Кәсіпорынның бағалық саясатының маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2011 в 20:48, контрольная работа

Описание работы

Еліміздегі тарифтік саясат әр салаларда жүргізілуде. Бағдарламаны табысты іске асыру мақсатында қазіргі күні қолданыста ғы тарифтерді жасанды ұстап тұрудан бас тартып, табиғи монополиялар сала сына барлық қатысушыларына-субъектілердің өздері мен олардың қызмет көрсетуін тұтынушылар мүдделері теңдестіруге қол жеткізуге бағытталған икемді тарифтік реттеу саясаты жүргізілуде.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................3
Негізгі бөлім..........................................................................................................4
1. Кәсіпорындағы баға стратегиясы..............................................................4
2. Салалардағы тарифтік жүйелер.................................................................7
3. Кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетінің мәселелері және арттыру
жолдары……………………......................................................................23
Қорытынды..........................................................................................................26
Әдебиеттер тізімі................................................................................................27

Работа содержит 1 файл

1 ргр по экономике.docx

— 180.50 Кб (Скачать)
Сыртқа  соғылған  қоңыраулар K-Cell K-Mobile Beeline Dalacom
30 се-кунд 1 ми-нут 10 се-кунд 1 ми-нут 1 се-кунд 1 ми-нут 1минут
Өз  компаниясының ұялы телефонына 20,8 41,6 7,0 42,0 0,64 38,0 3,0
Қалалық телефонға 26,0 52,0 40,0 0,70 42,0 22,5*
Өзге  компанияның ұялы телефонына 26,0 52,0 40,0 0,70 42,0 45,0

*  «Dalakom» компаниясының байланыс станциялары орнатылған қалалар мен елді

   мекендер үшін ғана. 

    Кестеден  байқап отырғанымыздай, ең төмен тариф  «Dalakom» компаниясының өз желісі ішінде орнатылған, сонымен қатар қалалық телефондарға қоңырау соғу бағасы да аталған компанияның баға саясатының тартымдылығын көрсетеді. Дегенмен, өзге компаниялардың бәсекелестік саясаты басқа көрсеткіштер бойынша өзіндік артықшылықтары бар. Мәселен, «Beeline» компаниясы барлық телефондарға соғылатын қоңыраулар үшін секундтық тарифтік бағалар орнатқан, ал «K-Cell» компаниясы көрсетілген тарифтерден басқа қосымша жеңілдіктер қарастырады (кешкі уақыттарда байланыс бағасының 75%-ға дейін төмендетілуі және т.с.с.).

    Ұялы  байланыс компанияларының баға бәсекелестігі  олардың өнімдеріне деген бағаның  төмендеуіне алып келді. Алғашқы  кездері ұялы байланыс нарығында  монополистік үстемдік құрған «Алтел»  компаниясының қызметі үшін тұтынушылар  тіпті қабылданған қоңыраулар үшін де есеп айырысатын, ал уақыт бірлігінің бағасы сол кездері бір АҚШ  долларынан асатын.

    Министрліктің   мәліметі бойынша, Қазақстанда ағымдағы жылы интернет және  мобильді байланыс қызметтерінің тарифтері  арзандады. Тарифтер кең жолақты интернетке қосылу үшін ғана емес, ұялы байланыс үшін де арзандатылып жатыр. Желі ішіндегі байланыс құны 33 пайызға, роуминг шегі 48  пайызға және интернетконнект бойынша 20 пайызға төмендетіліп,   нәтижесінде интернет  пайдаланушылардың  саны 34 пайызға өсіп отыр.  Қазір  Байланыс  және ақпарат министрлігі   мобильдік   желілер арқылы 4 G жобасын  жүзеге асыруға  жақын,   бұл  мақсат үшін  сәйкес диапазондар бөлініп  отыр.

    Баға  бәсекелестігінің нысаны ретінде бағалық  дискриминацияны қарастыруға болады. Бағалық дискриминация бір тауарға, өндіріс  шығындары көлеміне қарамастан, әр түрлі тұтынушылар үшін түрлі  бағалар орнатумен сипатталады. Бұл нарықты тұтынушылардың категориясына  қарай, олардың тауарды сатып  алу қабілетіне қарай бөлу арқылы жүзеге асады. Тұтынушылардың түрлі  категорияларына қарай әр түрлі  баға белгілеу нәтижесінде өндірушілер  жалпы табысты арттыруға мүмкіндік  алады, себебі тауар қымбат және арзан  нарықтарда сатылады, ал тауарды өндіруге кеткен шығын бірдей. Бағалық дискриминация  саясатының мысалы ретінде «Қазақтелеком» АҚ баға саясатын келтіруге болады (3.2-кесте). 

