Кәсіпорын ақшалай қаражаттар айналысын басқарудың теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2012 в 13:31, реферат

Описание работы

Қоғамымыз “Қазақстан – 2030” стратегиясында ұзақ мерзімді мақсат ретінде нарықтық экономиканы дамытуға негізделген экономикалық өсу, денсаулық сақтау, білім беру, халықтың әл-ауқаты мен жағдайын көтеру салаларын дамытуды алдына қойған. Қазақстан әлемдік тауарлар, қызметтер, еңбек ресурстары, капитал, осы заманғы идеялар мен технологиялар рыногынын шын мәнінде ажырағысыз да серпінді бөлігіне айналуы үшін біз бірнеше міндеттерді шешуіміз тиіспіз.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1. Кәсіпорын аҚШАЛАЙ қаражаттар АЙНАЛЫСЫН басқарудың теориялық негіздері
1.1 Айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымы ...................................5
1.2 Кәсіпорынның айналым қаражаттарының айналысы ................................11



ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................15
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................17

Работа содержит 1 файл

эКОНОМИКА РЕФЕРАТ.doc

— 188.50 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

 

1. Кәсіпорын   аҚШАЛАЙ  қаражаттар АЙНАЛЫСЫН  басқарудың теориялық  негіздері

1.1 Айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымы ...................................5

1.2  Кәсіпорынның айналым қаражаттарының айналысы ................................11

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................15

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................17

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                       КІРІСПЕ

Қоғамымыз “Қазақстан – 2030” стратегиясында ұзақ мерзімді мақсат ретінде нарықтық экономиканы дамытуға негізделген экономикалық өсу, денсаулық сақтау, білім беру, халықтың әл-ауқаты мен жағдайын көтеру салаларын дамытуды алдына қойған. Қазақстан әлемдік тауарлар, қызметтер, еңбек ресурстары, капитал, осы заманғы идеялар мен технологиялар рыногынын шын мәнінде ажырағысыз да серпінді бөлігіне айналуы үшін біз бірнеше міндеттерді шешуіміз тиіспіз. Ол міндеттерді бірі-экономиканың тұрлаулы дамуын жай қамтамасыз етіп , ұстап тұру емес, оның өсуін басқару. Экономиканың тұрақты дамуы бізге реформалардың әлеуметтік бағытталығын күшейтуге мүмкіндік береді.»-деп айтып кеткен еді Республикамыздың Президенті Н.Ә.Назарбаев 2010ж. Қазақстан халқына арналған «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында. /1, 4-5 б/

«Қоғамдағы келісім-шарттық қатынастарды дамыту мен жеке меншік институтын нығайту үшін қосымша заңнамалық және әкімшілік шаралар, сондай-ақ даулар мен төрелік ету рәсімдерін тәуелсіз тұрғыда қарау жүйесін дамыту қажет. Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры халықтың кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс.» - деп Елбасы өзінің 2010ж. Қазақстан халқына арналған «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында айтып кеткен. /2, 6-8 б/

Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бергі уақыттарда, әсіресе соңғы жылдары экономикалық өсім жоғары қарқын ала бастады. Алғашқы кездегі қиындықтар біртіндеп артта қалды. Қоғам өмірінің барлық салаларын дамыту арқылы халқымыздың өркениет жүйесіндегі өмір сүріп жатқан басқа елдер тірлігімен бірдей дәрежеге қол жеткізуге болатынын соңғы жылдар жемісінің нәтижелерін байқатып отыр. Өмір сапасын және деңгейін көтеру экономикалық өсудің нәтижесіне және оның жалпы жағдайына тәуелді.

