Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 13:20, дипломная работа
Компьютер – бұл бір ғана аспап емес, сыртқы және ішкі, негізгі және қосымша түрлі құрылғылардың жиынтығы (1.2-сурет).
IBM PC негізгі құрылғыларына жүйелік қорап, монитор, пернетақта, тінтуір жатады.
Қосымша немесе шеткері құрылғыларды бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады:
- ақпаратты енгізу құрылғылары (мәтіналғы (сканер), дигитайзер, сандық фотокамера, сызбалық планшет);
- ақпаратты шығару құрылғылары (басып шығарғыш (принтер), плоттер);
Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғылар. Жүиелік тақша және шиналар.
Компьютер – бұл бір ғана аспап
емес, сыртқы және ішкі, негізгі және
қосымша түрлі құрылғылардың
жиынтығы (1.2-сурет).
IBM PC негізгі құрылғыларына жүйелік қорап,
монитор, пернетақта, тінтуір жатады.
Қосымша немесе шеткері құрылғыларды
бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады:
- ақпаратты енгізу құрылғылары (мәтіналғы
(сканер), дигитайзер, сандық фотокамера,
сызбалық планшет);
- ақпаратты шығару құрылғылары (басып
шығарғыш (принтер), плоттер);
- енгізу және шығару қызметтерін бірге
атқаратын құрылғылар (модем, дыбыстық
бейімдеуіш, желілік бейімдеуіш).
Жүйелік қорап компьютердің негізгі тораптарын
қамтиды1:
- жүйелік (аналық) тақша*;
- процессор*;
- оперативті жады*;
- тұрғылықты диск*;
- алмалы дискілермен жұмыс істеуге арналған
диск жетегі;
- CD және DVD диск жетектері;
- бейнесызбалық бейімдеуіш;
- дыбыстауыш (дыбыстық бейімдеуіш);
- желілік тақша;
- енгізу-шығару порттары (ажыратқыштар)*;
- қоректендіру блогы*.
Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық
мәлімет аналық немесе жүйелік тақша арқылы
өңделеді (1.4-сурет).
Аналық тақша – бұл компьютердің барлық
құрамдас бөліктері қосылатын күрделі
көп қабатты мөрлік тақша. Аналық тақша
мыс өткізгіш жолшықтар желісімен қапталған,
олардың бойымен мәліметтер тақшада құрастырылған
микро схемалар мен компьютердің басқа
құрылғылары қосылатын слоттарға жеткізіледі.
Әрбір құрылғы белгілі бір слотқа қосыла
алады.
Әдетте компьютер сипаттамасының басында,
орталық процессордың (central processing unit, CPU)
типі мен жиілігі, оперативті жады (random
access memory, RAM) сипаттамасы беріледі. Компьютердің
бұл құрамдас бөліктері – ең бастылары,
өйткені бұлар компьютер жұмысының шапшаңдығын
анықтайды. Компьютерге әлемдегі ең үлкен
тұрғылықты дискіні, ең күшті бейнелік
бейімдеуіш пен керемет дыбыстық жүйені
орнатуға болады, бірақ процессор баяу,
жады мардымсыз болса, осы байлықтың барлығы
түкке де жарамай қалады.
Процессор немесе микропроцессор компьютердегі
орталық мәліметтер өңдеу құрылғысы болып
табылады (1.5-сурет).Процессор микросхема
ретінде ұсынылған және оперативті жадымен
қатар аналық тақшада орналасады. Процессорлар
бағдарламалар жұмысына қажетті есептеулерді
орындайды. Процессор неғұрлым шапшаң
болса, компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы
соғұрлым жоғары болады.
Процессордың жылдамдығы мегагерцпен
(МГц) немесе гигагерцпен (ГГц) өлшенетін
оның ырғақтық жиілігімен анықталады.
Процессордың үстіне радиатор, радиаторға
процессорды салқындатуға арналған желдеткіш
(кулер) орнатылады.
