Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Декабря 2011 в 13:41, курсовая работа
Қазіргі таңдағы шаруашылық шарттарында көптеген кәсіпорындарда өз дамуының стратегиясы мен тактикасын жеке таңдау мүмкіндіктері бар. Кәсіпорынның өзін өзі қаржыландыруы басты мәселе болып табылады. Кәсіпорын қаржысы мемлекеттің қаржы жүйесінің негізі болып табылады, себебі кәсіпорындар халық шаруашылық кешенінің негізгі бөлігі. Кәсіпорын қаржысының жағдайы жалпы мемлекеттік және аймақтық ақша қорларының қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуіне әсер етеді.
Кіріспе......................................................................................................................3 І. Кәсіпорынның ақшалай кірістерін талдау.........................................................5 1.1 Кәсіпорынның кірісі,оның мәні мен мағынасы................................................................................................................11 1.2 Кәсіпорынның ақша қаражаттарын бөлу механизмі...............................................................................................................13 ІІ.Кірістілік. Экономикалық мәні мен түрлері....................................................16 2.1 Кәсіпорын ақшалай кірістерінің атқаратын қызметтері мен оны басқарудың түрлері....................................................................................................................192.2 Кәсіпорындағы ақша қаражатының қозғалысы...............................................................................................................26Қорытынды............................................................................................................28Пайдаланған әдебиеттер..............................................................................................................30
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылыққызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетінқызметіболып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кеңіндегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Қаржылық жағдайды талдаудың қаржылық тұрақтылықтан бастаған жөн және оған мыналар жатады:
Кәсіпорынның
қаржы ресурстарын
Микродеңгейдегі қаржы мемлекеттік заңдылық пен үкіметтің атқарушы және басқарушы органдары тарапынан реттеу объектісі болып саналады. Маңызды қаржы шешімдерін қабылдаудағы басты субъект – меншік иесі болып табылады.
Профессор К.Жүйріков қаржы ресурстары туралы түсінікті тек шаруашылық субъектісі, яғни корпорация деңгейінде ғана береді: «Қаржы ресурстары деп – шаруашылық субъектісінің иелігіндегі және қаржылық міндеттемелерді жүзеге асыруға, кеңейтілген қайта өндіріс және экономикалық ынталандыру шығындарын жүргізуге бағытталған, ақшалай кірістер мен түсімдер».
Корпорацияның қаржы ресурстарының құралуының қайнар көздеріне ол төмендегідей сипаттама береді.
Меншікті және оған теңестірілген қаражаттарға корпорацияның кірістерінің барлық түрлері, амортизация, істен шыққан мүлікті өткізуден түскен түсім, тұрақты пассивтер, мобилизацияланған ішкі ресурстар жатады, қаржы нарығында мобилизацияланған қаражаттар – бұл меншік акцияны және облигацияны және қасқа да құнды қағаздарды сату, инвестициялар. Қайта бөлу тәртібінде түскен ақшалай қаражаттар – бұл сақтандыру бойынша қайтарымдар, концерндерден, ассоциациялардан, салалық құрылымдардан түскен түсімдер; пай жарналары; дивиденттер мен пайыздар; бюджеттік субсидиялар.
Қаржы ресурстары – кәсіпорынның, мекеме мен мемлекеттің иелігіндегі, қаржы – несие жүйесі алдандығы міндеттемелерді орындауы, жұмысшыларды материалды ынталандыруға, кеңейтілген қайта өндіріс шығындарын жүзеге асыруға бағытталған ақшалай кірістер мен қорлар – деген анықтама беру толығырақ болады.
Фирманың қаржы ресурстары мен капитал арасындағы айырмашылық келесіде: кез келген уақытта фирманың қаржы ресурстары капитал көлеміне тең немесе одан көп. Сонымен қатар теңдік фирманың ешқандай қаржылық міндеттемесінің жоқ екендігін және барлық қаржы ресурстарының айналымға салынғандығын сипаттайды. Бірақ бұл капиталдың көлемі фирманың қаржы ресурстарының көлеміне жақындаған сайын фирма тиімді жұмыс істейді дегенді білдірмейді.