 Зерттеу тақырыбының  өзектілігі. Нарықтық экономикада бизнесті басқару көптеген белгілермен ерекшелікшеленеді. Біріншіден, кәсіпорынның жиынтық ресурстарының ішінде ең маңызды ресурс ретінде қаржылық ресурстар қолданылады. Екіншіден, қаржылық бейнедегі басқарушылық шешімдерді қабылдау белгісіздік жағдайында жүргізіледі. Үшіншіден, кәсіпорынның нақтылы тәуелсіздігі нәтижесінде негізгі мәселе ретінде қаржылық ресурстарды анықтау және инвестициялық саясатты ықтималды жүргізу болып табылады. Төртіншіден айналым капиталын тиімді пайдалану арқылы қаржылық жағдайды жақсарту қажет болады, ақшалай қаражаттардың ролі де жоғары мәнге ие. Кәсіпорында міндетті түрде ақшалай қаражаттар мен олардың эквиваленттерінің болуы шарт. Ақшалай қаражаттарды тиімді басқару жүйесі қаржы менеджметінде қаржылық циклды есептеумен, ақшалай қаражаттардың қозғалысын талдаудан, ақшалай қаражаттарды болжамдаудан құралады. Осы себептерге байланысты нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын қаржыны басқаруда ақшалай қаржаттарды басқарудың мәселелері өзекті болады.

Курстық жұмыстың мақсаты -  кешенді талдау негізінде кәсіпорынның айналым қаражаттарын басқару тиімділігін жоғарылату бойынша шараларды жүзеге асыруға ұсыну.

Курстық зерттеудің басты  мақсатына жету үшін келесі міндеттер  қойылды:

- «Астана Трэйд Интернэшнл»  акционерлік қоғамының  айналым  қаражаттарының жағдайын және қолдану тиімділігін бағалау;

- «Астана Трэйд Интернэшнл»  акционерлік қоғамының     меншікті айналым қаражаттары  мен ағымдық қаржылық қажеттіліктерін  басқару тиімділігін бағалау;

-  айналым капиталын  басқаруды жетілдіру жолдары  мен резервтерін іздестіру.

Зерттеу объектісі –  «Астана Трэйд Интернэшнл» акционерлік  қоғамының айналым қаражаттары.

Зерттеу пәні - кәсіпорынның айналым капиталын басқару.

Курстық жұмыстың әдістемелік  негізін қаржылық талдаудың әдістері құрады: бухгалтерлік есептің көлденең және тік талдауы; статистикалық мәліметтерді жинау мен топтау; динамика қатарларын талдау; кәсіпорынның айналым қаражаттарын басқарудың қазіргі заманғы әдістері; кәсіпорынның ағымдық қаржылық қажеттіліктерін басқару.

Зерттеудің ақпараттық негізін кәсіпорынның бухгалтерлік және қаржылық есептілігінің мәліметтері, кәсіпорынның ішкі нормативті-техникалық құжаттары, мерзімді баспа құралдарының ақпараттары, қаржылық менеджмент саласындағы отандық және шетелдік мамандардың оқулықтары  құрайды.

     Курстық жұмыс кіріспеден, үш маңызды бөлімдерден, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан құралады.

Кіріспеде зерттеу тақырыбының  өзектілігі айқындалады, мақсаттар  мен алдына қойылатын мәселелер  қалыптастырылады, зерттеудің объектісі  мен пәні, әдістемелік және ақпараттық негіз анықталады, сонымен қатар зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы көрсетіледі.

Бірінші бөлімде кәсіпорынның айналым қаражаттарын басқарудың теориялық  негіздері келтірілген; олардың  қаржыландару көздері мен  нарықтық экономикадағы ролі көрсетілген, кәсіпорындағы айналым қаражаттарын ұйымдастыру мәселері және олардың қазіргі қазақстандық жағдайлардағы қызмет ету ерекшеліктері аталған.

Курстық жұмыстың екінші бөлімі айналым қаражаттарын басқару  мен талдаудың әдістемелік аспектілеріне арналған: қаржылық талдау негізінде кәсіпорынның айналым қаражаттарына деген жоспарлы қажеттілігі анықталған; көрсеткіштердің динамикасы бағаланған; іскерлік белсенділік коэффиценттері анықталып, олардың айналым қаражаттары жағдайына әсері көрсетілген. 

Үшінші бөлімде қойылған мақсаттар шегінде  кәсіпорынның айналым қаражаттарын басқару механизмін жетілдіру бойынша тәжірибелік ұсыныстар ойластырылған.

1. Кәсіпорын аҚШАЛАЙ қаражаттар АЙНАЛЫСЫН басқарудың теориялық  негіздері

 

1.1 Айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымы

 

Айналым қаражаттары - бұл кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгел тұтынылып және өзінің құнын дайындалатын өнімге толық көшіретін бөлігі. Әдетте, өзінің табиғи нысанын сақтамайды және аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады.

