Кәсіпорын табыстылығын жоғарылату үшін қазіргі таңдағы бағдарлама құралдарын қолданудың перспективалары мен мүмкіндікте

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2013 в 23:12, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың мақсаты болып, кәсіпорын табыстылығының деңгейін талдау болып табылады яғни өнімнің қандай түрлері және қандай шаруашылық бөлімшелері ең жоғары табыстылықты қамтамасыз етеді. Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылған:
Табыстың мәні және түрлері мен түсу көздерін айқындау;
Табыстың көрсеткіштері мен табысты қалыптастыратын факторларын қарастыру;
Табыстылықтың абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштерін талдау;
Кәсіпорын табыстылығын жоғарылату жолдары мен перспективалары яғни кәсіпорын табысын жоғарылатудың негізгі бағыттарына сипаттама беру;

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………..
1 НАРЫҚ ЭКОНОМИКАСЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ТАБЫС КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ……………………………..
1.1 Табыстың экономикалық мәні және оның қалыптасу көздері……………...
1.2 Кәсіпорын табысын қалыптастыратын факторлары мен
көрсеткіштері ………………………………………………………………….
1.3 Кәсіпорын табыстылығының өсу факторлары………………………………
2 КОМПАНИЯ “БЖК-ФАРАСАТ” ЖШС-НІҢ ЖАЛПЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ КӘСІПОРЫН ТАБЫСТЫЛЫҒЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ МЕН ОЛАРДЫ ТАЛДАУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ …………...
2.1 Компания «БЖК-Фарасат» ЖШС-нің жалпы экономикалық
сипаттамасын талдау………………………………………………………….
2.2 Табыстылықтың абсолютті және салыстырмалы
көрсеткіштерін талдау………………………………………………………...
2.3 Маржиналды табысты талдау………………………………………………..
3 КӘСІПОРЫН ТАБЫСТЫЛЫҒЫН ЖОҒАРЫЛАТУ ЖОЛДАРЫ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ ………………………………………………………….
3.1 Кәсіпорын табысын жоғарылатудың негізгі бағыттары …………………..
3.2 Кәсіпорын қызметінің пайдалылығы мен тиімділігі……………………….
3.3 Кәсіпорын табыстылығын жоғарылату үшін
қазіргі таңдағы бағдарлама құралдарын қолданудың
перспективалары мен мүмкіндіктері……………………………………….
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………..
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……

Работа содержит 1 файл

КӘСІПОРЫННЫҢ ТАБЫСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН ФАКТОРЛАР.doc

— 790.00 Кб (Скачать)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ  ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Е.А. БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ  МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ЭКОНОМИКА ФАКУЛЬТЕТІ

«Экономика және халықаралық бизнес»  кафедрасы

Қорғауға жіберілді  “Экономика

және халықаралық бизнес” 

кафедрасының меңгерушісі

э.ғ.к. доцент

_____________ Нәбиев Е.Н.

«__» _________ 2007 жыл.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

КӘСІПОРЫННЫҢ ТАБЫСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН  ФАКТОРЛАР

Студент                                                                               Асаинова М.К.

Ғылыми жетекші

аға оқытушы                                                                     Жанысбаева Л.С.

             

Қарағанды

2007

Е.А. БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ  МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

АСАИНОВА М.К.

КӘСІПОРЫННЫҢ ТАБЫСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН ФАКТОРЛАР

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

520830 “Экономика (бакалавр)” МАМАНДЫҒЫ

Қарағанды

2007

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………..

1  НАРЫҚ ЭКОНОМИКАСЫ  ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ТАБЫС КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ……………………………..

1.1 Табыстың  экономикалық мәні және оның қалыптасу көздері……………...

1.2 Кәсіпорын  табысын қалыптастыратын факторлары  мен 

      көрсеткіштері ………………………………………………………………….

1.3 Кәсіпорын  табыстылығының өсу факторлары………………………………

2  КОМПАНИЯ “БЖК-ФАРАСАТ” ЖШС-НІҢ ЖАЛПЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ КӘСІПОРЫН ТАБЫСТЫЛЫҒЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ МЕН ОЛАРДЫ ТАЛДАУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ …………...

2.1 Компания «БЖК-Фарасат» ЖШС-нің жалпы экономикалық

      сипаттамасын талдау………………………………………………………….