Нақты
өмірде жұмыс істейтін фирмаларда қаржы
ресурстары мен капиталдың теңдігі
болмайды. Қаржылық есептілік қаржылық
ресурстар мен капиталдың арасындағы
айырмашылықты анықтай
Кәсіпорындардың қаржылық қатынасы кәсіпорынның меншікті қаражаттарының, оның кірісінің құралуы, шаруашылық қызметті қаржыландырудың қарыз қайнар көздерін тартуы, осы қызмет нәтижесінде пайда болған кірістерді бөлуі, оларды шағын кәсіпорынның даму мақсатында пайдалануы ақшалай негізде жүзеге асқан кезде пайда болады.
Қаржы ресурстарын қалыптастыруды ұйымдастыру олардың тиімділігін қамтамасыз етудің жалпы кешенінің негізін қалаушы болып табылады. Қаржы ресурстарын қалыптастыруды ұйымдастырудың жалпы қағидаттары төмендегіше:
Қаржы ресурстарының құрамы деп оларды құрайтын кірістердің жиынтығы түсініледі. Қаржы ресурстарының құрылымы қаржы ресурстарының жекелеген элементтерінің қатынассын көрсетеді, яғни кәсіпорынның қаржы ресурстарының жалпы көлеміндегі әрбір элементтің үлесін.
Біздің пікірімізше, қаржы ресурстарын анықтаудағы ең қолайлы негізгі принцип болып, оларды түрлерге жатқызу болып табылады, яғни қаржылық қайта бөлуден өте отырып жиынтық қоғамдық өнім өткізілген форма амортизациялық аударым, жиынтық кіріс, айналым қаражаттарының қалыптасқан артық көлемі, тұрақты пассивтер және т.б., сонымен қатар олардың кәсіпорынның қаражаттар айналымы процесіндегі рөлін нақты айқындау керек.
Кәсіпорынның дамуына бағытталатын қаржылық ресурстар келесілердің есебінен түзеледі: амортизациялық аударымдар; шаруашылық және қаржылық қызметтердің барлық түрінен алынатын пайда; серіктестіктерге қатысушылардың қосымша пай жарналары; облигацияларды шығарудың алынатын қаражаттар; ашық және жабық акционерлік қоғам акцияларын шығару және орналастыру көмегімен орналастырылған қаражаттар; басқа кредиторлардың ұзақ мерзімді несиелері басқа заңды қайнар көздер. Мәселен, кәсіпорындардың, ұйымдардың азаматтардың өз еркімен берген қайтарымсыз жарналары.
Өзін
өзі қаржыландыру принципі тұтынушыға
қажетті өнім өндірісін үлкен
шығындармен шығаратын және әртүрлі
объективті себептерге байланысты тиімділіктің
жоғарғы деңгейін қамтамасыз ете алмайтын
кәсіпорындар үшін әлі де болса қамтамасыз
етілмеген. Оларға коммуналды тұрғын үй,
жолаушылар транспорты, ауыл шауашылығы
және бюджеттен ассигнация алатын басқа
да кәсіпорындар жатады. Осындай жағдай
сонымен қатар шаруашылық қызметі кәсіпкерлік
деп есептелмейтін қорғаныс мағынасындағы
кәсіпорындарға да тән және олар өнімді
өткізуден түскен қаражаттар есебінен
қаржыландырылады.
2.2 Кәсіпорындағы ақша қаражатының қозғалысы
Жоғарыда тұрақты қаржылық жағдайдағы, негізгі ақша қаражаттарын ағымдық қызметке бағыттаған кәсіпорынның байланыс схемасы көрсетілген. Ақша қаражаттарының қозғалу бағыты бойынша екі ақша ағымын көрсетуге болады: келіп түскен және шыққан. Келіп түскен ақша ағымы – кәсіпорынға белгілі бір уақыт аралығында келіп түскен ақша қаражаттары ретіне қарастырылады, ал кеткен аша ағымына аналогиялық уақыт периодындағы (тоқсан, жыл) пайдаланылған (төленген) ақша қаражаттары жатады. Жүзеге асырылу түрлері бойынша ақша ағымын қолма-қол және қолма қолсыз деп бөлеміз. Қолма-қолсыз ақша қаражаттары – бухгалтерлік есеп шоттарында жазылу арқылы жүзеге асырылады. Қолма-қол ақша қаражаттары – қолда бар ақша қаражаттын алу және жұмсау түрінде жүзеге асырылады. Айналыс аясына байланысты ақша ағымы ішкі және сыртқы болады. Сыртқы ақша ағымы кәсіпорынның конрагенттерінен келіп түскен және оларға төлеуге жұмсалатын ақша қаражаттарын құрайды. Бұл операциялар кәсіпорын шотындағы ақша қаражаттары қалдықтарының ұлғаюына немесе кемуіне әкеледі .Ішкі ақша ағымы кәсіпорынның ішіндегі айналысты құрайтындықтан, (мысалы, материалдарды өндірістен қоймаға қайта өткізу, қалдықтарды қайта тіркеу, материалды құндылықтар бағасын төмендету және т.б.) ішкі ақша ағымы қалдық ақша қаражаттарына әсерін тигізбейді . Ақша қаражаттарының түсіміне және жұмсалу көлеміне байланысты артықшылықты, оптималды және дифицитті ақша ағымдары болып бөлінеді. Артықшылықты ақша ағымы ақша қаражаттар түсімінің, олардың ағымдық қажеттілігінен жоғары болған жағдайда қалыптасады. Оптималды ақша ағымы ақша қаражаттарының төленуі мен келіп түсуінің арасындағы баланстылықты (теңділікті) бейнелейді. Олардың қалдығы ағымдық қаржылық міндеттемелерді өтеуге жеткілікті болады. Ал керісінше жағдай туындағанда, яғни төлемдердің түсімдерден көп болуы дифицитті жағдайға әкеледі .
Жоспарланған ақша ағымын болжап, оны ақша қаражаттарының қозғалысы бюджетіне алдын ала кіргізуге болады. Кәсіпорында жүйесіз пайда болған ақша қаражаттарының қозғаласын жоспарланбаған ақша ағымы деп түсіндіріледі Қалыптасудың үздіксіздігіне байланысты тұрақты және дискретті ақша ағымы қарастырылады. Тұрақты ақша ағымы қарастырылып отырған уақыт аралығындағы бөлек интервал бойынша ақша қаражаттарының түсімі мен төлемін білдіреді. Өзге де жағдайларда, бірегей қаржылық операциялар бойынша дискретті ағым пайда болады . Көлемді есептеу әдісі бойынша жалпы және таза ақша ағымын көрсетуге болады. Біріншісі, қарастырылып отырған уақыттағы түскен және төленген ақша қаражатының жиынтығын көрсетеді. Таза ақша ағымы бойынша қарастырылып отырған уақыттағы түсім және төлем арасындағы айырмашылық қарастырылады.
Ақша ағымдарын тиімді басқару үшін келесілерді білген жөн:
ҚОРЫТЫНДЫ
Кәсіпорын және корпарация қызметіндегі ақша қаражаттарының және оның ағымдарының экономикалық маңызын, ролін зерттеу қазіргі таңдағы қаржылық менеджменттегі жаңа бағыттардың бірі болып табылады. Шетел корпарацияларында ақша қаражаттарының ағымын басқару қаржылық менеджердің жұмысындағы басты бағыт.
Кәсіпорындағы жүйелік есеп, талдау және ақша қаражаттарының қозғалысын бақылау, олардың ағымдағы және болашақтағы қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін анықтайтын түсініктерге келесілер жатады: