- Есептік жылда алынған өткен жыл шығыны
- Жетіспеулер
- Қайтарылып алынған өндірістік тапсырыстар бойынша шығындар
- Теріс курстардың айырмалары
- Орны толтырылмайтын шығындар
- Соттық шығындар
- Консервіленген өндірістік қуаттарды ұстау шығындары
Осыған
сәйкес, жалпы табыстың пайдадан
тиесілі төлемдерді шығарып тастағандағы
қалғаны кәсіпорынның есеп табысын
құрайды. Бұл еңбек ұжымының өндірістік
және әлеуметтік дамуының, еңбекке ақы
төлеуінің қайнар көзі. Еңбек ұжымы шаруашылық
есеп табысын көбейтуге тікелей мүдделі,
бұл оған еңбекке ақы төлеуді көбейтуге,
өндірісті ұлғайту, өзінің әлеуметтік
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін
қаражатты көбірек пайдалануға мүмкіндік
береді.
Пайда
мен жалпы табыстың көлемін
еңбек ұжымының күшімен қол
жеткен тиімділік мөлшері сипаттайды.
Бұл тиімділікті арттыруға жеткізетін
басты жолдар қандай? Ол - өнімді
көп өндіру, оның сапасын арттыру, ресурстарды пайдалану
тиімділігін көтеру.
Ресурстарды
пайдалану тиімділігін жақсарту,
кәсіпорынның жалпы табысы мен
пайда мөлшерінің өсуіне әсер
ететін фактор /6, б.57/.
Кәсіпорын
жұмысының тиімділік дәрежесін
бағалау үшін оны (жалпы табысы мен пайда) ресурстар шығынымен
немесе пайдаланылуымен салыстырады.
Пайданың өндірістік шығындарға қатынасы
рентабельділікті көрсетеді. Рентабельділік
нормасын өлшеудің екі нұсқасын пайдалануға
болады. Бұл пайданың күнделікті шығындарға
– кәсіпорын шығындарына (өзіндік құнға)
немесе алдын-ала жұмсалған күрделі қаржыға
(негізгі өндірістік қорлар мен айнымалы
қаржыға) қатысты.
Рентабелділік
дәрежесі өндірілген өнімнің
көлеміне тікелей пропорциялы,
пайдаланылған негізгі қорлар
мен айнымалы қаржылардың құнына кері пропорциялы болып келеді.
Сонымен рентабельділік нарықтық қатынас
жағдайында кәсіпорын жұмысының тиімділігінің
маңызды көрсеткіші. Рентабельділіктің
өсуіне кәсіпорын да қоғам да бірдей мүдделі.
Бухгалтерлік
есеп мәліметтері негізінде анықталатын табыс, қызметтің әр түрінің
табысы және сыртқы шығындары арасындағы
айырмашылықты көрсетеді.
Кәсіпорын
иелігінде қалған табыс, жиынтық
және таза табыс болып бөлінеді.
Кәсіпорын иелігіндегі таза табыс
жиынтық табыс сомасының, салық
сомасының, аударымдар, айыппұл санкциялары және
жоғары ұйымдарға берілетін, несие үшін
пайыз түріндегі банкке төленетін және
де іс-сапар т.б. шығындар сомасының бюджетке
төленетін төлемдер арасындағы айырмашылық
ретінде анықталады.
Жиынтық
табысты тауарды (өнім, қызмет - акциз ҚҚС алынып тасталғанда)
сатудан түскен түсім және сатылған
тауардың, өнімнің, қызметтің өзіндік
құны арасындағы айырмашылық ретінде
анықталады.
Тауарды,
өнімді, қызметті өткізуден түскен
түсім, қызметтің қарапайым түріндегі
табысы деп аталады.
Тауарды,
өнімді, қызметті өндірудегі шығынды,
қызметтің қарапайым түріндегі
шығыны деп аталады.
Жиынтық
табысты келесі формула бойынша
есептейді / 10, б.67 /:
П
=ВР-С
(1)
мұндағы: ВР - өткізуден
түсім;
С - сатылған тауардың, өнімнің,
қызметтің өзіндік құны.
Сатудан
түскен түсім жиынтық табыс
алынған басқарушылық және коммерциялық шығындар болып
анықталады /10, б.67/:
П
=П
-Р
-Р
(2)
мұндағы: Р
- басқарушылық шығындар;
Р
- коммерциялық шығындар.
Салық
салынуға дейінгі табыс – бұл
операциялық және басқа да
табыстар мен шығындарды қосқандағы
операциялық және өткізуден тыс
болып бөлінетін сатудан түскен
табыс /10, б.67/:
П
= П
С
С
(3)
мұндағы - С
-операциялық шығын мен табыс;
С
-өткізуден тыс шығын мен табыс.
Тұтыну тауарлары нарықтарындағы
табыстық стратегиялық факторлары
Стратегиялық
жоспарлау мәселелері жөніндегі
мақалаларда бәсекелестік артықшылық,
табыс потенциалы, табыс факторы,
шешуші компетенция, нарықтағы позиция сияқты түсініктер
жиі-жиі талқыланып жүр. Бірақ та оларға
нақты бағалау берілмеген. Осыған байланысты
стратегиялық потенциал және табыстың
стратегиялық факторы сияқты түсініктер
бір-бірінен ажыратылып көрсетілуі тиіс.
Бәсекелік артықшылықты жаулап алу және
сақтау кәсінорынды стратегиялық басқарудың
шешуші функциясы болып табылатындығы
мәлім. Әсіресе толық нарықтарда артықшылыққа
қол жеткізу маңызды, ол жерлердегі сұранысты
көптеген жабдықтаушылар қанағаттандырады.
Соңғы зерттеулер нәтижесі
кәсіпорындардың мақсатты жүйесіндегі
бәсекелік қабілеттің басым жағдайын
анық көрсетеді. Бұл салыстырмалы бәсекелік
позиция және кәсіпорынның нарықтық табысы
арасындағы эмпирикалық дәлелденген байланыспен
дәлелденеді. Бұл жұмыстағы бәсекелестік
қатынастарды талдау шаруашылық облыс
деңгейінде жүргізіледі. Тұтыну нарықтарында
бұл деңгей тауар маркасы деңгейімен теңестіріледі.
Тауар маркаларының бәсекелік позициясын
бағалау, кәсіпорынның өзінің және бәсекелестерінің
күшті және әлсіз жақтарын салыстыру арқылы
жүзеге асырылады. Кәсіпорынға жоғары
жетістіктерді қамтамасыз етуші факторлар
табыстың стратегиялық факторлары түсінігімен
байланыстырылады. Олардың қалыптасуының
басты алғышарты мынада, яғни кәсіпорын
ұзақ мерзім ішінде бәсекелесуші жабдықтаушыларымен
салыстырғанда тауар ендіруші ретіндегі
өз артықшылықтарын анықтауы және сақтап
тұруы тиіс. Табыстың стратегиялық факторы
болып саналуы үшін бәсекелік артықшылықтың
жауап беретін үш талабы келтіріледі /
7, б.44 /:
- Бәсекелестермен салыстырғанда ұзақ мерзім ішінде өз маркасының айрықша болуын қамтамасыз ету, ол үшін осы фирманың күшті жақтары қарсыластың әлсіздіктерімен салыстырылады;
- Тұтынушының арнайы сұраныстарын қанағаттандыру; басқаша айтқанда, кәсіпорынның салыстырмалы күшті жақтары берілген түтынушылар тобына релевантты пайданы беруі тиіс;
- Кәсіпорынның арнайы қабілеті мен ресурстары бойынша қүрылады, олар бәсекелестермен салыстырғанда айрықша болуы тиіс.
Егер
кәсіпорын өз саласындағы табыстың
басты факторларына сүйене отырып,
бәсекелік артықшылыққа қол жеткізе алса, онда ол нарықта үлкен
жетістіктерге жете алады.
Табыс факторларын зерттеудің
жай-күйі.
Бұл
бағыттағы эмпирикалық зерттеулер
әлі де аз және олар жеткіліксіз
деңгейде жүргізіледі. Зерттелетін
факторлардың шектен тыс көп
саны көңіл аудартады. Ол зерттеу объектілерінің
әр тектілігімен түсіндіріледі. Әдістемелік
мәселелермен қатар салалық өзгешеліктер
де, қиындықтар да туындатып отыр. Сондықтан
табыс факторлары және кәсіпорынның іс
жүзіндегі табысы арасындағы байланысқа
ықпал етуші жағдайларды идентификациялау
керек. Мысалы, электр станциялары құрал-жабдықтарын
өндірушілердің табысының стратегиялық
фактрлары электр шамдарынан, жеткізулердің
ұқсас факторларынан өзгешеленеді. Әр
түрлі салаларда табыстың әр түрлі факторлары
қолданыс табады. Табыс факторы түсінігінің
өте жиі қолданылуының себебі - стратегиялық
факторларды зерттеулермен байланысқан
шектен тыс күтулер.
Кәсіпорын
экономикасы теориясындағы прогматикалық
мақсат - фирма табысына тікелей
ықпал етуші факторларды идентификациялау
ұмтылысымен түсіндіріледі. Дегенмен
де, табыс факторы түсінігіне қатысты
қарама-қайшы көзқарастар қалыптасты,
көбісі мынандай ортақ пікірде, яғни ол
түсінік кәсіпорынның жетістіктеріне
тікелей ықпал ететін айнымалыларды сипаттайды.
Табыстың стратегиялық факторлары объективті
белгіленген артықшылықтарға емес, тұтынушы
тарапынан субъективті түрде қабылданатын
артықшылықтарға негізделеді.
Табыс
негізі - бұл клиент түсінігі бойынша
бәсекелестермен салыстырғанда
берілген тауардың өте жақсы
тұтынушылық қасиетінде жатқан тұрақты бәсекелік артықшылықтар.
Табыс
факторы ретінде арнайы әдебиетте
сипатталатын көптеген айнымалылар
кәсіпорынның ресурстары мен
қабілеттеріне қатысты болады, бірақ
та олар тауарлық марканың
табыстылығы немесе табыссыздығына
тікелей ықпал етпейді, өйткені олар тұтынушылардың
қажеттілігіне тікелей бағдарланбайды
және сондықтан да тауар маркасының нарықтағы
позициясының нығаюына ықпал ете алмайды.
Мысалы, персоналдың квалификациясы немесе
ұйымдастырушылық мәдениет сияқты параметрлері
тұтынушы саласында тауар маркасы позициясын
нығайтудың негізі болып саналады, оларды
пайдалану нәтижесінде тиімді қызмет
пайда болады.
Көптеген
кәсіпорындар үшін басты мәселе
мынада, яғни ресурстар мен қабілеттер
формасындағы бәсекелік артықшылықтарды өзгертіп, нарықка шығару
және сол арқылы табыстың стратегиялық
факторларын жасау.
Табыстың
стратегиялық факторлары және
оның потенциалы арасындағы айырмашылықтарды
атап көрсету керек. Мұндай
потенциал кәсіпорынның қабілеттері
мен ресурстарын сипаттайды, солардың көмегімен ол
жоғары жетістіктерді тұрақты қамтамасыз
ете алады.
Табыстың
стратегиялық факторлары өз ретінде
стратегиялық потенциалға сүйенеді
және одан айырмашылығы - нарықтық
эффектіге тікелей әсер етуі,
өйткені клиенттер оны тікелей
қабылдайды. Егер кәсіпорын, мысалы,
қазіргі кездегі технология түріндегі
потенциалды иеленсе, онда бұл мүмкіндікті
нарыққа былайша енгізуі тиіс, яғни оның
өнімі тұтынушылар үшін үлкен тұтынушылық
құнда болуы тиіс немесе бәсекелесуші
маркалармен салыстырғанда өте қолайлы
бағада болуы тиіс.
Диверсификацияланған
кәсіпорындарда табыс потенциалын
қалыптастыру, мысалы, әр түрлі шаруашылық
салалары арасында «ноу-хаудың
айырбастау арқылы немесе игіліктерді
жасау бойынша олардың күш-жігерлерін
біріктіру» арқылы жүзеге асырылады. Екі жағдайда
да синергетикалық эффект нәтижесінде
шығындарды азайту немесе өнімнің тұтынушылық
құнын ұлғайту үшін негіз қаланады. Жаңа
терминология бойынша, бүкіл шаруашылық
жүйені қамтушы қабілет немесе ресурстар
шешуші құзірет түсінігімен өрнектеледі.
Жалпы түрде стратегиялық басқарудың
міндеті - кәсіпорынның ресурстары мен
қабілеттерін сыртқы ортаға бағдарлау,
ол арқылы табыстың қажетті потенциалын
жасау. Табыс потенциалының стратегиялық
менеджменті шеңберінде екі басты міндетті
атап көрсетуге болады / 7, б.46 /:
- біріншіден, сыртқы және фирма ішіндегі жағдайды талдау негізінде болашақ табыс потенциалын идентификациялау және дамыту;
- екіншіден, табыс потенциалының табыс факторына трансформацияла-нуын қамтамасыз ету.
Болашақ
потенциалды идентификациялау және дамыту
шеңберінде кәсіпорынды қоршаған ортадағы
қауіптер мен мүмкіндіктерді дер кезінде
анықтау керек. Осы негізде оның бәсекелік
қабілетіне қол жеткізуі тиіс. Тәжірибе
мынаны көрсетіп отыр, яғни қазіргі потенциалды
болашақта ескере отырып тексеру керек,
сонымен қатар мүмкіндігінше табыстың
жаңа потенциалына идентификациялау және
дамыту керек. Менеджмент міндеттерінің
бұл саласы шаралардың тиімділігіне есептелген.
Екінші
шешуші міндет өзгерту мәселесімен
байланысқан. Қазіргі табыс потенциалын былайша өзгерту
және жүзеге асыру керек, яғни тұтынушылар
үшін өнімнің тұтыну құнын көтеру керек
немесе оны сатып алу және іске қосу шығындарын
төмендету қажет. Басқаша айтқанда, фирма
ішіндегі потенциал нарықтық артықшылыққа
тиімді түрде өзгеруі тиіс. Осы мақсатқа
жету үшін нарықтық бағыт-бағдар бүкіл
кәсіпорынды қамтуы тиіс, маркетингтің
негізгі функцияларын атқаруы тиіс.
Зерттеулер
мынаны көрсетуде, яғни маркетинг
және ғылыми зерттеулер арасындағы
ынтымақтастық кәсіпорын табысының
маңызды көзі болып табылады. Кәсіпорын
экономикасы теорисында және тәжірибесінде
игіліктерді жасаудың әр түрлі буындардың
қиылысу нүктелері менеджментіне баса
назар аударылады, соның арқасында табыс
потенци-алының табыстық стратегиялық
факторына назар аударылады.
Кәсіпорынның
жаңа потенциалды дамыту қажеттілігі
және оны табыстың сыртқы ортаны
талдау кезіндегідей ең алдымен
бәсекелестер мен тұтынушылардың
басты назарында болады. Табыс
потенциалын басқару процесінде
кәсіпорынды қоршаған орта ғаламдық
деңгейде қамтылуы тиіс. Оның өсіп бара
жатқан күрделілігіне сәйкес, кәсіпорынның
жүйелі бақылауында болуы тиіс салаларды
идентификациялау өте маңызды. Сәйкес
байланыстарды талдаудың екі басты облысы
- технологиялық және экономикалық салалардың
механизмінде кескіндеуге болады.
Негізгі
технологиялық жасалымдарды бәсекелестер
басқа салалардан енгізеді. Бұл
жағдайларда технологиялық бейімделу
мәселелерімен ең алдымен осы
нарықта берік орын алған кәсіпорындар
кездеседі және керісінше, релевантты
ресурстары және қабілеттері бар басқа сала фир-малары
алдында жаңа нарықтарға ену болашағы
ашылады. Сондықтан, бір жағынан, табыстың
стратегиялық потенциалын жасау мақсатында
жүргізілетін технологиялық жасалымдарға
өзгерістер енгізу мүмкіндігі бо-луы тиіс,
өйткені ресурстар мен қабілеттер жаңа
талаптарға жауап беруі тиіс. Екінші жағынан,
мұндай жасалымдар табыстың стратегиялық
факторлары саласында да өзгерістер туындатуы
ықтимал.
Көптеген
кәсіпорындар үшін басты мәселе
- экономикалық шектеулер, өйткені
олар тауарды сатып алу және тауар маркасын таңдауға
қатысты кли-енттер шешіміне өте зор ықпал
етуі мүмкін. Сондықтан да « технологиялар
экологиялық информацияларға баса назар
аударатын кәсіпорындар тарататын сұранысқа
ие болып келеді. Мұндай жағдайларда, бір
жағынан, экологиялық талаптарға жауап
беретін өнімдер мен процесстерді нарыққа
шығаруға мүмкіндік беретін табыстың
стратегиялық потенциалын құру үшін кәсіпорындар
өз ресурстары мен қабілеттерін дамытуы
тиіс. Екінші жа-ғынан, өнімнің экологиялық
тазалылығына қатысты клиент талабы -
оны са-тып алу жөніндегі шешімдерді қабылдаудың
критерийі бола алады және сол арқылы
берілген тауарлық топтың сапасын жақсартуға
ықпал етеді. Осыған сәйкес, стратегиялық
факторлар, мысалы, өнім сапасы, өз құрамына
экологиялық параметрлерді енгізуі тиіс.
Ең алдымен табыстың қандай факторлары
тұтынушылар тарапынан болашақта айрықша
мәнге ие болатындығын анықтау керек.
Содан соң стратегиялық идентификацияланған
салаларда бәсекелестермен салыстырғанда
кәсіпорынның айрықша орнын сақтауға
мүмкіндік береді.