2.2 Табыстылықтың  абсолютті және салыстырмалы 

      көрсеткіштерін талдау………………………………………………………...

2.3 Маржиналды  табысты талдау………………………………………………..

3   КӘСІПОРЫН  ТАБЫСТЫЛЫҒЫН ЖОҒАРЫЛАТУ ЖОЛДАРЫ  МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ ………………………………………………………….

3.1 Кәсіпорын  табысын жоғарылатудың негізгі  бағыттары …………………..

3.2 Кәсіпорын қызметінің пайдалылығы мен тиімділігі……………………….

3.3 Кәсіпорын  табыстылығын жоғарылату үшін 

       қазіргі  таңдағы    бағдарлама   құралдарын  қолданудың 

       перспективалары  мен мүмкіндіктері……………………………………….

 ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………..

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………………

ҚОСЫМШАЛАР…………………………………………………………………

КІРІСПЕ

    Нарық экономикасы жағдайындағы табыс категориясының экономикалық мәні - ол    төтенше таралған, кең түрде қабылданатын, сонымен қатар түрліше маңызды қолданылатын көп мағыналы ұғым. Сөздің кең мағынасында ақшалай құнына ие болуды кез келген ақша қаражатының түсімі немесе материалдық құндылықты алуды көрсетеді.

    Осы  жұмыстың өзектілігі ол – қазіргі  таңдағы кәсіпорын қызметінің  жағдайын оңтайландыру мен табыстылығын жоғарылату арқылы жоғары нәтижелерге қол жеткізу. Сонымен қатар әсер ететін факторлар жағдайын зерттеу яғни нарық экономикасы жағдайындағы кәсіпорынның даму перспективасын және мүмкіндіктерін талдай отырып, шығарылатын өнім санын арттыру мен шығындарын барынша төмендету болып табылады.

    Дипломдық  жұмыстың зерттеу пәні болып,  кәсіпорын табысы және оның  мөлшерін қалыптастыратын факторлар  табылады,  ал объектісі -  Компания  “БЖК-Фарасат” Жауапкершілігі Шектеулі  Серіктестігі болып табылады.

    Дипломдық жұмыстың мақсаты болып, кәсіпорын табыстылығының деңгейін талдау болып табылады яғни өнімнің қандай түрлері және қандай шаруашылық бөлімшелері ең жоғары табыстылықты қамтамасыз етеді. Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылған:

  • Табыстың мәні және түрлері мен түсу көздерін айқындау;
  • Табыстың көрсеткіштері мен табысты қалыптастыратын факторларын қарастыру;
  • Табыстылықтың абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштерін талдау;
  • Кәсіпорын табыстылығын жоғарылату жолдары мен перспективалары яғни кәсіпорын табысын жоғарылатудың негізгі бағыттарына сипаттама беру;
  • Кәсіпорын табыстылығын жоғарылату үшін қазіргі таңдағы бағдарлама құралдарын қолданудың қажеттілігі мен мүмкіншіліктерін зерделеу.

    Экономикалық  тұрғыдан қарағанда табыс- ол  ақшалай түсіммен ақшалай төлем арасындағы айырмашылық.

   Дипломдық  жұмыстың методологиялық негізін  Қазақстан Республикасының, Ресейдің  және  шет мемлекеттері ғалымдырының  еңбектері, монографиялар, периодикалық  басылымның мақалалары, Қазақстан  Республикасының статистика бойынша  агенттігінің мәліметтері және Компания “БЖК-Фарасат” ЖШС-нің есеп беру мәліметтері құрайды.

   Дипломдық  жұмыс 3 бөлімнен, қолданылған әдебиеттер  тізімінен, қосымшалардан тұрады.

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 НАРЫҚ ЭКОНОМИКАСЫ  ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ТАБЫС КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ

 

 

1.1 Табыстың  экономикалық мәні және оның  қалыптасу көздері

 

    Табыс  – қандай да бір уақыт кезеңі  аралығында кәсіпорынның өз тұтынушыларына  берген өнімдерімен қызметтер  жиынтығының ақшалай көрінісі / 3,б.41 /.

    Табыстың  экономикалық мәні – қазіргі жағдайдағы экономикалық  теорияның күрделі және дискуссиялық  мәселелерінің бірі болып табылады

/3, б.40  /.