3.2-кесте

         «Қазақтелеком»  АҚ белгілеген автоматтық қалааралық

байланыс  тарифтерінің коэффициенттері 

Жұмыс уақытының  басталуы Жеке тұлғалар үшін Заңды тұлғалар үшін Мемлекеттік мекемелер  үшін

Демалыс және мейрам күндері

1 00.00-03.00 0.85 0.75 0.75
2 03.00-06.00 0.40 0.75 0.75
3 06.00-00.00 0.75 0.75 0.75

Жұмыс күндері

1 00.00-03.00 0.95 0.75 0.75
2 03.00-00.00 0.40 0.75 0.75
 

    Кестеден  «Қазақтелеком» АҚ автоматты қалааралық байланыс қызметтеріне тұтынушылардың категорияларына қарай әр түрлі  тарифтер орнатқанын көреміз. Тарифтер апта күніне және тәулік мерзіміне  қарай бөлінеді: түнгі сағат 3-тен  бастап ең тарифтер қолданылады. Сонымен  қатар, компанияның қызметі әр түрлі  абоненттерге түрлі бағалар бойынша  ұсынылады: мемлекеттік мекемелер  мен заңды тұлғаларға байланыс қызметі  жеке тұлғалармен салыстырғанда  арзанырақ түседі. 

2.4 Еңбекақыны  төлеудегі тарифтік жүйе саясаты         

  
           Жұмысшының еңбек сапасын арттыру және жалақы төлеуді дұрыс ұйымдастыру үшін біріңғай тарифтік жүйе қолданылады. 
Жұмысшы, қызметші жалақысы екі бөлімнен тұрады: тұрақты және өзгермелі. Тұрақты жағы тарифтік стафкалар мен кесімдерден, оклаттардан, үстемақы мен қосымақылардан (надваки и доплаты) тұрады. Оның бәрі мемлекет тарапынан күні бұрын белгіленіп қойылады. Өзгермелі жаағы – нормалар мен тапсырмаларды асыра орындағаны, қаржы үнемдегені үшін берілетін қосымша,сыйлық ақыдан, жұмыстың жылдық қортындысы үшін төленетін 13-айлықтан және сыйлықтардан тұрады. Мұның бәрі арнайы қосымша сыйлық қорлар есебінен беріледі. 
Жалақыны тұрақты бөлігі – қажетті өнім есебінен, екіншісі, өзгермелі бөлігі қосымша өнім есебінен төленеді. 
Экономикалық реформа бойынша жалақы төлеу саясаты мүлдем өзгереді. Оның мәнісі ортаалық тараптан реттеуді жергілікті кәсіпорын, мекемелерге жақындатып, еңбек ақы қорын жасауды салық өтеу тәсілін байланыстыру. Әрбір жұмысшыға жалақысынан оның жеке өндірген өніміне сай келтіру, жалақының тек төменгі кепілді мөлшері мемлекет тарапынан белгіленіп, жоғарғы мөлшерін кәсіпорын, ұйымдардың өздері белгілейтін болады. Осыған байланысты оларда қолданылатын тарифтік жүйенің атқаратын  
қызметі мүлдем өзгереді – ол жалақы төлеуді шектеуіш факторынан әлеументтік кепіл факторына айналып отыр. Тарифтік кесімдер мен ақылар жалақы мөлшерінің өсуін шектемей, оның мемлекет тарапынан белгіленетін төменгі мөлшерінің нормасы болып табылады. 
Сөйтіп барлық кәсіптер мен қызметтер үшін бірінғай тарифтік жүйе енгізіледі. Онда мемлекет тарапынан тарифтік стафкалардың төменгі, бірінші разряды мен тарифтік коэфциенті белгіленеді. Ол ел, жер, аудан аралығы, олардың табиғи –климаттық жағдайы, шаруашылық салалардың ерекшелігі мен өмір–тұрмыс жасау деңгейі – құны ескеріледі. Осылайша негізгі, базалық тарифтік жүйе жасалады да, оған қарап әрбір өнеркәсіп, ұйымдар өз жұмыскерлері үшін өздерінің тарифтік кесімдері мен ақыларын белгілейді. Оларды өздерінің экономикалық хал– ахуалдарына қарай, жоғарылатып,  
төмендетіп реттеп отыруларына болады. Оған қоса олар сыйлық, қосымша ақыларын өз еркімен қолданып отыруға ьқұқығы бар. Сонымен қатар орталықтан реттелетін көп жыл сіңірген еңбегі үшін берілетін ақының да шешімі жергілікті мекемелерге жетті. 
            Тарифтік жүйеге:

-         сағатына немесе күніне еңбекақы мөлшерін анықтайтын тарифтік жүйе;

-         еңбекақы төлеудегі жұмыстың  және жұмысшылардың әр түрлі разряд  арасындағы арақатнастарын көрсететін  тарифтік тор;

-         тарифтік тормен сәйкес жұмысшылардың  және жұмыстың разрядтарын анықтауға болатын тарифтік біліктілік  анықтамалар кіреді.

Жұмысты тарифтеу – бұл  еңбек түрлерінің күрделілігіне тәуелді еңбек түрлерін  біліктілік категориясына немесе тарифтік разрядқа жатқызу.

Тарифтік  разряд қызметкердің біліктілігін  және еңбек күрделілігін қамтып көрсететін  шама және тарифтік разряд әр өндірістік операцияларда,  әр жұмыста қолданылады. Еңбекті тарифтеу және тарифтелуразрядының  қызметкерлерге иемденіп кетуі қызметкердің біліктілігіне, ұсынылған талаптарымен көрсетілген.

     Нарық  жағдайында тауар ретінде еңбек өнімінің нарығы мойындаған  еңбекақы төлемі жұмсалған шығындарға емес, еңбектің нәтижесіне  төленеді. Тауарларды  өткізуден түскен қаражаттар тауар өндірушілердің еңбегінің саны мен сапасын  бағалаудағы және олардың жеке табыстарының  негізгі көзін  бағалаудағы жоғарғы белгі болып табылады.

Еңбек қатнастарын реттеудің нормасы  болып тарифтік келісімнің және ұжымдық  келісім шарттың негізінде  жасалған жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың  арасындағы еңбекақы  төлеу бойынша  келісім шарттың қағидасы  табылуы керек.

     Реформада міндетті төлемге жататын мемлекеттік  әлуметтік норматив тәрізді еңбекақының  ең аз мөлшері бекітілген. Ең  төменгі еңбекақы ең төменгі тұтыну бюджетінің негізінде тағайындалады және әлуметтік факторларға байланысты сараланады. Ең төменгі еңбекақының  экономикалық мағнасы  өнімді еңбектегі және  жұмыс күшін ұдайы өндірудегі жұмысшының қаблеттілігін қолдауды білдіреді.

Еңбекшілер  табысын кепілденген деңгейін қорғауды жүзеге асыратын бірінғай тарифтік тор  еңбекақы төлеу реформасының  негізі болып табылады.

Осының  нәтижесінде, оның базалық  бөлігі болып, халық  шаруашылығының  саласындағы әрбір жұмысшыға кепілденген минималдық еңбекақы табылады. Еңбекақының екінші бөлігі ұйымдарда, кәсіпорындарда және  салаларда  балдық  жүйемен бағаланатын, разрятқа,  біліктілік топқа, атаққа және дәрежеге  байланысты,  жұмысшылардың  еңбек стаждарына, біліктіліктеріне, қаблеттіліктеріне  және қолда бар  ақшалардың  мөлшеріне байланысты төленеді.

     Еңбекақы  күрделі еңбекті  жақсы ынталандыру үшін, кәсіпорындарда жауапкершіліктің деңгейі, орындалатын жұмыстың  күрделілігі, қызметкердің  біліктілігі және еңбекақының  деңгейі арасындағы тікелей байланыстарды орнатқан. Кәсіпорында еңбекақыны төлеуді  оңтайлы  ұйымдастыру қызметкерлердің қызметін және еңбектің нәтижелерін ынталандыруға, өнімнің рентабельділігін және пайдалылығын, дайын өнім және еңбек нарығының  бәсекеге қаблеттілігін қамтуға мүмкіндік береді.

     Еңбекақы  төлеу реформасының негізін Біртекті тарифтік кесте құрайды. Біртекті тарифтік кестені (БТК) құрайтын 21-разрядты шкала ішіне барлық кәсіптер мен қызметтердің разряд бойынша тізімі жазылған. Жұмыскерді қандай-да бір мамандық-қызметтік топқа жатқызу олардың еңбегінің күрделілігіне негізделіп жүргізіледі.

      Лауазымға бөлу 17 блок құруға мүмкіндік берді. Қызметкерлерді тарифтеу диапазоны 2-ден 21-разрядқа дейін орын алады, соның  ішінде өндіріс саласының қызметкерлері  – 2-ден 18-дейін. Күрделілігіне қарай  бір разрядтың шартты «салмағы»  анықталады. Ол өндірістік сала қызметкерлерінің тарифтеуінде пайдалануға сәйкестеоініп  есептелінген.

      Тарифтік  разрядты қызметкерлер үшін қолданудың жалғыз мақсаты – БТК төлеміне сәйкес тобын анықтау.

      Қазіргі кезде мұндай тарифтік кесте тек  бюджеттік мекемелер үшін қолданылады, ал жеке кәсіпорындарға ол ұсыныс түрінде  қалды.

         

             2.5 Интернет желісіндегі тарифтік жүйелер

    "Жеке  тұлғалар" және "жеке  кәсіпкерлер" пайдаланушыларының  санаттары үшін  Интернет желісіне  кең жолақты қосылыс  қызметінің тарифтері

Қызмет  түрлері Төлем мөлшері, ҚҚС-тың есебімен теңгемен
Біржолғы төлем:
Портқа қосылу 7 056,00 *
Абоненттің  тарапында орнату жұмыстарын жүргізу 2060,8
Қызмет  түрлері Төлем мөлшері, ҚҚС-тың есебімен теңгемен
Кіріс/шығыс арнада деректерді беру жылдамдығы Ай  сайынғы төлем  есебіне кіріс трафиктің көлемі, Гбайт Ай сайынғы төлем Әрбір кейінгі 10 Мбайт кіріс трафигіне төлем Сыртқы  ресурстардан кіріс трафиктің көлемі шегіне жеткен жағдайда кіріс/шығыс арнада сыртқы ресурстарға деректерді беру жылдамдығы
сыртқы  ресурстарға ішкі  ресурстарға  
«Megaline Start» тарифтік жоспары
256 Кбит/с/256 Кбит/с 1024 Кбит/с/1024 Кбит/с 0,8 1 930,00 * - 32 Кбит/с/32 Кбит/с
«Megaline Turbo» тарифтік жоспары
8192 Кбитс/с/1024 Кбит/с 8192 Кбит/с/с/1024 Кбит/с 40 4600,00 * 32,82 8192 Кбитс/с/1024 Кбит/с
«Megaline Hit» тарифтік жоспары
2048 Кбит/с/1024 Кбит/с 4096 Кбит/с/1024 Кбит/с 30 4 260,00 ** - 256 Кбит/с/256 Кбит/с
2048 Кбит/с/1024 Кбит/с 4096 Кбит/с/1024 Кбит/с 30 4010,00*** - 256 Кбит/с/256 Кбит/с
512 Кбит/с/512 Кбит/с 2048 Кбит/с/1024 Кбит/с 30 4010,00**** - 256 Кбит/с/256 Кбит/с
«Megaline Light" тарифтік жоспары
2048 Кбит/с/1024 Кбит/с 4096 Кбит/с/1024 Кбит/с 30 4 260,00 ** - 256 Кбит/с/256 Кбит/с
2048 Кбит/с/1024 Кбит/с 4096 Кбит/с/1024 Кбит/с 30 4010,00*** - 256 Кбит/с/256 Кбит/с
512 Кбит/с/512 Кбит/с 2048 Кбит/с/1024 Кбит/с 30 4010,00**** - 256 Кбит/с/256 Кбит/с
«Megaline Box" тарифтік жоспары
2048 Кбит/с/1024 Кбит/с 4096 Кбит/с/1024 Кбит/с 30 4 260,00 ** - 256 Кбит/с/256 Кбит/с
2048 Кбит/с/1024 Кбит/с 4096 Кбит/с/1024 Кбит/с 30 4010,00*** - 256 Кбит/с/256 Кбит/с
512 Кбит/с/512 Кбит/с 2048 Кбит/с/1024 Кбит/с 30 4010,00**** - 256 Кбит/с/256 Кбит/с
«Megaline Turbo Plus" тарифтік жоспары
8192 Кбит/с/1024 Кбит/с 8192 Кбит/с/1024 Кбит/с 40 4600 - 256 Кбит/с/256 Кбит/с
«Megaline Turbo Light" тарифтік жоспары
8192 Кбит/с/1024 Кбит/с 8192 Кбит/с/1024 Кбит/с 40 4600 - 256 Кбит/с/256 Кбит/с

Информация о работе Кәсіпорынның бағалық саясатының маңызы