Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 20:58, курсовая работа
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алып, нарықтық экономикаға жол ашты. Еркін экономика кезінде, алғашқы жылдары әлеуметтік – экономикалық нарықтық қатынастарда әр түрлі қиындықтарды, дағдарыс кезеңін бастан өткерді. Бұл дағдарыс өндірістің құлдырауы мен сауда – экономикалық қатынастардың жаппай бұзылуының, бағалардың қарқынды өсуі мен инфляцияның өршей түскінің салдары, мұның нәтижесінде инвестициялық белсенділік күрт төмендеді.
Кіріспе..........................................................................................................................3
І бөлім. Несиелендіру экономика салаларын қаржыландыру көзі ретінде.
1.1 Несиенің экономикалық мәні және ролі, қызметтері мен түрлері....................5
1.2 Несиелендіру экономика салаларын қаржыландыру көзіретінде.....................9
1.3 Экономика салаларын банктік несиелендіру мәселелерінің ғалымдардың еңбектерінде қарастырылуы.....................................................................................11
ІІ бөлім. «БТА Банк» АҚ-ның ұйымдық- экономикалық сипаттамасы
2.1 «БТА Банк» АҚ-ның құрылу тарихы.................................................................14
2.2 «БТА Банк» АҚ-ның ұйымдық сипаттамасы....................................................21
2.3 «БТА Банк» АҚ-ның экономикалық сипаттамсы.............................................25
ІІІ бөлім. «Kaspi Bank» АҚ – ның экономика салаларын несиелендіру механизмі және оны жетілдіру жолдары.
3.1 «Kaspi Bank» АҚ – ның экономика салаларына несие беру тәртібі.……… .31
3.2 «Kaspi Bank» АҚ – ның сауда саласын несиелендіру……………………......32
3.3 Өндіріс саласын несиелендіру............................................................................34
3.4 Қазақстандағы шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу: кедергілері және дамуы мен жетілдіру жолдары ......................................................................37
Қорытынды.................................................................................................................41
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................................42
Мазмұны
Кіріспе.......................
І бөлім. Несиелендіру экономика салаларын қаржыландыру көзі ретінде.
1.1 Несиенің экономикалық мәні және ролі, қызметтері мен түрлері....................5
1.2 Несиелендіру
экономика салаларын қаржыландыру көзіретінде...................
1.3 Экономика
салаларын банктік
ІІ бөлім. «БТА Банк» АҚ-ның ұйымдық- экономикалық сипаттамасы
2.1 «БТА Банк» АҚ-ның
құрылу тарихы........................
2.2 «БТА Банк» АҚ-ның
ұйымдық сипаттамасы...................
2.3 «БТА Банк» АҚ-ның
экономикалық сипаттамсы....................
ІІІ бөлім.
«Kaspi Bank» АҚ – ның экономика салаларын
несиелендіру механизмі және оны жетілдіру
жолдары.
3.1 «Kaspi Bank» АҚ – ның экономика салаларына несие беру тәртібі.……… .31
3.2 «Kaspi Bank» АҚ – ның сауда саласын несиелендіру……………………......32
3.3 Өндіріс саласын
несиелендіру..................
3.4 Қазақстандағы
шағын және орта бизнес субъектілерін
несиелеу: кедергілері және дамуы мен
жетілдіру жолдары ..............................
Қорытынды.....................
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алып, нарықтық экономикаға жол ашты. Еркін экономика кезінде, алғашқы жылдары әлеуметтік – экономикалық нарықтық қатынастарда әр түрлі қиындықтарды, дағдарыс кезеңін бастан өткерді. Бұл дағдарыс өндірістің құлдырауы мен сауда – экономикалық қатынастардың жаппай бұзылуының, бағалардың қарқынды өсуі мен инфляцияның өршей түскінің салдары, мұның нәтижесінде инвестициялық белсенділік күрт төмендеді.
Қазақстан экономикасының дамуының өзекті мәселерінің бірі, қаржы – қаражат саласындағы нарықтық кезеңге бейімді, тұрақты несие жүйесінің құрылуы болып табылады.
Қолда бар ақша – қаражатсыз кәсіпорындар аяқтан тұра алмайды. Сондықтан, қолма – қол ақшасыз дамып кетудің бір жолы — банктік несиелерді кеңейту . Олар арқылы шағын, орта, ірі инвестициялық жобаларға банктерден қысқа, орта және ұзақ мерзімді несиелердің қолайлы пайыздық қойылымдарымен қанағаттандыру керек.
Несие жүиесі – жалпы банктердің (ұлттық және комерциялық) және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес мекемелердің жиынтығы.
Несие жүиесі ұғымы банк жүиесіне қарағанда кеңірек , яғни мұнда өзге де несиелік мекемелер қамтылады .Әр елдің өзіндік ерекшелігіне қарай несие немесе банк жүиесінің құрылымы қалыптасады .
