КР банк жуйеси

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 19:11, курсовая работа

Описание работы

Банк дегеніміз - ақша қаражаттарымен қорларды жинақтау, несие беру, салымдар қабылдау, ақшалай есеп айырысу, ақшаның белгілі бір түрін - айналысқа жіберу, бағалы қағаздарды шығару және олармен операция жасау сияқты тағы басқа қызмет атқаратын экономикалық арнаулы институттар. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің тұрақтылығы, көбінесе, банк жүйесінің тұрақтылығымен байланысты болып келеді.

Работа содержит 1 файл

bank_kurs_9.doc

— 139.50 Кб (Скачать)

Банктің күйреуінен кейінгі халықта банктерге деген теріс көзқарас пайда болды. Ел салым салудан, сол арқылы пайда табудан бас тарту үстінде болды, Одан гөрі АҚШ долларына айналдырып, аз пұлын өз қолында ұстағанды жөн көрген.

Кейінгі мәлімет бойынша еліміздегі банктер саны 47-ге жетті. 1995 жылмен салыстырғанда күрт азайды. Еліміздегі банктер санының азаюы, банктер жүйесіндегі жоғарыдағы сөз болған кемшіліктер ғана емес. Бұл бір жағынан Үкімет пен Ұлттық банктің банк жүйесін реформалау мен және оның саласы мен тұрақтылығын арттыру бағытында жүргізіп отырған пәрменді саясатының қорытындысы да. Кейбір банктер өздерінің капитал қорларын белгіленген мөлшерде жеткізе алмағандары былай тұрсын, өз капитал деңгейін кері кетіріп, теріс мөлшерге жеткізді, яғни банк міндеттемелерінің сомасы оның активтерінің сомасынан асып кетті. Сөйтіп уақытында есеп айырысу, өтем төлеу қабілетінен мүлдем айырылып қалды да, банкротқа ұшырай бастады. Осындай келеңсіздіктерге жол бермеу және банк жүйесін сауықтыруды одан әрі жүзеге асыру мақсатында Ұлттық банк пруденциялық нормативтерді қолданып, олардың көрсеткіштерінің орындалуына қатаң бақылау орнатты. Бұл шара аз уақыттың ішінде өзінің тиімділігін толық дәлелдеді.

Үкіметпен Ұлттық банктің бұрынғы "Әлембанк" пен "Тұранбанкті" дағдарыстан шығару жөнінде жасаған әрекеті осының мысалы.

Ұлттық банк аталған банктердің акцияларын олардың ықтиярынсыз номиналды құнынан төмен бағаға сатып алып, оларды тез арада жаңа инвесторға - қаржы министрлігіне сатты. Осылайша екі банктің бірігуінен "Тұран-әлем" банкі құрылды.

2.2 Банк  жүйесін жетілдіру жолдары

 

Мемлекеттік аймақтық саясат 1997 жылы реформалардың бірте-бірте  аймақтық деңгейге көшуін ескеріп атқарылатын болғандықтан, біртұтас банк жүйесі кезеңінен-ақ кең тараған мемлекеттік банктердің бөлімшелері мәселесі өте маңызды бола түспек. Банк бөлімшелері жөніндегі салмақты, сындарлы саясат кем дегенде түрлі аймақтық болашағынан хабардар болуға мүмкіндік береді.

Банк бөлімшелерін дамытудың алғышарттары:

1. Банк өз  операцияларын жүргізуде, түрлі салаларда жұмыс істеуге, клиенттердің көп түрлі болуына ұмтылады.

2. бөлімшелер  жүйесі банктерге экономикалық  тұрғыдан қаржы ресурстарын тепе-тең бөлуге, ақшаның дұрыс айналымда болуы қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қаржы көп шоғырланған аудандардағы басы артық ақшаларды тез арада қаржы аз аудандарға таратуға жол ашады.

3. Жергілікті  жерлерде бөлімшелері бар ірі  шаруашылық ұйымдары құрылды. Ал оларға сол жергілікті жерде несие берген оңтайлы.

