-тарау. Халықаралық еңбек бөлінісінің халықаралық
экономикадағы алатын орны мен ролі
1.1. Халықаралық еңбек бөлінісінің мәні мен ерекшеліктері………………………………………………………...
1.2. Қазақстан Республикасының халықаралық еңбек бөлінісінің алатын орны мен ролі………………………………….....................
2-тарау. Біріккен кәсіпорындар-халықаралық еңбек бөлінісінің
негізгі нысаны
2.1. Қазақстандағы біріккен кәсіпорындардың қазіргі жағдайына талдау…………………………………………………………...........
2.2. Қазақстандағы біріккен кәсіпорындардың даму деңгейін бағалау………………………………………………………………
3-тарау. Қазақстан Республикасында біріккен кәсіпорындардың дамыту болашағы
3.1. Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісінің қатысу болашағы мен кейбір мәселелері………………………………….....................
3.2. Қазақстан Республикасында біріккен кәсіпорындарды дамыту мүмкіндіктері мен болашағы……………………………................
Қорытынды…………………………………………………………….....
Пайдаланған әдебиеттер тізімі…………………………………………..
Бірақ Қазақстанды жоғарғы дамыған мемлекетке айналдыру сыртқы нарыққа нәтижелі қатысуына және халықаралық мамандануды ұтымды таңдауына байланысты. Республика экспортын ұлғайтудың негізгі көздері болып ғылыми сыйымды бұйымдар және жоғарғы технологиялар табылады.
Батыс эксперттері жаңа технологияларға және жаңа бұйымдарға жоғарғы қызығушылық білдіреді. АҚШ Ресейден ғарыш кемелерін қондырғанда қолданылатын “Топаз-2” плутоний-238 ядролық реакторын алдын-ала сатып алды. АҚШ үш мыңнан асатын технологиялар тізімін жасады. Осы технологиялар тізіміндегі Қазақстанның үлесі қандай немесе мүлдем жоқ па? Осыны анықтау керек. Ғылыми сыйымды өнімдердің сыртқы нарыққа шығуы біздің кәсіпорындардың, біріншіден, олардың сыртқы экономикалық сапалығының жоғарылауын; екіншіден, жоғарғы технологиялар әлемдік нарығының ерекшеліктерін ұғынуын талап етеді. Қазіргі кезде технологиялық потенциал әрбір мемлекеттің экономикалық және қорғаныс күшінің негізі болып табылады. Сондықтан Солтүстік Америка, Батыс Еуропа және Жапония арасындағы экономикалық бақталастықта негізгі орынды технологиялық жетекшілік үшін күрес алады. ТМД (Ресей, Украина, Өзбекстан, Қазақстан, Белоруссия) елдерін қамтыған экономикалық дағдарыс жағдайында Қазақстанның болашақтағы мүмкіндіктері айтарлықтай жоғары. Экономика құрылымында аграрлық сектор үлес салмағының басым болуы, басқарудың қатаң түрде жүргізілуі, бай табиғи ресурстардың болуы, Қазақстан экономикасының қайта қалпына келуіне мүмкіндік береді. Батыс мұнайгаз корпорацияларының ірі инвестициялары жеке меншік капиталдың ағып келуін күшейтеді. Қазақстанның шаруашылық жағдайы жоғарғы экономикалық интеграция дәрежесіне қарай Ресей қарым-қатынасымен анықталатын болады. Сондықтан экономикалық және технологиялық саясат дүниежүзінің жетекші технологиялық елдерімен тең құқылы қарым-қатынасты дамыта отырып, ғылыми сыйымды секторды шаруашылық өсудің “қозғаушы күші” етіп жасауы мүмкін.
Басқа жағынан қарағанда, қазіргі кезде біздің кәсіпорындар батыс технологияларына үлкен қызығушылығын білдіреді.
Біздің кәсіпорындардың өздері-ақ болашақта өріс алатын жобаларды ұсына алады. Ол үшін әлемдік нарықта қалыптасқан жағдайларды, ережелерді, шарттарды ескере отырып, үйлесімді бағдарламаларды жасап, оларды жүзеге асыру қажет. Қазіргі кезде технологиялармен айырбас жөнінен келісім-шарттарының қатаң сақталуын, өнеркәсіптік меншік иелері құқықтарының сақталуын қамтамасыз ететін жүйе керек. Бұл мәселені шешу үшін интеллектуалды меншік әлемдік ұйымының көмегіне және халықаралық сауда палатасының тәжірибесіне сүйенуге болады.
Қазақстан
тек қана шикізат пен материалдарын
ғана емес, сонымен қатар жоғарғы
технологиялы дайын өнімдер (электроника,
өнеркәсіптік құрал-жабдықтар және
т.с.с.) экспортына маманданғанда ғана
халықаралық еңбек бөлінісі жүйесінде
беделді орынға ие бола алады.
