Кәсіпорынның ақшалай кірістерін талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Декабря 2011 в 13:41, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі таңдағы шаруашылық шарттарында көптеген кәсіпорындарда өз дамуының стратегиясы мен тактикасын жеке таңдау мүмкіндіктері бар. Кәсіпорынның өзін өзі қаржыландыруы басты мәселе болып табылады. Кәсіпорын қаржысы мемлекеттің қаржы жүйесінің негізі болып табылады, себебі кәсіпорындар халық шаруашылық кешенінің негізгі бөлігі. Кәсіпорын қаржысының жағдайы жалпы мемлекеттік және аймақтық ақша қорларының қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуіне әсер етеді.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3 І. Кәсіпорынның ақшалай кірістерін талдау.........................................................5 1.1 Кәсіпорынның кірісі,оның мәні мен мағынасы................................................................................................................11 1.2 Кәсіпорынның ақша қаражаттарын бөлу механизмі...............................................................................................................13 ІІ.Кірістілік. Экономикалық мәні мен түрлері....................................................16 2.1 Кәсіпорын ақшалай кірістерінің атқаратын қызметтері мен оны басқарудың түрлері....................................................................................................................192.2 Кәсіпорындағы ақша қаражатының қозғалысы...............................................................................................................26Қорытынды............................................................................................................28Пайдаланған әдебиеттер..............................................................................................................30

Работа содержит 1 файл

Кәсіпорынның ақшалай кірістерінің талдау.doc

— 161.50 Кб (Скачать)

Жоспар:

Кіріспе......................................................................................................................3 І. Кәсіпорынның ақшалай кірістерін талдау.........................................................5 1.1 Кәсіпорынның кірісі,оның мәні мен мағынасы................................................................................................................11 1.2 Кәсіпорынның ақша қаражаттарын бөлу механизмі...............................................................................................................13 ІІ.Кірістілік. Экономикалық мәні мен түрлері....................................................16 2.1 Кәсіпорын ақшалай кірістерінің атқаратын қызметтері мен оны басқарудың түрлері....................................................................................................................192.2 Кәсіпорындағы ақша қаражатының қозғалысы...............................................................................................................26Қорытынды............................................................................................................28Пайдаланған әдебиеттер..............................................................................................................30  
 
 
 
 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ

     Қазіргі таңдағы шаруашылық шарттарында көптеген кәсіпорындарда өз дамуының стратегиясы мен тактикасын жеке таңдау мүмкіндіктері бар. Кәсіпорынның өзін өзі қаржыландыруы басты мәселе болып табылады.    Кәсіпорын қаржысы мемлекеттің қаржы жүйесінің негізі болып табылады, себебі кәсіпорындар халық шаруашылық кешенінің негізгі бөлігі. Кәсіпорын қаржысының жағдайы жалпы мемлекеттік және аймақтық ақша қорларының қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуіне әсер етеді. Мұнда тікелей байланыс орнайды: кәсіпорындардың қаржылық жағдайы неғұрлым тұрақты болса, соғұрлым жалпы мемлекеттік және аймақтық ақша қорлары қаржы ресурстарымен қамтамасыз етіледі, әлеуметтік-мәдени және басқа да қажеттіліктер қанағаттандырылады.  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жыл 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауындағы «Жаңа кезеңнің негізгі міндеттері» деп аталатын бесінші бөлімнің «Өндіруші сектордың тиімділігін арттыру» атты үшінші міндетінде мұнай-газ саласы кәсіпорындарының тиімділігін арттырудағы маңызды мәселелер мен алға қойылған міндеттерді атап өтті. Ақша қаражаттары  нарықтық экономикадағы ең дефицитті ресурстар болып табылады. Кәсіпорыннның қызметінің кіріске жетуі ең алдымен оның басшыларымен ақша қаражаттарын тарту және оларды тиімді мақсаттарда бөлуне байланысты. Кәсіпорынның тұрақты қызмет етуі үшін негізгі шаруашылықтың бірі ақша қаражаттарымен қамтамасыз етілу деңгейі болып табылады. Кәсіпорынның белгілі бір уақытқа алынған жалпы капиталы тұрақты, алайда уақыт өте келе ол өзгеріске ұшырайды. Кәсіпорынның капиталы үнемі қозғалыс үстінде. Кәсіпорындар арасындағы бәсекелестік үнемі өзгерістегі шарттарға тез бейімделуді қажетсінеді. Мұндай шарттарға: біршама капитал салымын қажет ететін технологиялық жетістіктер, инфляция, пайыздық мөлшерлемелердің өзгерісі, салықтық заңдылықтар – бұлардың барлығы кәсіпорын капиталының қозғалысына үлкен әсер етеді. Сондықтан да кәсіпорын аясындағы капитал қозғалысын тиімді басқара білу қажет.  Ақша қаражатының негізін, бөліну механизімін, оны жоспарлай және болжай білу, кәсіпорын қызметінің күтілетін нәтижеге жету, яғни пайда табудағы басты құралы болып табылады. Зерттеу тақырыбы осындай шарттарға негізделген.  Ақша қаражаттары – бұл кәсіпорынға жоғарғы өтімділікті қалыптастыратын және қызметті таңдаудағы еркіндік беретін активтердің ең өтімді категориясы    

