Кәсіпкерлік қызмет

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 19:40, курсовая работа

Описание работы

Қурстық жұмыстың мақсаты келесі міндеттерді шешумен нақтыланады:
кәсіпкерлік түсінігі және оның түрлерін қарастыру;
Қазастандағы шағын және орта бизнестің қалыптасуы мен бүгінгі таңдағы жағдайын, даму ерекшеліктерін зерттеу және дамудағы жаңа беталыстарды анықтау;
шағын және орта бизнесті мемлекет тарапынан қолдаудың кешенді шараларын зерттеу.

Содержание

КІРІСПЕ.............................................................................................................3
I бөлім. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ КӘСІПОРЫННЫҢ ҰЙЫМДЫҚ НЫСАНДАРЫ
1.1. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдық түрлерінің артықшылығы
мен олқылығы....................................................................................................5
1.2. Кәсіпкерлік қызметті белгісіне, нысаны мен түріне қарай классификациялау...................................................................................8
II бөлім. ӨТПЕЛІ ЭКОНОМИКА КЕЗЕҢІНДЕГІ КӘСІПКЕРЛІК
2.1. Шағын кәісіпкерліктің ролі мен алатын орны...................................9
2.2. Орта және ірі бизнестің кәсіпкерлік қызметі және оның көздері....14
2.3. Қазақстандағы кәсіпорындардың қазіргі жағдайына талдау..........15
III бөлім. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСІПОРЫНДАРДЫ ДАМЫТУ БОЛАШАҒЫ
3.1. Мемлекеттік кәсіпкерлік және макроэкономикалық реттеудің бағдарламасы.....................................................................................................21
3.2. Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу болашағы мен
кейбір мәселелері...............................................................................................22
3.3. Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындарды дамыту мүмкіндіктері мен болашағы.....................................................................................................24
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................31

Работа содержит 1 файл

КСПКЕР~1.DOC

— 219.00 Кб (Скачать)

4) инвестицияны реттеу мәселелерін шешуде мемлекеттік және аймақтық органдар ықпалын шектеу;

5)  әртүрлі ведомостволар тарапынан үстемдікті жою.

      Қазақстада “қолайлы экономикалық ахуал” қалыптастырудың негізгі элементі “Шетел инвестициялары туралы” Заң болып табылады. Осы заңға сәйкес, шетел инвестицияларының кез-келген түрі және олармен байланысты барлық қызмет түрлері қолайлы жағдайларда жүзеге асырылуы тиіс. Бұл заңның негізгі қабылданған мақсаты – біздің еліміздегі шетел инвестицияларына, олардың қызметіне максималды жағдай құру.

      Бұл заң Қазақстан территориясында шетел инвестицияларының ұлттық инвесторларға рұқсат берілген барлық ұйымдасқан - құқықтық формасында біріккен кәсіпорын, еншілес және шетел заңды тұлғалар өкілеттігі ретінде қызмет етуге мүмкіндік бар екендігін бекітеді. Осы заң шетел инвесторларына басқа да маңызды кепілдіктер береді.

       Тікелей шетел инвестициялары Қазақстан үшін, оның қазіргі кезеңдегі экономикалық жағдайын ескергенде, басқа мемлекетаралық экономикалық ынтымақтастық формаларымен салыстырғанда бірқатар айтарлықтай артықшылықтарына ие болады:

біріншіден, отандық тауарлар мен қызметтерді өндіруге олар шетел капиталын салу көзі болып табылады;

екіншіден, технология трансфертін, “ноу-хау”, алдыңғы қатарлы басқару әдістерін және маркетингі, және мемлекеттің сыртқы қарызын өтеуді кқамтамасыз етеді.

       1995 жылы еліміздің салық жүйесін реформалау жылы болып табылады, яғни жаңа салық кодексінің және салықтық тәжірибелерді жүргізу болып есептеледі. Республикадағы жүргізілген салықтық реформалардың негізгі идеясы: бюджет пайдасын қалыптастыру, экономикалық бейтараптықты, және салық жүйесінің қарапайымдылығы мен әділдігін іске асыру. Салық кодексінде салық негізінің кеңеюін анықтайтын, саклық пайызын тұрақтандыру және өз табысын адамдардан салықты төмен дәрежедә алу прнциптері қарастырылады.

       Шетел қатысуы мен 100%-ды шетел капиталы барлық заңды тұлғаларды тіркеу туралы процедурасын жеңілдету және жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Президенті мен 1995 жылы заң күші бар “Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы” заң күші бар Жарлығына қол қойды. Осы заңға сәйкес барлық заңды тұлғаларды тіркеу ҚР-ның Юстиция министірлігі және оның аймақтық органдары арқылы жүзеге асырылады. Заңды тұлғалардың тізімге алынуы 15 күн аралығымен қажетті құжаттар және құрылтайлық құжаттар арқылы шектеледі.

       Заңды түрде қорғаумен қоса, шетел инвесторларына қосымша кепілдік беруді мемлекетаралық инвестицияны қорғау, және ынталандыру келісім-шарты қамтамасыз етеді. Тәуелсіздік алағалы бері еліміз мұндай келісім шартын 23 елмен жасады. Қазіргі кезде 21 елмен келісім-шарт жобасы талқылануда.

      “Қолайлы экономикалық ахуал” қалыптастыру көптеген факторлардан тәуелді болып келеді. Халықаралық салық және инвестиция жөніндегі

орталық сарапшыларының жүргізген “ҚР-дағы инвестициялық ахуал” бағдарламасы нәтижесі бойынша, еліміздегі инвестициялық ахуалдың болашағы зор. Бірақ, қазіргі таңда тұрақсыз деген тұжырымға келеді. Инвестициялардан түсетін пайданың мүмкіндігіне қарамастан, анықталмағандық Қазақстанға шетел инвестиция ағымын тежеуші фактор болып отыр. Сонымен бірге салық жүйесінің даму дәрежесінің төмендігі, кеден режимінің тиімділігі, әкімшілік органдарының көпсандылығы және валюталық режим салынған капитал ресурстарының өзін-өзі өтеуі үшін нақтылы жағдайды туғызбай отыр.

        Қазіргі кезеңде, жаңа салық кодексінің, “Валюталық реттеу туралы”, 1997 жылғы 10 сәуіріндегі “Сыртқы қарыз және сыртқы қарызды басқару туралы”, 1997 жылғы 28 ақпандағы “Тікелей инвестицияларын мемлекеттік қолдау туралы”, 1997 жылғы 5 наурыздағы № 77-1 “Құнды қағаз нарығы туралы”, 1997 жылғы 6 наурыздағы № 82-1 “Инвестициялық қорлар туралы” Заңдардың қабылдануы елімізде экономикалық ақаулының біршама алға қадам басқандығын көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазіргі кезде экономистерді республикадағы өндіріс көлемін қалай ұлғайту, жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ ) өсуі үшін қандай ынталандырушы тетіктерін құру және мемлекеттік бюджет табысының деңгейін қалай жоғарылату қажет деген мәселелер толғандырады.

Бәрімізге белгілі кез келген экономикалық жүйенің негізгі инвесторлары  барлық ресурстар түрлерінің иелері, яғни заңды және жеке тұлғалар болып табылады. Мемлекет банк жүйесі, халықты еңбекпен қамту орындары, салық жүйесі және құқық қорғау органдары арқылы қоғамның барлық мүшелерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру және өндіріс көлемін ұлғайту мақсатымен  бұл ресурстарды қайта бөлуді жүзеге асыруға тырысады.

Қазіргі кезде жыл сайын тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны, соның ішінде әрекет етушілерінің саны өсіп, өнім өткізуден түскен табыстары да ұлғаюда. Олардың республика экономикасының кешеніндегі үлесі жылдан жылға өсуде. Қазірде шағын бизнес аясында миллионға жуық кәсіпкерлер әрекет етуде. Шағын кәсіпкерлік ел бюджетінің 11%-ін құрайды. Бұл жаман көрсеткіш емес. Дегенмен еліміздің дамыған елдер қатарынан көрінуі, экономика өсу қарқынында болуы үшін бұл көрсеткіштер әлдеқайда жоғары болуы керек. 

Шағын кәсіпорындардың өсуі жұмыссыздық мәселесін шешу, отандық тауар бәсеке қабілеттілігін жоғарылату, көрсетілетін қызмет саласы мен аясын дамыту және бастысы, бюджет түсімдерін ұлғайту арқылы республика экономикасының дамуына оң әсер етеді.

Шағын және орта бизнесті дамытудың басым бағыты олардың ірі кәсіпорындармен тиімді ынтымақтастығын құру болып табылады.

Ұсақ және орта кәсіпкерліктің өмір сүру қабілеттілігі  Қазақстан Республикасы экономикасының салаларының бәсекелік бастамаларын қолдауда ерекше рөлге ие болады. Сондықтан да Батыс елдерінің нарықтық экономикасындағыдай, мемлекет тарапынан шағын бизнесті белсенді кешендік қолдау қажет.

Сонымен бірге, несиелендіру және сақтандыру аяларында аймақтық мемлекеттік қолдауды белсенді жүргізу  және оның инвестициялық белсенділігін ынталандыру қажет. Аймақтық қорлар қандай да бір жобаны несиелендіру туралы шешім қабылдай отырып, несиені қайтару мезетіне дейін оның жұмысын  бақылай алатындықтан, аймақтық деңгейде жүзеге асырылатын мемлекеттік қолдау неғұрлым тиімді болады.

Шағын  және орта бизнесті дамытуға қаражаттар салатын инвесторлар мен кредиторларға инвестициялық ынталандыру және жеңілдіктер беруді енгізу керек.

          Осы тәрізді шаралардың барлығы келесілерді қамтамасыз етеді: өндіріс көлемін өсіруде мемлекеттің ынталандырушы рөлін күшейтеді,  кәсіпкерліктің экономикалық белсенділігін арттырады, мемлекеттік салықтарды төлеуден жалтару қарқынын төмендетеді, қаржылардың көлеңкелі экономикаға ағылуын қысқартады және бюджеттің табыс бөлігінің орындалуын қамтамасыз етеді. Және де ең бастысы, Қазақстандағы шағын бизнесті дамытудағы мемлекеттің бағыттаушы рөліне жеке  және заңды тұлғалардың сенімін арттырады.

    Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік  қызметті қолдауға байланысты бірқатар заңдар шықты. Өз еліміздегі шағын, орта және ірі бизнес ерекшеліктерін айқындап алдық. Жұмыспен қамтылғандардың саны өсті. 1994 жылы жалпы жұмыспен қамтылғандардың саны 164 мыңға жетті. Кәсіпкерлік қызмет салаларының ішінде бірінші орынға сауда шықты.

Нарыққа көшу барысында бәрімізге белгілі көптеген реформалар жүргіздік. Соның ішінде шағын және орта бизнеске аса көңіл бөлінді. Шағын және орта бизнесті қолдауға мемлекет көптеген кәсіпкерлер үшін мүмкіндіктер жасады. Соның нәтижесінде елімізде кәсіпкерлердің саны қазіргі кезде  біршама өсіп қалды. Әрине алғашқы кезде шындап бетбұрыс болмағанмен кейіннен жүре түзелдік. Дегенмен, бізде көптеген кемшіліктер кездеседі. Кейбір құрылған кәсіпорындардың жұмыс істеуі ұзаққа бармай жабылып қалатын жағдайлар көп кездеседі. Бұған себеп, әлі уақытқа дейін кәсіпкерлердің білімінің жоқтығы. Атап айтсақ, маркетинг, менеджмент, қаржы, есеп жүйесі ғылымдарынан хабарсыз болуы. Қолдағы бар қаржыны дұрыс пайдалана алмауы, өндіріп отырған өнімге немесе қызмет көрсетуге деген сұраныс деңгейінің дұрыс анықталмауы және т.б. себептер бар.