    Жыл  сайын материалдық игілдіктерді  өндіру саласында қоғамдық жиынтық  өнім жасалады, Ұлттық табыс құрылады. Ұлттық табыс экономикалық және әлеуметтік прогресстің негізгі көзі болып табылады. Ол ең әуелі макроэкономикалық деңгейде өндіріс факторларының арасында бөлінеді, ондай бөлуді табыстың функционалды бөлінуі деп атайды. Ондай факторларға еңбек, капитал (ақшалай немесе өндірістік) және жер жатады. Микроэкономика, яғни кәсіпорын (фирма) және әртүрлі шаруашылық ассоциациялары деңгейінде соларға сәйкес табыстың негізгі нысандары құрылады: еңбек ақы, пайда, пайыз  және  рента.     

    Пайда  кәсіпорынның таза табысының  нысаны шаруашылық қызметінің маңызды көрсеткіштерінің бірі, өнімді өткізуден (жұмыстан, қызметтен)  түскен жалпы түсімнің бір бөлігі болып табылады. Нарық жағдайында акционерлік негізде құрылған кәсіпорындардың пайдасы дивиденттер (бөлінетін пайда ) және өндірісті ұлғайтуға (қорлануға) жұмсалатын пайда (бөлінбейтін пайда) болып бөлінеді /  3-161 / .                      

    Пайыз  - бұл ақша капиталы үшін төленетін  ақы; оны негізінен несие және  банкке салынған ақша деп түсіну  керек. 

    Рента  - жерге меншік қатынасының экономикалық өткізілуі; басқаша айтқанда жерді пайдаланғаны (шаруашылық жүргізу үшін жалға алу, үй салу т.б) үшін жердің иесіне төленетін төлем  / 3-161/.

    Еңбек  ақы, оны ұйымдастырудың нарықты  экономика жағдайындағы ерекшеліктері  неде? Біріншіден, анық нәрсе-ақы төлеуде еңбектің саны мен сапасының бағалануы міндетті. Дегенмен ол негізгі анықтауыш фактор бола алмайды. Нарық жағдайында жалақының мөлшеріне өнім өткізудің көбеюі немесе азаюы, кәсіпорын жұмысының түпкі нәтижесінің көрсеткіші белсенді түрде әсер етеді. Жұмыс берушілер мен жұмысқа жалданушылардың келісімі бойынша жоғарыда көрсетілген факторларға байланысты болатын өзгерістер түзету коэффициентіне енгізіледі, сөйтіп кәсіпорынның жалпы жұмысының нәтижесінде атқарған рөлдеріне қарай оның дербес буындарына, жеке жұмысшы қызмекткерлеріне берілетін қосымша ақылардың, сыйлықтардың және көтерме ақылардың шамасын   анықтайды.

   Нарықты экономикада барлық табыс ақшалай нысанда және өндіріс факторларының бағасымен тығыз байланыста болады. Өз кезегінде бұл бағаларға сөзсіз түрде сұраным мен ұсынымның арақатынасы, бәсеке күресі, монополиялық үстемдік сияқты нарықтық күштер елеулі түрде әсер етеді.

    Енді  осы табыстың түсу көздерін  және бөлу механизмін қарайық.  Табыстың түсу көздерінің  негізгі  жолдары мыналар (Сурет 1) / 2, б.62/:

  1. жұмыскерлердің өз еңбегімен тапқан табысы (еңбек ақы,сыйлық т.б)
  2. кәсіпкерліктен түскен табыс;
  3. еңбек ету үлесіне байланыссыз түсетін әлеуметтендірілген табыстар (қоғамдық тұтыну қорлар, трансферттік төлемдер, жұмыссыздыққа байланысты мемлекеттен бөлінетін жәрдем ақша, әлеуметтік қамсыздандыру бойынша төленетін төлемдер және т.б ); меншіктен түсетін табыстар (дивидент, %, рента) Схема түрінде оларды былай көрсетуге болады /2, б.62/.    

   Шаруашылық  субъектісінің табыстары деп, Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есебінің №5 “Табыс” деп аталатын стандартына сәйкес есепті кезеңдердегі активтердің көбеюін және міндеттемелердің азаюы негізінде капиталдың көбеюін яғни экономикалық пайда табуды айтамыз .

 

Табысты құрайтын негізгі нысандар.

 

              Қоғамның жиынтық табысы




 



                                                              



                        


 



 


                                                                                                         




      


 

 

 

Сурет 1.

