Кәсіпкерлік қызмет

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 19:40, курсовая работа

Описание работы

Қурстық жұмыстың мақсаты келесі міндеттерді шешумен нақтыланады:
кәсіпкерлік түсінігі және оның түрлерін қарастыру;
Қазастандағы шағын және орта бизнестің қалыптасуы мен бүгінгі таңдағы жағдайын, даму ерекшеліктерін зерттеу және дамудағы жаңа беталыстарды анықтау;
шағын және орта бизнесті мемлекет тарапынан қолдаудың кешенді шараларын зерттеу.

Содержание

КІРІСПЕ.............................................................................................................3
I бөлім. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ КӘСІПОРЫННЫҢ ҰЙЫМДЫҚ НЫСАНДАРЫ
1.1. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдық түрлерінің артықшылығы
мен олқылығы....................................................................................................5
1.2. Кәсіпкерлік қызметті белгісіне, нысаны мен түріне қарай классификациялау...................................................................................8
II бөлім. ӨТПЕЛІ ЭКОНОМИКА КЕЗЕҢІНДЕГІ КӘСІПКЕРЛІК
2.1. Шағын кәісіпкерліктің ролі мен алатын орны...................................9
2.2. Орта және ірі бизнестің кәсіпкерлік қызметі және оның көздері....14
2.3. Қазақстандағы кәсіпорындардың қазіргі жағдайына талдау..........15
III бөлім. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСІПОРЫНДАРДЫ ДАМЫТУ БОЛАШАҒЫ
3.1. Мемлекеттік кәсіпкерлік және макроэкономикалық реттеудің бағдарламасы.....................................................................................................21
3.2. Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу болашағы мен
кейбір мәселелері...............................................................................................22
3.3. Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындарды дамыту мүмкіндіктері мен болашағы.....................................................................................................24
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................31

Работа содержит 1 файл

КСПКЕР~1.DOC

— 219.00 Кб (Скачать)

туралы» 1997 жылдың 6 наурызындағы  қаулысының үлкен ролі бар.

      Құжат өзінің мазмұны бойынша өтпелі экономика жағдайында шағын кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы болып табылады.

      2001ж басында Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің  348 мың субъектілері тіркелді, бұл елдің жұмыпен қамтылғандардың жалпы санын  500мыңға дейін, оларда жұмыс істеушілер  40%-на жеткізу міндеті қойылды.

 

 

 

 

 

 

2.2. Орта және ірі бизнестің кәсіпкерлік қызметі және оның көздері

 

        Өтпелі экономикада шағын және ірі кәсіпкерліктің дамуы көп деңгейде мемлекет меншігін жекешелендірумен байланысты, себебі жоспарлы

экономикада барлық орта және ірі кәсіпорындар мемлекет меншігінде болды және тек жекешелендіру оларды дербес және тәуелсәз етеді. Өтпелі экономикада орта және ірі кәсіпкерліктің жұмыс істеуі ең қиын және ең өткір мәселе болып қалады, себебі оның өркен жаюы қоғамдық сананың  стериотиптерін жоюмен тікелей байланысты. Барлық мемлекеттік кәсіпорындар 1985ж толық шаруашылық есепте болжы, яғни өзін-өзі басқару мен өзін-өзі қаржыландыруда, бірақ, тек жоспардың орындалуы үшін күресті, өнімді өткізу мен өзінің сатып алушысын  табу мәселелері берілген кәсіпорындар қамқорлығына кірмеді.

        Осындай құнды бағдарлар бірнеше ұрпақтар өмірлері бойына қалыптасқан бір сағатта өзгере алған жоқ және нарықтық сипаттағы түсінік пен құндылықтар қалыптаса алған жоқ.

        Кәсіпкерлік психологиясы тек бір уақытта нарық қатынастарының құрылуымен қалыптасады.  ТМД және шығыс Европаның көптеген орта және ірі кәсіпорындары жылжу үшін  үлкен кедергі тез өсудегі төлем төлеу алмаушылық пен зор ішкі қарыз болды.

        Жоспарлы жүйенің тездетіле алынуы мен мемлекеттік және нарықтық басқарудың жаңа құрылымдарының пайда болуы, олардың компетенциялары, құқықтары, міндеттері мен статусы қандай екеніне дұрыс анықтамалар енгізбеді. Пайда болған басқару дағдарысы бұрынғы мемлекеттік кәсіпорындардың өзін-өзі басқаруға және өзін-өзі дамытуға қабілетті және қабілетсіз деп бөлді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3. Қазақстандағы кәсіпорындардың қазіргі жағдайына талдау

 

        Қазақстан Республикасының территориясында қызмет ететін кәсіпорындардың дамуы мен қазіргі жағдайына талдау жүргізейік.

        Экономикадағы қиындылық жағдайларына қарамастан еліміздің территориясында қызмет ететін біріккен және шетел кәсіпорындарының саны жылдан-жылға өсуде. 2010 жылдың 1 қарашасында тіркелген кәсіпорындардың саны 288857 болды, соның ішінде қызметкерлерінің саны 50ден кем 278003 бірлік. Қызмет істеп жатқан заңды тұлғалардың саны 189861 бірлік, соның ішінде шағын кәсіпорындардың саны 174998 бірлік.

