Кәсіпорын ақшалай қаражаттар айналысын басқарудың теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2012 в 13:31, реферат

Описание работы

Қоғамымыз “Қазақстан – 2030” стратегиясында ұзақ мерзімді мақсат ретінде нарықтық экономиканы дамытуға негізделген экономикалық өсу, денсаулық сақтау, білім беру, халықтың әл-ауқаты мен жағдайын көтеру салаларын дамытуды алдына қойған. Қазақстан әлемдік тауарлар, қызметтер, еңбек ресурстары, капитал, осы заманғы идеялар мен технологиялар рыногынын шын мәнінде ажырағысыз да серпінді бөлігіне айналуы үшін біз бірнеше міндеттерді шешуіміз тиіспіз.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1. Кәсіпорын аҚШАЛАЙ қаражаттар АЙНАЛЫСЫН басқарудың теориялық негіздері
1.1 Айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымы ...................................5
1.2 Кәсіпорынның айналым қаражаттарының айналысы ................................11



ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................15
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................17

Работа содержит 1 файл

эКОНОМИКА РЕФЕРАТ.doc

— 188.50 Кб (Скачать)
  1. тауарды  (өнімді, жұмысты, қызметті) сатудан түсетін табыс;
  2. сатудан түсетін табыс;
  3. әр түрлі қызыметтен түсетін қаражаттар: тауарды (өнімді, жұмысты, қызыметті) және басқа мүлікті сатудан түсетін табыс; несие, қарыздар және алынатын аванстар; қаржылық салымдар бойынша дивидендтер, проценттер; мақсатты қаржыландыру.
  4. ағымдағы және инвестициялық шығындарды жабуда пайда болатын қаражаттар; мемлекеттік бюджеттік емес қорларға төлемдер; бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен проценттер төлеу және т.б.
  5. ақша қаражаттарының таза ағыны – барлық түскен және бөлінген қаражаттардың арасындағы айырмашылық.

Ақша қаражат ағыны- бұл фирманың жоспарланған немесе есеп беру период аралығында жинақталатын және төленетін ақшалай қаражат  көлемі болып табылады.

Ақша қаражат ағынын басқару келесі аспектілерді қосады:

- Қаражат қозғалысын  есепке алу;

- Барлық қаражат ағынын  талдау;

- Ақша  қаражат қозғалысын  бюджеттік құру;

- Ақша қаражат қозғалысын  бюджетін қолдануға бақылау.

Келесі суретте кәсіпорындағы  ақшалай қаражаттың қозғалысы көрсетілген.

 

    Сурет 5. Кәсіпорындағы ақшалай қаражаттың қозғалысы

 

Жалпы қаржылық ағын және олардың элементтері қаржылық басқарудың объектісі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Елбасының 2009 жылдың 28 ақпанындағы  “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Бәсеке қабілеттілік─ Қазақстанның әлемдік экономика мен қоғамдастыққа табысты кірігуінің кілті. Сондықтан да өткен жылдың өзінде біз жалпы қазақстандық жобамызды тұжырымдап, оны іске асыруды қолға алған болатынбыз. Бұл─ біздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қоғамдастығына қарай жедел жылжуымыздың және оның тұрақты мүшесі ретінде Қазақстанның тұғырнамасын нығайту» деген /1, 5-6 б/. Осы орайда кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігін жоғарылату мәселесі олардың айналым қаражаттарын қолданудың, басқарудың тиімділігін жоғарылату мәселесімен тығыз байланыстылығына көз жеткізуге болады.

Кәсіпорынның  айналым  капиталын басқару механизмін жетілдіру  отандық экономика дамуының қазіргі  сатысында өндірістің экономикалық тиімділігін жоғарылатудың маңызды  факторларының бірі болып табылады. Әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық  және нарықтық инфраструктураның өзгермелілігі жағдайында  қаржылық менеджердің ағымдық күнделікті жұмысында ақшалай қаражаттарын басқару маңызды орынды алады, себебі осыдан кәсіпорынның  сәтті және сәтсіз өндірістік-коммерциялық операцияларының себебін байқауға болады. Ақшалай қаражаттарының жеткіліксіздігі жағдайында үнемді қолдану қазіргі кезде әрбір кәсіпорын қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Айналым қаражаттарының үнемі қозғалысы өндіріс пен айналыс үрдісінің үздіксіздігінің негізі болып табылады.

Айналым капиталына мыналар кіреді: дайын өнім, тауарлы- материалдық қорлар  ақшалай қаражаттар және дебиторлық қарыздар.

Берілген жұмыста мен  арнайы әдебиет көздерін қолдана  отырып, кәсіпорынның ақшалай қаражаттарының экономикалық мәні анықталған.

     Ақша ағындарын басқарудың негізгі мақсаты-келіп түскен және төленетін ақша қаражат көлемін баланстау арқылы, фирманың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету.

      Кәсіпорынның  қаржылық жағдайын  бағалау үшін  келесі көрсеткіштер маңызды  болып келеді:  тауарларды (жұмыс, қызмет, өнім) сатудан табыс; табыс; ақша қаражаттар ағыны. Бұл көрсеткіштердің динамикасының бір жыл аралығында өзгеруі, оның белгілі бір уақыт (жыл, тоқсан, ай) аралығындағы жұмысының нәтижесіне байланысты болады. Егер, төлемсіздік орын алған жағдайда кәсіпорынның әр түрлі қызметтерден түсетін ақша қаражаты бірінші маңыздылықты иеленеді. Егер ақша ағынының түсуі шығыннан жоғарыласа, онда кәсіпорын ағындағы және перспективасының дамуына әсер ететін бәсекелестік қабілетке ие болады. Бұл дегеніміз уақытша бос ақша қаражатын бизнес салаларына сала отырып пайда табу. Ал егер кәсіпорын пайда табатын болса,  онда оның төлем қабілеттілігі жоғары деңгейде болады.

Ақша қаражат ағыны- бұл кәсіпорынның жоспарланған немесе есеп беру период аралығында жинақталатын және төленетін ақшалай қаражат көлемі болып табылады.

Ақша қаражат ағынын басқару келесі аспектілерді қосады:

- Қаражат қозғалысын  есепке алу;

- Барлық қаражат ағынын  талдау;

- Ақша  қаражат қозғалысын  бюджеттік құру;

- Ақша қаражат қозғалысын  бюджетін қолдануға бақылау

  Практикада ақша ағынын есептеудің екі әдісі қолданылады – тікелей және жанама. Тікелей әдіс – бұл қаржыгер және бухгалтерлерге -  экономистерге таныс, қарапайым есептеу процедурасы болып табылады.        Жанама әдіс ақша қаражаттарының өзгеруімен алынатын қатынасын анықтауға мүмкіндік береді.

Ақшалай қаражаттарды тиімді басқару жүйесі қаржы менеджметінде  қаржылық циклды есептеумен, ақшалай  қаражаттардың қозғалысын талдаудан, ақшалай қаражаттарды болжамдаудан құралады.

Ақшалай қаражаттарға қорларды басқару теориясында жасалған және ақшалай қаражаттар көлемін оптимизациялауға мүмкіндік беретін модельдер қолданылуы мүмкін. Ол келесілерді бағалау болып табылады:

  • ақшалай қаражаттар және оларды эквиваленттердің жалпы көлемін;
  • есептесу шотында ақшалай қаражаттардың қай үлесін ұстау, ал қай үлесін тез өтімді бағалы қағаздар түрінде үстау қажет екенін;
  • қашан және қай мөлшерде ақшалай қаражаттар және тез өтімді активтердің  өзара трансформациясын жүргізу қажет екенін.

Ақшалай қаражаттарды басқаруда қаржылық цикл ұзақтығын анықтау маңызды орын алады. Қаржылық цикл, немесе ақшалай қаражаттың айналым циклы деп ақшалай қаражаттың айналымнан бос болатын уақытын айтамыз.

Берілген бағыттар бойынша  жұмыстың тәжірибелік бөлімін орындау  барысында келесідей ұсыныстар жасадым:

-кәсіпорынның материалдар  қорын азайтуы және өнімді  өткізу бойынша маркетингтік  саясатты қайта қарауы керек.

-көрсеткіштер жүйесінің  көмегімен кәсіпорынның айналым  қаражаттарын басқару әдістемесі  ойлап табылған;

-банктің қысқа мерзімді несиесін тарту тиімді емес;

-өндірісті ұйымдастыруды  жетілдіру бойынша шаралар айналымдылықтың  жеделдетілуіне және қосымша  қаражаттардың босап шығуына  әкеледі.

Жалпы қарайтын болсақ, кәсіпорынның айналым қаражаттарын басқару бойынша  жағдайы нашар емес, дегенмен де осы деңгейде тоқтап қалмай, айналым қаражаттарын басқарудың тиімділігін жоғарылату  бойынша шараларды  жалғастыру қажет. 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына Жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан».  Астана, 2008ж. 28 ақпан // Егемен Қазақстан, 1 наурыз 2010ж
  2. Жүйриков К.К.: Финансы предприятий в условиях рынка.-Алматы, 2003, 64-65б.
  3. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау / Оқу құралы. –Алматы: Экономика. 2004– 230 б.
  4. Ефимова О. В. Анализ оборотных активов организации. //  Бухгалтерский учет – 2009г. - №10 – б.47-53.
  5. Литвин.И.И Как определять плановую потребность предприятия в оборотных средствах // Финансы. - 2010. - N 10. - б.10-13.
  6. Нестеров В.О. , Карпенко С.Н. Финансовый анализ и учет.-М.: Финансы и статистика, 2009.- 180б
  7. Ковалев В.В. Финансовый анализ. Управление капиталом. Анализ отчетности.-М.: Финансы и статистика, 2009.– б34 - 38.
  8. Павлова Л.Н.  Финансовый  менеджмент  в предприятиях и коммерческих  организациях.  Управление  денежным  оборотом. -  М.: ИНФРА-М, 2007. – 392б
  9. Рубченко М., Агеев С. и др.  Искусство  управлять  деньгами // Эксперт. - 2010г - N6 - б 17 - 29.
  10. Стоянова Е.С., Быков Е.В., Бланк А.И.   Управление оборотным капиталом. - М.: Изд-во "Перспектива", 2008. - 128с.
  11. Фащевский В.М.  Об анализе оборотных средств //Бухгалтерский учет. - 2010г - N2 – б 80 - 81.
  12. Хомидов А. У. Анализ бухгалтерского баланса // Аудит и финансовый анализ. – 2009г. – №1 – б5-24.
  13. Чурилов С. В. Анализ собственного оборотного капитала // Бухгалтерский учет. – 2010г. - №11 – б76-78
  14. www.egemen.kz

 

 




Информация о работе Кәсіпорын ақшалай қаражаттар айналысын басқарудың теориялық негіздері