Экономиканың нақты секторындағы сырттан тараған қаражат — қазіргі Қазақстан қоғамының ең бастапқы тапсырмасының бірі болып табылады. Осыдан банктік жүйенің дамуы мен тиімді жүйелерінен экономика секторының барлық салаларының дамуына ықпал етеді.
Несиенің түрі — бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісі.
Несие берушілер мен қарыз
алушылар арасындағы
Несие құрылымында мерзім
Экономика
нақты секторын несиелеудің
Банктік несиенің дамуы экономикалық өсімді қаржыландырудың негізгі факторы боып қатысады. Қазіргі уақытта елімізде әлемдік тұрғыда өндірісті несиелеуге оңтайлы жағдайлар жасалуда, бірақ олар қолдануда өте шектеулі. Бұл банктік жүйе мен несиелеудің дамуына кедергі келтіретін факторлармен байланысты. Сол факторлар экономиадағы құрылымдық қайта құруды тежей отырып, банктік сектордан шығатын несиелік және валюталық тәуекелділікті күшейтеді.
Курстық жұмыстың тақырыбы: «Шаруашылық субьектілерді салалық спецификаны ескеріп банктік несиелерді ұйымдастыру». Сондықтан бұл курстық жұмыста несиенің мәні, әлеуметтік-экономикалық мазмұнын, несиелендірудің экономика саласындағы рөлі қарастырылады.
Курстық жұмыстың мақсаты – шаруашылық субьектілерді салааралық несиелендіру, сонымен қатар шаруашылқ субьектілерді несиелендіру жүйесін жетілдіру жолдарымен таныстыру .
Курстық жұмыстың мақсатына сәйкес, осы жұмысты жазуда келесідей міндеттер қойылады:
І
– бөлім. Несиелендіру
экономика салаларын
қаржыландыру көзі ретінде.
1.1 Несиенің
экономикалық мәні және ролі,
қызметтері мен түрлері.
Несие - өндіріс, ұдайы өндіріс процесінің бастапқы элементі, шешуші жағдайы бола отырып, басқа фазалармен тығыз байланыста. Ұдайы өндіріс процесі материалдық игіліктердің қоғамдық өндірісі процесінің үздіксіз жаңаруы ретінде, оның әр түрлі сатыларының біртіндеп ауысуын ұлғайтады. Әрбір саты - өндіріс, ұлестіру, айырбас және тұтыну белгілі бір мағынаға ие.
Ұдайы өндіріс фазаларының бірлігі мен өзара әсері тауар –ақша қатынастарының, құнның тауарлық және ақшалай формаларының бар болуымен қамтамасыз етіледі.
Ұдайы өндіріс процесі фазаларының өзара әсері тауарлық шаруашылықтағы несиенің орнын айқындауда және оның мәнін ашуда елеулі мәнге ие. Өндірісте несиелік қатынас жүргізілмейді. Өндірістік процеске несиелік қатынастардың тек бірінші жағы – алынған несиені өндірісітік мақсатқа пайдаланушы қарыз алушы ғана қатынаса алады. Екінші жақ – кредитор өндірістік процестің сыртында қалады. Демек, несие бірегей ұдайы өндіріс процесінің субъектілері арасындағы бірегей ұдайы өндіріс процеснің субъектілері арасындағы экономикалық байланысты білдіреді. Сондықтан несиенің мәнін ұдайы өндіріс процесінің бір сатысымен ғана байланыстыруға болмайды.
Несие құнының белгіленіп үлгерген қызметіне байланысты болатын қатынастарды білдіреді.Несие тек өндірісте ғана пайда бола алмайды, өйткені мұндай өнім әлі жасалған жоқ, ал оның бөліктері ұдайы өндіріс процесінің сәйкес қатынасушыларының иелігіне түскен жоқ. Сондықтан несиеге бастаманы өндіріс сатысы емес өнімнің қозғалысының келесі сатыларын береді. Осы мағынада несиелік қатынастар бұл өндірістегі қатынастар емес, оның сыртындағы қатынастар болып табылады.
Несиені экономикалық категория ретінде қарыз мәмілесі негізінде көрінетін және дамитын өндірістік қатынас арқылы анықтау керек. Қарыз мәмілесі несиені экономикалық категория ретінде өз бетінше сипаттамайды; оны осы мәміле негізінде пайда болатын өндірістік байланыстар немесе жүзеге асу формасы – қарыз мәмілесі болып табылатын өндірістік қатынастар сипаттайды. Қарыз мәмілесі тауар шаруашылығының әр түрлі сатыларына тән. Экономиканың тарихи дамуымен бұл мәмілелер жиілейді, ұлғаяды, жетілдіріледі және жалпылама мәнге ие болады.
Әр түрлі шаруашылық жүйелерінде кездесетін мәміле типтерінің формалды ұқсастығы олардың бір атауымен – «несие» бекітіледі, бірақ әр түрлі дәуірлердің несиелік қатынастары бір атауды сақтай отырып әр түрлі мәнге, мазмұнға, табиғатқа ие.
Несие шаруашылық жүйелерінің ауысуына жағдай жасай отырып өзі де ауысып отырады, өз мазмұнын өзгертеді. Кез –келген халық шаруашылығы жүйесінің алдыңғы жүйені жеңетіні және жоққа шығаратыны сияқты несие де бір шаруашылық жүйе жағдайындағы шаруашылық байланыстардың типі ретінде алдыңғы шаруашылық жүйесіндегі несиені жеңуші және жоққа шығарушы болып табылады. Несие мәміле типі ретінде, тауар айналысының формасы, құн қозғалысының әдісі ретінде натуралды шаруашылықтан тауар шаруашылығына өткен уақыттан бері дамып келеді. Несие айырбас процесінің өндірістік байланысының типі, тауарлы өндірістің экономикалық категориясы ретінде ғана емес, тауар шаруашылығы шеңберінде диалектикалық дамушы құбылыс ретінде де қарастырылуы қажет. Тауар шаруашылығының әр түрлі сатыларының несиелік қатынастарының өзара айырмашылығы, қолдан – қолға өтуі қарыз келісімі арқылы жүзеге асатын әр түрлі объектілердің айырмашылығынан көрінеді.
«Функция» («қызмет») деген сөз латынның «functio» - деген - «атқару» «жүзеге асыру» деген мағынаны білдіреді. Несиенің қызметін айтқанда, әдетте оның мәнінің арнайы көрінісі ұғылады. Қызмет несиенің мәнімен өзара тығыз байланысты; қызметінің атқаруындағы қарым қатынастардың мәнінсіз ол өмір сүре алмайды. Қызметтің несие мәні сияқты объективті сипаты бар. Әрбір сәттегі өзінің өрістеу барысында несие барлық қызметінің мәнін емес, бір немесе бірнеше қызметтерімен ғана көрінеді. Қызмет - қатып қалған емес, өзгеріп тұратын құбылыс. Несие мәнінің өзгеруімен қатар, оның көрініс танытудың да өзгеріп отырады. Қызмет бүтіндей процесс ретінде өзінің арнайы көрінісін байқатады, яғни қызмет несиелік қатынасқа бүтіндей қатысты. Несие қызметі оның барлық формалары мен түрлері өзіндік ерекшелігімен көрініс танытудың сипаттайды.
Несиенің ұдайы өндіріс
Айырбас фазасына бөлу (өндіріс нәтижелерін бөлу) қатынастарының сәтін айрықшалап көрсету мүмкін болғандықтан, несиелік қатынастарды да дәл осыған жатқызуға болады. Сондықтан несие бөлу категориясы бола отырып, айырбас белгісіне де жатады, немесе екі жақтылық ерекшелікке де ие. Мұның өзі несиенің қызметіне тән екендігін көрсетеді.
Несие туралы теорияда, оның атқаратын қызметінің саны мен мазмұны жайлы орныққан біркелкі көзқарас жоқ. Біреулер екі ( қайта бөлумен айналымның несиелік құралдарын жасау), басқалар үш түрлі (осы аталған екеуінен бөтен бақылауды қосады), үшіншілер - төрт (және капиталды шоғырландыру мен орталықтандыру бөліп көрсетеді) көзқарастарды атайды. Ал, жекелеген авторлар несиенің қызметін: айналымдағы шығындарды үнемдеп, экономиканы ретке келтіру, уақытша бос қаражаттардың жинастыру т.б. деп түсіндіреді.
Несиенің бақылау қызметі:
Өндірістік қорлар айналымның
жанама түрлері бойынша
Несие экономикалық категория ретінде формаларға ие. Форма әр уақытта қандай да бір объектілерге тән тұрақты, қажетті байланыстардың жиынтығын білдіреді.Несиеге қатысты оның формасы бұл несиелік қатынастар құрлымының, олардың әр түрлі сыртқы және ішкі өзгерістер кезінде сақталатын негізгі қасиеттерінің көрінісі.Қарызға берілген құнға қатысты кредитор мен қарыз алушы арасындағы байланыс қалай өзгерсе де,несиенің формасы оның бүтін ретіндегі мазмұнын білдіреді.
Экономикалық әдебиетте,әдетте несиенің негізгі екі формасы қарастырылады: комерциялық және банктік.
Коммерциялық несие – бұл жеткізушінің сатып алушыларға усынған тауары немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыруы. Несиенің осы формасының объектісі ретінде тауарлық капитал қызмет атқарады. Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз капиталы өнеркәсіптік капиталмен біріккен, ал оның мақсаты – тауарларды өткізуді жылдамдату.
Информация о работе Коммерциялық банктерді тәукелдерді басқару әдістері