Компьютердің оперативті жадысы (ОЗУ)
немесе Random Access Memory мәліметтерді қысқа
мерзімге сақтау үшін қызмет етеді (1.6-сурет).
Кез келген бағдарламаның, амалдық жүйенің
де, жұмыс істеуі үшін іске қосу кезінде
бағдарламаның бір бөлігін қотаруға оперативті
жадының біршама көлемі талап етіледі.
Бұл тұрғылықты дискіге қатынамастан
бағдарламаның маңызды
Оперативті жадының көлемі мегабайтпен
(Мб) өлшенеді. Қазіргі заманғы қосымша
бағдарламалардың көпшілігі жұмыс істеу
үшін 64 Мб оперативті жады көлемі қажет
және іске қосылған бағдарламаның әрбірі
жады талап етеді. Пәрмендерді пайдаланатын
бейнелік және дыбыстық үлкен бағдарламалар
(мысалы, компьютерлік ойындар) одан да
көбірек жады көлемін қажет етеді. Қазір
компьютерлерге ең аз дегенде 256 Мб оперативті
жады орнатылады.
Егер компьютерде орнатылған жадыдан
үлкен жадыны талап ететін бағдарламаны
іске қосатын болсақ, онда оның жұмыс істеу
жылдамдығы бірден құлдырайды, тіптен
компьютер мүлдем «тұрып қалады». Өнімділік
тұрғысынан, компьютерде неғұрлым үлкен
жады орнатылса, соғұрлым жақсы.
Оперативті жады ішкі жады болып саналады
да, сыртқы жадыға мысал бола алатын тұрғылықты
диск немесе ықшам дискіден ерекшеленеді.
Тіпті компьютер өшірілгеннен кейін де
ақпарат сыртқы жадыда сақталады.
Диск жетектері – бұл алуан түрлі тасымалдаушылардан
мәліметтерді шығарып оқуға және жазуға
арналған физикалық құрылғылар. Диск жетектері
ішкі (жүйелік қорапқа қоса салынған) немесе
сыртқы болады және кабель не өткізгішсіз
жалғастыру арқылы компьютерге қосылады.
Ішкі диск жетектерінің әрқайсысына екі
кабель жалғанады: мәліметтер кабелі (жалпақ
сұр түсті кабель немесе “желек” (шлейф)
және қоректену кабелі (жіңішкерек болады).
Мәліметтер кабелі диск жетегін аналық
тақшаға, қоректену кабелі – қоректену
қорабына қосады. Дәл осындай кабельдер
сыртқы диск жетектерінде де бар: мәліметтер
кабелі компьютер порттарының біріне,
қоректену кабелі – қорек көзіне қосылады.
Тұрғылықты диск (тұрғылықты диск жетегі)
немесе Hard disk Drive (HDD) – бұл компьютердегі
негізгі мәліметтер қоймасы (1.7-сурет).
Компьютерлердің көпшілігі құрамдас
тұрғылықты дискілермен жабдықталған.
Оларға қосымша бағдарламалар
Компьютерді сатып ала отырып, сіздер
тұрғылықты дискінің сыйымдылығы сипаттаманың
алғашқы жолдарында (оперативті жады
көлемі және процессордың жылдамдығымен
қатар) келтірілгенін көресіздер.
Тұрғылықты дискінің сыйымдылығы түрлі
компьютерлерде алуан түрлі болады да,
мегабайтпен және гигабайтпен өлшенеді.
Қазіргі заманғы тұрғылықты дискілердің
сыйымдылығы 80-500 Гбайт және одан да үлкен
болады.
Алмалы дискілерге арналған диск жетегі
3,5-дюймдік дискеттерді оқиды (1.8-сурет).
Бұл дискілер ауыстырылатын тасымалдаушылар
болып саналады, олардың сыйымдылығы
– 1,44 Мб. Оларға әдетте кейбір қосымша
бағдарламаларда (Word сияқты) әзірленетін
құжаттар немесе алмалы дискілерден
тікелей іске қосуға болатын онша
үлкен емес бағдарламалар жазылады.
