Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 19:11, курсовая работа
Банк дегеніміз - ақша қаражаттарымен қорларды жинақтау, несие беру, салымдар қабылдау, ақшалай есеп айырысу, ақшаның белгілі бір түрін - айналысқа жіберу, бағалы қағаздарды шығару және олармен операция жасау сияқты тағы басқа қызмет атқаратын экономикалық арнаулы институттар. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің тұрақтылығы, көбінесе, банк жүйесінің тұрақтылығымен байланысты болып келеді.
МАЗМҰНЫ
Банк дегеніміз - ақша қаражаттарымен қорларды жинақтау, несие беру, салымдар қабылдау, ақшалай есеп айырысу, ақшаның белгілі бір түрін - айналысқа жіберу, бағалы қағаздарды шығару және олармен операция жасау сияқты тағы басқа қызмет атқаратын экономикалық арнаулы институттар. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің тұрақтылығы, көбінесе, банк жүйесінің тұрақтылығымен байланысты болып келеді. Клиенттермен банк әріптестеріндегі қаржылық қиыншылықтар, төлемеулер дағдарысы көптеген банктердің сенімділігін қауіп алдына қойды, ал оған төтеп бере алмаған банктерді банкротқа ұшыратты. Бұған тағы бір себеп Ұлттық Банктің жүргізіп отырған пәрменді саясаты. Экономиканың банктік секторының қалыптасуы және дамуы кезеңінде қаржылық несиелік инструменттердің кешенін орынды қолдануынан банктердің өміршеңдігі, ақша нарығындағы операциялардан пайда табу мүмкіндігі немесе керісінше капиталды жоғалту және банкроттық тәуекеліне тікелей байланысты.
Ақша несие саясатының тиімділігі және тұрақты экономикалық өсу, экономиканың қаржы саясатының жай күйімен байланысты. Ал банк секторының маңызды құрамдас бөлігі болып саналатын банк жүйесі өз дамуында айтарлықтай ілгеріледі. Республиканың банк жүйесі жылдан жылға тұрақты да сенімді болып түседі. Оның мұндай дәрежеге кетуіне, әрине елімізде банктерге және басқа да қаржы институттарына қатысты зандардың уақтылы қабылдануы, Ұлттық Банктің екінші деңгейдегі банктерге қойылатын талапты күшейтуі онды әсер етті. Сонымен бірге банктердің өздері де қалыптасқан экономикалық ахуалды жеке бағамен қаржы нарығындағы өзгерістерді жете аңғарып отыратындай жағдайға келді. Осының бәрі коммерциялық банктер арасындағы бәсекелестікті күшейтіп, олардың клиенттер тартуға, банктік қызмет аясын кеңейтуге деген ұмтылыстарына дем беруде.
Банктік жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.
Банктердің
және тауарлы-ақшалай қарым-қатынаст
Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын салааралық, ауданаралық үлестіру механизмін қамтамасыз ету арқылы маңызды халық шаруашылығы қызметін атқарады.
Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен міндеттемелерді жасады. Клиенттердің салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа міндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қойды.
Осы жаңа міндеттемелер мен талаптарды жасау үрдісі қаржылық делдалдықтың негізін құрайды. Несие беруші қарыз алушыға және соған қатысты қаржылық институттар қызметінің қозғалысы орын ауыстыруы, қаржылық ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдық деп аталады.
Әр түрлі көздерден ақша капиталын жинау арқылы банктер жалпы ақша қаражаттарының "тобын" құрайды және де оларды жұмыс істеп тұратын капиталға айналдырып, әр түрлі шарттардағы несиеге деген талаптарды қанағаттандыра алады.
Шаруашылық органдар мен тұрғындардың қаржылық-несиелік қызмет көрсетуін ұйымдастыру және несиелік жүйенің қызмет етуі шаруашылық құрылымдардың дамуында маңызды роль атқарады.
