Коммерциялық банктердің инвестициялық қызмет жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 19:35, курсовая работа

Описание работы

Таңдалған тақырып көкейтестілігінің негіздемесі. Нарықтық қатынастарға көшумен байланысты Қазақстан экономикасының түбегейлі өзгерістері мемлекеттің барлық шаруашылық салаларына өз септігін тигізді. Соңғы жылдары республика экономикасының тұрақты өсуі байқалып отыр, бұл макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлы динамикасымен дәлелденеді.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................3-5 бет.

І тарау. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің сипаты.
1.1.Инвестиция, оның мәні, сыныптамасы................................................6-9 бет.
1.2.Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен инвестициялық қызметі.......................................................................................................10-15 бет.

IІ тарау. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің ерекшеліктері.
2.1.Коммерциялық банктердің ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарымен инвестициялық операциясы.....................................................................16-21 бет.
2.2.Екінші деңгейлі банктердің инвестициялық қызметіндегі мәселелер, оны шешу жолдары..........................................................................................22-25 бет.

ІІІ тарау.. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің құқықтық негіздері.
3.1.Банктердің бағалы қағаздар нарығында атқаратын қызмет түрлерінің құқықтары мен міндеттері......................................................................26-30 бет.
3.2.Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметін дамытудың заңнамалық негіздері...............................................................................31-32 бет.
Қорытынды.............................................................................................33-34 бет.
Қосымшалар.............................................................................................35-36 бет.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі...............................................................37-38 бет.

Работа содержит 1 файл

жулдыз курстық жумыс.docx

— 79.02 Кб (Скачать)

3. 1995 жылдың 24 сәуіріндегі  «Салықтар және басқа бюджетке  төленетін міндеттемелер туралы»  № 223 5 жарлықтың біраз тармақтары  бағалы қағаздармен жүргізілетін  операциялардан салық төлеу сұрақтарына  арналған.

4. 1995   жылдың   2   мамырындағы   «Шаруашылық   серік-тестіктері туралы» № 2255 жарлықта шаруашылық субъектілерінің  бизнес құрып, оның дамуы үшін  акция және облигация түріндегі  бағалы қағаздарды шығарып, ақша  қаражатын тарту механизмінің   кұқықтық   мүмкіншілігі   бекітілген.   Акцияларды тек акционерлік қоғамдар  шығарса, облигацияларды акционерлік  қоғамдар жэне жауапкершілігі  шектеулі серіктестіктер шығаруға  кұқылы.

5. 1995  жылдың  31   тамызындағы  «Қазақстан Республикасындагы банктер  және банктік қызметпгер туралы»  № 2444 жарлығы екінші деңгейдегі  банктерге акция эмиссиялауға  құқық берген. Банктік қызметтерге:  заңды және жеке тұлғалардың  қарыз міндеттемесін есептеу,  бағалы қағаздарды сақтау, акциядан  баска бағалы   қағаздарды   (облигациялар,   депозиттік   сертификаттар, вексельдер)  эмиссиялау,  лицензиясы   болған  жағдайда  бағалы қағаздар нарығындағы делдалдық операциялар жатады.

6. 1995 жылдың 23 желтоқсанындағы  «Жекеменшіктендіру туралы» №2721  жарлығы мемлекет меншігіндегі  акционерлік қоғамдардың   акциялары   жекеменшіктендіру   объектісі   екенін, акциялардың  мемлекеттік   бумаларын  жекеменшіктендіру   жағдайларын және тәртібін көрсеткен.

7. 1998   жылдың    10   шілдедегі   «Акционерлік   қоғамдар туралы» № 281-1 Қазақстан  Республикасының заңы акционерлік  қоғамның құқықтық жағдайын, оны  құру, капиталдандыру, қайта кұру  және тарату тәртібін; акционерлер  мен үшінші тұлғалардың құқықтарын,  міндеттерін,  олардың құқықтары  мен мүдделерін қорғау   жағдайларын;    қоғамның   органдары    мен   лауазымды адамдарының өкілеттілігі  мен жауапкершілігін айқындайды.

8. Басқа  да заңдар  және нормативтік - құқықтық актілер.  Оған бағалы қағаздарды шығару  және айналымға түсіру мәселелерін,  Ұлттық Комиссияның өкілдігін  реттейтін Президенттің жарлықтары  жатады. Мыс, «Валютаны реттеу  туралы» заң бойынша Ұлттық  Комиссия валюта қатынастарын, соның  ішінде, ішкі нарыққа шетел бағалы  қағаздарын түсірудің тәртібін  реттейтін орган болып тағайындалды.

   Жоғарыда айтылған  құкықтық негіздерге сай брокерлік  және дилерлік кеңселер ашылып, олар акциялардың мемлекеттік  бумаларымен және басқа мемлекеттік  бағалы қағаздар түрлерімен жасасқан  мәмілелерге қатысуда.

   Сонымен қатар,  Қазақстандағы акционерлік қоғамдардың  эмиссиясын мемлекеттік тіркеуден  өткізу іске асырылып, көптеген  азаматтар бағалы қағаздар нарығында  қызмет істеуге мамандану куәлігін  алды. Алғашқы тіркеуші компаниялар  пайда бола бастады. Бағалы  қағаздар нарығын дамыту барысында  алғашқы даулар да (оның ішінде  сотқа талап қою) кездесе бастады.

   Алайда, бұл кезде  бағалы қағаздар туралы шыққан  заңдар жетілген және бағалы  кағаздар нарығының құкықтық  негіздерін қалыптастыру процесі  аяқталды деуге болмайтын еді.  Нарықтық инфрақұрылымы да қалыптасу  шағында болатын. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                          Қорытынды

 

     Қорыта айтқанда, инвестиция деп нәтижесінде пайда ( табыс ) табуға, сонымен қатар акцияларды, облигацияларды және басқа да құнды қағаздар мен активтерді сатып алуға жұмсалатын мемлекеттің, заңды және жеке тұлғалардың мүліктік және интеллектуалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын түсіну қажет. Мемлекет экономикасына инвестицияны салу, пайда алу және тиімді пайдаға жету мақсатындағы тәжірибелік әрекеттер инвестициялық қызметпен түсіндіріледі.

  Қазақстандағы экономикалық реформалардың басты бағыттарының бірітартымды инвестицияларды жасау болып табылады, бұл приоритетті салаларды дамытуға қажетті отандық және шетелдік капитал үшін қолайлы инвестициялық қызмет құруды қарастырады.

    Екінші деңгейлі банктердің инвестициялық қызметті айқындауда неғұрлым орынды әдіс болып факторлық тәсіл есептелінеді. Ол саяси және экономикалық тұрақтылық, нормативтік-құқықтық база, табиғи ресурстардың айтарлықтай базасы сияқты факторлар жиынтығынан тұрады.

     Экономиканың нақты секторы мен коммерциялық банктер бойынша келесі шаралар ұсынылды :

банк жүйесі инвестициялық  қызметтердің қаржыландырудың негізгі  көзі ретінде қарастырылып отырылған. Банк жүйесінде шоғырланған қаржы  ресурстарын республиканың ауыл шаруашылығы мен өңдеуші өнеркәсібіне жұмсау керек. Сонымен бірге, отандық  қаржы және өнеркәсіптік капиталдың бірігуі заңды қолдау табуы тиіс. Мысалы, « Банк және банк қызметі  туралы» Заңға өнеркәсіптік кәсіпорындардың  акцияларын сатып алуға банктердің қатысуына салынған шектеулерді  алып тастауға мүмкіндік беретін  өзгерістер енгізу арқылы. Бірақ қазіргі  кездегі банк жүйесіндегі дағдарыстарды  ескере отырып нвестициялауды басқа  қаржыландыру жүйелері зерттелуде.

Қазақстанда іс жүзіндегі  « кәсіпорынның бос капиталымен  халықтың уақытша бос қаражаттарын алу – банктердің қаржы ресурстары – мемлекеттік құнды қағаздарға салу – мемлекеттік қарыздардың  өсуі » сызбаның орнына « халық  және жеке меншік капитал табыстары  – ұзақ мерзімді жиналымдар – қаржы  жүйесінің ұзақ мерзімді несие ресурстары – инвестициялар – негізгі  капиталдың кеңейтілген ұдайы өндірісі » айналымының сызбасын құруға барлық алғышарттар деп айтуға болады.

     Ұлттық экономикадағы, соның ішінде, екінші деңгейлі банктердің инвестициялық қызметіндегі белсенділікті жандандыру мемлекеттік реттеудің шұғыл шаралар жүйелерімен қатар жүреді. Соңғысы келесілерді қамтиды :

бюджеттік қаражат есебінен инветицияларды орынды пайдалану, мемлекеттік  инвестициялық бағдарламаларды  қалыптастыру механизмін жетілдіру ;

экономикадағы ұдайы өндіріс  үрдістерін қалпына келтіру мен  отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін көтеру мақсатында инвестициялық қызметтің  нақты бағыттарын белгілеу.             

   Бүгінгі елімізде коммерциялық банктердің инвестициялық қызметіндегі мәселелерді, кемшіліктерді шешуде инвестициялық саясат арқасында бағалы қағаздардың қарқынды дамуы күннен күнге өз мәресіне жетуде.

    Бiздiң экономикалық жағдайымызда немесе әлемдiк нарыққа енуiмiздегi ең өзектiсi бұл әлемдегi коммерциялық банктердің бағалы қағаздар рыногына байланысты жинақталған барлық құндылықтарды оқып үйрену және хабарлау болып табылады.

 

          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымшалар 

 

1-қосымша.  Ақтөбе облысы  бойынша инвестициялық  қызметтің  негізгі көрсеткіштерінің  серпіні

 

Млн.теңге  Негізгі капиталға салынған инвестициялар Тұрғын  үй құрылысына салынған инвестициялар 

2000

41 095

668

2001

61 921

886

2002

82 651

1 029

2003

115 842

1 922

2004

130 987

4 352

 

 

 

 

 

 

2005

184 130

13 331

2006

187 090

17 165

2007

225 176

22 311

2008

287 212

16 738

2009

312 523

14 888


 

 

2-қосымша.  Жалпы Қазақстан  Республикасы  бойынша негізгі  капиталға салынған  инвестициялар

 

Млн.теңге  2005 2005 2007 2008 2009

Қазақстан Республикасы 2 420 976  2 824 523   3 392 122 4 210 878 4 585 298

Ақмола 

38 189

44 059

103 070

142 549

149 532

Ақтөбе

184 130

187 090

225 176

287 212

312 523

Алматы

99 501

112 414

142 636

236 717

314 673

Атырау

713 681

727 635

764 403

826 373

1 094 394

Батыс Қазақстан

91 860

106 626

186 264

225 963

244 842

Жамбыл

22 182

25 553

29 940

123 726

222 800

Қарағанды

153 438

134 157

151 887

210 247

214 076

Қостанай

56 074

63 831

96 419

108 694

122 204

Қызылорда

61 471

66 455

102 934

172 339

171 034

Маңғыстау

143 108

229 755

251 416

383 199

314 724

Оңтүстік  Қазақстан 

64 939

84 542

127 175

203 213

319 043

Павлодар

37 229

120 020

129 981

148 435

165 788

Солтүстік Қазақстан

82 197

34 328

37 288

41 279

49 505

Шығыс Қазақстан

274 746

116 054

126 537

161 376

139 228

Астана  қаласы

334 159

354 583

424 245

454 488

8


 

 

*Қазақстан Республикасы  статистика агенттігі, 2010

 

3-қосымша. 2009 жылы негізгі  капиталға салынған  инвестициялардың  құрылымы 

 

Жалпы көлемге %-бен 

 

 

 

4-қосымша.  Инвестициялық  қызметтің негізгі  көрсеткіштерінің  серпіні

 

Млн.теңге  Негізгі капиталға  салынған инвестициялар Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар

2005

2 420 976

254 287

2006

2 824 523

368 354

2007

3 392 122

490 375

2008

4 210 878

468 039

2009

4 585 298

310 848


 

 

*Қазақстан Республикасы  статистика агенттігі,  2010

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

Заңдар:

1996 жылы 21- сәуір, ҚР «Бағалы  қағаздар және қор биржасы»;

1997 жылы  15-наурыздағы  «Бағалы қағаздар нарығы туралы»  Заңы;

1995 жылғы 31 тамызда қабылданған,2003 жылғы 1 қыркүйекте өзгертулер  мен толықтырулар енгізілген  «ҚР банктер мен банк қызметі  туралы» ҚР Заңы;

ҚР 2003ж.  8 қаңтарындағы  №373-11 «Инвестициялық туралы» Заңы.

ҚР 1997 ж. 28 сәуір «Вексельдік  айналым туралы» Заңы;

1996 жылдың 28 наурызынан «Қазақстан  Республикасының мемлекеттік бағалы  қағаздарымен РЕПО және кері  РЕПО операцияларын жүргізу Ережелері» .

 

 

Негізгі әдебиеттер :

1.“Ақша, несие, банктер” / Сейітқасымов Ғ.С. -  Алматы : Экономика, 2001.

2.“Коммерциялық банктер операциялары”/ Мақыш С.Б. – Алматы : ИздатМаркет, 2004.

3.“Ақша айналысы  және несие” / Мақыш С.Б. – Алматы : Қазақ университеті, 2004.

4.“Қазақстанның банк жүйесі” / Ғ.Сейітқасымов, Ж.Бекболатұлы, С.Кәрімжанов. - Алматы , 2009.

5.“Кәсіпорын экономикасы” / Р.Қ. Ниязбекова, Б.А. Рахметов, П.Т. Байнеева. – Алматы : Экономика, 2008.

6.“Қазақстан Республикасының банк құқығы” / Л. Давыдова, Д. Рахманов. - Алматы : «Жеті жарғы», 2006.

7.“Жалпы экономикалық теория” / Шеденов Ө.Қ., Сағындықов Е.Н., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И. – Ақтөбе : «А-Полиграфия» , 2004.

Информация о работе Коммерциялық банктердің инвестициялық қызмет жүйесі