Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 19:11, курсовая работа
Банк дегеніміз - ақша қаражаттарымен қорларды жинақтау, несие беру, салымдар қабылдау, ақшалай есеп айырысу, ақшаның белгілі бір түрін - айналысқа жіберу, бағалы қағаздарды шығару және олармен операция жасау сияқты тағы басқа қызмет атқаратын экономикалық арнаулы институттар. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің тұрақтылығы, көбінесе, банк жүйесінің тұрақтылығымен байланысты болып келеді.
- Сенімгерлік операциялар: сенімгердің талабымен ақшаға билік жасау;
- Клирингілік есеп айырысу операциялары: жинау, салыстыру, сұрыптау, төлемдерді қуаттау, өзара талаптарды есепке алу және клирингіге қатынасушылардың таза жайғасымын анықтау;
- Сейфтік операциялар: клиенттердің құнды қағаздарын, құжаттарын, басқа да құндылықтарын сақтау, сейфтерді, шкафтарды және үй-жайларды жалға беру;
- Ломбардтық
операциялар: жылдам өтімді құн
- Баска елдердің валюталарына ақша айырбастау бекеттерін
ұйымдастыру
Банктер аталған операцияларды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің рұқсат қағазы негіздемесінде жүргізеді. Жоғарыда аталған операциялардан басқа, екінші дәрежелі банктер, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің арнаулы рұқсат қағазы бойынша төмендегі операцияларды жүргізе алады:
- депозиттік сертификаттар шығару;
- кепілдеме операциялары: кепілгерлік беру, үшінші тұлғалардың атынан, ақшалай нысанда орындалатын кепілдіктер мен міндеттемелер беру;
- мүліктерді жалдауға беру. Бұл жағдайда жалдауға берушінің, жалдауға берген мүлкіне меншіктік құқы, шартта көрсетілген мерзім біткенше сақталады.
- Өзінің меншікті құнды қағазын шығару.
- Факторингілік операциялар: тауарды (жұмысты, қызметті) сатып алушыдан, төленбей қалу қаупін өзіне қабылдап, төлем талаптарын сатып алу;
- Форфейтінгілік операциялар: тауарды (жұмысты, қызметті) сатып алушыдан қарыздық міндеттемелерін сатып алу. Әдетте, банк операциясын жүргізгенде, ақшалай қаражаттың қозғалысы туады. Мысалы, несие операцияларының нәтижесінде, несиегердің несиеге алған сомасы оның есеп шотына түседі. Бұл жағдайда несие алумен қатар есеп айырысу операңиясы да жүргізіледі - сатып алушы, несиенің жәрдемімен өзінің тауар жөнелтушісі мен жөнелтілген тауар үшін есеп айырысады. Ақшалай қаражат бір субъектілерден екінші субъектіге ауысады.
Кассада қолма-қол ақшамен операция жүргізгенде нақты ақша, банкінің кассасынан шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасына ауысады және керісінше, шаруашылықтың кассасынан банктің кассасына түседі, Ақша аудару операциясында да ақшалай қаражаттың қозғалысы туып, ол аударушыдан аларманға ауысады.
Мұндай ақшалай қаражаттың қозғалысы, мысалы, сейфтік операцияларды жүргізгенде, болмаса, банктің аппаратының күшімен банкноттарды, монеттерді кассаға жинағанда, оларды тасымалдағанда, немесе айырбастағанда тумайды. Бұндай жағдайларда ақшалай қаражаттың көлемі азаймайды да, көбеймейді де, түпкілікті де немесе уақытша да оларға меншіктік өзгермейді. Осының негізінде банктік -операцияларды, олардың қызметтерінен өзгеше деп түсіну керек және оларды бөлек қарау керек. Бірақ қазіргі жағдайда банктердің өз -жұмыстарын коммерциялық жолға көшіргенде, барлық операциялары да қызметтері де төлемді болғандықтан, бұл екі ұғымды бір-бірінен ажырату оңай емес. Дегенмен де, теориялық еңбектерде бұларды бөліп қарау керек.
Банктің операцияларын жүргізгенде, немесе, банк қызметтерін көрсеткенде туатын банктер арасындағы, немесе банк пен оның клиенттерінің арасындағы қарым-қатынастың бәрі, екі жақтық шарттасу негізінде реттелінеді.