Банктік жүйенің мақсаты мен міндеттері негізінен экономиканы жалпы басқарудың мақсаттары және міндеттерімен бірдей, әйтсе де банктер басқарудың кішігірім жүйелері ретінде экономиканы басқарудың жалпы мақсатына жетуді қамтамасыз ететін, өзіне тән жеке міндеттерін орындайды. Экономиканы басқару органы ретінде банктің ролі оның өзінің қызметтерін орындау үрдісінде және банк ісін ұйымдастыруда жалпы принциптерді сақтауда көрініс табады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда банк жүйесі екі дәрежелі болып қалыптасты. Бұл барлық нарықтық экономикалы мемлекеттердің банк жүйелерінің құрамына сәйкес келеді. Басқа елдердегідей жоғарғы дәрежеде елдегі банк жүйесінің бас буыны Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі тұр. Басқа да экономикасы өскен елдердегідей, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің жұмысын реттейтін негізгі құқықтық құжат "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі туралы" Заң болып табылады. Анығырақ айтсақ, Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылы 30 наурызында шыққан №2155 заңдық күші бар, Жарлығы. Осы заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі, өз жұмысын, еліміздің конституциясын және басқа да заңдық құжаттарды және де Президент шығарған құжаттарды басшылыққа алып жүргізеді. Қазақстанның Ұлттық банкісі дербес балансы бар заңды тұлға. Ол тек Қазақстанның Президентіне бағынады. Осыған байланысты:
- Парламенттің келісуі мен Ұлттық банкінің төрағасын Президент тағайындайды және босатады;
- Ұлттық банктің төрағасының ұсынуы мен Ұлттық банктің төрағасының орынбасарларын Президент тағайындайды және босатады;
- Ұлттық банкісінің жылдық есебін Президент бекітеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі өзінің құзіретінің шегінде тиісті құқықтық, нормативтік құжаттар шығарады. Оларды барлық банктер және банктің, кейбір операциясын жүргізе алатын, бірақ "банк" деген мәртебесі жоқ, ұйымдар орындауға міндетті.
Ұлттық банк Қазақстан аумағында және оның сыртында өзінің бөлімдерін және өкілдіктерін ашуға құқықты. Оран өз жұмысында, тек пайда табу мақсатын басшылыққа алуға болмайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің басты мақсаты ішкі және сыртқы нарықтарда Ұлттық валютаның-теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету. Сонымен, оның алдында төмендегідей мақсаттар тұр:
- елдің экономикасының дамуына, оның дүниежүзілік экономика мен бірлесуіне мүмкіншілік туғызатын ақша айналымына, несиелеуге, есеп айырысуға, валюталық қарым-қатынастарға байланысты мемлекет саясатын дайындау және оны іске асыру;
- ақша, несие және банк жүйелерінің тұрақтылығына көмектесу;
- Банк жұмысын реттеуге және қадағалауға керекті нормативтік құқықтық құжаттар шығарып, қарызгерлердің және банктің барлық клиенттерінің мүддесін қорғау;
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісіне көптеген және әр түрлі атқарымдар жүктелген. Оның ішіндегі ең бастылары:
- мемлекеттің ақша-несие саясатын іске асыру және құнды қағаздар шығару жолы мен айналымдағы ақша жинағын реттеу;
Ол (Ұлттық банк) Қазақстан Республикасының аумағында ақша және монеттер шығаратын жалғыз мекеме;
- Үкіметпен келісе отырып оның қарызына қызмет көрсетуге қатысу;
- Қазақстан
Республикасының аумағында
- Мемлекеттік тіркеуден өтпей тұрғанда, банктердің құнды қағаздар шығару жобасын сараптау және олардың шығарылуы мен таратылуы жөніндегі есептерін бекіту;
- екінші дәрежелі банктердің жұмыстарын қадағалау және оларға пруденциалдық мөлшерліктер бекіту;
- елдегі экономикалық ахуалға байланысты, қайта қаржыландырудың мөлшерлемесін жоғарылатып, не төмендетіп республикадағы несие мөлшерлемесін реттеу;
- есеп айырысу
тәртіптерін және оның
- валюталық
операцияларды реттеу және
- қолма-қол ақша мен монеттерді есептеу, сақтау, тасымалдау және кассаға жинау;
- екінші дәрежелі банктердің кадрмен қамтамасыз етілуіне қатынасу;
- Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің жалғыз қазына шотына қызмет көрсету;
- елдің төлем балансын дайындау және жургізу т.б.
Халықаралық практикада Орталық банктер үлкейтілген түрде үш атқарым орындайды: реттеуші, бақылаушы және ақпаратты-зерттеуші. Осындай жағдайда Орталық банктің атқарымдары бірімен-бірі тоқайласып жатыр, бір атқарымнан екінші атқарым шығады.
Жоғарыда аталған Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің атқарымдары осы үш атқарымның нақтылауы болып табылады және халықаралық практикаға қайшы келмейді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі туралы Заң, басқа банктерге байланысты Заңдармен әрекеттес. Мысалы, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы" Заңда, екінші дәрежелі банктер және басқа да несие институттеріне арналған ережелермен қатар олардың Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің алдындағы құқықтары мен міндеттері анықталады.
