Кәсіпорынның бағалық саясатының маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2011 в 20:48, контрольная работа

Описание работы

Еліміздегі тарифтік саясат әр салаларда жүргізілуде. Бағдарламаны табысты іске асыру мақсатында қазіргі күні қолданыста ғы тарифтерді жасанды ұстап тұрудан бас тартып, табиғи монополиялар сала сына барлық қатысушыларына-субъектілердің өздері мен олардың қызмет көрсетуін тұтынушылар мүдделері теңдестіруге қол жеткізуге бағытталған икемді тарифтік реттеу саясаты жүргізілуде.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................3
Негізгі бөлім..........................................................................................................4
1. Кәсіпорындағы баға стратегиясы..............................................................4
2. Салалардағы тарифтік жүйелер.................................................................7
3. Кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетінің мәселелері және арттыру
жолдары……………………......................................................................23
Қорытынды..........................................................................................................26
Әдебиеттер тізімі................................................................................................27

Работа содержит 1 файл

1 ргр по экономике.docx

— 180.50 Кб (Скачать)

     барлық  «Megaline» тарифтік жоспарларының пайдаланушылары  үшін - "Қазақтелеком" АҚ Интернет желісінің ішкі ресурстарына (Қоғамның IP-адрестері) шектелмеген қосылыс беріледі. Бұл ретте, ішкі ресурстарға/дан кіріс/шығыс трафик тарифтелмейді.  Егер сессия бір тарифтік жоспардың (тарифтің) әрекет ету кезеңінде басталып, басқа тарифтік жоспардың (тарифтің) әрекет ету кезеңінде аяқталған жағдайда, қызметтің ұсыныла басталу күнінде (сессияның басталу күнінде) тарифтеледі.

     «Megaline Start» тарифтік жоспарының пайдаланушылары  үшін - "Қазақтелеком" АҚ-ның ішкі ресурстарына және Интернет желісінің сыртқы ресурстарына қатынау жылдамдығы трафикті генерациялау кезінде кіріс/шығыс арналар бойынша екі бағытта да жалпы қатынау жылдамдығы 1024 Кбит/с /1024 Кбит/с дейін құрайтындай жинақталады, бұл ретте сыртқы ресурстарға кіріс/шығыс арналар бойынша кепілді қатынау жылдамдығы 256 Кбит/с/256 Кбит/с құрайды. 

     «Megaline Hit», «Megaline Light», «Megaline Box»  тарифтік жоспарларының  пайдаланушылары  үшін - "Қазақтелеком" АҚ-ның ішкі ресурстарына және Интернет желісінің сыртқы ресурстарына қатынау жылдамдығы трафикті генерациялау кезінде кіріс/шығыс арналар бойынша екі бағытта да сыртқы ресурстарға жалпы қатынау жылдамдығы 2048 Кбит/с /1024 Кбит/с, бірақ Астана мен Алматы қ. үшін кем дегенде 1024 Кбит/с/1024 Кбит/с және қалған аудандарға 512 Кбит/с/512 Кбит/с құрайтындай жинақталады. 

     "Megaline Turbo", "Megaline Turbo Plus", "Megaline Turbo Light" тарифтік жоспарының  пайдаланушылары  үшін - деректерді беру жылдамдығы "Қазақтелеком" АҚ желісінің ішкі ресурстарына да, Интернет желісінің сыртқы ресурстарына да динамикалы түрде (бейімді түрде, "соңғы миляның" техникалық параметрлеріне байланысты) кіріс арна бойынша 8 Мбит/с дейін (жинақ) және шығыс арна бойынша 1024 Кбит/с (жинақ) дейін, бірақ кем дегенде 1024 Кбит/с/ 512 Кбит/с өзгереді.