Ұлттық банк банктердің қызметін мынадай жолдармен реттейді:
- Екінші дәрежелі банктерге пруденциялық нормативтер басқа да міндетті түрде орындалуға тиісті мөлшерліктер мен шектемелер, оның ішінде резервтік талаптарды, күмәнді және үмітсіз қарыздарға қарсы қоятын, мәжбүрлі шығындарды бекіту;
- Екінші дәрежелі банктер үшін, міндетті түрде орындалуға тиісті нормативтік, құқықтық актілер шығару;
- Екінші дәрежелі банктердің жұмысын инспекциялау және оның нәтижесінде, банктің қаржы жағдайын сауықтандыруға бағытталған ұсыныстар енгізу, немесе ықпалын тигізетін шаралар қолдану, ең ақыры, лицензиясын алып қоюға дейін;
Нарықтық экономика жағдайында екінші дәрежелі банктердің барлық операцияларын үш негізгі топқа бөлуге болады:
- Пассивтік операциялар (қаржы жұмылдыру);
- Активтік операциялар (қаржыны орналастыру);
- Активтік-пассивтік операциялар (делдалдық және басқа да қызметтер).
Соңғы жылдары Қазақстанның банк жүйесі айтарлықтай өзгерді олар ең алдымен банк ісінде нарықтық қатынастарға көшумен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, банктер мен ұйымдар үшін жаңа міндеттерді айқындаумен байланысты болды. Экономикадағы жаңа мақсаттар мен міндеттер ескеріле отырып, отандық банк жүйесінің тұжырымдамасы қайта қаралды. Оны іске асыру еліміздегі банк секторының тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік береді.
Қазақстанның банк жүйесі өзінің шамалы ғана уақытты қамтитын тарихында өте серпінді дамыды және оның қалыптасу процесін мынадай кезеңдерге бөлуге болады.
Дамудың бірінші кезеңі (1998-1992) мемлекеттік салалық мамандандырылған банктер құру, КСРО мемлекеттік банкінің республикалық бөлімшелеріне егемен мемлекеттердің орталық банктері функциясын беру, алғашқы коммерциялық банктердің құрылуы.
Бұл кезеңде Қазақстанның банк секторы бұрынғы КСРО шеңберіндегі мамандандырылған банктер жүйесіне кіретін 5 мемлекеттік мамандандырылған банктен тұрды. Олар: Өнеркәсіпқұрылыс банкі (кейін - Тұранбанк), Казвнешэкономбанк - (Әлембанк Қазақстан), Жилсоцбанк (Кредсоцбанк), Агропромбанк Қазақстан жинақ банкі (Қазақстан Халық жинақ банкі).
Мұндай мамандандырылған банктер құрудағы мақсат оларды шаруашылықтармен салаларға мейлінше жақындату болады. Бұл несие есеп айырысу қызметі салалардың қызмет ерекшеліктерін, оларға кіретін кәсіпорындармен ұйымдар жұмысының өзіндік сипатын ескеру үшін қажет еді. Осыған байланысты банктерді қайта құрумен одан ары даму процесі мынадай екі міндетті көздеді.
- Банктерді мемлекеттен акционерлік етіп қайта құру;
- Банк қызметін Әмбебап ету;
1992 жылдан 1993 жылдың
қарашасына дейін созылған
Дамудың екінші кезеңі (1993-1995 жж). 1993 жылының қараша айында рубль аймағынан шығу және Ұлттық валютамыз - теңгені еңгізу туралы шешім қабылдағаннан кейін Қазақстанның Ұлттық Банкі тәуелсіз мемлекеттің орталық банкіне тән барлық міндеттерді өзіне түпкілікті алуда.
1993-1994 жылдары ұсақ және орташа коммерциялық банктердің едәуір өскені (200-ден астам) байқалды, бірақ олардың біразы қаржылық жағынан тұрақсыз болды. Банктер санының экстенсивті өсуі нәтижесінде Қазақстан Ұлттық Банкі алдында банктік қадағалауды күшейту және банктердің халықаралық стандарттарға көшу қажеттілігі өткір тұрды.
Дамудың үшінші кезеңі (1995 жылдан қазіргі кезеңге дейін) 1995 аяғында банкті қадағалау жүйесін қайта жасау басталып, ол банктік қадағалаудың біртұтас органы - банктік қадағалау департаментін құрумен аяқталды. 1996 ж желтоқсанда Ұлттық Банк банктердің халықаралық стандарттарға көшуі тәртібі туралы ережені бекітті. Ол еліміздегі барлық банктердің капиталдың жеткіліктілігі, активтердің сапасы, менеджмент, бухгалтерлік есеп, ақпараттарды енгізу және беру тұрғысында халықаралық банк ісі тәжірибесінде қабылданған стандарттарға көшуін көздейді.
2002 жылдың 7 тамызында ҚР-ң Президентінің басқаруымен болған Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында ҚРҰБ-ң 2002 жылдың 1-ші жарты жылдығындағы қорытындысы қарастырылды.
Кеңесте қаржылық сектордың дамуының позитивті динамикасы жалғасуы және келесідей жағдайлар ескерілді. Қазақстанның Қаржы секторы қолайлы экономика жардайында дамыды. Жалпы 2,5 жылда Қазақстан экономикасы 30% -ке өсті. Ол 1992 ж деңгейге жетті деуге болады.
Халықтың банк жүйесіне деген сенімі артуда. 2002 жылдың маусым айының аяғында халық депозиттері 1.42 млрд долларға жетті. Ол соңғы 2,5 жылмен салыстырғанда 4 есеге көбейді.
Біртіндеп долларизация деңгейі төмендеуде — резиденттердің депозиттерінің жалпы көлеміндегі шетел валютасындағы депозиттің үлес салмағы 64%-тен 61.2%-ке дейін төмендеді. Банктердің экономиканы несиелеу көлемі, мерзімі біршама көбейді. ҚРҰБ-нің қайта қаржыландыру - ставкасы (9%-тен 8%), овернайт қарыз ставкасын (12%-тен 9%) төмендетуі Ұлттық валютада, сондай-ақ шетел валютасында берілген заңды тұлғалардың несиелерінің сыйақы мөлшерлемесіне төмен әсер етті.
Алтын валюта активі және ақша агрегаты. 2002 ж маусымында таза халықаралық резервтер 1.6%-ке яғни 2873.1 млн долларға өсті. Таза валюталы активі 17.5 млн долларға төмендеді. Нәтижесінде алтынға деген әлемдік баға төмендеді).
Банктік сектор соңғы жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің банк секторының активтері саласының жақсаруына, оның капитализациялануын банк қолданатын тәуекелдің адекватты деңгейіне көтеруге, банктердің салалы қызмет көрсетуіне, сонымен бірге банк жүйесіне деген сенімді арттыруға көп көңіл бөлді Банктердің активтер сапасын жақсарту мақсатында 2,5 жыл бойы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі провизия кезінде банк активтерін және шартты міндеттемелерін жіктеуге талаптар жетіле түскен. Жекелей алғанда оффшорлы зона аймақтарында орналасқан банк активтері үмітсіз ретінде жіктелінеді. Сонымен бірге, 2001 ж мен 2002 жылдар аралығында банк активтерінің құрылымындағы күмәнді және үмітсіз активтер үлесі 24.3%-ке және 33%, 20.8% және 2.1 %-ке төмендеді.
Қаржылық жағдайы тұрақсыз немесе төлем қабілеті төмен банктерге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі оларды ерікті түрде қайта құру және мәжбүрлі түрде қысқарту жұмыстарын жүргізді. 2002 жылдың 1-ші жартысында 2-ші деңгейлі банктер саны 44-тен 39-ға қысқарды. Соңғы 2.5 жыл ішінде банктің меншікті капиталы да, банк активі де біршама өсті. Ол елдің тұрақты экономикалық дамуында банк ролінің маңыздылығын көрсетеді. Меншікті капиталының өсуі банк жүйесінің жиынтық активінің өсуімен, банктің субординирленген міндеттерінің өсуімен, банктің меншік және жарғылық капиталының минималды мөлшеріне талаптың көбеюімен байланысты. 2002 жылдың 1-ші жартысында 2 деңгейлі банктердің жиынтық меншік капиталы 11.8%-ке өсті, яғни 136.5 млрд теңге құрады, ал активтері 14,5%-ке өсті, яғни 934.7 млрд теңге құрады.
