Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 20:58, курсовая работа
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алып, нарықтық экономикаға жол ашты. Еркін экономика кезінде, алғашқы жылдары әлеуметтік – экономикалық нарықтық қатынастарда әр түрлі қиындықтарды, дағдарыс кезеңін бастан өткерді. Бұл дағдарыс өндірістің құлдырауы мен сауда – экономикалық қатынастардың жаппай бұзылуының, бағалардың қарқынды өсуі мен инфляцияның өршей түскінің салдары, мұның нәтижесінде инвестициялық белсенділік күрт төмендеді.
Кіріспе..........................................................................................................................3
І бөлім. Несиелендіру экономика салаларын қаржыландыру көзі ретінде.
1.1 Несиенің экономикалық мәні және ролі, қызметтері мен түрлері....................5
1.2 Несиелендіру экономика салаларын қаржыландыру көзіретінде.....................9
1.3 Экономика салаларын банктік несиелендіру мәселелерінің ғалымдардың еңбектерінде қарастырылуы.....................................................................................11
ІІ бөлім. «БТА Банк» АҚ-ның ұйымдық- экономикалық сипаттамасы
2.1 «БТА Банк» АҚ-ның құрылу тарихы.................................................................14
2.2 «БТА Банк» АҚ-ның ұйымдық сипаттамасы....................................................21
2.3 «БТА Банк» АҚ-ның экономикалық сипаттамсы.............................................25
ІІІ бөлім. «Kaspi Bank» АҚ – ның экономика салаларын несиелендіру механизмі және оны жетілдіру жолдары.
3.1 «Kaspi Bank» АҚ – ның экономика салаларына несие беру тәртібі.……… .31
3.2 «Kaspi Bank» АҚ – ның сауда саласын несиелендіру……………………......32
3.3 Өндіріс саласын несиелендіру............................................................................34
3.4 Қазақстандағы шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу: кедергілері және дамуы мен жетілдіру жолдары ......................................................................37
Қорытынды.................................................................................................................41
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................................42
1 шілде 2010 ж. Алматы қаласындағы Мамандандырылған қаржы соты БТА Банкінің қайта құрылымдау жоспарының бекітілуіне сәйкес анықтама шығарды. Біраз уақыт бұрын аталмыш Жоспарды 2010 жылдың 28 мамырында Алматы қаласында өткізілген Кредиторлардың Жиналысында БТА Банкінің байқауға қатысушы кредиторлары көпшілік дауыспен (92,03%) мақұлдаған және Қаржы қадағалау мен ұйымдастыру агенттігі 2010 жылдың №83-мен бекіткен болатын.
19 тамыз 2010 ж. БТА Банкі қайта құрылымдау үдерісін жүргізу аясында шығарылған бірінші 44 175 794 956 дана қарапайым акцияларын орналастыруды жүзеге асырды. Акциялар «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ иелігіне жататын жалпы 671 472 083 334 теңге сомасындағы Банктің екі облигациялық бағдарламасына жататын барлық шығарылған облигацияларды айырбастау негізінде шығарылған болатын. 19 тамыз 2010 ж. Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында тәуелсіз директор Ульфа Вакурка мырзаның және Директорлар кеңесінің мүшелері – Ерлан Тәтішев пен Қайрат Әйтекеновтың өкілеттіліктері берілген өтініштерінің негізінде мерзімінен бұрын тоқтатылды. Банк акционерлерінің жиналысында Кредиторлар кеңесінің жаңа құрамына: Кредиторлар комиетітінің өкілдері ретінде Шефбек Кристоф пен Пронк Лео Маартен, сондай-ақ тәуелсіз директор – Бәбенов Болат мырзалар мүше етіп сайланды. 1 қыркүйек 2010 ж. БТА Банкі кредиторлары алдындағы қаржылық міндеттемелерін 16,65 млрд. АҚШ долларына қайта құрылымдау үдерісін табысты аяқтады. Бұндай шешімді 2010 ж. 31 тамызында Алматы қ. Мамандандырылған қаржы сотымен шығарылған болатын. Кредиторларының алдындағы қаржылық міндеттемелерін қайта құрылымдауы аясында Банк бұрындары шығарылған облигацияларының және басқа міндеттерінің күшін жойып, кредиторларға 945 млн. АҚШ долларын төледі, сонымен қатар жаңадан борыштық бағалы қағаздарды – қалпына келтіруге арналған 5,2 млрд. АҚШ доллар сомасын құрайтын облигациялар, 2,3 млрд. АҚШ доллар сомасын құрайтын үлкен облигацияларды, 429 млн. АҚШ долларын құрайтын қашықтық (OID) бар арнайы борыштық жабдықтарды және 773 млн. АҚШ долларын құрайтын қаржыланған облигацияларды шығарды, сондай-ақ 698 млн. АҚШ долларын құрайтын сауданы қаржыландыру бойынша жаңартылатын кредит желісі бойынша Келісімді қорытындылады.
