Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 20:41, курсовая работа
Президенттің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында елдің бейтараптандыру жағдайындағы қаржы жүйесінің тұрақтылық пен бәсекеге қабілеттіліктің жаңа деңгейіне жету өз қаржыларын инвестициялау ісіне белсенді салуларына көмектесу жолдары арқылы да қарастырылған./1/
2030 даму стратегиясына сәйкес Қазақстан Республикасы алдыңғы қатарлы мемлекетерінің қатарына қосылу мақсат қойып отыр. Мақсатқа жету үшін 2030 саратегиясың барлық бөлімдерінде соның ішінде қаржы нарығында, банктік секторда реформаларды жүзеге асыра жете аламыз./2/
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.....................................................................................................................3
1 БАНКТІК МАРКЕТИНГТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ...........................6
1.1 Банктік маркетингтің түсінігі, мәні, функциялары....................................6
1.2 Банктік маркетингінің ерекшеліктері........................................................16
1.3 Банктік өнімдер нарығы..............................................................................21
2 ТӘЖІРИБЕДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН БАНКТІК ӨНІМДЕРГЕ ТАЛДАУ.......26
2.1 Қазақстан Республикасының депозиттер нарығын талдау......................26
2.2 Қазіргі кезеңдегі несиелік нарықтық дамуын талдау...............................37
2.3 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ жаңа банктік өніміне талдау....................43
3 БАНКТІК МАРКЕТИНГТІҢ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ............48
3.1 Банктік өнімдер мен қызметтер нарығында туындайтын мәселелерді шешу жолдары.........................................................
3.2 Банктік маркетингінің дамуындағы жаңа тендециялар...........................52
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................63
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................66
ҚОСЫМША.......................................................................................................68
Қазақстанда жалғыз ұялы телефон көмегімен банк есеп шотын басқару жүйесін Банк VISA CEMEA – «Мобильный банк» - «Verified by Visa» жобасы аясында 2005 жылдың 19 сәуірінен бастап қолданысқа енгізілген. Осы күнен бастап қызмет «КАР – ТЕЛ» ЖШС GSM опреаторлары абоненттеріне көрсетіле бастады (Beeline, K-Mobile, Excess). Келесі 3 айда «Мобильный банкинг» жүйесінің қызмет аясы кеңейтіліп, «Алтел» АҚ – ның CDMA – операторын қолданушылар мен (Dalacom, Pathword) GSM Kazakhstan ЖШС (Activ, K-cell) қамтыды сөйтіп 2006 жылдың 11 тамызына қарай қазақстанның ұялы байланыс нарығы түгел аталған қызметпен қамтылды.
«Мобильный банк» жүйесінің қызметтері еді тікелей қала нөмірлерінен ұялы телефонға қоңрау шалушы CITY сауда маркасы жаңа жобасы негізінде біріге отырып, CITY абоненттері үшін «Мобильный банк» жүйесін жасап шығарғандықтарын жариялады. Dalacom мен Pathword абоненттері атаған жүйеге бұрін қосылған «Мобильный банк» жүйесі аясында CITY қызметін пайдаланушылар өз ұялы телефонының көмегімен Халық Банкінің есепшотындағы өз ақшаларын тәулік бойы бақылауға қол жеткізеді. Жобаның жүйелі толықтырушысы Intervale кампаниясы. Халық Банкінің аталған қызметіне қосылып, төлем карточкасына ие балған CITY абаненттері есепшотта кез-кезген операцияны жүргізген кезде ұялы телефонына SMS-мәлімдеме келеді. Онда сумма, уақыт пен мекен көрсетілген.клиент аталған қызметке карточкалардың бірнешеуін тіркеп, өз нөміріне хабар алады. Ал егер өзіңіз мәлімдеме аған транзакциядан күдіктенсеңіз, 8080 нөміріне хаттама жазып, есепшоттың айлакерлер қолданысына түспеуі үшін карточканы бейтараптай аласыз./24/
Қызметке қосылудағы қарапайымдылық пен мүмкіндіктер аясының кеңдігі 2005 жылдың аяғында үлкен өндірістік көлемдер алынды, 2006 жылдың 29 қаңтарында клиенттер жіберген SMS хаттамалары саны миллионнан асты. Егер алғашқы миллиондық нәтижие он айдан кейін көрінсе, екінші миллион 3 айдан кем уақытта жиналды (2006 ж. 11 сәуір), 2007 жылдың басында миллиондық шекке бір айда жету енгізілген. Алғашқы кезеңде Халық Банкінің төлем карточкасын қолданушы кез – келген тұлға қызметке қосылғаннан соң, карталық есеп шотынан кезкелген операцияның жүзеге асырғаннан кейін (сатып алу, қызметтерді төлеу, жал ақы түсуі, төлем және т.б.) бірден SMS – мәлімдеме алады. Онда операция саласы, уақыты мен орны көрсетіледі. Бұдан өзге «Мобильный банкингті» қолданушы өз телефонынан Банкке баланс, операция тарихы, есеп шоттағы қарыздар туралы сұраныстар жіберіп, қажет жағдайда картасын бейтараптандыра алады. Бұл үшін белгілі бір форматтағы SMS – хабарламаны барлық операторларда бірдей Халық Банкінің 8080 нөмеріне жолдау керек.