        Бұл көрсеткіштер Қазақстан Республикасында кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін жағымды жағдайлардың жасалғанын байқатады.

Қазақстан Республикасы территориясында қызмет ету түрлері бойынша кәсіпорындардың тіркелген санын 3-кестеден көруге болады.

 

 

 

 

 

Кесте – 3: Қызмет ету түрлері бойынша кәсіпорындардың тіркелген саны

 

 

Барлығы

Соның ішінде

Заңды тұлғалар

Жеке кәсіпкерлік

Шаруа қожалығы

Қазақстан Республикасы

1084170

213454

676 736

193 980

Ақмола

47097

6314

35 997

4 786

Ақтөбе

41534

8494

28 343

4 697

Алматы

113389

9418

51 778

52 193

Атырау

38886

6012

30 815

2 059

Батыс Қазақстан

35104

4238

26 386

4 480

Жамбыл

49965

5533

28 173

16 259

Қарағанды

69764

13401

49 588

6 775

Қостанай

56260

7395

42 778

6 087

Қызылорда

28508

3867

21 952

2 689

Маңғыстау

44620

6533

36 892

1 195

Оңтүстік Қазақстан

164068

18383

76 664

69 021

Павлодар

37486

9073

24 756

3 657

Солтүстік Қазақстан

30455

4578

22 264

3 613

Шығыс Қазақстан

94990

12006

66 597

16 387

Астана

73299

24335

48 948

16

Алматы  

158745

73874

84 805

66

 

        Шетел мамандарының бағасы бойынша Қазақстан Республикасында инвестициялау үшін неғұрлым жағымды аудандар болып Алматы Астана қаласы, сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары саналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет – 1: Кәсіпорындардың формалары

 

          Кәсіпорындардың қызметі мен құрылуын экономикалық қамтамасыз ету үшін бірінші кезекте кәсіпорындарды қаржыландыру сұрақтарына тоқталамыз. Оған жататындар: қаржыландыру көздерін құру, жарғылық капиталдағы қатысушылар салымының арақатнасы, салық алу мәселелері және кәсіпорындардың тиімді қызмет ету көрсеткіштерінің есептері. Кәсіпорындарды қаржыландыру көздері болып жарғылық қорға салынған ақша салымдары, амортизациялық аударымдар, кәсіпорынның резервтік және басқа да қорлары, несиелер саналады.

         Кәсіпорындардың капиталдық салымын қаржыландыру көздері мен құрылымына талдауды келесі сызбадан көруге болады (1-сурет).

        Негізгі және айнымалы капитал құны бойынша жарғылық қорды құрайды. Жарғылық қорға ақшалай салымдар келесідей түрде салынуы мүмкін: үйлердің, ғимараттардың, жабдықтардың басқа да материалдық бағалардың құны, жерді, суды және басқа да табиғи ресурстарды, үйлерді, ғимараттарды, жабдықтарды, сонымен қатар басқа да мүліктік құқықтарды пайдалану құқы.

        Кәсіпорынға қатысушылардың ақшалай қаражаттары. Кәсіпорын құрушылардың арасындағы келісім бойынша жарғылық қорға олардың салымының бағасы ұлттық және шетелдік валютада жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет – 2: Кәсіпорындардың капиталдық салымын қаржыландыру көздері мен құрылымы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III бөлім.       ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСІПОРЫНДАРДЫ ДАМЫТУ БОЛАШАҒЫ

 

3.1. Мемлекеттік кәсіпкерлік және макроэкономикалық реттеудің бағдарламасы

 

       Қоғамдық санада кәсіпкер – бүл тек адам, индивидум деген пікір берік орнаған. Нарық қатынастарының құрылу және даму практикасы мемлекеттік қоғамдық мүдделер үшін белсенді кәсіпкерлік қызметпен айналыса алатынын көрсетті. Мемлекет қызметтің кәсіпкерлік саласына ерте қосылады, соғұрлым өтпелі экономиканың ұзақтығы қысқа, мемлекеттік кәсіпкерлік қызметтің әріден ойластырылған дағдарысқа қарсы және инфляцияға қарсы бағдарына бола нарық экономикасы тиімді дамиды, соғұрлым мемлекетте халықаралық инвестициялық ахуал өте жақсы,соғұрлым әлемдік экономикада осы мемлекеттің мәртебесі биік болады.

       Өтпелі экономика жағдайында мемлекеттік кәсіпкердік ерекше сипатқа, ерекше мәнге  ие болады. Мемлекет нарықтық жүйе жолында заңды тұлға ретінде жаңа функцияны – кәсіпкерлік қабілетті игенру қажет.

       Қазақстан Республикасында 2001 жылдың басында мемлекеттік кәсіпорындардың үлесі олардың жалпы санының 23,5% құрады.

       Нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекет меншігі үлесі көп емес, бірақ, нақ осы ұлттық экономиканың дамуы үшін қажет қызметтер мен тауарлар шығарушы өздерінің меншікті кәсіпорындарының болуына және бір уақытта мемлекет бюджетін толтыру үшін қажет ақшалай қаражат табуына мүмкіндік береді.