Жаңа бөлімшелер ашу мәселесіне келсек, ол мынадай жерлерде ашылғаны жөн:

- Тек банк  бөлімшесі мекемесінің арқасында  ғана айналымға түсіруге жергілікті  қаражаттың болуы;

- Жергілікті деңгейдегі ірі 10-15-тен кем  емес клиенттің болуы.

    Ұлттық банк жүйесінде жетекші рольге ие болуға ұмтылған банк   үшін ең тиімді стратегия өзінің базалық аймағында бөлімшелер  жүйесін кеңейту, сондай-ақ республиканың негізгі банк    орталықтарындағы   бөлімшелер санын көбейту болып табылады.

Қазақстанда банк жүйесінде қызмет ететін мамандардың  интелектуалдық потенциалы қазіргі нарықтық қатынасқа дейінгі деңгейде қалған жалпы тұрғындардың негізгі бөлігінің дәл сондай потенциалынан жоғары. Сондықтан банктер өз дамуының жолында клиенттерді өтіп жатқан процестердің аясына тартып, олардың бойына жаңа мәдениетті сіңіреді.

Қазіргі уақытта  халықтың бірқатар бөлігінің жинаған  қаражатын, қарапайымдап айтсақ, тапқан таянғанын қорландыруға өз еңбегі арқылы өзін кәрілік кезеңде сақтандыруға мүмкіндігі жоқ.

Банктің ақша жөне несие саясаты қайта қаралып, түзетулер енгізілді.

Аз уақыттың ішінде банк қымбат металдармен операция жасауға рұқсат алып, мемлекеттік құнды қағаздарды сатуда және орналастыруда Үкіметтің ресми түріндегі де қызметті көрсете бастады. Сөз болып отырған екі банкке байланысты жағдай банк жүйесін дағдарысқа ұшыратпай, істің алдын-алуға әбден болатындығын көрсетеді және банктерді сауықтыру мәселесіне жете мән берудің қажет екендігін тағы да ескертеді.

Банктердің  қызметін шектеу мен оларды жабу Ұлттық банк тарапынан өте сирек кездесетін оқиғаға айналуы тиіс. Осыған байланысты Ұлттық банк құрамында арнайы  басқарма құрылып, дағдарысқа ұшыраған банктерді сауықтыру мен тікелей айналысқаны жөн секілді. Нақты банкте қалыптасқан жағдайға байланысты сауықтырудың белгілі бір түрін таңдап алып қолдануға болады. Атап айтқандай дағдарысқа түскен банктерді бір-бірімен қосып біріктіру, жаңа инвесторға сату, төлем қабілетін көтеру мақсатында несие беру, қайта капиталдандаруға арналған арнайы қаржы бөлу және күшті банктерге қосу т.б.

Елімізде қалыптасқан  экономикалық ахуалға байланысты банктерге инвестицияны қаржыландырумен шұғылдану тиімді болмай отыр да, керісінше, қысқа мерзімді несие беру олар үшін жоғары пайда табудың көзіне айналды.

Мамандармен сарапшылардың  болжамы бойынша, қалыптасқан жағдай әлі біраз уақыт сақталатын сияқты. Өйткені инфляция деңгейі әлі де жоғары болып осыған орай банктің проценттік ставкасы да жоғары қалпында қалуда.

Кейінгі кезде  еліміздің банк жүйесі тек үлкен-үлкен  қуатты санаулы банктерден құралуы керек деген пікір жиі айтылып жүр. Тіпті біздің республика үш-төрт банк жеткілікті деңгейлерде де кездеседі. Мәселе еліміздің банктердің санына байланысты еместігінде, олардың сапасы мен тұрақтылығында екендігін ашық айту керек. Дамыған елдердің тәжірибесіне сүйенсек, оларда 4000-5000 тұрғынға бір банктен келеді екен.