Компьютерде алмалы дискілерге арналған
диск жетегіне «А» әрпі белгіленеді.
CD және DVD диск жетектері мәліметтерді
ықшам дискілерге жазуға («күйдіруге»)
және оқуға мүмкіндік береді (1.9-сурет).
CD және DVD дискілер – ауыспалы тасымалдаушылар.
CD дискіге 400 Мб, DVD дискіге 4,7 Гб ақпарат
сыяды.
Дискілер бір рет жазылатын (CD-R және DVD-R)
және қайталап жазылатын (CD-RW және DVD-R W)
болады.
Кез келген диск жетектері мәліметтерді
оқи алады, көбісі – жазуға да қабілетті,
бірақ мәліметтерді сақтауға және алмастыруға
арналған арнайы құрылғылар да бар. Әдетте
бұлар – сыртқы құрылғылар, оларға компьютердің
USB-портына тікелей қосылатын USB-диск немесе
флеш-карта жатады. Флеш-карталар өте ықшам,
қазіргі таңда оларға 128 Мбайттан 4 Гбайтқа
дейін ақпарат сыяды.
Компьютерді бейне және дыбыстық ақпаратпен
жұмыс істеуге қабілетті ететін, сондай-ақ
оны компьютерлер желісіне қосуға мүмкіндік
беретін бірнеше құрылғылар түрі бар.
Бұл құрылғылар құрамдас та, қосымша да
болады, қосымша болған жағдайда олар
кеңею слоттарына орнатылады.
Дыбыстық тақша (дыбыстауыш) компьютерге
жоғары сапалы дыбыс тудыруға және
оны компьютерге жазуға мүмкіндік
береді (1.10-сурет). Дыбыстық тақша ұсынатын
дыбыспен жұмыс істеудің кеңейтілген
мүмкіндіктері компьютерлік ойындарда
және басқа қазіргі заманғы
Бейнебейімдеуіш немесе бейнетақшаның (сызбалық бейімдеуіш) кескіндерді сақтау үшін ғана пайдаланылатын меншікті оперативті жадысы бар (1.11-сурет). «Тұрғылықты жері» бойынша бұл жады көбінесе бейнежады (videoRAM немесе VRAM) деп аталады. Бейнежады көлемі неғұрлым үлкен болса, компьютер кескіндер мен бейнероликтерді соғұрлым үлкен ажыратылымдықпен және түрлі түстермен бейнелейді.
Желілік тақша компьютерді компьютерлер желісіне қосуға мүмкіндік береді (1.12-сурет). Желілік тақшалардың бірнеше түрі бар: Ethernet, token ring және сымсыз желілерге қатынас құруға арналған тақшалар; ең танымалдары – Ethernet және сымсыз желілер.
Порттар – корпустың алдыңғы немесе артқы тақтасындағы ажыратқыштар, оларға әдетте кабель арқылы әр түрлі құрылғылар қосылады (1.13-сурет). Порттарға қосуға болатын құрылғылардың саны мен түрі компьютер порттарының саны мен түріне тәуелді болады.
Көптеген пернелердің бетінде
екі-төрт таңба бейнеленген. Пернені
қажетті нышанды енгізуге қолдану
үшін басқару пернелері
<CapsLock> бас әріптер режімін бекіту үшін
қолданылады (<Shift> пернесін пайдалану
қажет емес). <CapsLock> пернесін қайталап
басып, бас әріптер енгізу режімін болдырмай
тастауға болады.
<Enter> (енгізу) – мәтінмен жұмыс істеу
кезінде жолды енгізуді аяқтауға арналған,
нысандармен жұмыс істеу кезінде тінтуірдің
сол жақ батырмасын екі рет шерткенмен
бірдей қызмет атқарады.
<Esc> (болдырмау) – әрекетті немесе амалды
болдырмау, сұхбат терезесін немесе мәтінмәндік
терезені жабу үшін қолданылады.
