Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 19:40, курсовая работа
Қурстық жұмыстың мақсаты келесі міндеттерді шешумен нақтыланады:
кәсіпкерлік түсінігі және оның түрлерін қарастыру;
Қазастандағы шағын және орта бизнестің қалыптасуы мен бүгінгі таңдағы жағдайын, даму ерекшеліктерін зерттеу және дамудағы жаңа беталыстарды анықтау;
шағын және орта бизнесті мемлекет тарапынан қолдаудың кешенді шараларын зерттеу.
КІРІСПЕ.............................................................................................................3
I бөлім. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ КӘСІПОРЫННЫҢ ҰЙЫМДЫҚ НЫСАНДАРЫ
1.1. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдық түрлерінің артықшылығы
мен олқылығы....................................................................................................5
1.2. Кәсіпкерлік қызметті белгісіне, нысаны мен түріне қарай классификациялау...................................................................................8
II бөлім. ӨТПЕЛІ ЭКОНОМИКА КЕЗЕҢІНДЕГІ КӘСІПКЕРЛІК
2.1. Шағын кәісіпкерліктің ролі мен алатын орны...................................9
2.2. Орта және ірі бизнестің кәсіпкерлік қызметі және оның көздері....14
2.3. Қазақстандағы кәсіпорындардың қазіргі жағдайына талдау..........15
III бөлім. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСІПОРЫНДАРДЫ ДАМЫТУ БОЛАШАҒЫ
3.1. Мемлекеттік кәсіпкерлік және макроэкономикалық реттеудің бағдарламасы.....................................................................................................21
3.2. Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу болашағы мен
кейбір мәселелері...............................................................................................22
3.3. Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындарды дамыту мүмкіндіктері мен болашағы.....................................................................................................24
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................31
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
I бөлім. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ КӘСІПОРЫННЫҢ ҰЙЫМДЫҚ НЫСАНДАРЫ
1.1. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдық түрлерінің артықшылығы
мен олқылығы......................
1.2. Кәсіпкерлік қызметті белгісіне, нысаны мен түріне қарай классификациялау..............
II бөлім. ӨТПЕЛІ ЭКОНОМИКА КЕЗЕҢІНДЕГІ КӘСІПКЕРЛІК
2.1. Шағын кәісіпкерліктің ролі мен алатын орны..........................
2.2. Орта және ірі бизнестің кәсіпкерлік қызметі және оның көздері....14
2.3. Қазақстандағы кәсіпорындардың қазіргі жағдайына талдау..........15
III бөлім. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСІПОРЫНДАРДЫ ДАМЫТУ БОЛАШАҒЫ
3.1. Мемлекеттік кәсіпкерлік және макроэкономикалық реттеудің бағдарламасы..................
3.2. Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу болашағы мен
кейбір мәселелері....................
3.3. Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындарды дамыту мүмкіндіктері мен болашағы......................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғаннан бері, міне, 19 жыл өтті. Осы жылдар ішінде экономикамыз әлемдік нарықта жоғарғы деңгейге көтеріліп, Қазақстан әлемнің бүкіл ұлы державаларына нарықтық экономикалы ел ретінде танылды. Нарықтық экономиканың негізі жеке меншік Институты екені белгілі. Сондықтан нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезеңінен бастап Үкіметтің де, зерттеушілердің де назарында жеке меншіктің, соның ішінде шағын және орта бизнестің қалыптасуы мен даму мәселелері болды.
Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған реформалар, басты мақсаты азаматтардың жоғарғы өмір стандарттары мен еркін дамуын қамтамасыз ету болып табылатын, әлеуметтік негіздегі экономиканы қалыптастыруға бағытталған. Бұл жағдай елдің негізгі Заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Осы мақсатқа қол жеткізуге айтарлықтай үлес қосатын маңызды факторлардың бірі шағын кәсіпкерліктің дамуы екені анық.
Нарықтық экономика жағдайында Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің қызмет ету процесінің күрделілігі, оның ғылыми негіздерін, бағытталу беталыстарын, қазіргі жағдайына бөлшектік талдау жасау, даму формаларын анықтау қажеттілігі, даму барысында туындайтын мәселелерді шешудің жоғарғы тәжірибелік маңызы зерттеудің өзектілігін айқындап, тақырыпты таңдаудағы негіз болды.
Зерттеудің мақсаты республикамыздағы шағын және орта бизнестің дамуындағы қалыптасуы мен даму жүйесін теориялық және тәжірибелік негіздеу мен еліміздің стратегиялық даму бағыттарының бірі – индустриалды-инновациялық Бағдарламаны жүзеге асыру механизмі жөнінде ұсыныстар жасау болып табылады.
Қурстық жұмыстың мақсаты келесі міндеттерді шешумен нақтыланады:
Осы курстық жұмыста мен кәсіпкер дегеніміз кім деген сұраққа толық жауап беруге, кәсіпкерліктің қанша түсінігі және түрлері бар екендігіне және оның республикамызда қалай орын алғандығы туралы баршамызды толғандырып жүрген сұрақтарға жауап беруге тырыстым. Кәспкерлік түсінігін ең алғаш француз экономисі Ричард Кантильон енгізді. Қазақстан Республикасындағы заң жүзінде белгіленген кәсіпкерліктің түрлері, елімізге кәсіпкерлік қалай сіңді, оның артықшылықтары мен кемшіліктері, тигізген басты пайдалары – осының бәрі қарастырылды.
Мемлекетімізде шағын және орта бизнесті дамыту үшін Үкімет қолдау шараларын жүзеге асыруда. Бұл, әсіресе, қабылданған Заңдардан және индустриалды-инновациялық Бағдарламалардан өзінің айқын көрінісін табады. Және де олардың іс жүзінде қалай асатындығын зерттеп, баға бердім. Сондай-ақ басқа елдердің тәжірибелерінен кішігірім мысал ретінде келтірдім, олардың және біздің мемлекетіміздің тәжірибелерінің арасындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктерін қарастырып, олдардан біз неге үйренуіміз керек деген сұраққа жауап беруге тырыстым.
Кәсіпкерліктің дамуы экономикалық өсуге, ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге, нарықтың жергілікті сапалы өндіріс тауарларымен толығуына, сонымен қатар, жаңа жұмыс орындарын құруға әсер етеді. Бұл өз кезегінде көптеген экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешеді.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері нарықтық экономикаға бейімделе бастады. Дамығыан елдердің тәжірбиесіне қарап, көптеген реформалар жүргізді. Біріншіден, қайта құрылымды реттейтін қажетті заңдар қабылданды. Одан кейін жекешелендіру процесі жүрді. Соның нәтижесінде бүгін өндіріс өнімдерінің 85 пайызын жеке сектор құрайды. Жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 25 пайыз. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында бес мемлекеттік бағдарлама қабылданып жүзеге асып жатыр. Жыл сайын кәсіпкерлердің жиыны шағын және орта бизнесті дамытуды көздейді.
Қазақстандықтардың бастамашылығына кең өріс ашу үшін жағдай жасалуда, кәсіпкерлер ендігі жерде осы мүмкіндіктерді пайдалана алатындарына сенімім мол!
I бөлім. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ КӘСІПОРЫННЫҢ ҰЙЫМДЫҚ НЫСАНДАРЫ
1.1. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдық түрлерінің артықшылығы
мен олқылығы
Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры – Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950ж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі бар еді: «Кәсіпкер болу – басқаның істегенің істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832ж) былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі.
Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды.
Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Ал кәсіпкерлік (предпринимательство) – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер ол - өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.
Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген ұғым бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз – адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан келе бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабельділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабіліттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көз қараспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес – бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік – бұл да адмның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.
Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Шаруашылық серіктестігі жайлы» және «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Жарлығына сай кәсіпкерлік қызмет шаруашылық серіктестігінің түріне қарай жеке және ұйымдық болуы мүмкін:
- жай, ол бірлескен қызмет шартына негізделеді;
- толық, барлық мүлікке ынтымақтастық жауапкершілік жүктеледі;
- жауапкершілігі шектелген, салынған салым құны шеңберінің
жауапкершілігі жүктеледі;
- коммандитті, аралас жауапкершілік (біреудің толық мүлкімен және біреудің салынған салымымен);
- қосымша жауапкершілікпен, өзінің салымдарымен және оған жататын мүлікпен қосымша жауапкершілік мойнына алынады;
- өндіріс және тұтыну кооперативтері;
- консорциумдар;
- акционерлік қоғамдар.
Мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар. Біріншісі, шаруашылықты жүргізу құқығына негізделсе, екіншісі – оперативті басқару құқығына негізделген. Шын мәнінде, мұнда шаруашылық есептің екі түрі қолданылады: таза мемлекеттік – толық шаруашылық есеп, қазыналық – толық емес шаруашылық есеп.
Кәсіпорын (фирма) кәсіпкерлік қызмет өндірістік звеносының негізі болып табылады. Осы жерден бастап және ары қарай «кәсіпорын» мен «фирма» ұғымдарын баламалап қараймыз. Рас, олардың бір-бірінен өзара айырмашылығы бар: «фирма» термині жиынтық ұғым, оған бір немесе бірнеше кәсіпорын мен өндіріс енуі мүмкін. Әдетте, кәсіпорынға бір жақты, бір өнімді өндіретін процесті жатқызамыз. Қазіргі жаңа жағдайда нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын өзінің өндірістік қызметінде толық өз бетінше еркіндігін алуда: ол барлық халық шаруашылығы кешенінен техникалық, ұйымдық, экономикалық және құқықтық тұрғыдан дараланған.
Кәсіпорынның ұйымдық түрлері алдыменен меншік түрімен айқындалмақ. Олар мынандай түрде болуы мүмкін:
- азаматтар меншігіне негізделген жеке кәсіпорындар;
- ұжым меншігіне негізделген кәсіпорындар (1-кесте).
Кесте – 1.
Кәсіпкерліктің түрлері | Артықшылығы | Олқылығы |
Бір тұлғалы жекелеген кәсіпорындар | Ұйымдастырудағы қарапайымдылығы; қызмет жасаудың толық еркіндігі; нарықтық саладағы мінез-құлқының икемділігі; қызметінің құпиялығын сақтау мүмкіндігі; барлық табыс табудағы максимальды мүдделігі | Капиталды көптеп тартудағы қиындықтары; болған зардаптарға жауапкершіліктің шексіздігі; барлық ұйымдық және басқарушылық іс-әрекеттің біріктірулігі қажеттілігі. |
Серіктестіктер | Басқару бойынша міндеттерді бөлу; қаржы тартудағы үлкен мүмкіндіктер; еркін және оперативтік іс-әрекеттің әріптестермен келісу кезіндегі шектеулілігі. | Әріптестердің өзара өнімсіздігінің ықтималдылығы; сенімсіздік арқасындағы әлеуметтік-психологиялық комфортсыздық; Әріптестердің өзара келіспеушілігінің арқасындағы бұл түрдің тұрақсыздығы. |
Акционерлік қоғамдар | Қосымша капиталды тезірек және кеңірек тарту мүмкіндігі; корпорация қызметі әртүрлі сала шеңберіндегі капитал қозғалысының еркіндігі; акционерлердің шектеулі жауапкершілігі. | Басқарудың тым күрделілігі және оның оперативтілігінің төменділігі; акционерлердің басқаруға қатысуы мен бақылау деңгейінің жоғары еместігі; кәсіби құпияның ашылу мүмкіндігі. |
Ұжымдық кәсіпорындар кооперативтік немесе акционерлік түрде болуы
мүмкін. Кооперативтік кәсіпорын ақшаға емес, жеке тұлғаның пайлық негіздегі мүліктік жарнасына және олардың біріккен еңбек қызметтеріне негізделеді:
- акционерлік қоғам түрінің негізіндегі кәсіпорын, акционр меншігінің негізінде қызмет жасайды;
- мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін құрылады;
- құрылтайшылар мүлігінің 0осылуы негізінде біріккен кәсіпорындар құрылады, яғни оған шет ел заңды тұлғасы мен азаматтарына енеді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексімен, «Шаруашылық
қызметінің еркіндігі және кәсіпкерлікті дамыту туралы» республика заңдарына кәсіпорын кез келген меншік түрлерінде және оның өзі құрған бірлестіктерде болу мүмкіндігі айқындалған.
1.2. Кәсіпкерлік қызметті белгісіне, нысаны мен түріне қарай классификациялау
Қазіргі кезде нарықтық экономикасы дамыған елдерде бірнеше миллиондаған әр түрлі фирмалар қызмет атқаруда. Осы қаптаған көптүрлі белгісі бойынша классификациялау қажет (2-кесте).
Кесте – 2.
Ұйымдық-құқықтық нысаны бойынша | Шаруашылық сипатына қарай | Салалық қызметіне қарай | Меншік нысаны бойынша |
Картелдер, Синдикаттар (консорциумдар), Трестер, Концерндер, Концерн-конгломераттар, Холдинг-компаниялар, Акционерлік қоғамдар (корпорациялар), Кооперативтер, Серіктестіктер. | Өндірістік, Саудалық, Делдалдық, Банктік, Сақтандырушылық Инвестициялық, Инновациялық, Инжирингтік, Венчурлік (тәуекелділік), Консалтингтік, Аудиторлық, Трастолық. | Өнеркәсіп, Ауыл шаруашылығы, Сауда, Байланыс, Көлік Қаржы, Несиелік, Мәдениет, Өнер, Білім, Ғылым, Денсаулық сақтау, Тұрғын үй шаруашылығы. | Мемлекеттік, Қазыналық, Ұжымдық, Жалгерлік, Кооперативтік, Акционерлік, Жекелеген, Аралас (біріккен), Мемлекеттік кооператив- тікпен бірге, Ұжымдық жекемен бірге, Мемлекет аралық (біріккен кәсіпорын) |