Қайта құрылымдау нәтижесінде Банктің қарыздық берешегінің көлемі 16,65-тен 4,2 млрд. АҚШ долларына дейін қысқарып, кредиторлар алдындағы берешекті өтеу мерзімі 8 жылдан 20 жылға дейін ұзартылды. Банк капиталының жарғысына 4,6 млрд. АҚШ доллар сомасындағы облигациялар айырбасталды, соның нәтижесінде ішкі және сыртқы кредиторлар Банк акционерлік капиталының 18,5% пайыздық жиынтығына иелік ететін акционерлерге айналды. Банктің негізгі акционері – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры», қаржы институтының облигацияларын қарапайым акцияларға айырбастаудың нәтижесінде оның үлесі Банк акционерлік капиталының 81,48%-ға дейін ұлғайды. Миноритарлы акционерлерге өз кезегінде Банк акциясының 0,02 % тиесілі.
Банктің 2010 жылдың 8 айы ішіндегі жұмыстарының қорытындысы бойынша бухгалтерлік есептің қазақстандық стандарттарына сәйкес дайындалмаған, аудиттелмеген және шоғырландырылмаған қаржы есептілігінің деректеріне сәйкес 2010 жылдың 31 тамызында Банк активтерінің көлемі 1 952,9 млрд. теңгені (соның ішінде клиенттерге арналған несиелер – 1 844,1 млрд. теңге), өзіндік капиталының көлемі 108,8 млрд. теңгені, міндеттемелері – 1 844,1 млрд. теңгені құрады. 2010 жылдың 8 айында Банктің таза пайдасы 1 090,9 млрд. теңгені құрады.
20 қыркүйек 2010 ж. «БТА Банкі» АҚ 2009 жылдың 16 қазанындағы Алматы қ. Мамандандырылған қаржы соты БТА Банктің қаржылық берешегін қайта құрылымдау жұмысы бойынша шешімі Ресей Федерациясының аумағында мойындалды деп хабарлады. Аталмыш шешім 2010 жылдың 14 қыркүйегінде Мәскеу қаласының Төрелік сотымен шығарылған болатын.
5 қазан 2010 ж. «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесі «БТА Банкінің «БТА Сақтандыру» ЕК, «Атланта-Полис СК» АҚ, «БТА Банкінің «БТА Забота» ЕСК «Атланта-Полис» СК» АҚ мен «БТА Банкінің «БТА Забота» ЕСК-н «БТА Банкінің «БТА Сақтандыру ЕК» АҚ-ға қосу жолымен еншілес компанияларында бизнестің тиімділігін көтеру мақсатында сақтандыру активтерін қайта ұйымдастыру жоспарын қабылдады.
12 қазан 2010 ж. «БТА Сақтандыру» Еншілес компаниясы» АҚ-ның директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес Компанияның Басқарма Төрағасы ретінде Лаврентьев Сергей тағайындалды.
27 қазан 2010 ж. Standard&Poor’s халықаралық рейтингтік агенттігі БТА Банкінің кредиттік рейтингісін көтергенін хабарлады. Бұл ретте ұлттық және шетел валютасындағы ұзақ мерзімді рейтингтер «D»-дан «В»-ға («В» минус»), ал ұлттық және шетел валютасындағы қысқа мерзімді рейтингтер «D»-дан «С»-ға дейін көтерілді. Банктің өзгертілген кредиттік рейтингтерінің болжамы – тұрақты. Осыған сәйкес Банкке рейтинг бойынша ұлттық шкала деңгейінде «kzВB-» («kzВB» минус) берілді.
8 қараша
2010 ж. БТА Банкі аймақтық
18 қараша 2010 ж. «Эксперт РА Қазақстан»
рейтингілік агенттігі
10 желтоқсан 2010 ж. Fitch Ratings халықаралық рейтингілік агенттігі БТА Банкінің кредиттік рейтингілерінің көтерілгенін хабарлады. Соған сәйкес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді эмитент дефольтының рейтингілері (ЭДР) «В-» деңгейіне дейін көтерілді, оның қорытындысын «Тұрақты» деп бағалауға болады. Ұлттық және шетел валютасындағы қысқа мерзімді ЭДР «RD»-дан «B»-ға дейін, жеке рейтингісі «F»-тен «E»-ге дейін, ал қолдау рейтингісі «5» деңгейіне дейін көтерілді.
14 желтоқсан 2010 ж. Business Resource медиа-холдингі 2010 жылдың жетекші банкирлері мен бизнесмендерін анықтау рейтигісінің негізінде БТА Банкінің Басқарма Төрағасы Әнуар Сәйденов «2010 жыл Банкирі» деп аталды. Рейтинг жеңімпаздары екі кезеңнен тұратын қоғамдық көзқарастың нәтижесі бойынша анықталды. Бірінші кезеңде 17 іскер қазақстандық БАҚ-тан 22 журналистің, ал жобаның екінші кезеңінде www.profinance.kz ақпараттық-талдау сайтын көрушілері арасында сауалнама жүргізілді. Сайттың қатысушыларына журналистер таңдаған бес банкирдің және бес бизнесмендердің біреуіне дауыс беру ұсынылған болатын.