Бос орын пернесі – пернетақтаның төменгі
жағындағы еш жазуы жоқ бұл перне сөздер
арасында бос орын қалдыру үшін қолданылады.
Түзету пернелері – <Backspace>, <Delete>,
<Insert>
<Backspace> – Enter пернесінің үстінде орналасқан
бағдаршалы перне. Ол жүгіргінің сол жағында
тұрған нышаны жояды.
<Delete> – жүгіргінің үстінде немесе
оның оң жағында тұрған нышаны жояды.
<Insert> – нышандарды енгізу режімдерін
ауыстыруға арналған («қою» және «алмастыру»
режімдері, үнсіз келісім бойынша «қою»
режімі жұмыс істейді).
Жүгіргіні басқару пернелері <←>, <→
>, <↓ >, <↑ > жүгіргіні бейне бет
бойымен өзіне сәйкес бағытта жылжытады.
Жүгіргіні басқару пернелеріне, сондай-ақ
<Home>, <End>,<Pg Up>, <Pg Dn> пернелері
де жатады.
<Home>, <End> – жүгіргіні мәтін жолының
басына (соңына) апарады.
<Pg Up>, <Pg Dn> – жүгіргіні мәтін бойымен
бір бейне бетке жоғары (төмен) жылжытады.
windows пернесі Бастау батырмасының Бас
мәзірін ашады. Басқару пернелері сияқты,
ол да басқа пернелермен бірге қолданыла
алады.
Мәтінмәндік мәзір бейнеленген перне
тінтуірдің оң жақ пернесінің қызметін
атқарады.
Жетелік пернелер – <F1> ... <F12> – алдын
ала белгіленген мәні жоқ пернелер. Олардың
мәнін бағдарламаларды әзірлеушілер өз
қалауынша анықтайды. Жетелік пернелер
міндетін нақты бағдарламамен танысу
кезінде оқып-қарастыру қажет. Әр уақытта
бір ғана міндет атқаратын перне – <F1>,
ол ақпараттық жүйені шақырады. windows-қа
лайықталған бағдарламаларды әзірлеушілер
үшін осы пернелерді пайдалану жөніндегі
нұсқаулықтар жасалған, сондықтан көптеген
бағдарламалардағы пернелердің міндеті
ұқсас болып келеді.
Сандық бөлік екі мақсатта қолданылады.
Пернетақтаның сандық бөлігінде <NumLock>
пернесі режімі қосылып тұрған кезде пернелер
сандық ақпарат пен арифметикалық амалдар
таңбаларын енгізуге арналады.
Пернетақтаның сандық бөлімінде <NumLock>
пернесі режімі қосылмаған кезде бұнда
жүгіргіні басқару пернелері қайталанады.
<CapsLock>, <ScrollLock>, <NumLock> пернелерінің
пернетақтаның оң жақ жоғарғы бұрышында
сәйкес режім қосылып тұрғанын көрсететін
көрсеткіштері бар.
Тінтуір – өзін тегіс бетте қозғалтқанда
бейне беттегі жүгіргіні (курсорды) жылжытатын
шағын манипулятор (1.15-сурет).
Тінтуір – компьютермен әдетте сым арқылы
жалғанатын және тұрпаты кәдімгі тышқанға
ұқсайтын, 2-3 батырмасы бар қорапша. Оны
басында қалжыңдап «mouse» – «тышқан» деп
атағанмен, кейіннен осы сөз ресми атауына
айналып кетті.
Тінтуірді үстел бетінде немесе басқа
да жазықтық бетінде қозғалтқан кезде
компьютер бейне бетінде тінтуір көрсеткіші
– жүгіргі сол ретпен қозғалады. Жүгіргі
орындалып отырған амалға қарай өз түрін
өзгерте алады. Қандай да бір әрекетті
орындау қажет болғанда пайдаланушы тінтуір
пернелерінің бірін басады.
Тінтуірдің сол жақ пернесін бір рет шерту
– нысандарды ерекшелеу үшін қолданылады.
Тінтуір жүгіргісін нысанның үстіне апарып,
бір рет шерту (басып, қайта жіберу) қажет.
Екі рет шерту – терезені, құжатты ашу
үшін немесе бағдарламаны іске қосу үшін
қолданылады және <Enter> пернесін басқанмен
бірдей қызмет атқарады. Жүгіргіні нысан
үстіне апарып, екі рет жылдам шерту қажет
(тінтуір орнынан қозғалмауы тиіс).
Сонымен қатар, тінтуірдің сол жақ пернесі
бейне беттегі нысандардың орнын ауыстыру
үшін қолданылады. Тінтуір көрсеткісін
нысанның үстіне апарып, пернені басып
ұстап тұрып, нысанды басқа жерге апарып,
содан кейін пернені жібере салу керек.
Тінтуірдің оң жақ пернесі мәтінмәндік
мәзірді шақыру үшін қолданылады (мәзірде
осы бағдарламада немесе бейне беттің
осы аумағында жұмыс істеу кезінде рұқсат
етілген әмірлер қамтылған), бұл көптеген
әмірлердің орындалуын жылдамдатады.
Тінтуір жүгіргісін нысанның үстіне апарып,
тінтуірдің оң жақ пернесін бір рет шерту
қажет.
Кей кездері тінтуір орнына текбол, сезімтал
тақта немесе трекпойнт қолданылады. Қызметі
жағынан бұл құрылғылардың бәрі тінтуірге
пара-пар.
1.7. Компьютерді қалай дұрыс қосу және өшіру қажет?
Компьютерді алғаш қосар алдында
желідегі кернеу компьютер талап
ететін кернеуге сәйкес келетін-келмейтінін
тексеріп алу қажет (көптеген компьютерлер
кіретін кернеудің түрлі
Электр қуаты тұрақсыз түрде берілген
жағдайда компьютермен бірге электр қуатының
жетіспеуінен қорғайтын құрылғылардың
бірін: желілік сүзгі, тұрақтандырғыш
немесе үздіксіз қорек көзі құрылғысын
(UPS) қолданған орынды.
Егер компьютер үздіксіз қорек көзі құрылғысы
(UPS) арқылы қосылған болса, онда оны компьютерге
кернеу жеткізу режіміне ауыстыру қажет.
Ал егер компьютер тұрақтандырғыш арқылы
қосылған болса, сол тұрақтандырғышты
қосу қажет.
Осыдан кейін
· компьютердің мониторын;
· өзіңіз жұмыс істегіңіз келетін шеткері
құрылғыларды (басып шығарғыш, сыртқы
модем, мәтіналғы және т.б.);
· жүйелік қорапты қосу керек.
Осыдан кейін компьютер бейне бетінде
компьютердің жабдықтарын тексеру және
амалдық жүйені бастапқы іске қосу бағдарламаларының
жұмысы барысы жөніндегі хабарламалар
пайда болады.
Windows XP амалдық жүйесінде жұмыс
істеген кезде компьютерді
· жұмыс істеп тұрған бағдарламаларды
аяқтау;
· Windows XP амалдық жүйесінде Бастау батырмасын
басқан кезде шығатын мәзірден Өшіру немесе
Компьютерді өшіру бұйрығын, ал пайда
болған сұратудан – Өшіру батырмасын
немесе Жұмысты аяқтау тармағын таңдау
(компьютер қорек көзінен амалдық жүйе
арқылы автоматты түрде ажыратылады, қоректендіру
батыр-масын басу қажет емес);
· басып шығарғышты және компьютерге қосылған
өзге де шеткері құрылғыларды (сыртқы
модем, мәтіналғы және т.б.) өшіру;
· компьютердің мониторын өшіру;
· егер компьютер үздіксіз қорек көзі
құрылғысы арқылы қосылған болса, ондағы
компьютерге қорек беру режімін өшіру
қажет. Ал егер компьютер кернеуді тұрақтандырғыш
арқылы қосылған болса, сол тұрақтандырғышты
өшіру қажет.
1.8. Қандай компьютер сатып алу қажет?
Компьютер сатып алмастан бұрын, мынаны
шешіп алыңыз: Сіз оны не үшін
пайдаланасыз? Түрлі бағдарламалар
компьютер сипаттамаларына
Мысалы, мәтіндік немесе сызбалық өңдегіштер,
электрондық кестелер және т.б. сияқты
кеңсе бағдарламалары жұмысы қор көздеріне
аса қатты талап қоймайды. Компьютерлердің
бұл категориясының құрылымы қарапайымдау,
сондықтан недәуір арзандау болады. Бұл
мақсаттарда қолдану үшін 1,8 GHz ырғақтық
жиілігі бар процессор, сыйымдылығы 80
Gb тұрғылықты диск, 256 Mb оперативті жады,
аналық тақшаға қоса орнатылған бейнелік
бейімдеуішті қамтитын жүйелік қорап
және диагоналы 17 дюйм монитор сатып алса
жеткілікті.
Ал егер Сіз тек құжаттарды әзірлеп, кестелермен
жұмыс істеп, көрмелерді әзірлеп қана
қоймай, кинофильмдер көріп, музыка тыңдап,
ойындар ойнағыңыз келсе, алдыңғы жинақталымға
бір саты жоғарырақ бейнетақша және дыбыстауыш
қосу қажет (қазіргі кезде олар аналық
тақшаға қоса орнатылады, сондықтан жеке-жеке
сатып алудың қажеті жоқ).
Егер Сізге Internet желісінде жұмыс істеуге
арналған компьютер қажет болса, аталған
құрылғыларға қоса, желілік тақша мен
модем алу керек.
Сипаттамасы бойынша үйдегі компьютерге
ұқсас ноутбуктар недәуір қымбатырақ
тұрады, өйткені оларда өте кішкентай
технологиялар, электр көзінен, яғни аккумулятордан
тәуелсіз жұмыс істеуге арналған қуатты
үнемдеу жүйелері пайдаланылады.
Қазіргі заманғы ойындар компьютердің
қор көздеріне өте қатаң талап қояды, сондықтан
ол талаптарға сай келетін компьютерлердің
құны қымбатқа түсіп отырады. Бұндай жинақталым
үшін әдетте ең қымбат бейнелік бейімдеуіштер,
қуатты көп ядролы процессорлар, өте шапшаң
оперативті жадының аса үлкен көлемі және
ауқымды диск кеңістігі қажет.
1.9. Өз бетіңізбен компьютер жинай алу
үшін
нені үйрену қажет?
Сіз компьютердің жұмыс істеуі үшін
қажетті құрылғылардың барлығын
алғаннан кейін оларды кабельдер
көмегімен мына ретпен жалғау керек:
1. Жүйелік қораптағы өзіне сәйкес порттарға
негізгі құрылғыларды: монитор, пернетақта,
тінтуірді жалғау.
2. Қажет болған жағдайда жүйелік қораптағы
өзіне сәйкес порттарға шеткері құрылғыларды:
басып шығарғыш, мәтіналғы, колонкаларды
және т. б. жалғау.
3. Қоректендіру сымдарын алдымен құрылғыларға,
содан кейін электр желісіне (ал егер Сіз
үздіксіз қоректендіру көзін қолдансаңыз,
соған) қосу.
4. Электр желісіне жүйелік қорапты қосу.
Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1. Компьютер деген не?
2. Компьютерлердің қандай түрлерін білесіздер?
3. Компьютер қалай жұмыс істейді?
4. Компьютер қандай салаларда қолданылады?
5. Қазіргі заманғы компьютерлер ақпараттың
қандай түрлерімен жұмыс істей алады?
6. Қандай компьютер мультимедиалық деп
аталады?
7. Компьютерлер әдетте қандай есептеу
жүйесінде жұмыс істейді?
8. Ақпараттың өлшем бірліктерін көрсетіңіз.
9. Ақпараттың ең үлкен және ең кіші бірлігін
атаңыз.
10. Компьютердің жұмыс істеуіне қажетті
ең аз деген құрылғылар жиынтығын көрсетіңіз.
11. Компьютерді қосу-өшіру ретін көрсетіңіз.
12. Жүйелік қорап қандай ішкі құрылғыларды
қамтиды?
13. Монитор не үшін қажет?
14. Шеткері құрылғыларды және олардың
не үшін қолданылатынын атап шығыңыз.
15. Кернеу азайған кезде және электр қуаты
өшіріліп тастағанда компьютерді қандай
құрылғы қорғайды?
16. Компьютерді сатып алу кезінде қандай
сипаттамаларды білу қажет?
17. Компьютерге күтім жасаудың негізгі
ережелерін атаңыз.
18. Ақпаратты тасымалдаушылардың негізгі
типтерін (ішкі және сыртқы) атаңыз.
19. Компьютерге ақпаратты енгізуге арналған
құрылғыны атаңыз.
20. Пернетақтаның негізгі бөліктерін және
пернелердің атқаратын міндеттерін атаңыз.
21. Тінтуірдің сол жақ және оң жақ пернелерінің
атқаратын қызметтерін сипаттаңыз.
22. Компьютерде жұмыс істеу ережелерін
атаңыз.
23. Ересек адамға компьютер алдында күніне
қанша уақыт жұмыс істеуге рұқсат етіледі?
24. Компьютерде жұмыс істеу кезінде қашан
үзіліс жасау қажет?
25. Көз бен монитор бейне беті арасындағы
қашықтық қандай болуы тиіс?
26. Компьютер алдында қалай дұрыс отыру
қажет?
27. Компьютермен жұмыс істеу кезінде жасауға
болатын көзді тынықтыруға және шаршағанды
басуға арналған қандай жаттығуларды
білесіз?
Аналық плата
Аналық плата – дербес компьютердің
ең маңызды құрылғыларының бірі. Аналық
платада процессор мен оперативті жадты
байланыстыратын ақпараттық кеңарна –
басқаша айтқанда «шина» орналасады. Шина
сонымен қатар компьютердің басқа да ішкі
құрылғыларын бір-бірімен байланыстырып
тұрады. Аналық платаның жұмысын микропроцессордың
микросхемалар жиынтығы – чипсет басқарып
отырады.
Чипсет
Чипсет - процессорды оперативті жадпен
және басқа да ішкі құрылғылар мен байланыстыра
отырып, оның жұмысын басқаратын аналық
тақшаның микросхемалар жиынтығы.
Бұрынғы компьютерлердің аналық тақшасында
200-ге жуық микросхемалар орналасатын.
Қазіргі компьютерлерде екі негізгі чипсет
микросхемасы орналасады:
• жад контроллері немесе Солтүстік көпір
(North Bridge), процессордың жадпен және бейненің
қосалқы жүйесімен жұмысын қамтамасыз
етеді.
• енгізу-шығару контроллері немесе Оңтүстік
көпір (South Bridge), сыртқы құрылғылармен жұмысты
қамтамасыз етеді.
Солтүстік және оңтүстік көпірлер екеуі
екі микросхемада орналасады. Аналық тақшаның
техникалық мүмкіндігі осы екі көпірге
байланысты болады. Екі көпірдің техникалық
сипаттамаларына қарап аналық тақшаға
қандай құрылғыларды қосып-қоспауға болатындығын
шешуге болады.
Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық
мәлімет аналық немесе жүйелік тақша арқылы
өңделеді. Аналық тақша - бұл компьютердің
барлық құрамдас бөліктері қосылатын
күрделі көп қабатты мөрлік тақша. Аналық
тақша мыс өткізгіш жолшықтар желісімін
қапталған, олардың бойымен мәліметтер
тақшада құрастырылған микро-схемалар
мен компьютердің басқа құрылғылары қосылатын
слоттарға
Информация о работе Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғылар. Жүиелік тақша және шиналар