3.2. Қазақстан
Республикасындағы
біріккен кәсіпорындарды
дамыту мүмкіндіктері
мен болашағы
“Қазақстан Республикасында біріккен кәсіпкерліктің даму жағдайлары мен басым факторлары” елімізде біріккен кәсіпорындар қызметіне қолайлы экономикалық ахуал жасау тапсырмалары, біріккен кәсіпорын функцияларын ырықсыздандыруға талдау қарастырылады және біріккен кәсіпорындардың қызмет ету негізінде заңды-нормативтерді жетілдіруге ұсыныстар көрсетіледі.
Қазіргі кездегі халықаралық бизнес ерекшелігі - тәуелді барынша төмендетуге ұмтылу. Өз кезегінде тәуекел дәрежесі экономикалық кеңістіктегі бизнес климатынан болады. Қолайлы экономикалық, заңды-құқықтық институтционалдық жүйе негізінде шаруашылық субъектілердің қызмет етуін “қолайлы экономикалық ахуал” деп аталады. “Қолайлы экономикалық ахуалдың” принципты базасына болып келесі факторлар жатады:
- жетілген салық жүйесі;
- оңайлатылған валюталық режим;
- бюджет жүйесі;
- кедендік режим;
- тиімді есеп беру мен есепке алу;
- жетілген банк жүйесі;
- шаруашылық басқару органдарын жаңарту;
- жетілген сақтандыру жүйесі;
- әкімшілік басқару органдарын жаңарту;
- жетілген сақтандыру жүйесі.
Әлемдік тәжірибеде инвестиция тартуға қолайлы жағдай жасау, сонымен бірге біріккен кәсіпорын құру, көп жағдайда заң шығару негізін жетілдірумен байланысты. Өзара байланысты экономикалы, құқықтық, ұйымдастыру және ақапараттық бағыттар кешешнінің ішінде маңыздысы келесілер:
Қазақстада “қолайлы экономикалық ахуал” қалыптастырудың негізгі элементі “Шетел инвестициялары туралы” Заң болып табылады. Осы заңға сәйкес, шетел инвестицияларының кез-келген түрі және олармен байланысты барлық қызмет түрлері қолайлы жағдайларда жүзеге асырылуы тиіс. Бұл заңның негізгі қабылданған мақсаты – біздің еліміздегі шетел инвестицияларына, олардың қызметіне максималды жағдай құру.
Бұл заң Қазақстан территориясында шетел инвестицияларының ұлттық инвесторларға рұқсат берілген барлық ұйымдасқан - құқықтық формасында біріккен кәсіпорын, еншілес және шетел заңды тұлғалар өкілеттігі ретінде қызмет етуге мүмкіндік бар екендігін бекітеді. Осы заң шетел инвесторларына басқа да маңызды кепілдіктер береді.
Тікелей шетел инвестициялары Қазақстан үшін, оның қазіргі кезеңдегі экономикалық жағдайын ескергенде, басқа мемлекетаралық экономикалық ынтымақтастық формаларымен салыстырғанда бірқатар айтарлықтай артықшылықтарына ие болады:
1995
жылы еліміздің салық жүйесін
реформалау жылы болып
Шетел қатысуы мен 100 % -ды шетел капиталы барлық заңды тұлғаларды тіркеу туралы процедурасын жеңілдету және жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Президенті мен 1995 жылы заң күші бар “Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы” заң күші бар Жарлығына қол қойды. Осы заңға сәйкес барлық заңды тұлғаларды тіркеу ҚР-ның Юстиция министірлігі және оның аймақтық органдары арқылы жүзеге асырылады. Заңды тұлғалардың тізімге алынуы 15 күн аралығымен қажетті құжаттар және құрылтайлық құжаттар арқылы шектеледі.
Заңды түрде қорғаумен қоса, шетел инвесторларына қосымша кепілдік беруді мемлекетаралық инвестицияны қорғау, және ынталандыру келісім-шарты қамтамасыз етеді. Тәуелсіздік алағалы бері еліміз мұндай келісім шартын 23 елмен жасады. Қазіргі кезде 21 елмен келісім-шарт жобасы талқылануда.
“Қолайлы
экономикалық ахуал” қалыптастыру көптеген
факторлардан тәуелді болып келеді.
Халықаралық салық және инвестиция
жөніндегі орталық
Қазіргі
кезеңде, жаңа салық кодексінің, “Валюталық
реттеу туралы”, 1997 жылғы 10 сәуіріндегі
“Сыртқыц қарыз және сыртқы қарызды
басқару туралы”, 1997 жылғы 28 ақпандағы
“Тікелей инвестицияларын мемлекеттік
қолдау туралы”, 1997 жылғы 5 наурыздағы
№ 77-1 “Құнды қағаз нарығы туралы”, 1997
жылғы 6 наурыздағы № 82-1 “Инвестициялық
қорлар туралы” Заңдардың қабылдануы
елімізде экономикалық ақаулының біршама
алға қадам басқандығын көрсетеді.
Қорытынды
Сонымен біз Қазақстан Республикасының халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуын қарастырдық. Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісіндегі орны халықаралық экономикалық қатынастағы жағдайымен анықталынады.