Айналым қаражаттарының құрылымы деп барлық жиынтығындағы  олардың бөлек элементтерінің арақатынасын айтады. Кәсіпорындардағы айналым қаражаттарының құрылымына талдау жасау және оны  жетік білу маңызды мәселелерінің бірі болып саналады. Себебі, белгілі бір шамада қаржы жағдайы кәсіпорын қызметінің не ол, не бұл мезетін сипаттайды.

Кәсіпорында айналым  қаражаттарының құрылымы тұрақсыз және көптеген себептердің ықпалымен  өзгеріп отырады. Әрбір нақты кәсіпорында айналым қаражатының шамасы, олардың құрамы мен құрылымы, өндірістік сипаты мен күрделілігіне, өндіріс кезеңінің ұзақтығына, оларды жеткізу жағдайына және т.б. байланысты болады.    

Айналым қаражаттары 2 бөлімнен тұрады:

өндірістік айналым  қорлары;

айналыс қорлары;

 

Кесте-1 Айналым қаражаттары

 

Айналым қорлары

Айналыс қорлары

өндірістік запастар

Аяқталмаған өнадіріс

Болашақ кезең шығындары

Қоймадағы дайын өнімдер

Жөнелтілген, бірақ ақысы  төленбеген тауарлар

Есептеулердегі ақша құралдары

Ақша және т.б. қаражат айналымы

Жоспарланған

Жоспарланбаған


 

Өндірістік айналым  қорлары- өндірістік процессте бір  рет қолданылады және өзіндік  құнын толығымен өндіріетін өнімге аударады. Өндірістік айналым қорлары  өнеркәсіптегі айналым қорларының ең негізгі бөлігі болып табылады. Олар барлық айналым қорларының өнеркәсіпте 70%, машина өндіру мен мелалл өңдеуде 80% аса бөлігін құрайды.

Өндірістік айналым  қорларына шикізат, негізгі және қосымша материалдар, комплекттік  бұйымдар, өндірісте аяқталмаған  өнім, отын, тара және басқа еңбек құралдары.

Өндірістік айналым  қорлары мынадай топтарға бөлінеді:

  • Өндірістік запастар. Оларға- шикізат, негізгі материалдардың, отынның, қосалқы бөлшектердің қалдығы, бағасы 100 тенгеден кем құнсызданғыш және тозғыш заттар, арнайы құрал- саймандар жатады.
  • Аяқталмаған өндіріс. Оның ішінде өз ішінде шығарылған жартылай дайын өнімдер.
  • Болашақ кезеңдердің шығындары- жаңа өнімдерді әзірлеуге және игеруге еткен шығындар.

Айналыс қорлары- запастағы  дайын өнімдер, әлі бағасы төленбеген, бірақ жөнелтілген тауарлар, есептеу құралдары және кассадағы ақша қорлары. 

Сонымен, айналым қорлары-бұл  өндірістік айналым қорлары мен  айналыс қорларын құруға арналған, кәсіпорынның ақша қорлары.

Кәсіпорынның айналым  капиалының құрылымы әр түрлі себептерге байланысты үнемі өзгеріп отырады.

 

Мысал: Кен өндіру өнекәсібінің айналым қаражаттарының құрылымы

Кесте-2

Айналым қаражаттарының элементтері

Олардың үлестері,%

1

2

 

3

 

4

5

6

7

Өндірістік запастар

Аяқталмаған өндіріс  және өзіндік өндірістегі жартылайфабрикаттар

Болашақ кезеңдер шығындары.

Айналым қорлары (п.1+п.2+п.3).

Қоймадағы дайын өнімдер.

Жөнелтілген, бірақ ақысы  төленбеген тауарлар.

Есептеулердегі ақша құралдары.

Банк мекемелеріндегі  шот есептеріндегі және кассалардағы ақша қорлары.

Айналыс қорлары (п.4+п.5+п.6+п.7).