 
  
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

І. Кәсіпорынның ақшалай кірітерін талдау

Кәсіпорынды барлық уақытта әр түрлі көздерден  келіп түсетін капиталдар жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Оларға: инвесторлардан, кредиторлардан келіп түскен ақша  - қаражаттары, сондай-ақ  фирма қарекеттері  негізінде алынған кірістер жатады. Бұл қаражаттар түрлі мақсаттарда қолданылады: негізгі құралдарды алу, тауарлық запастарды құру, дебиторлық қарыздарды қалыптастыру және де өзгелер.  Кәсіпорынның белгілі бір уақытқа алынған жалпы капиталы тұрақты, алайда уақыт өте келе ол өзгеріске ұшырайды. Кәсіпорынның капиталы үнемі қозғалыс үстінде. Кәсіпорындар арасындағы бәсекелестік үнемі өзгерістегі шарттарға тез бейімделуді қажетсінеді. Мұндай шарттарға: біршама капитал салымын қажет ететін технологиялық жетістіктер, инфляция, пайыздық мөлшерлемелердің өзгерісі, салықтық заңдылықтар – бұлардың барлығы кәсіпорын капиталының қозғалысына үлкен әсер етеді. Сондықтан да кәсіпорын аясындағы капитал қозғалысын тиімді басқара білу қажет.  Ақша қаражаттары – бұл кәсіпорынға жоғарғы өтімділікті қалыптастыратын және қызметті таңдаудағы еркіндік беретін активтердің ең өтімді категориясы . Өндірістік – коммерциялық цикл – ақша қаражаттарының қозғалысына байланысты басталады және оған байланысты аяқталады.  Кіріс алуға бағытталған кәсіпорын қызметі өнімді өткізу процесінде дебиторлық қарызға айналатын ақша қаражаттарының түрлі активтерге ауысуын  талап етеді. Бұл қызмет өз нәтижесіне жетті деп есептелінеді, егер инкассациялау процесі ақша қаражаттарының ағымын әкелсе. Осының нәтижесінде пайда табуды қамтамасыз ететін жаңа цикл басталады.  Қаржылық есеп беру аясының талдаушылары атап көрсеткендей, ақша қаражаттары ссудаларды, дивидендтерді, өндірістік қуатты кеңейту сияқты қызметтерде қолданылуы керек. Бұл айтылғандар «ақша қаражаттары ағымы» деген түсініктің мағынасының тереңде екенін көрсетеді.   Отандық және шетел  әдебиеттерінде бұл ұғым (түсінік) түрліше түсіндіріледі. Американдық ғалым Л.А.Бернстайнның айтуы бойынша «ақша қаражаттарының ағымы терминінің тікелей мағынасы жоқ». Кәсіпорындарда келіп түсетін ақша қаражаттары (яғни, ақшалай түсімдер) және шығатын ақша қаражаттары (ақшалай төлемдер) болады. Сондай-ақ бұл ақша қаражаттарының кірісі мен шығысы түрлі қызмет салаларына байланысты болуы мүмкін - өндірістік, қаржылық немесе инвестициялық. Аталған қызметтердің әрқайсысына тиесілі ақша қаражаттарының кірісі мен шығысын анықтауға болады. Бұл айырмашылықтарды ақша қаражаттарының таза түсімі немесе таза шығысы деп қарастырған жөн. Осыған байланысты ақша қаражаттарының таза түсімі  берілген кезең бойынша ақша қаражаттары қалдықтарының өсуіне негізделеді, ал таза шығыс есепті кезең бойындағы ақша қаражаттары қалдықтарының кемуімен байланысты болады. Көптеген авторлар, ақша ағымын түсіндіргенде, шаруашылық қызмет негізінде қалыптасатын ақша қаражаттарын айтады .  