Халықаралық экономикалық қатынас еңбек бөлінісі процесінен, өндіріс пен ғылымның халықаралық мамандануынан және шаруашылық өмірдің интернационализациялануынан туындайды.
Халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі, яғни халықаралық экономикалық қатынас табиғи және жасалынға өндірістік технологиялық фаторлардан, сонымен бірге әлеуметтік, ұлттық, этикалық, саяси және моралдық жағдайларына тәуелді болады.
Халықаралық экономикалық қатынас рөлі, даму қарқыны, мүмкіндктері және оның негізгі нысандар арақатынасы және бағыттары халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен анықталады, яғни оның ең жоғарғы түріне өтеміз. Халықаралық еңбек бөлінісінің жалпы түрі халықаралық салааралық айырбасты, әсіресе, өндірілетін және өнделетін жеке елдер салаларын айқындайды. Жеке еңбек бөлінісі әртүрлі салалар мен өндірістердің дайын өнім халықаралық саудасының үстем болуына және дамуына әкеледі. Сонымен біртектес халықаралық еңбек бөлінісі өндірістің жекелеген кезеңдеріне мамандануды білдіреді, ол ғылыми-техникалық, жобалық-құрылыс және технологиялық, инвестициялық жоба сатыдаь болуы мүмкін. Мамандану және кооперация формаларының дамуы халықаралық экономикалық қатынас дамуына алғышарттар туғызады.
Дамушы елдер (олардың ішінде Қазақстан) халықаралық еңбек бөлінісі жүйесінде маңызды орын алады. Олардың орны мен рөлі олардың экономикалық дамуы және өнеркәсіп дамуы деңгейлеріне байланысты.
Қазіргі кезеңде олар өнеркәсібі дамыған елдерге шикізат көзі рөлін атқаруда. Бірақ, өздерінің экономикасының даму шарттарына байланысты кейбір дамушы елдер дайын өнім шығаруға мамандануға көшуде, негізінен оларға Оңтүстік-Шығыс Азия және Латын Америкасының жаңа индустриалды елдері жатады. Осыған қарамастан, олар халықаралық еңбек бөлінсі және уақыт бойы өнеркәсібі жоғарғы дамыған елдер үшін екінші сатыда болады. Бірақ, біз халықаралық еңбек бөлінісінің халықаралық экономикалық қатынаспен тығыз байланыста екендігін ескергеніміз жөн. Сондықтан, тиімді сыртқы экономикалық саясат жүргізе отырып, Қазақстан халықаралық еңбек бөлінісі жүйесінде өз орнын біршама алға жылжыта алады.
Қазақстан әлемдік бизнес тарапынан үлкен мүмкіндіктерге ие, ал жекелеген салаларында әлемдік нарықта кейбір өнім түрлерін өндіруде монополист болып есептелінеді. Қазақстанның бір кемшілігі ол әлемдік көлік жүйеден алыс орналасқан, әсіресе теңіз жолдарынан алшақ орналасқан.
Сонымен, Қазақстанның сыртқы экономикалық қызмет тапсырмаларын шеше отырып, біз Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіндегі рөлі мен орнын көтереміз. Еліміздің шикізат экспорттаушылар қатарынан ғылым сыйымдылығы жоғарғы өнімдердің түріне мамандануына мүмкіндік береміз.
Қорыта келгенде, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен Қазақстанда біріккен кәсіпорындардың дамуы кең таралуда. Қазақстанда біріккен кәсіпорындарды дамыту кезінде мына төмен қорытындыларды жасауға болады:
1. Біріккен кәсіпорындардың даму көрсеткіштері мен ынталандыру механизмінің болмауы. Осыған сәйкес, тиімділікті көтеру үшін көрсетілген кәсіпкерлік компоненттерін есепке алу жүйесін құру қажет.
2. Біріккен кәсіпкерлік қызметінің экономикалық салық жүйесін ырықсыздандыру. Біріккен кәсіпорындардың құрылған бірінші 3 жылда барлық салық түрлерінен босату шетел қатысуымен құрылған ұсақ және орта кәсіпорындар санының өсуіне ықпал етеді. Мемлекеттің ғылыми-техникалық талаптарын сай негізгі принципке сәйкес салықтан босатудың жекелеген тәсіолдерін қамтиды бағдарлама қалыптастыру қажет.
3. Валюталық және кедендік саясаты ырықсыздандыру біріккен кәсіпорындарда шетел капиталдың қолдануды және пайдалануды ынталандыруға ықпал етеді. Осыған байланысты, кедендік режимді ырықсыздандыру инвестициялық тауарларды импорттауда кедендік бажға өз әсерін тигізеді. Әкелінетін жабдықтар мен технологияларға баждық жойылуы, біріккен кәсіпорындардың өндірістік процесінен қолайлы әсерін тигізеді, себебі көрсетілген кәсіпорындардың айтарлықтай көпшілігі біріккен кәсіпорындардың жарлық қорына ақшалай емес активтерді салады.