21 желтоқсан 2010 ж. «Эксперт РА Қазақстан» рейтингілік агенттігі «БТА Банкі» АҚ-на В+ деңгейінде крдит қабілеттілік рейтінгісін ұсынды (кредит қабілеттілігінің жеткілікті деңгейі). Сондай-ақ банк облигациялық заимдарының Reg S шығарылымын В+ деңгейінде сенімділік рейтінгісі ұсынылды (сенімділік деңгейінің жеткіліктілігі).
22 желтоқсан
2010 ж. БТА Банкі «
24 желтоқсан 2010 ж. БТА Банкі «Ньюсмейкер
«Интерфакс-Қазақстан 2010» («НИК 2010») байқауының
жеңімпазы ретінде 2010 жылы қазақстандық
банк секторының өкілдері арасында ақпараттық
агенттіктің таспасында көп аталғандар
санатының лидері ретінде таңдалды.
2.2.«БТА
Банк» АҚ-ның ұйымдық сипаттамасы
Басқарма дегеніміз – бұл банктің ағымдағы қызметін басқаратын алқалы топтан құралған атқарушы ұйым. Басқарма төрағадан, оның орынбасарларынан, сондай-ақ банктің басқарушы директорларынан тұрады.
Басқарманың
басты қызметі мен
— акционерлердің жалпы жиналысы мен банктің директорлар кеңесі шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;
— банктің қаржылық-экономикалық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз ету;
— бизнес-стратегияларды іске асыру;
— аға менеджмент пен банк филиалдарының өкілдерін тағайындау;
— акционерлердің жалпы жиналысы мен банктің директорлары кеңесінің құзыретіне кірмейтін басқа да мәселелер.
"БТА Банкі" АҚ басқармасының мүшелері – Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ шетелде де жұмыс тәжірибесін жинақтаған танымал кәсіпқой мамандар. Басқарма мүшелері әр жылдарда аса ірі қазақстандық және шетелдік қаржы құрылымдарында, сондай-ақ мемлекеттік органдарда басқарушылық қызметтерін атқарып келген.
Банк Басқармасының құрамы :Сәйденов Әнуар Ғалимоллаұлы
Басқарма Төрағасы
1982 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетінің экономика факультетін үздік бітіріп, «экономист, саяси экономия оқытушысы» біліктілігін алды.
1994 жылы
Лондон университетін «ғылым
магистрі» (қаржы экономикасы)
біліктігімен тәмамдады.
1987 жылы
Жамбыл гидромелиоративтік
1994 жылдан бастап Еуропалық Қайта құру және Даму банкінде (Лондон) кеңесші, банкирі міндеттерін атқарды. 1996 жылы ҚР ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары, 1998 жылы ҚР Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің Атқарушы директоры болып тағайындалды.
1999 жылдың
қаңтарынан тамыз айына дейін
ҚР Инвестициялар жөніндегі
2009 жылғы
2 ақпанда «БТА Банкі» АҚ
«БТА Банкі» АҚ Директорлар Кеңесінің шешімімен 2009 жылғы 17 ақпаннан бастап «БТА Банкі» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды.
Басқарма Төрағасының Бірінші Орынбасары: Варенко Николай Витальевич
1994 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын тәмамдап, экономист біліктілігін алды.
1995 жылы
Лондон экономика мектебін «
1994 -1997 жылдары РФ Мемлекеттік мүлік комитетінде, Ресей жекешелендіру орталығында, «Deloitte & Touche» компаниясының Мәскеудегі өкілдігінде қызметтер атқарды.
1997-2001 жылдары
«Kazkommеrts Securities»ААҚ-ының
2003 –
2004 жылдары «Химфарм» ААҚ
2009 жылғы
09 ақпанда «БТА Банкі» АҚ
2009 ж. тамыз айынан Басқарма Төрағасының Бірінші Орынбасары болып тағайындалды.
Басқарма төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі : Өтемұрат Берік Мұстайұлы
2003 жылы Қазақстандағы Экономика мен Болжам жасау Менеджмент Институтының (КІМЕР) әкімшілік іскерлігі мен қаржы негізіндегі бухгалтерлік есеп мамандығын үздік бітіріп, бакалавр ғылыми дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2003 жылы «Эрнст энд Янг» аудитінің сарапшысы болып бастады. 2005 жылдан 2007 жылға дейін жеке меншік секторда қызмет жасады.
Информация о работе Коммерциялық банктерді тәукелдерді басқару әдістері