     * - Аудандық мәндегі қалаларда  және аудандық мәндегі қалалардан  төмен елді мекендерде тұрып  жатқан абоненттерге қызметті  ұсыну барысында портқа қосылу  үшін біржолғы төлемге 0,75 еселігі  қолданылады;  
** - тариф "Астанателеком" ҚТО және «Алматытелеком» ҚТО абоненттеріне қарастырылған  
*** - тариф облыс орталықтары мен Семей қ. қарастырылған  
**** - тариф облыс орталықтары мен Семей қ. қоспағанда, Ақмола ОТД, Ақтөбе ОТД, Атырау ОТД, Алматы ОТД, Шығыс Қазақстан ОТД, Жамбыл ОТД, Батыс Қазақстан ОТД, Қарағанды ОТД, Қостанай ОТД, Қызылорда ОТД, Маңғыстау ОТД, Павлодар ОТД, Солтүстік Қазақстан ОТД, Оңтүстік Қазақстан ОТД абоненттеріне қарастырылған.

     Ескерту:

аудандық  мәндегі қалаларда  және аудандық мәндегі  қалалардан төмен  елді мекендерде тұрып  жатқан«Megaline Start»  ТЖ пайдаланушылары  үшін – ай сайынғы төлемге 0,75 еселігі қолданылады.

     аудандық  мәндегі қалаларда  және аудандық мәндегі  қалалардан төмен  елді мекендерде тұрып  жатқан «Megaline Turbo»  ТЖ пайдаланушылары  үшін - ай сайынғы төлемге 0,95 еселігі қолданылады. Бұл еселік кейінгі 10 Мбайт кіріс трафигі үшін төлемге қолданылмайды

         2.6 Теміржол саласындағы тарифтік  жүйелер саясаты 

        ҚР көлік және коммуникация министрлігінің экономика  мен халықтың көлік саласындағы  қажеттіліктерін толық көлемде  қанағаттандыруға қабілетті көлік-коммуникация кешенін дамытуда МТЖ қызметтеріне тарифтерді кезең-кезеңімен біріздендіру болып табылады:

  1) қатынас түрлері бойынша (импорттық  және облысаралық) 2012 жылға қарай;

  2) экономикалық орындылығын ескере  отырып, жүк түрлері бойынша;

     3) МТЖ қызметтеріне шекті тарифтерді 10 жылға бекіту.

   Тасымалдар  саласында жаңа тарифтік саясатты іске асыру және темір жол көлігімен  тасымалдауға  тарифтерді 2011 жылдан бастап 2014 жылды қоса алғандағы кезеңде, кейіннен инфляция деңгейінде  индекстеумен  жыл сайын орташа есеппен 15% арттыру  есебінен жылжымалы құрамды сатып  алу және күрделі жөндеу.

     Қолданыстағы  реттеу тәжірибесіне сәйкес тарифтер жүк түрі мен тобына қарай сараланған. Нәтижесінде тасымалдаудан түскен кіріс хабарлама түрімен және жүк тобымен айқындалатын нарық сегментіне байланысты ерекшеленеді. Көрсетілген тасымал сегменттерінен үш топты атауға болады:

     1- топ – төмен кірісті тасымалдар:

     тас көмір (экспорт, облысаралық қатынас), кен (экспорт, облысаралық қатынас), құрылыс жүктері (импорт), нан (экспорт, облысаралық қатынас), қалған жүктер (облысаралық қатынас);

     2 - топ – жоғары кірісті тасымалдар:

     мұнай жүктері (экспорт), қара металл (экспорт, импорт, облысаралық қатынас), химиялық және минералды тыңайтқыштар (экспорт, импорт, облысаралық қатынас), қалған жүктер (импорт);

     3 - топ – өз шығынын өтейтін  тасымал: 

     тас көмір (импорт), мұнай жүктері (импорт, облысаралық қатынас), кен (импорт), құрылыс жүктері (экспорт, облысаралық  қатынас), нан (импорт), қалған жүктер (экспорт).

      Экономиканың  жүк және басқа салаларының (тау-кен  өндіру, құрылыс және агроөнеркәсіптік кешен) есебінен, баға өсіміне қатысты  темір жол тарифтерінің төмендеуі  есебінен жолаушы тасымалдарын көптеген жылдар бойы қиылысты қаражаттандыруға мүмкіндік беретін экономикалық саясат сала активтерінің «шайылуына»  және мемлекеттің көлік инфрақұрылымдары сапасының әлсізлауына алып келеді.