Осы кезеңде банк жүйесіндегі резиденттердің депозиттерінің жалпы көлемі 8.1%-ке өсті (соңғы 2.5 жылда 2.8 есе) және 2002 жылы 1 маусымында 480.8 млрд. теңге құрады. Валюталық эквивалент-3.1 млрд доллардан астам. 2002 жылдың 1-ші жарты жылындағы экономикадағы банктің несиенің жалпы көлемі 12.7% өсті (соңғы 2.5 жылда-3.7 есе) яғни 552.1 млрд теңге (валюталық эквивалент 3.6 млрд доллардан астам). Оң тенденциялар банктің несиелік портфелінің құрылымында байқалуда. Онда жылдам өсу сипаты қысқа мерзімді несиелерге қарағанда, ұзақ және орта несиелерге берілген. 2002 жылдың 1-ші жартысында орта және ұзақ мерзімді несие 22,1% -303,7 млрд. теңге, қысқа мерзімді несие - 3,0%-248,4 млрд. теңгеге өсті. Нәтижесінде орта және ұзақ мерзімді несиенің үлес салмағы 55,0%-ке дейін өсті. Валюта түрлері бойынша несие құрылымындағы оң өзгерістер болды. Ұлттық валютадағы несиенің өсy темпі, шетел валютасындағы несиенің өсу темпінен біршама жоғары болды. Егер 2002 жылдың 1-ші жартысында шетел валютасындағы несие 5,2%-360,8 млрд теңгеге көбейсе, теңгелік несие 31,2%-ке өсіп 185,3 млрд теңгені құрады. Осылайша, Ұлттық валютадағы несиенің үлес салмағы 28,8%-тен 33,6%-ке өсті.
Еліміздің саяси тәуелділікті тоқсаныншы жылдардың басында алғанымен, экономикалық тәуелсіздік айналымға Ұлттық валютамыз теңге кіргеннен кейін ғана келгені белгілі. Төл ақшамызды айналымға шығару Ұттық банк жүйесін, несие және ақша, қаржы жүйесін қайта құрудың іргетасы болды десек ешбір қателеспейміз. Екіншіден тағы бір қиындық банк жүйесін қайта құру елімізде жүзеге асырыла бастаған басқа да реформалармен және нарыққа өту кезеңіндегі экономикадағы толып жатқан қайшылықпен тұспа тұс.
Банк жүйесін реформалау кезінде жіберген кейбір қателіктерді де айтпай кетуге болмайды. Жаңадан ашылып, іске кіріскен банктерге деген талап қатаң түрде болмады және олардың әрі қарай дамуына бірдей жағдай жасалмады. Мұндай ахуал банктер арасында мүмкіндіктеріне қарай жүргізілетін бәсекелестің азаюына әкеліп соқтырады. Кейбір банктердің заңда көрсетілмеген қызметтермен шұғылданып әр түрлі объектілерді басқару мен ұйымдастыру мәселесімен айналысып кеткендігі тағы бар. Осы айтылған субъективтік себептердің салдарынан реформа сапасы біршама төмен дегені де рас.
Өткен жылдардың тәжірибесіне назар аударсақ, елімізде 1990-1994 жылдар аралығында; жүздеген коммерциялық банктер, инвестициялық және тағы басқа қорлар, биржалар мен мемлекеттік емес сақтандыру мекемелері көптеп пайда бола бастағаны белгілі. Бұл жағдайда олардың атына, затына сай байланысты шықты. Кейін олар банк жүйесінің жөнді қалыптасуына ақша және несие саясатын жүргізуге әсерін тигізді, тіпті зиянға да қалдырды.
1995 жылдың басындағы мәліметке жүгінсек, елімізде 200-ден астам коммерциялық банктер жұмыс істеген екен де, олардың басым көпшілігі жағдайында қызмет атқарған. Нәтижесінде белгілі бір уақыттан кейі көптеген банктердің төлем өтеу және мерзімінде есеп айырысу мүмкіндіктерінің күрт төмендеп кетуі жаппай сипат ала бастады. Бір сөзбен айтқанда салымшылар мен клиенттердің өз ақшаларын дер кезінде қайтарып алулары неғайбыл түрде қалып, оларға тікелей қауіп төнді. Мұның басты себебі, жоғарыда айтылғандай, банктерді ашу кезінде берілетін лицензия шартының шамадан тыс жеңіл болғанында.
Уақыт өте келе Ұлттық банк жеткілікті қор мөлшерін жинап толықтыра алмаған кейбір банктердің қызметіне шектеу қойып, ал кейбіреудің бас лицензиясын қайтарып алуға тура келді. Мұның өзі банктердің өздеріне қабылдаған міндеттемелерін жеке тұлғалармен, заңды тұлғалардан қабылданып салымдармен олар бойынша проценттік төлемді қайтара алмаған жағдайда ғана қолданатын ақырғы шаралардың бірі екендігі белгілі. Осындай қолайсыз жағдайды басынан өткізді.