Халықаралық практикада
Орталық банктерді жіктеудің
бір өлшемі, олардың ақша саясатын
жүргізудегі мемлекеттен
- Банктің капиталын құрауға және оның пайдасын бөлуге мемлекеттің қатынасы;
- Банктің басқарушылар құрамын тағайындау процесі;
- Елдің Заңдарында, Орталық банктің мақсаты мен міндеттерін қамту дәрежесі;
- Ақша-несие
саясатына араласуға
- Орталық
банктің мемлекет шығындарын
тікелей немесе жанама
- Орталық банктің мемлекет шығындарын тікелей немесе жанама қаржыландыру мүмкіншілігін реттейтін ережелер. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің жағдайын осы тұрғыдан алып талдасақ, оның тәуелсіздігінің дәрежесі нольге тең болып шығады. Өйткені, біріншіден, оның негізгі капиталы толығымен (100%) мемлекеттікі, екіншіден, жоғарыда айтылғандай, банктің басқарушылар құрамын толығымен елдің Президенті тағайындайды және босатады. Сонымен қатар, Ұлттық банктің басқарма мүшелігіне бір Президенттің өкілі, екі үкіметтің өкілі заңға сәйкес кіреді. Сөйтіп, 9 басқарма мүшелерінің 1/3 банктің аппаратынан тыс адамдар; Үшіншіден, жоғарыда айтылған Заңда Ұлттық банктің құқықтары мен міндеттері, атқарымдары, өкілеттігі мен құқықтары толығымен жете жазылған. Оның ішінде, Үкіметтің ақша-несие саясатына араласу құқығы да қаралған. Оның үстіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің өзінің табысын өз бетінше бөлуге құқығы жоқ. Аталмыш заңның ІІ-бабына сәйкес, оның табысының бір бөлігі Президент белгілеген шекте оның негізгі капиталын толықтыруға енді бір бөлігі оның резерв қорын толықтыруға, ал қалған бөлігі мемлекеттің бюджетіне бағытталынады.
Қазақстанда жұмыс істеп жүрген банктердің, Қазақстан Реепубликасының Ұлттық банкісінен басқасының бәрі, екінші дәрежелі банктер болып есептеледі. Олардың қызметтерінің заңды негізі, Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылы 31 тамызда шыққан №2443, заңдық күші бар "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы" жарлығы. Қазақстан Республикасында бұл банктер ашық және жабық акционерлік қоғам болып қалыптасты.
Қазақстандағы екінші дәрежелі банктер заңды тұлға болып табылады. Олардың бәрі, меншіктігіне қарамастан, коммерциялық жұмыспен шұғылданады. Сөйтіп олардың басты мақсаты - пайда табу.
Екінші дәрежелі банктерге, заңды түрде, басқа Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаржыларын жұмылдырып, оларды өз атынан, өз қаражатына, қайтарымдылық, мерзімділік және төлемділік жағдайларда орналастыру және де клиенттердің тапсыруы мен есеп айырысу, тағы басқа да операцияларды жүргізуге құқық берілген.
Сөйтіп, басқа елдердегідей, Қазақстанда да екінші дәрежелі банктер, бір жағынан шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың, уақытша бос қаржыларын жұмылдырып, оларға пайда табуға мүмкіншілік жасайды, екінші жағынан, жұмылдырылған қаржыны басқа шаруашылық жүргізуші субъектілер мен жеке тұлғаларға қосымша қаржыға қажеттігін жабуға береді. Сонымен қатар, банктер өз мүдделерін де ұмытпайды. Уақытша пайдалануға берілген қаржы үшін тиісті өсім алады. Объективтік процесс ретінде банктердің мұндай операцияларының экономикалық негізі болып, қарызға беретін құнды қалыптастыруға және пайдалануға әсер ететін, ақшалай қаржылардың қозғалысы болып табылады.
Екінші дәрежелі банктер, Қазақстан Республикасының аумағында және оның сыртында, өздерінің бөлімшелерін, еншілес банктерін ашуға құқықты. Бұл банктердің қызметтері Қазақстан Республикасының конституциясымен, басқа да заңдармен және де олардын негізінде, оларды орындау мақсатында» өзінің құзыретіне берілген мәселелер жөнінде шығаратын нормативтік, құқықтық актілермен реттелінеді. Банк қызметтерінің қатарына төмендегі операциялар кіреді:
- Заңды және жеке тұлғалардан депозиттер қабылдау,
- Банктерге және кейбір банктік операцияларды жүргізуге құқықты ұйымдарға корреспонденттік шот ашып, оларды жүргізу;
- Кассалық операциялар жүргізу: банкноттар мен монеттерді қабылдау, қайта санау, айырбастау, ауыстыру, сұрыптау, буу-түю, және сақтау;
- Ақша аудару: Заңды және жеке тұлғалардың қарыз міндеттемелерін және вексельдерін есептеу;
- Заңды және жеке тұлғалардың, оның, ішінде банктер-корреспонденттердің, талаптарымен олардың банктегі шоттары арқылы есеп айырысу: