Кәсіпорынның ақшалай кірістерін талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Декабря 2011 в 13:41, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі таңдағы шаруашылық шарттарында көптеген кәсіпорындарда өз дамуының стратегиясы мен тактикасын жеке таңдау мүмкіндіктері бар. Кәсіпорынның өзін өзі қаржыландыруы басты мәселе болып табылады. Кәсіпорын қаржысы мемлекеттің қаржы жүйесінің негізі болып табылады, себебі кәсіпорындар халық шаруашылық кешенінің негізгі бөлігі. Кәсіпорын қаржысының жағдайы жалпы мемлекеттік және аймақтық ақша қорларының қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуіне әсер етеді.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3 І. Кәсіпорынның ақшалай кірістерін талдау.........................................................5 1.1 Кәсіпорынның кірісі,оның мәні мен мағынасы................................................................................................................11 1.2 Кәсіпорынның ақша қаражаттарын бөлу механизмі...............................................................................................................13 ІІ.Кірістілік. Экономикалық мәні мен түрлері....................................................16 2.1 Кәсіпорын ақшалай кірістерінің атқаратын қызметтері мен оны басқарудың түрлері....................................................................................................................192.2 Кәсіпорындағы ақша қаражатының қозғалысы...............................................................................................................26Қорытынды............................................................................................................28Пайдаланған әдебиеттер..............................................................................................................30

Работа содержит 1 файл

Кәсіпорынның ақшалай кірістерінің талдау.doc

— 161.50 Кб (Скачать)
ign="justify">кәсіпорынның  қаржылық сәттілігін сипаттайды. Кірістің көлеміне қарай активтерге жұмсалған қаражаттардың қайтарым деңгейі сипатталады.

    Нарықтық қатынаста шаруашылық  субъектісі бәсекелес жағдайында өндірісті қарқынды дамытуға , нақты тауарды нарық тұғырында ұстап тұруға , оның нарықта тұрақты жұмыс атқаруына мүмкіндік жасау үшін барынша көп пайда табуға тырысады. Бұл міндетті орындау үшін кірістің қалыптастыру көзін біліп қана қоймай , оларды қалай оңтайлы пайдалану қажеттігін білу керек. Пайданы басқару қаржылық саясаттың іргелік бағыттарының бірден – бір негізі болып табылады, ол қаржылық нәтижелердің бар көздерін барынша молайтудан басқа , сонымен қатар осы көздердің жалпы номенклатурасын ұлғайту керек болады.

    Қазіргі жағдайда кірісті көбейтудің  бірден бір көзі болып инновациялық  іс-әрекет жатады.  Бұл көзді  іске асыру үшін өнімнің , жұмыстың  және қызметтің тұтыну қасиетін тұрақты дамытып отыру керек. 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

1.2  Кәсіпорынның  ақшалай кірісін бөлу механизмі     

 Кәсіпорынның  қаржылық тәуелсіздігін қамтамасыз  ету үшін қажетті көлемде меншікті  капиталы болуы керек. Бұл үшін кәсіпорын  табысты қызмет атқаруы тиіс. Осы  мақсатқа жетуде ең маңыздысы ақша қаражаттарының келіп түсуі мен  кетуін тиімі басқару, яғни ақша қаражаттарын мақсатты бағыттарда бөлу.   Ақша қаражаттары транзитті экономикадағы ең дефицитті ресурстар болып табылады және кәсіпорынның жеңісі көп жағдайда басшылардың қаражаттарын жинақтап оларды тиімді пайдалануында.  Кәсіпорынның ақша қаражаттарын басқару кәсіпорын қарекетінің басты бөлігін қамтиды. Олардың қатарына айналым және айналымнан тыс активтерді, меншікті және қарыз капиталын басқару кіреді .    Ақша ағымдарын  басқару кәсіпорынның капитал айналымын  жеделдетуді қамтамасыз ететін қаржылық тетік болып табылады. Оған ақша ағымдарын нәтижелі басқару процесінде қол жеткізілетін өндірістік және қаржылық циклдардың мерзімі азайту және кәсіпорынның шаруашылық қырекетіне қызмет ететін капиталға деген қажеттілікті төмендету әсер етеді. Ақша ағымдарын тиімді басқару арқылы капитал айналымдылығын жеделдету негізінде кәсіпорын пайда сомасын ұлғайтуды қамтамасыз етеді.  Ақша ағымдарын басқару арқылы ішкі көздерден қалыптасатын меншікті қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануды, тартылатын несиелерден кәсіпорынның тәеуелділігін төмендетуді жүзеге асыруға болады.   Кәсіпорынның  тұрақты қызмет етуі үшін негізгі  шаруашылықтың бірі ақша қаражаттарымен  қамтамасыз етілу деңгейі болып  табылады.

Ақша қаражатының  ағымы үш түрлі қарекет бойынша  бөлінеді:

  • ағымдық;
  • инвестициялық;
  • қаржылық.
 

         

Қалыпты қызметін жүзеге асырып жатқан кәсіпорындарда ағымдық қызметіндегі ақша қаражаттарының ағымы инвестициялық және қаржылық қызметке бағытталуы мүмкін.  Мысалы, қысқа және ұзақ мерзімді несиелер мен зайдарды өтеуге, сонымен қатар займдарды берушілерге пайыздарды төлеу.  Негізгі қызмет бойынша ақша қаражатының түсімдері  мен шығыстарының негізгі бағыттары 

Түсімдер Шығыстар
        1. Өнімді өткізуден түскен табыс
        2. сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден аванс алу
        3. Басқа да түсімдер (жабдықтаушылардың ақша қаражаттарын қайтару)
1. Жабдықтаушылар  мен мердігерлердің шоттары бойынша  шығыста

2. Еңбекақы төлеу

3. Әлеуметтік  сақтандыруға және бюджеттен  тыс қорларға аударымдар

4. Салық бойынша  бюджетпен есеп айырысу

5. несие  бойынша пайыздар төлеу

6. аванстар

 

      

 Негізгі  қызмет пайданың басты көзі  болғандықтан ол ақша қаражаттарының  негізгі көзі болуы тиіс.

 Негізгі қызмет – кәсіпорынның негізгі кірістерінің көзі болып табылатын қызмет және инвестициямен, қаржымен байланыссыз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ІІ. Кірістілік . Экономикалық мәні мен түрлері

    Кәсіпорын іс-әрекетінің маңызды көрсеткішінің бірі кірістілік болып табылады. Кірістілік – бұл өндіріс кәсіпорын жұмысының саласын сипаттайтын жалпы көрсеткіш. Себебі тапқан пайда көлеміне қарамай кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметінің толық салалық бағасын тек кірістіліктің деңгейі ғана көрсете алады.  Ол пайданың өндіріс қорына немесе өнімнің өзіндік құнына қатынасын білдіреді.  Кірістіліктің көрсеткіші өндіріске кеткен шығын мен кірісті салыстыра отырып , өндірістің тиімділігін бағалайды.

    Кәсіпорындарда кірістілік деңгейінің  жоғарылауына тікелей әсер ететін негізгі факторларға келксілер жатады:

-өндірілген  өнім көлемінің өсуі

-өндірістің  өзіндік құнының төмендеуі

-өндірістік  негізгі қор мен айналым қаражаттарының  уақытының қысқаруы

-кіріс  көлемінің өсуі

-қорлардың  дұрыс пайдалануы

-құрал-жабдықтарға,  ғимаратқа және құрылысқа деген бағаны дұрыс қалыптастыратын баға жүйесі

-материалдық  ресурстардың аяқталмаған өндірістің  және дайын өнімнің запас мөлшерлерін  дұрыс , тиянақты ұстап тұру

-жоспарлы  және жүйелі түрде ғылым мен  технологияның алдыңғы қатарлы  жетістіктерін ендіру

-еңбек  ресурстры мен өндіріс қорларын  тиімді пайдалану

    Кірістіліктің экономикалық мәні  өнімнің бірлігіне кететін нақты  және заттай еңбектің шығынымен  ғана шектелмейді.  Өндіріс үрдісіне  қатынасатын қаражаттардың көлемі  өнімді дайындауға кеткен шығындар қосындысынан елеулі айырмашылығы болады.  Өндіріс үрдісінде ғимарат, құрылыс, құрал-жабдық және саймандар түрінде болатын негізгі қордың біраз мөлшері қатысады. Өндіріс шығындарының құрамына тек амортизациялық аударымдар ғана қосылады, яғни белгілі бір уақытта өндіріп отырған өнімнің өзіндік құнына біртіндеп қосылатын олардың құнының белгілі бір үлесі ғана.  Айналым қорының құны өнімді дайындау негізінде пайдаланылған көлемінде ғана қосылады.

    Өндіріс кірістілігін жоғарылату  үшін әр түрлі қаражаттар қолданылады.  Өндіріс кірісінің өсуінің бірден бір басты көзі ретінде кәсіпорын тапқан пайданың көлемі болып табылады.  Өткізілген өнімнің әр түріне келетін пайданы сақтай отырып, алынған кірістің жалпы сомасын көбейту арқылы бұл өсу өндіріс шығындарын азайтуға өндірілген өнімнің құрылымының  өзгеруі, осыған байланысты өндіріс ауқымы өзгеруі арқылы қол жеткізіледі. Өнімнің өзіндік құнының төмендеуі пайданы өсіруге алып келетін негізгі фактор болып табылады.  Алайда кірістің көлеміне әсер ететін бірнеше факторлар бар, олар: өнім бағасының өзгеруі, өткізілген өнімнің қалдығы, өткізу көлемі, өндіріс құрылымы және тағы басқалар жатады. Бірінші фактор алдыңғы уақытта жоғары дәлелдігі бар бағаның өзгеруі белгілі болған жағдайда ғана ескеріледі. Өндіріс кірістілігінің жоғарылауы алдын ала жұмсалған әрбір теңгеден түсетін қайтарымның өскендігін білдіреді. Сондықтан оларды онан да артық пайдаланудың тиімділігі өседі деген сөз.

    Кірістілік көрсеткіштері кәсіпорынның  қаржылық нәтижесі мен іс-әрекетінің тиімділігін көрсететін салыстырмалы сипаттама болады.  Олар кәсіпорын іс-әрекетінің әрбір тұғырынан алынған кірістерді өлшейді  және экономикалық үлгеріс , нарықтық айырбастауға қатынасатын  қатысушылардың мүддесіне байланысты топтастырылады.

    Кәсіпорын деңгейінде қолданылатын кірістіліктің негізгі көрсеткіштері ретінде келесідей біріктіруге болады:

-өнім  табыстылығының көрсеткіштері

-капитал  табыстылық

-қолма  қол ақша табысы бойынша саналатын  кіріс.

    Кірістіліктің  өсуі кәсіпорын  жұмысының тиімділігінің жоғарылауы тек тапқан кірістің арқасында ғана емес, әрбір теңге түріндегі шығындарға келетін кірістердің көбейгенін көрсетеді.

    Кірістілікті жоғарылату 2 бағыт  бойынша жүргізілуі мүмкін: кірістің  өсуі және өндіріске кететін  шығындардың азаюы. Басқаша айтқанда , оң нәтижеге өзіндік құнның төмендеуінен немесе  өнімнің бағасының өсуі арқылы қол жеткізуге болады.  Кірістіліктің өсуінің басты көзі- өндіріске кететін шығындарды , өнімнің өзіндік құнын төмендету болып саналады.Өнімнің өзіндік құнын төмендету көбінесе, негізгі қордың тиімділігін  жоғарылату, материалдық ресурстарды үнемдеу, еңбек өнімділігін өсіру арқылы жетуі болады.  
 
 
 

     

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.1 Компанияның  ақша қаражатының атқаратын қызметтері  мен оны басқарудың  түрлері

     Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылықтұрақтылығын және оныңөз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

   Ал  кәсіпорынның қаржылықтұрақтылығы нені білдіреді?

     Бір авторлар қаржылық тұрақтылықты «өз  қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс процесінде үздіксіздігін  қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы» деп түсіндіреді. Қаржылық тұрақтылық – меншіктіжәне қарыз қаражаттырының байланысы деп жазады.

   Енді  біреулер «өз қаражаттары есебінен активтерге (негізгі қорлар, материалдық  емес активтер, айналым қаражаттары) жіберілген қаражаттарды жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық  қарыздарға жол бермейтін және деөз міндеттемелерін уақтысында қайтаратын шаруашылық субъектілері қаржылық тұрақты болып табылады» деп жазады.

     В.Г.Артеменко  мен М.В.Беллендир бұл ұғымды былай  түсіндіреді: «Қаржылық тұрақтылық – бұл табыстың шығыннан тұрақты  дәрежеде артуы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді жәнеоларды тиімді пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай жасайды. Сондықтан да қаржылықтұрақтылық барлық өндіріс – шаруашылық қызметі процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады».

     Кәсіпорынның  қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді, оларды В.М.Радионова  мен М.А.Федотова келесідей түрлерге жіктейді:

    1. Пайда болу орнына байланысты- ішкі және сыртқы;
    2. Нәтижесінің маңыздылығына байланысты- негізгі және негізгі емес;
    3. Құрылысы бойынша- қарапайым және күрделі;
    4. Әрекет ету уақыты бойынша – тұрақты және уақытша.

   Ішкі  факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын  ұйымдасьтыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне  бағынышты емес.

      Кәсіпорынның  қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге  болады:

    • Кәсіпорынның салалық топқа жату;
    • Шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
    • Төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
    • Шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;
    • Қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;
    • Кәсіпорындарды басқару тиімділігі.

     Сыртқы  факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлем қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және т.б. жатады.

     Сонымен, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым-қатынасындағы  потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің және оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы экономикалық қызығушылары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгендігін бағалайды.кәсіпорынның қаржылық жағдайын объективті дұрыс бағасын алудың еңжақсы тәсілі, бұл – талдау, ол кәсіпорынныңдаму бағытын анықтауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметін атқарады.

Информация о работе Кәсіпорынның ақшалай кірістерін талдау