Әрине, жарғылық капиталы жоғары ірі банктердің басқа  банктерге қарағанда тұрақты болуы заңды құбылыс. Әлбетте, бүл банктерде айналымдағы зор кооперативтік клиенттер қызмет алуды көздейді.

Бұл да орынды. Шағын және орташа банктерге, шағын және орташа бизнес өкілдерімен жұмыс жасау қолайлы болып келеді.

Қорыта келгенде елімізде ірі банктермен бірге орташа және шағын банктердің қалыптасып, қызмет жасауы және оларды барынша  қолдау. Өмір талабынан туындап отырған  қажеттілік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қорытып айта кететін жайт, қазіргі банк жүйесін дамыту алдағы тұрған мәселелердің бірі. Дамыған елдердің тәжірибесіне сүйенсек, әр 4000-5000 адамға бір банктен келеді екен. Сондықтан банк жүйесінің елде дамып өркендеуі, жаңа сипатқа, формаға ие болуы мүмкін, ал жойылуы мүмкін емес.

Жалпы экономикалық жағдайда банктер санының 1998 жылы азаюы көрініс алып отыр. Банкаралық бәсекелестің күннен күнге шиеленісе түсуі салдарынан банктердің санының азаюы тенденциясы ары қарай жалғасады деп ойлаймын.Оған қоса дүниежүзілік стандартқа көшу мақсатында банктер өз қаражаттары шамасын 1 млрд. теңгеге жеткізу үшін өзара қосылып үлкеюі процесін іске асыруға мәжбүр болады. Бүл процесс банктердің іріленуіне алып келеді, кішігірім банктердің саны азайып, қаржылық нарық ірі банктердің қызмет атқаруымен байланысты дамып отырады. Банктердің өзара қосылуы клиенттік базаның шоғырлануына, осыған сәйкес ақшалай массасының бірнеше банктер арасында өзара сенімнің өсуіне және де сәйкесінше банкаралық нарықтың ары қарай дамуына алып келеді.

Сонымен қатар банктердің дүниежүзілік нарыққа қатысуы республикамыздың банктік жүйесінің даму қарқынының өсу мүмкіндігі көрініп отыр. Осыған сәйкес банктік жүйенің дамуымен байланысты құнды қағаздар нарығының дамуы, қаржылық нарығы дұрыс және сапалы даму жолына түседі деп ойлаймын. Қазіргі кезде банк жүйесі санының көбеюіне, сапасының жақсаруына қатаң талаппен қарауда.

Бүгінгі таңда  республикада 39 банк бар. Банктердің меншікті капиталы 135 млрд. теңге болды. Бұл екінші деңгейіндегі банктердің халықаралық стандарттарға көшіру бағдарламасында көзделінген мақсаттардың дұрыстығын айғақтайды. Өйткені мәселе банктердің санында ғана емес, сапасында. Неге десеңіз, банктердің қоғам алдындағы жауапкершілігі өте жоғары. Банк ойдағыдай жұмыс істеп тұрса, біздің нормативтерімізбен талаптарымызды орындап жатса, оларды жауып керегі не? Бірақ мына қағиданы естен шығармау керек, банк жақсы капиталданған, техникамен жақсы жарақтанған, білікті мамандары болған жағдайда ғана толыққанды банк бола алады, ол сонда ғана қатаң бәсекеге төтеп бере алады, одан әрі дами алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

1. АНБ: Оқулық. Жалпы редакциясын басқарған F.C. Сейтқасымов. - Алматы: Экономика, 2001

2. Саниев М С АНБ. Оқу құралы. - Алматы: Экономика және статистика институты. 2001

3. Банки и банковские дело. Под ред. И.Т.Балабанова, - СПб: "Питер", 2001

4. Банки    и    банковское    дело.  Под ред.  О.И. Колесникова, Л.П Кроливецкой. 2-е изд. – М.  Финансы и статистика, 1996

5. Көшенова Б.А. Ақша, Несие, Банктер. Валюта қатынастары. Оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2000

6. Ежемесячный финансовый журнал "Банки" №1 №10.

 




Информация о работе КР банк жуйеси