 

   Жоғарыда  аталған табыстар қатарына шаруашылық  субъектісіне келіп түскен, кіріс  етілген және субъектінің төлеген  сомалары мына жағдайларда жатқызылмайды / 2, б.63 /:

    • алдын-ала аванс ретінде алынған табыстар;
    • алынған несиелердің және қарыздардың қайтарылуы.

    Сондай-ақ, қызметтер көрсету жөніндегі  мәмленің (келісімнің) нәтижесін барынша  дұрыс бағалау мүмкін болмаған  уақытта табыс жұмсалған шығындар мөлшерінде ғана танылады.

    Нарықты  экономика жолына түскен елдерде  осы көрсетілген табыс 2 топқа  бөлінеді /2, б.64/:

  1. Еңбек етуден және кәсіпкерлік қызметтен түскен және еңбекпен табылған табыс.
  2. Заңды негізде алынатын, бірақ еңбексіз табылған табыс. Оған дивиденттер, банкке салынған ақша бойынша %-дар, меншіктен түсетін табыстар, соның ішінде қозғалмайтын мүліктерді жалға беруден де, осылармен бірге тікелей еңбектің шығынынан тәуелсіз мемлекеттен алынатын жәрдем ақшалар мен төлемдер (зейнетақы, стипендия, жұмыссыздыққа байланысты және көп балалы жанұяларға берілетін жәрдем) жатады. Бұндай табыстың қозғалысы әртүрлі елдерде бірдей емес және ол шаруашылық конъюктурасынан, кәсіпкерлік қызметтің жетістіктерінен т.б. факторлардан тәуелді болады.

    Алынған табыстар  шаруашылық субъектісі қызметінің түріне және бағытына байланысты мынадай түрлерге бөлінеді /  2, б.66 /:

  • негізгі қызметтен алынған табыстар;
  • негізгі емес қызметтен (жанама қызметтен) алынған табыстар;

    Субъектінің  негізгі қызметтен алынған табыстары мен негізгі емес қызметтен (жанама қызметтен) алынған табыстарының қосындысы оның жиынтық табысын құрайды. Ал бұл табыс сатылған өнімнен, көрсетілген қызметтен алынған немесе алынуға тиісті өткізу құны бойынша бағаланады. Өткізу құны шаруашылық субъектісімен активті сатып алушының немесе пайдаланушының арасындағы келісім-шарт бойынша анықталады.

    Шаруашылық  субъектісінің табыстары мынадай  шарттар қанағаттандырылған кезде  танылады / 4, б.30 /:

  • табыс сомасы дұрыс бағаланған жағдайда;
  • субъектінің экономикалық пайдаларды алу ықтималдығы болған жағдайда;
  • субъект сатып алушыға меншік құқығын берген жағдайда;
  • мәміле бойынша нақтылы жұмсалған немесе күтіліп отырған шығындар дұрыс бағаланған жағдайда.

    Ұқсас  тауарлар мен қызметтерді айырбастау  кезінде мәміле бойынша табыс танылмайды.   Ұқсас тауарлар мен қызметтерді айырбастау кезінде табыс алынған тауарлар мен қызметтердің өткізу құны бойынша танылады және бағаланады. Егер алынған тауарлар мен қызметтердің өткізу құны дұрыс бағаланбайтын болса, табыс берілген тауарлардың немесе көрсетілген қызметтердің өткізу құны мөлшерінде танылады.

    Қаржылық  есеп беру кезінде шаруашылық  субъектісі түсініктеме жазбахатында  мыналарды ашып көрсетулері тиіс / 6, б.88 /:

  1. табысты тану үшін қабылданған есеп жүргізу саясатын, соның ішінде қызметтер көрсету жөніндегі келісімдердің аяқталу кезеңдерін айқындау тәсілі;
  2. есепті кезең үшін танылған табыстардың әрбір маңызды түрінің сомасын, соның ішінде:
  • тауарлар өткізу;
  • қызметтер көрсету;
  • пайыздар;
  • роялти;
  • дивиденттер нәтижесінде туындайтын табыстарды, олардың ішінде тауарлар немесе қызметтер алмасу нәтижесінде туындайтын, табыстардың әрбір маңызды түріне енгізілген табыстар сомасы.

Информация о работе Кәсіпорын табыстылығын жоғарылату үшін қазіргі таңдағы бағдарлама құралдарын қолданудың перспективалары мен мүмкіндікте