       Келтірілген кәсіпорындар Қазақстан Республикасында коммерциялық және коммерциялық емес бастаулардың қосылуында жұмыс істейді.

      Мемлекет кәсіпорындарды олардың дербестігінің сипатына байланысты үш топқа бөледі:

1). Бюджеттік (ведомстволық);

2). Қоғамдық (корпорациялар);

3). Аралас акционерлік қоғамдар (холдингтер).

      Қазақстан Республикасында мемлекеттік кәсіпорынға мына кәсіпорындар жатады:

1). Мемлекттік, шаруашылық жүргізуге құқығы бар, толық шаруашылық есепке негізделген (қорғаныс зауыттары, дәрі-дәрмек дайындау және т.б.)

2). Қазыналық, жедел басқаруға құқығы бар, толық емес шаруашылық есепке негізделген (байланыс, телекоммуникация, геодезиялық жұмыстар өндірісі және т.б.).

      Бірақ мемлекеттің кәсіпкерлік қызметі аталған кәсіпорындармен жұмысын шектемейді. Мемлекеттік кәсіпкерлік қызмет ұлттық экономиканың барлық және мемлекеттің экономикалық әуелетінің дамуына әсер ететін, мемлекеттік бюджетті айтарлықтай толықтыруға, өтпелі экономиканың тұрақсыздығын тұрақтандыруға жол ашатын қызметтің сыртқы экономикалық саласына таралады.

     Оған 90-шы жылдардың ортасындағы Қазақстан Республикасы

мемлекетінің кәсіпкерлік қызметі мысал бола алады: Қазақстанның кен

өндіру, отын-энергетика және металлургия кешендерінің аса ірі өнеркәсіп өндірістерін төлем төлей алмаушылықтан қорғай алып, дәл уақытында шетел капиталын тарта білді.

     Қазақстан мемлекетінің кәсіпкерлік қызметінің келесі мысалы 1996 жылдың басында  Қазақстан территориясы арқылы өтетін Еуроазия темір жолы бойынша транзиттік, жүк және контейнерлік тасымалға қатысты Еуропа мен Азияның жеті мемлекеттерінің арасында құжаттарға қол қойылуы бойынша оның инициативасынан көрінді.

     Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің жүктері келісімдерге сәйкес Батыс Еуропа елдеріне тасымалданады, ал осы елдерден Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне белгілі ақыда тасымалданады.

      Қазақстан территориясы арқылы төрт трансконтиненталды темір жол магистральдары өтеді: Трансазия (Қытай – Қазақстан – Түркия), Еуроазия (Қытай – Қазақстан – Ресей – Еуропа), Орта Азия және Ақтау теңіз порты арқылы Батыс магистралы. Еуропа – Скандинавия – Иран (Парсы шығанағы) арасында жүктердің тасымалдау уақытын қысқартуды қамтамасыз ететін «Солтүстік – Оңтүстік» жоба қаралуда.

      Осы аталған магистральдарды жандандыруға және қайта жаңартуға, барлық магистральдар бойынша қосымша жұмыс орындарын құруға, осы магистральдар жоғары табыспен қамтамасыз етуге жол ашады. Мемлекеттік кәсіпкерлік өтпелі экономикада макроэкономикалық процесстерді реттеумен тығыз бірлікте болады.

      Нарықтық экономикада макроэкономикалық процесстерді реттеу тікелей және жанама әдістер көмегімен жүргізіледі.

      Өтпелі экономикада мемлекеттік реттеудің объектілері ең алдымен экономиканы тұрақтандыру саясаты немесе циклге қарсы саясат, ақша айналымына, инфляцияға, мемлекеттік бюджет балансын бақылау, халықты жұмыспен қамту саясаты, монополияға қарсы саясат, яғни нарықтық бәсеке жағдайына бақылау, халықты әлеуметтік қорғау саясаты болып табылады.

      Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, тікелей әдістер кіші мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттерді шешу үшін мемлекеттік экономикалық бағдарламаларды жасау мен іске асыру арқылы жүзеге асыралады.

      Осындай бағдарламалардың мысалы соғыстан кейінгі Оңтүстік Корея экономикасын қалпына келтіру бойынша төтенше бағдарламалары, ал Жапонияда «Автомобиль жолдарының құрылысы бойынша төтенше шаралар туралы» заң қабылдануы болады. Жапонияда мемлеттің оннан астам институттары нарықтың даму бағдарламаларын және жоспарларын құрады. Қазіргі жағдайда мемлекеттің кез келген реттеу шаралар негізінде ақша айналымы болады. Өтпелі экономика үшін ақша айналымы мемлекет бақылауынан шықпауы тиіс. Бұл мемлекеттің макроэкономикалық деңгейіндегі ең маңызды реттеу функциясы. Осы жағдай «экономикалық құдіретті» тудырған Жапония, Оңтүстік Корея, Тайвань елдерінде жиналған

Информация о работе Кәсіпкерлік қызмет