Айналым қаражаттары

57

17

 

8

82

5

7

4

 

2

18

100


 

Кәсіпорынның айналым  қаражаттары құрылымын білу өте  маңызды, өйткені ол белгілі бір  мөлшерде, сол уақыттағы немесе басқа  уақыттағы кәсіпорын жұмысының  қаржылық жағдайын көрсетеді. Мысалы, дебиторлық қарыздың шектен тыс өсуі, қоймадағы дайын өнімнің, аяқталмаған өндірістің өсуі кәсіпорынның қаржылық жағдайының төмендеуін көрсетеді. Дебиторлық қарыз айналымнан құралдарды алып, оны өз айналымында қарыз дебиторлар қолданады. Аяқталмаған өндіріс көлемінің, қоймадағы дайын өнім көлемінің ұлғаюы айналымнан құралдардың алынғанын, сату көлемінің төмендегенін көрсетеді.

Әр түрлі саладағы кәсіпорындардың айналым қаражаттары  құрылымы манадай жәйттерді бірдей қажет етпейді:

Кәсіпорын спецификасы. Өндірістік циклы ұзақ кәсіпорындарда аяқталмаған өндірістің көлемі айтарлықтай жоғары болуы мүмкін; тау-кен өнеркәсібінде болашақ кезең шығындары. Өндіріс процесі тез кәсіпорындардың қоймадаңы тауарлар запасының үлес салмағы жоғары болады;

Дайын өнім сапасы. Егер кәсіпорын сұранысқа ие болмайтын, сапасы төмен өнім өндірсе, онда бір мезетте қоймадағы тауар запасы көлемі ұлғаяды;

Мамандану деңгейі;

Ғылыми- техникалық прогрессті жеделдету. Бұл фактор айналым құралдарының құрылымына барлық элементтері бойынша  әсер етеді. Егер, кәсіпорынға отынды аз жұмсайтын қондырғы қондырса, қалдықсыз жұмыс жасайтын болса, онда айналым құралдары құрылымында өндірістік запастар көлемі күрт азаяды;

 Айналым қаражаттары  құрылымына басқада факторлар  әсер етеді. Бірақ факторлар  ұзақ уақытты және қысқа уақытты болатындығын білген маржан.

Айналым қорларының құрамы мен құрылымын 4 белгісі бойынша  анықтайды:

    • Айналым сферасы;
    • Элементтері;
    • Норма ауытқуы;
    • Қаржыландыру көздері;

Айналым сферасына байланысты айналым қорлары өндірістік айналым  қорлары (өндіріс сферасы), айналыс қорлары (айналыс сферасы) болып бөлінеді.Айналым қорлары айналыс сферасында да, өндірістік сферасында да бір мезгілде, айналымның үш стадиясынан өте, қызмет етеді: жабдықтау, өндіру, өткізу.

Кәсіпорын жұмысында  айналым қаражаттары үш сатыдан өтеді:

Ақша сатысы. Мұнда  ақша өндірістік запастарға айналады. Яғни, кәсіпорын өз ақшасына шикізат  немесе материалдар сатып алады. Жабдықтаушылардың счеттарын төлейді  және жабады.

Өндірістік сатысы. Өндірістік запастар бірінші аяқталмаған өндіріске айналады, одан кейін дайын өнімге айналады.

Тауарлық сатысы. Дайын  өнім сатылады, нәтижесінде айналым  қорлары өндіріс саласынан айналыс  аясына, қайтадан ақшалай нысанына келеді. Бұл қаржылар жаңадан еңбек  құралдарын алуға жұмсалып, жаңа ауыспалы айналымға шығады.

 Айналым қорларының  бір айалымын мынадан көруге  болады:

А-ӨЗ...Ө...ДӨ-А*

Ақша құралдарына (А) кәсіпорын  өнім өндіру үшін қажетті еңбек құралдарын сатып алады, олар өндірістік запастарға айналады (ӨЗ), содан кейін өндірістік (Ө) процесс басталады, осының нәтижесінде дайын өнім пайда болады (ДӨ), ол өткізіледі де, кәсіпорынға қайтадан ақша қаражаты (А*) келіп түседі. Осылай айналым құралдары бір айналым жасайды және бәрі қайталанып отырады.

Информация о работе Кәсіпорын ақшалай қаражаттар айналысын басқарудың теориялық негіздері