Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 19:35, курсовая работа
Таңдалған тақырып көкейтестілігінің негіздемесі. Нарықтық қатынастарға көшумен байланысты Қазақстан экономикасының түбегейлі өзгерістері мемлекеттің барлық шаруашылық салаларына өз септігін тигізді. Соңғы жылдары республика экономикасының тұрақты өсуі байқалып отыр, бұл макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлы динамикасымен дәлелденеді.
Кіріспе...........................................................................................................3-5 бет.
І тарау. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің сипаты.
1.1.Инвестиция, оның мәні, сыныптамасы................................................6-9 бет.
1.2.Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен инвестициялық қызметі.......................................................................................................10-15 бет.
IІ тарау. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің ерекшеліктері.
2.1.Коммерциялық банктердің ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарымен инвестициялық операциясы.....................................................................16-21 бет.
2.2.Екінші деңгейлі банктердің инвестициялық қызметіндегі мәселелер, оны шешу жолдары..........................................................................................22-25 бет.
ІІІ тарау.. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің құқықтық негіздері.
3.1.Банктердің бағалы қағаздар нарығында атқаратын қызмет түрлерінің құқықтары мен міндеттері......................................................................26-30 бет.
3.2.Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметін дамытудың заңнамалық негіздері...............................................................................31-32 бет.
Қорытынды.............................................................................................33-34 бет.
Қосымшалар.............................................................................................35-36 бет.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі...............................................................37-38 бет.
Коммерциялық банктер биржа мен банктердің, өнеркәсіп пен ұйымдардың, түрлі акционерлік қоғамдардың акцияларын сатып алу арқылы инвестор ретінде шығып, өз портфелін құрайды. Мұндағы банктердің мүддесі – болашақта дивиденд алу ғана емес, сонымен қатар компанияның қызметін басқаратын мүше болу.Қазіргі жағдайда қаржылық инвестициялардың негізгі түрлерінің бірі болып портфельдік инвестициялар болып табылады. Және инвестициялық қызмет кез-келген инвестицияның нысанындағы портфельдің қалыптасуымен байланысты болады.
Портфельдік инвестициялар бағалы қағаздарды сатып алу арқылы ұзақ мерзімді банк несиелерін беру арқылы жүзеге асады. Жеке, мемлекеттік шетелдік инвестициялар инвестициялық заңдармен реттеледі, ол заңдарға жеке шаруашылық бөлімшелердің, банктердің инвестициялық іс- әрекеті тәртібі ережелері анықталады және инвестор құқықтары қорғалады.
Инвестициялық портфельді қалыптастыру екі мақсатты көздейді : банкке табыс әкелу және ұзақ мерзімді бағалы қағаздардың өтелу мерзімінің жақын қалуына байланысты, сондай-ақ оларды қысқа мерзімге айналдыруда екінші реттегі активтерге ( вексельдер, талап етілетін ссудалар, т.б. ) қосымша ретінде болу. Алайда, портфель құрудың басты мақсаты – банктік операциялардың өтімділігі. Ссудалық операциялар тәуекелді болғандықтан банк реурстарының негізгі үлесі жоғары өтімді активтер формасында болуы қажет, яғни бағалы қағаздарға салымдар. Бұл бағалы қағаздар мемлекеттік болғаны жөн, себебі олардың сенімділік рейтингісі жоғары.
Қор нарығында құнды қағаздарды сатып алу-сату операцияларын жүзеге асыру арқылы оңтайлы портфельдік инвестицияны құру және оны басқару инвестордың басты міндеті болып табылады.
Дегенмен, портфельдік инвестициялардың бір бөлігі материалдық өндірістің әр түрлі салалық кәсіпорындар акцияларына салынғандықтан, оның өндірісті тікелей инвестициядан еш айырмашылығы жоқ.
Портфельдік инвестицияны іске асыруда инвесторлар әр түрлі мақсаттарды көздейді және осыған байланысты салым жасауға әр түрлі нысандарды таңдайды. Мысалы, инвестицияланған активтердің нарықтық құнының айтарлықтай өсуін күтуге көзделіп отырған жағдайда тәуекелді салым жасау. Бұл жердегі, инвестициялық тәуекел – әлемдік нарығының конъюктурасының өзгеруі, спекуляция, пайыз ставкасының өзгеруі, саяси және экономикалық дағдарыстар, эмитенттің банкроттылығы салдарынан бағалы қағаздардың құнсыздану тәуекелі. Банк инвестициялар саласындағы стратегияны және нақты бағалы қағаздарды өзі таңдай алады, сол себептен бұл тәуекел басқарылуы мүмкін. Инвестициялық тәуекел жйелік және жүйелік емес болады. Жүйелік тәуекел бағалы қағаздардың бағасы, табыстылығы, пайыз ставкаларының деңгейі, күтілетін дивидендтердің деңгейі өзгерген кезде көрінеді. Жүйелік емес тәуекел сыртқы ортаға байланыссыз және әрбір нақты банктің қызметінің ерекшклігімен байланысты болады. Бұл тәуекелге әсет ететін негізгі фактор нарық конъюктурасына сәйкес альтернативті инвестициялардың болу мүмкіндігі.
Портфельдік инвестицияларды жүзеге асыру, бастапқы салым сияқты сату және қайта сату болсын, барлығы құнды қағаздар нарығында жүреді. Және инвестициялық портфель инвестициялық стратегияға сәйкес қызметін жүзеге асыру үшін инвестициялаудың нақты және қаржылық объектілерінің жиынтығынан қалыптасады. Қазақстандық екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметінің маңызды салалары мемлекеттік құнды қағаздар болып табылады.
Портфельдік инвестициялардан бөлек, кеңінен таралып отырған ақша-несиелік операциялар кезінде инвестор капиталды банкке депозиттік салым түрінде салып, ол артынан несие ретінде пайдаланылады. Қаржылық инвестициялар ( құнды қағаздарға салым ) олар әкелген табысына қарап бағаланады. Табысты бағалау – құнды қағаздар бағасын немесе бағамын білдіреді.
Жаңа қоғам өзінің соны өзгерістерін бірге ала келетіні белгілі. Сол сияқты нарықтық экономика да біздің қоғамға инвестиция ұғымын ала келді. Бұл өркениетті әлемде әлдеқашан қарым-қатынастың қалыпты заңдылығына айналып кеткен ұғым болып табылады. Елімізге келген шетелдік инвесторлар мұнай мен газ саласына көбірек қаржы құйғаны мәлім. Қазіргі уақытта да инвестицияның басым бөлігі кең-қазба байлықтарын құрайды. Өз кезегінде Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы атқарып жатқан іргелі істері елімізге шетелдік инвестицияның көптеп келуіне жол ашып отыр. Оның сыртында елдің ішкі саяси тұрақтылығы, экономикадағы реформаның бірізділікпен жүзеге асырыла бастауы сырттан келетін қаржының тұрақтылығына мүмкіндік береді. 1993 жылдан 2003 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан экономикасына 25,8 миллиардтан астам АҚШ доллары көлемінде тура шетел инвестициясы тартылды. Сараптамалық бағалау бойынша Орталық Азияға келген тура инвестициялардың 80 пайыздан астамын Қазақстан экономикасы алып отыр. Дүниежүзілік банк біздің елімізді инвестициялар әкелуге өте қолайлы 20 елдің қатарына қосты. Халықаралық "Мооdy′s Investors Service" рейтинг агенттігі Қазақстанға қаржыландыру мен инвестициялаудың жаңа, өте жоғары рейтингін берді. Бұл Қаржы министірлігіне төмен пайызбен, біріншіден, кредиттер алуына мүмкіндік береді. Екіншіден, екінші деңгейдің барлық банктерінің тиісті рейтингтері жоғарылайды. Енді бұған Қазақстанның нарықтық экономика мемлекеті ретіндегі танылғанын қоссақ, бүкіл дүние жүзі біздің еліміздегі тұрақтылықты, саяси тұрлаулылықты, экономиканың артуы мен реформалардың біз қалаған бағытта дамып келе жатқанын танып отырғаны тұлғаланып шығады.