Өзге американдық ғалым Дж. К. Ван Хорнның айтуы бойынша «фирманың ақша қаражаттарының қозғалысы үздіксіз процесс болып табылады». Фирма активі – ақша қаражаттарының таза қолданысы,  ал пассив – таза көздері. Ақша қаражаттарының көлемі уақыт бойынша сату көлемінен, дебиторлық қарыздар инкассациясына, капиталды шығындарға және қаржыландыруға байланысты өзгереді.   Германиядағы ғалымдардың түсіндірмесінде бұл термин «Cash-Flow» (қолма-қол қаражаттар ағымы) деп қолданылады. Олардың айтуы бойынша, «Cash-Flow» жылдық шығынның, амортизациялық аударымның және зейнетақы қорына салымдардың сомасына тең. «Cash-Flow» арқылы кәсіпорын өзінің бүгінгі және болашақтағы капиталға сұраныстан анықтай алады.   Ресейде «ақша ағымдары» түсінігі маңызды мәнге ие. Мұны, 1995 жылы бухгалтерлік есеп беру құрамына енген қосымша № 4 «ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп»  атты есеп беру түрінің енуі түсіндіреді. Бұл қаржылық есеп беруді пайдаланушыларға кәсіпорынның ақша қаражаттарын қолдану және тартудағы мүмкіндіктерін бағалауға көмектеседі.  Көптеген ғалымдар ақша қаражаттары ағымы астарында белгілі бір уақыт аралығында кәсіпорынға келіп түсетін және төленген ақша қаражаттары арасындағы айырмашылықты түсінеді: олар оны пайдамен салыстырады. Пайда – кәсіпорынның тиімді қызметін көрсететін және оның жұмысының үздіксіздігінің көзі болып табылады.    Ақша қаражаттарының кірістен айырмашылығы : түсім – берілген кезеңдегі өнімді өткізуден немесе қызмет көрсетуден түскен есепті кіріс. Бұл ақшалай және ақшалай емес түрде болады.  Кәсіпорын және корпорация қызметіндегі ақша қаражаттарының және оның ағымдарының экономикалық маңызын, ролін зерттеу қазіргі таңдағы қаржылық менеджменттегі жаңа бағыттардың бірі болып табылады. Шетел корпорацияларында ақша қаражаттарының ағымын басқару – қаржылық менеджердің жұмысындағы басты бағыт.  Кәсіпорындағы жүйелік есеп, талдау және ақша қаражаттарының қозғалысын бақылау, олардың ағымдағы және болашақтағы қаржылық тұрақтылығы  мен төлемқабілеттілігін қамтамасыз етеді.   Ақша қаражаттары  ағымын басқарудың негізгі бағыты –  кіріс көлемінің баланстылығы және ақша қаражаты төлемі негізінде корпорация немесе кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Кәсіпорынның  қызметін бағалау үшін келесі үш көрсеткіш  маңызды:

  • тауарды (өнім, қызмет көрсету) сатудан түскен түсім;
  • пайда;
  • ақша қаражаттарының ағымы.
 

  Осы көрсеткіштердің  шекті көлемі және жыл ішіндегі өзгеру динамикасы белгілі уақыт аралығындағы (жыл, тоқсан, ай) оның жұмысының нәтижелілігін көрсетеді. Алайда, төлемсіздік шарттарында, кәсіпорынның түрлі қызметтерінен түсетін ақша қаражаттарының ағымы маңызды орынға ие. Төлемдер бойынша ақша қаражатының түсімі артық болған жағдайда кәсіпорын ағымдағы және болашақ даму үшін бәсекелестік артықшылықтарға ие болады. Яғни бұл артықшылықтар, кәсіпорынның бос ақша қаражаттарын қосымша пайда табу мақсатында, өзге де кірісті бизнес аясына немесе қызмет түріне салудан көрінеді. Сондай-ақ, қажетті сомадағы тұрақты ақша қаражаттарының бар болуы ағымдық төлемқабілеттілікті қалыпты деңгейде ұстауға мүмкіндік береді.  Кәсіпорынның  қаржы шаруашылық қызметін анықтайтын түсініктерге келесілер жатады:

  • Тауар (өнім, қызмет) сатудан түскен түсім – бұл, шоттарда «сатылым» және «өзге де кірістер мен шығыстар» есебінде көрінетін, қолма-қол немесе қолма-қолсыз ақша түрінде болатын қарапайым немесе өзге де қызметтен түсетін кіріс есебі.
  • Сатудан түскен пайда - өндірілген өнімге кеткен шығын мен есепті кіріс арасындағы айырмашылық.
  • Ақша қаражаттарының кірісі келесілер есебінен жүргізіледі: тауарды сатудан түскен пайдадан, алынған аванстардан, несиелер және займдардан, бағытталған қаржыландыру құралдарынан, қаржылақ салымдар бойынша дивидендтер мен пайыздардан және өзгелерден.
  • Ақша ағымдарының шығысы – ағымдық операциялық және  инвестициялық шығындарды жабу барысында, бюджетке төлемдер және мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға салымдар жүргізуде,  эмиссиялық бағалы қағаздар иегерлеріне пайыздар мен дивидендтер төлеуден, қаржылық салымдардан және өзге де жағдайлар нәтижесінде пайда болады.
  • Ақша қаражаттарының таза кірісі – ақша қаражаттары бойынша барлық      түсімдер мен төлемдердің арасындағы айырмашылық. Осыған орай, кірістерге есепті жыл басындағы қалдық ақша қаражаттары кіреді. Ол кәсіпорынның ағымдық төлем қабілеттілігін қамтамасыз етеді .

     Соңғы есептік  кезеңдегі кәсіпорын балансындағы ақша қаражаттар қалдығының өсуі немесе кемуі, өткен есепті кезеңмен салыстырғанда актив пен пассив құнындағы өзгерістерден тәуелді. Баланс активіндегі кез-келген мүлік бабының құнының өсуі – коммерциялық банктер шотындағы ақша қаражаттарының азаю факторы болып табылады. Керісінше, баланс пассивіндегі қаржыландырудың меншікті немесе тартылған көздерінің өсуі ақша қаражаттары қалдығының өсу себебі болып табылады. 

    Мұндай саясат нәтижесі болып:

  • банктегі шоттарда және кассада қажетті ақша қаражаттарының болуы;
  • кәсіпорынның жыл бойы несиеқабілеттілігін, төлемқабілеттілігін және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін баланстың актив пен пассив құрылымын қалыптастыру.
 

  Ақша ағымдары дегеніміз – бұл есепті немесе жоспарланған уақыт барысындағы  кәсіпорынның алатын және төлейтін ақша қаражаттарының көлемі . Алынған пайда сомасы және келіп түскен ақша ағымының көлемі арасындағы айырмашылық келесідей: пайда, кәсіпорынмен белгілі бір уақытта (жыл, тоқсан) алынған таза кірісті түсіндіреді. Ол анық келіп түскен ақша қаражатымен сәйкес келмейді. Оны ақша қаражаттары келіп түскеннен соң емес, сату процесі аяқталған соң мойындайды. Бұл кәсіпорынның есептік саясатында белгіленген. Пайда есебін жүргізгенде, өндіріске кеткен шығындарды сатылған кезінен бастап емес, оны өткізу кезінде мойындайды.   Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау барысында, есептік кезең бойынша кәсіпорынға келіп түскен пайда мен ақша қаражаттарының бір нәрсе еместігін ажырата білген жөн. Пайда авансталған құнның өскендігін көрсетеді, бұл кәсіпорынды басқарудың тиімділігін көрсетеді. Алайда, пайда көлемінің өсіміне баға факторлары, есептік саясат тәрізді өзге де себептер әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ пайданың болуы кәсіпорында бос ақша қаражаттарының бар екендігін білдірмейді.

Нарық заманының экономикасында ақша қаражаттары  өте дефицит болып табылады және көп жағдайларда кәсіпорынның табысқа  жетуінде басқарманың ақша қаражаттарын тиімді пайдалану қабілеттілігі ескеріледі.