2006 жылдың наурызынан бастап «Мобильный банкинг» қызметін дамытудың 2 кезеңі басталды – жүйеге ұялы телефоннан тікелей ұялы байланыс үшін төлем төлеу мүмкіндігі енгізілді. 2006 жылдың 10 айы ішінде жалпы саммасы 26,7 млн құрайтын 27,5 мың осы секілді төлемдер жасалды.
Мамыр айында қызметті қуаттау мақсатымен банктің WAP – сайты ашылды (wap.halykbank.kz).
2006 жылдың 8 маусымынан бастап «Қазақстан Халық Банкінің» «Мобильный банкинг» жүйесі клиенттері өз ұялы телефондарына банктік операцияларды жүргізуге қолайлы меню орнату мүмкіндігіне ие болды. Меню телефонға банкті wap – порталынан ақысыз Halyk Bank мидлетін алғаннан кейін пайда болады. Бактік мидлет – ұялы телефонға банктің WAP-порталы арқылы салынатын және телефон менюінде банктік қызметтердің қолайлы тізімін жасайтын кішігірім бағдарлама. «Мобильный банкинг» жүйесінің мәні бұл кезде өзгермейді, бар болғаны клиеттер банкке SMS-мәлімдемені өздері теріп не ол үшін телефондағы команданы таңдан құқығына ие болады. Айта кетерлі жайт –банк медлеті тегін ұсынады. Мидлет банктің WAP-сайтынан телефоның көмегімен алынады. Аталған техналогия Қазақстанның банк нарығында алғашрет пайда болып, клиенттердің жақсы көз қарасына ие болды. Тамыздан бастап клиенттер өтініштеріне орай 22.00- ден 8:00- ге дейін SMS – хаттамалар жіберу шектелді. 2006 жылдың 14 қыркүйегінде жүйеде мерей тойлы 100 – мыңыншы клиент тіркелді. Қазанда есеп шоттары Халық Банкінде өңделетін алты агент-банктерде клиенттер үшін «Мобильный-банкинг» қызметі ашылды.
8 айлық жұмыс қортындылары керемет нәтижелер берді. «2005 жыл аяғында 10 мың клиент» жобасының сәтілік көрсеткішіне қыркүйектің ортасында-ақ қол жеткізілді. Желтоқсан аяғында
2006 жылдың 17 қарашасында Қазақстан Халық Банкінің «Мабильный банкинг» жүйесінің кірісі 1миллион АҚШ долларынан асты. «Мабильный банкинг» жүйесі қызметтерін 30 мыңнан астам қазақстандықтар пайдаланып, әр айдағы жаңа клиенттердің қосылуы шамамен 15% құрады. Қазанда бір айдағы SMS-хаттамалар трафигі 100 мыңнан асты. Салыстыру, Ресейдің Сбербанкісіне бұл үшін 17 ай қажет боды (Ресейде «Мабильный банкинг» жүйесі 2002жылдың қазанынын іске қосылған). Банктің «Мабильный банкинг» қызметінің бұлайша алға кету себебі – келиенттің қызметтке қосылуының қарапайымдылығы мен қолайлылығында жатыр. Мұны ел бойынша жалпы саны 585болатын Халық Банкінің кез-келген банкі арқылы жүзеге асыруға болады.