Мемлекетіміз шағын және орта бизнесті дамыту проблемаларын шешу жолдарын қарстыру үстінде. Шетелдік тәжірбиеге сүйене отырып, кәсіпкерлердің жұмысының жандануына бірқатар шаралар жасауда. Атап айтсақ, кәсіпкерлердің несие берудің қолайлы жағдайы, лизинг арқылы құрал-жабдықтар алу, франчайзинг, көптеген бизнес инкубаторлар ашылуда, жергілікті басқару орындарында кәсіпкерлерге кеңес беру және т.б.

Алдағы уақытта Қазақстан БСҰ-на кіруге дайындалуда. Осыған байланысты, еліміздің отандық кәсіпкерлікті қолдау үлкен роль атқарады. Отандық кәсіпорындардың  бәсеке қабілеттігін арттыру еліміздің шағын және орта бизнестің әлемдік нарықта жұмыс істей алуының кепілі. Еліміз шикізат өндіру бағытынан шикізаттық емес бағытқа көшуді мақсат тұтып отыр. Табиғи байлықтардың шектеулі екенін ескере отырып, нақты емес секторларды дамыту үкіметтің дұрыс саясаты. Осыған орай еліміз кластерлік жүйеге көшуді алдағы уақытта міндеттерінің біріне айналдырды. Ол бойынша белгілі бір географиялық аймақта кәсіпорындар бірігу керек. Үкімет 5-7 сала кластерінде нақты жобалар жасайтынын мәлімдеді.

Шағын және орта бизнес субъектілерінің халықаралық нарықта мықты бәсекелес болуы елдің әл-ауқатының жақсаруының кепілі. Кәсіпкерлік қызметке қолайлы жағдай жасап, өркендеуіне жол ашсақ, қолдау көрсетсек, ол бізге жауап ретінде елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартады. Болашақ кәсіпкерліктің өркендеп келе жатқан экономикамыздың қомақты қоректендірушісіне айналатынына біз сенімдіміз.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1. Базылева М. Н. Экономикалық теория. – Минск: БГЭУ, 1999.

2. Борисов Е. Ф. Экономикалық теория. Лекциялар курсы. – М.: 1997.

3. Булатов А. С. Экономика. М., 1999,.

4. Дискин И. Е. Өтпелі экономиканың әлеуметтік құрылымы // Қоғам және экономика. 1997.

5. Макконнелл К. Р., Брю С. Л. Экономикс: принциптер, мәселелер және саясат. М., Республика. 1992.

6. Мамедов О. Ю. Қазіргі таңдағы экономика. Ростов н\Д., 1998.

7. Микульский К. И. Әлеуметтік-бағдарланған нарықтық экономика. // Қоғам және экономика. 1997.

8. Николаева И. П. Экономикалық теория. – М.: «Проспект», 1998.

9. Раицкий К. А. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құрылы. М., 1999,

10. Райзберг Б. А. Экономика курсы. – М.: ИНФРА-М, 1999.

11. Самуэльсон П. Экономикалық ғылымдар. – М 1990.

12. Самуэльсон П., Нордхаус В. Экономикс. М., Республика. 1990.

13. Сажина М. А., Чибриков Г. Г. Экономикалық теория. – М.: 1998.

14. Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика. М., 1993.

15. Экономикалық теория (политэкономия)/ Видяпин В. И., Журавлева Г. П. редациясымен – М.: 1997.

16. Интернет мәліметтері

 

 

2

 



Информация о работе Кәсіпкерлік қызмет