     Практикада  бағалық реттеу тауар өндірушілерге  қолдау көрсету мақсатында  темір  жол тарифтерінің өсуін ұстап  тұруға арналған макроэкономикалық  саясат құралы, сонымен бірге әлеуметтік-маңызды  қызметтерді рентабельді қызметтер  тарапынан қиылысты қаржыландыруды қамтамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық саясат құралы ретінде қолданылады.

     1997 жылдан 2009 жылға дейінгі кезеңде  темір жол тарифтерінің өсу  қарқыны жылына орташа алғанда  5,8% құрады, ал тұтыну бағасының  индексі жыл сайын орташа алғанда  9,1%, ал өнеркәсіп бағасының индексі  13,3% ұлғайды. 

     Бағаны  реттеуді тежеу саясаты бүгінгі  күні Қазақстанның темір жол тарифтерінің орташа деңгейі РФ тарифтерінің орташа деңгейінен 2,3 есе төмен және Белоруссия тарифтерінен 1,7 есе төмен (Бірыңғай кеден одағы елдеріндегі экономикалық саясат шеңберінде салыстырғанда) жағдайға келтірді.  

     4-диаграмма.  ҚР, БР, РФ темір жолдары бойынша жүк тасымалдарына тарифтер деңгейін салыстыру (500 км-ге) 

           

     Осы шешімге сәйкес жүктерді темір жол  көлігімен тасымалдау тарифтері  құрамдас төрт бөліктен: МТЖ қызметтерінің  тарифтері, локомотивтік күш беру, жүк  және коммерция жұмыстары, вагондар мен контейнерлерді пайдаланудан құралады.

     Қолданыстағы  жүк тарифтері ТМРА бекіткен және темір жол көлігі қызметтерін  көрсетудің ұлғайған шығындары мен  инфляция деңгейін көрсету үшін енгізілген индексациялау коэффициенттерін пайдалану  арқылы бөлінген базалық ставкалардың негізінде есептеледі.

     МТЖ қызметтерін көрсеткені үшін тасымалдаушылар  төлейтін төлем тарифтік реттеуге жатады, темір жол тарифінің қалған бөліктері  бәсекелестік секторына жатады, бірақ  қазіргі кезде монополияға қарсы  заңнамаға сәйкес басымдылық жағдайға ие субъектілер қызметтерінің бағасы да ТМРА тарапынан бағалық реттеуге жатқызылған.

         Бүгінгі күнге дейін МТЖ қызметтерінің  тарифтеріне «МТЖ операторы» мен  «жүк тасымалдаушылар» арасында транзакция қолданылмайды, өйткені олар бір компанияның бір бөлігі болып табылады.

         Қолданыстағы  есептік таблицалардың тарифтері  тасымалдау қашықтығы, жүктің салмағы, жылжымалы құрамның түрі, тасымалдау нормативтері, вагондардың тиістілігі («ҚТЖ»ҰК»АҚ немесе бейресми парк), ерекше сипаттамаларына (қауіпті жүк, габаритен  тыс және басқа) байланысты болады.

         Тасымалдаудың жеке санаттары бойынша бүгінгі  күнгі қолданыстағы тарифтерді саралау (қатынас түрлері және жүк түрлері  бойынша) жеке жүк және қатынас түрлеріне  қарай Бағатізбенің тарифтік ставкаларын  индексациялау коэффициенттерін саралап  бекіту жолымен олардың төлем  қабілеттілігіне орай, тұтынушыларға  саралап қарауды жүйелі қолданудың нәтижесі болып табылады.

     Темір жол тарифтерін саралаудың 17% технологиялық  факторларға (тасымалдаудың әрбір  жеке санатында іске қосылған өндірістік факторларға байланысты бағатізбенің базалық ставкаларын саралау) және  83%-ы технологиялық емес факторларға  байланысты. Сондай-ақ РФ-дағы технологиялық  емес факторладың саралауға әсері 27%, ал технологиялық  факторлары 73%-ды құрайды.

     Соған қарағанда РФ тарифтік теңгерімсіздік Қазақстанға қарағанда біршама  төмен. Қазақстандағы тарифтік теңгерімсіздіктің  коэффициенті                    (1 тонна жүкті тасымалдаудағы ең төменгіге қарағанда ең жоғарғы  тариф)                 9,4, ал Ресейде 3,7.

      Жүктер  мен жолушы тасымалдаушыларына ұсынылатын МТЖ қызметтерінің тарифтерін мемлекет реттейді. Жүк тасымалдаушыларының  қызметтеріне бағалар сұраныс пен  ұсыныстың нарықтық тетігін негізінде еркін қалыптасады. Темір жол көлігімен әрбір нақты тасымал өз параметрлері бойынша бірегей қызмет болып табылады. Темір жол көлігінің қолданыстағы қызметтер прейскуранты (жүктер тасымалының тарифі) оларды жүктер түрлері және бұл ретте он мыңдаған позициялардан тұратын қашықтық белдеулері бойынша жасанды түрде реттеу жүргізеді.

     Мемлекеттік реттеу реформасы кезең-кезеңімен  жүзеге асады. 2011 жылы мемлекеттік реттеуден  жүк тасымалдағаны үшін вагон  құрамын шығару,             2014 жылы – тасымалдау қызметін қайта  реттеу жоспарланып отыр (6-сурет).  

6 - сурет. Жүк тасымалдау  нарығын мемлекеттік  тарифтік реттеу  әдістерін өзгерту 

Нарықты ырықтандыру нәтижесінде қызметтердің экономикалық құны негізінде тарифтерді нарықтық қайта теңгеру болады.

     2014 жылы бәсекелестік үлгісін енгізер  кезде Қазақстанның Бірыңғай  кедендік одаққа (бұдан әрі –  БКО) және Дүниежүзілік сауда  ұйымына                (бұдан әрі – ДСҰ) кіру шеңберінде  тарифтерді сәйкестендіру (яғни, жақындасу жағына қайта теңгеру)  жұмыстарын кезеңімен жүргізу  қажет болады.

     Жолаушылар  тасымалдау нарығында плацкарт вагондарына  билет бағалары концессия шарттары (МЖӘ) негізінде реттелетін болады, бұл халықтың жүріп-тұруына қол  жетімді әдісті ұсынады, бірақ жайлы  жабдықталған вагондардың (купе және жатын  вагон) билет бағалары реттелуі сұраныс  және ұсыныс нарығы арқылы анықталады. Бұнда реттелетін қызметтерге баға белгілеу қағидаттары жеткізушінің баға белгілеу сапасына, маусымына және сұраныс кезіне байланысты белгілі бір ауқым шегінде икемділікті қамтамасыз етуі керек.

     МТЖ және жергілікті темір жол инфрақұрылымы  қызметтерінің тарифтерін мемлекет реттейді. Экономикалық тиімділігі мен  клиентке бағытын көтеру мақсатында табиғи монополия субъектісінің  – МТЖ операторының реттеуінде мыналар  болады:

     1) ең шекті ынталандыратын тариф  белгілеу қағидаттарына негізделеді; 

     2) клиенттерге тән қажеттіліктерді  есепке алатын және белгіленген  заңнамаға сай өндіріс тиімділігін  көтеруге ынтаны қамтамасыз ететін  белгіленген шекте тарифтерді  белгілеудегі субъектінің тәуелсіздігі;

     3) тарифтерді макроэкономикалық жағдаятты  және тоғыспа қаражаттандыруды реттеу құралы ретінде пайдаланбау;

     4) ережелер мен тәртіптерді түбегейлі  жеңілдетуді, сондай-ақ ақпараттардың  толық тізбесін және тарифтерді  белгілеу жөнінде шешім қабылдау  үшін анық белгілерін қарастыру.

    Дәстүрлі  түрде ақылы автомобиль жолдары  бойынша жүріп өтуге пайдаланушы  ақы төлейді. Тариф, қаржыландыру құнын  және  қызмет ету мерзімі ішінде жөндеу жұмыстарының жоспарын қоса алғанда, жобаның толық құны негізге алына  отырып есептеледі. Тарифті индекстеу  инфляцияға сәйкес, сондай-ақ басқа  да ерекше жағдайлармен көзделеді. Мемлекет тарифтерді  арттыруды жоспарламаған  жағдайда, өйткені бұл әлеуметтік қарсылықтар тудыруы мүмкін, өтемақы  төлеу тетігі әзірленуі тиіс.

Информация о работе Кәсіпорынның бағалық саясатының маңызы