Мұндай көрсеткіштерге небары жоба ашылғаннан бір жарым жылдық уақытта қол жеткізіліп отыр.
Аталған мезетте қызмет көрсетудің үшінші кезеңін шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр – мұнда клиент өз ұялы телефонынан кез-келген төлемдер мен аударымдарды іске асырып, қолайлы банктік менюді қолдану үшін банктік аплет телефон SIM – картасына салынады. Және ең маңыздысы – мұнда төлемдер тұтастай қауіпсіз, өйткені клиенттің электронды сандық қолнаңбасымен бекітіледі.
«Мобильный банкинг» жүйесін ен басты қорытындысы тұрғындар психологиясындағы өзгеріс балатын. Бұрын ешкімге белгісіз «Мабильный банкинг» термині енді жай ғана белгілі емес, сұранысқа ие болды.
Статистикалық зертеулерге сүйенсек, «Мабильный банкинг» жүйесін пайдаланушылар енді карточканы жай ғана қолма-қол ақша алу құралы ретінде қабылдамайды.
Бүгін Қазақстандағы 15,2 млн тұрғынға 3,2 млн төлем карточкасынан келеді, оның 1,9 млн – Қазақстан Халық Банкі карточкалары.
Үш Қазақстандық ұялы байланыс операторларының абонентттері саны 3,8 млн адамнан асты. 2006 жылы жүйе кірісі 162,2 млн теңгені құрады.
Банк саласында жетекші орын алып, халықаралық нарықтарға «Қазақстанның Халық Банкі» ұйымдық жауапкершілік пен әлеуметтік саясатының дұрыс жүргізілуі бизнесті сәтті дамытудың бірден-бір қажетті шарттамасы деп есептейді.
Алдағы жылдарға болжау жасайтын болсақ 2007-2009 жылдарда Халық банкі өзінің «Мобильный банкинг» жүйесі айасында көрсетілетін қызметтер (бір төлем карточкадан екінші карточкаға ақша аудару, камуналды төлемдер және т.б.) айасын кеңетіп, банкоматар және басқа электронды жейілер арқылы жүзеге асырылатын қызметердің барлығын аталған жүйе арқылы орындалады.
Аталған жүйе қызметін қортындылайтын болсақ жүйе қызмет жасауынан бастап халықтың жағымды көзқарастарына ие болды. Негізінен жоғары технологиялардың банктік қызметке енуімен «Мобильный банкинг» жүйесі секілді өнімдерінің пайда болуі себеп болуда. Жалпы аталған жүйе өзінің қолданушыларына қолайлы және арзан түсуде сондықтан жүйенің тұтынушылары күнен-күнге өсуде./25/
3. БАНКТІК МАРКЕТИНГТІҢ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ.
Банк ісіндегі маркетингті дамыту, тиімділігін артыру мен банк өнімдерін казіргі сұраныс талаптарына сәйкестендіру үшін төмендегідей шаралар қарастырамыз.
3. 1 Банктік өнімдер мен қызметтер нарығында туындайтын мәселелерді шешу жолдары.
Банк өнімдері нарығының бұдан әрі дамуы қор нарығы дамуымен байланысты болмақ. Қазақстан Республикасының құнды қағаздарының Ұлттық комиссиясы мен ҰБ біріге отырып, ұйымдасқан қор нарығында банктер акциялары мен өзге де құнды қағаздарды белсенді ету, оларды БАҚ – та жариялау жұмыстарын жүргізуде. ҚҚҰК – мен біріккен түрде спецификалық қарыз міндеттемелері енгізілген банк активтерін қорғау механизмі жасалмақ. Қор нарығының дамуы барысында ҰБ корпаративті құнды қағаздары бар банк әрекеттерін кеңейтуді көздеп отыр.