      Ақша ағымдарын  басқару өзіне келесі аспектілерді қосады:

  • ақша қаражаттарының қозғалысы есебі;
  • қолма-қол ақша ағымын талдау;
  • ақша қаражаттары қозғалысының бюджетін құрастыру;
  • ақша қаражаттары қозғалысы бюджетінің жүзеге асырылуын қадағалау.

 Бұл,  кәсіпорын қызметіндегі, айналым  және айналымнан тыс активтерді, меншікті және қарыз капиталын  қоса алғандағы басты бағыттарды  қамтиды. 

      Кәсіпорын үшін ақша ағымын басқару келесі себептерге байланысты маңызды болып табылады:

  • баланс өтімділігін реттеу;
  • қаржылық салымдардың, дебиторлық қарыздардың, қорлардың, айналым активтерінің құрамы мен құрылымын оңтайландыру;
  • уақытша капитал шығындары және оларды қаржыландыру көздерін жоспарлау;
  • экономикалық өсуді жоспарлау.
  • Жоғарыда көрсетілген  себептерді тиімді басқару кәсіпорынның ақша қаражаттарын тиімді пайдалануды және кәсіпорынның тұрақтылығын қамтамасыз етеді   
      
      
     
 

      
 
 
 

1.1. Кәсіпорынның кірісі, оның мәні мен мағынасы

    Бизнестің кез келген түрімен айналысқан ұйым кірістілігін есептеп,

бизнестің олжалы болғанын қалайды. Кәсіпорын  кірісі 2 құрамнан : бағадан және шығындардан тұрады. Өндіріспен айналасатын шаруашылық субъектісінің басты мақсаты: нарық жағдайында пайда табу болып саналады. Бұл мақсатты қоғам қажеттілігін тұтыну қасиеті бойынша қамтамасыз ететін  тауарды шығарғанда ғана іске асыруға болады.  Өндірілген және өткен тауар   үшін алынған табыс пайданынң табылғандығын көрсетпейді. Егер табыс пен шығын тең болса , онда пайданың болмағаны, соның  себебінен  шаруашылық субекът  өндірісті дамыту үшін қаражаты  жоқ деген сөз. Пайда өндірілген және міндетті түрде өткізілген қосымша затты білдіреді. Кіріс – таза табыстың негізгі түрі болып табылады.

    Пайда шамасына , оның өсу қарқынына шаруашылықпен айналысатын субъектінің  қимылына байланысты және байланысы жок факторлар әсер етеді.

    Ішкі ортадағы факторлар көбінесе белгілі және оларды зерттеуге мүмкіндік болады, сондықтан пайданы өсіру  мақсатында ықпал жасалынады .  Ішкі  факторға шаруашылықты жүргізу деңгейі , менеджерлердің біліктілігі, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі, еңбекақының деңгейі, өткізілген өнім бағасының деңгейі, өндірісті және еңбекті ұйымдастыруы жатады.

    Іс жүзінде реттеуге келмейтін  сыртқы ортаның факторы: пайдалануға қажетті ресурстар бағасының деңгейі, бәсекелік орта, салық жүйесі, мемлекеттік бақылау органдары,  саяси жүйесі, әлеуметтік , мәдени, және тағы басқа жатады.

    Кіріс қаржылық іс әрекет нәтижесі  түрінде белгілі бір функцияларды  орындайды.  Кіріс шаруашылық субъектісінің іс-әрекеттері арқасында алынған экономикалық нәтижені көрсетеді. Ол шаруашылық субъектісінің экономикалық дамуы үшін басты негіз болып табылады. Кірістің өсуі өзін-өзі қамтамасыз етудің , ұлғаймалы өндірістің , еңбек ұжымының әлеуметтік және материалдық мәселелерін шешудің негізгі көзі болып табылады.  Кіріс арқылы кәсіпорынның бюджет алдындағы , банктер мен басқа ұйымдар алдындағы міндеттемесі орындалады . Кіріс жалғыз қаржылық нәтиже түрінде ғана емес , сонымен қатар қаржылық ресурстардың негізгі бөлігі болып табылады . Осыдан барып , қайта жаңғырту , ынталандыру және бөлу функциялары туындайды. Ол іскерлік белсенділіктің дәрежесін және

Информация о работе Кәсіпорынның ақшалай кірістерін талдау