ҚҚҰК, Қазақстан қаржыгерлерінің ассоциациясы мен ҰБ бірлесе отырып, қаржы институттарының өзара байланыс, хеджировкалау, ипотекалық, корпаративті вексельдермен жұмыс істеуге міндеттелген ұйымдар қорлары секілді жаңа типтерін құруды жоспарлауда. Бұдан өзге ҰБ қозғалмайтын мүліктің ұйымдасқан нарығы мен ипотекалық операцияларды дамытуға қатысатын болады. Банк әрекеттері әділдігін тексеру үшін ҰБ мен ҚҚҰК отандық рейтингтік агенттіктердің әрекет етуіне жағдай жасауда. Бұл сферадағы негізгі бағыт – банк қызметтерін одан әрі дамыту, банктік қызмет көрсетудің жаңа түрлері мен әдістерін енгізу.
Банктер қор нарығында өз әрекетін белсенді ету үшін жаңа қаржы құралдарын қолдана отырып инвестиция тартулары керек. Осындай құралдардың бірі капиталдың халықаралық нарықтарында қолданылатын еврооблигациялар эмиссиясы. Аталған қаржы операциясы бірнеше мақсатқа жетуде септігін тигізеді.
Біріншіден, шетел валютасында ақша алуды, теңгеге қарағанда пайыздық ставка төмен болады.
Екіншіден, Республикадағы құнды қағаздар нарығы аталған мезетте қаржыландыруда банк қажеттіліктерін түгел қанағаттандыруға қауқарсыз.
Үшіншіден, банк өз әрекеті сферасын кеңейту мен халықаралық қаржы институттарымен байланыс орнатуға қызығушылық танытуы керек. Банктің стратегиялық мақсаты - өзі қалаған уақытта капиталдың халықаралық нарығында оңай шығуға мүмкіндік алу болуы керек. Олар банктік жалшылыққа қарағанда үлкен потенциалға ие және банкті қаржыландыруға көп мүмкіндіктер береді.
Еврооблигация эмиссиясының негізгі міндеттері:
1) Инфляциялық ресурстары жоқ тиімді қаржы көздері диверсификациясы мен сыртқы қаржыландыруда жоғарғы потенциалға ие түрді қорғау.
2) Қарыз төлеудегі шығынды азайту, ішкі нарыққа қарағанда сырттан қарыз алу арзанырақ болады.
3) Жал алу үшін банктің инвестициялық базасын кеңейту.
4) Несиеге қауқарлы эмитет ретінде көріну үшін банктің несиелік тарихын алу.
5) Жалға алу мерзімдерін ұлғайту.
6) Банктің қаржы ресурстарына шетел капиталының келуі.
Еврооблигациялар шығарылымының міндетті шарты – инвесторлар үшін индикатор болып табылатын несиелік рейтингтің болуы. Несиелік рейтингті алу мен өзге де қажетті кезеңдер орындалуының қиындығы алғашқы эмиссияға дайындық процедурасы ұзаққа созылады. Отандық банктердің халықаралық капитал нарығына алғашқы болып шыққаны “Казкоммерцбанк” АҚ, ING Burns және Commerzbank AG (АҚШ) 50 млн. және 35 млн., ал Bankers Trust – тан 20 млн. доллар көлемінде несие алды.
Оның бастамасы өзге банктерге үлгі болды. Корпоративті облигацияларды ҚР – да шығару. Қазіргі уақытта ішкі нарықта негізінен мемлекеттік бағалы қағаздар айналымда жүр. Корпоративті облигациялар инвестицияларды тартудың бірден – бір қажетті құралы. Инвесторларды акциялармен салыстырғанда облигацияларға салынған ақша қайтарылымы қызықтырады.
Корпоративті облигацияларды тіркеу, шығару мен жабу тәртібі ҚР ҚҚҰК сәйкес нормативті актілерімен жүйеленеді. Негізінен бұл процесс акциялардың шығарылым процесіне қатты ұқсайды./26,б.100-103/
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе банктерге құнды қағаздар нарығында эмитент есебінде шығуды ұсынамыз. Отандық облигация нарығында қаржылық құралдар жетіспегенде, өз ақшасын тиімді орналастыру жолын таппай жүргендердің бұл ұсыныс қызығушылығын туғызатынына еш күдік жоқ. Ал сатып алушыларды эмитенттің төлемге қабілеттілігі қызықтырады. Осы есептен банкке жақын арада ҚҚБ шыққан дұрыс. ҚҚБ тізімінде тұру банктің өз әрекеті туралы толық мәлімет беріп, инвесторларға құнды қағаздарды бағалау үшін қажет құжаттарды түгел беруге әзір екендігін көрсетеді. Корпоративті қарыз міндеттемелерінің алғашқы эмиссиясын 6 айлық мерзіммен 50 млн. теңге сомасына істеген жөн. Жалшылар назарын аудару үшін пайыздық ставкаларды, әрекет етуші эмиссияларынан жоғары, ең жақсысы МЕККАМ, НСО кірісіне жақындатыпқойған дұрыс. Егер алғашқы кезең жақсы өтсе, банк өзін пайдалы әрі сенімді эмитент ретінде көрсетіп, инвесторлар сеніміне ие болады. Бұл келесі реттерде жалға алу мерзімі мен сомаларын ұзартып, пайыздық ставканы сәл төмендетуге мүмкіндік береді.
Сөйтіп, банк жалға алудың өз инвестициялық базасын кеңейтіп, қаржы ресурстарын тартудың қосымша көздерін табады және ссудалық капитал нарығындағы өз әрекетін белсенді етеді.
Кастодиалды әрекет өздеріңе мәлім зейнетақы реформасы нәтижесінде республикада зейнетақы жинақтау қорлары құрылған. Олар салымшылар ақшасын қауіпсіз қысқа мірзімді мемлекеттік бағалы қағаздарға айналдырады. Осыған байланысты банктік қызметтің жаңа түрі – зейнетақы қорларындағы ақша ағымдары қозғалысын бақылаудың тиімді әдісі кастодиалды қызмет пайда болды. Банк – кастодиан өзіне сеніп тапсырылған бағалы қағаздар мен ақшаны тіркеп сақтайды, ұрлау, заңсыз операциялар мен бопсалаулардан қорғайды. Осы үшін ол марапаттау алады. Мысалы, Алматы сауда – қаржылық банкі кастодиалды қызметтерді көрсеткені үшін бағалы қағаздардың бастапқы құнының 0,15 % өлшемінде ақша алады. Мұндай төмен баға арнайы тұтынушылар үшін орнатылған.
Банк – кастодианға аталған қызметтерді көрсету зейнетақы қорлары үшін сомаларға инвестиция жасағанда ғана пайда әкелуі мүмкін. Банк кастодиалды қызметті тек зейнетақы қорларына емес, өзге де институционалды инвесторлар мен портфельді инвесторларға да көрсететінін атап өтуі керек. Қор нарығының дамуы құнды қағаздарға инвестициялар салу, олар бойынша жасалған келісім – шарттар көлемінің ұлғаюына алып келеді. Сәйкесінше кастодиалды қызметтерге деген сұраныс та жоғарылайды. Осы себептен кастодиалды әрекет банктік қызметтің актуалды және перспективалы түрі болып саналады.
Форфейтинг пен факторинг саудалық қаржыландырудың ең тиімді түрлерінің бірі - форфейтинг. Форфейтинг – көбіне сыртқы сауда операцияларында қолданылатын тауар сатылымы кезінде экспорттаушыларды несиелеудің өзіндік бір түрі.
Банк сатушыдан сатып алушы міндеттемелерімен тауарды сатып алады. Одан әрі оны сатып алушыға сатады. Алдын – ала төлем үшін банк – форфейтор сатушыдан пайыз ақша алады. Сөйтіп банк – форфейтор төлем қаупін өзіне қабылдап, сатушы үшін кепілдікке барғаны үшін марапатталады. Республикада экспорттық операцияларды жүзеге асыратын көптеген фирмалар болғандықтан несиелеудің аталған түрі қолданысқа ие болады деген сенімдеміз.
Несиелеудің енді бір түрі – факторинг бойынша банк сатушыдан төлем талаптарын сатып алып, сатушыға береді. Банк клиентінің көретін пайдасы – ақша құралдарының айналымға тез енуі, сатып алушының төлемей кету қаупінің болмауы және т. б.
Факторингтік компания не банктегі бөлім төмендегідей қызметтерді ұсынады:
- шаруашылық әрекетінің талдауы, несиелік талдау не қарызды қайтару,
- “бекітілген міндеттемелер” көмегімен жағымсыз қарыздарға қарсы несиелік сақтандыру.