Қазақстанда нарықтық реформаларды табысты жүзеге асыру үшін Бүкіл дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Ислам даму банкі, Азия даму банкі секілді беделді халықаралық қаржы институттарымен, басқа да халықаралық қаржы мекемелерімен іс-әрекетті үйлестірудің үлкен мәні бар. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы бүгінде дүние жүзіндегі үлкенді-кішілі 55 халықаралық ұйымға мүше болып табылады, олардың 61-іне қаржылық міндеттемелер төлеу көзделген. Осыған сәйкес республика халықаралық қаржы-кредит және басқа ұйымдарға қатысудан туындайтын мүшелік жарналарды, борыштық операциялар мен мәмілелер бойынша қажетті төлемдерді жүзеге асырады.
1.2. Коммерциялық
банктердің бағалы қағаздармен
Несиелік жүйенің төменгі буындарының бірі болып табылатын коммерциялық банктер, халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсетеді және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайды.
Коммерциялық банктердің
пайда болуын негізінен
Қазіргі кезде бір уақытта коммерциялық банктер өзінің бағалы қағаздарын шығару арқылы эмитенттер де, трэйдерлер де, өз шотынан бағалы қағаздарды сатып алғанда инвестор рөлінде және бағалы қағаздар операциясын жүргізетін делдал болып саналатын бағалы қағаздар нарығының қатысушыларының бірі болып қатысады. Олардың көпшілігі әр түрлі инвесторлардың (заңды және жеке тұлғалардың) қаражаттарын біріктіреді және олардың табысты бағалы қағаздарға орналастыру мүмкіндігін қарастырады. Қазіргі кезде коммерциялық банктер бағалы қағаздар нарығындағы қызметін өзінің қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі деп санайды. Екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздар операциясынан және инвестициялық қызметтен түскен табысы пайданың қалыптасуында басты рөл атқарады, сондай-ақ оның кеңеюі бағалы қағаздар операциясының жоғары табыстылығымен және тікелей банктік несиелерді тиімді қолдану сферасының қысқаруымен ынталандырылады.
Бағалы қағаздар нарығында коммерциялық банктер келесі кәсіби қызмет түрлерін атқарады :
Брокерлік қызмет;
Диллерлік қызмет;
Кастодиандық қызмет;
Клирингтік қызмет.
Банктердің осы аталған қызмет түрін, клирингтен басқасын, бірігіп атқаруға лицензияны Ұлттық банк береді. Үкімет пен Ұлттық банктің нормативтік-құқықтық актілерімен және Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін Заңдарға сәйкес ұйымдардың жарғылық капиталына қатысушы банктерге қосымша талаптар қойылған.
Делдалдар рөлінде банктер кәсіпорындардың талабы бойынша олардың шығарған акциясын сату, қайта сату, cақтаумен айналысып, одан түскен пайдадан дивидендтер мен комиссиондық сыйақы алады. Мемлекет тарапынан банктердің бағалы қағаздар нарығында делдалдық қызметін тиімді реттеу жүргізілмегендіктен, олар клиенттерге қызмет көрсету сферасын кеңейтіп отырады. Банктер қаржылық супермаркетке айналып, бағалы қағаздар нарығында брокерлік фирмалардың қатысуымен банктік холдингтер құрып, өзінің саясатын осы құрылымдар арқылы жүргізеді.
Қаржылық институттар, әсіресе банктер жабдықтаушы мен несиелік ресурстар болып табылатын тұтынушылар арасында делдалдық қызмет көрсетеді, сонымен бірге банктер уақытша бос ақша қаражаттарын жинақтап, оны белсенді қызмет ететін капиталға айналдырады.
Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметтен табатын кірістері, экономикалық факторлар мен ұйымдастырушылық жағдайларға байланысты болады, яғни мемлекеттің тұрақты дамыған экономикасы, өндіріс және кызмет саласындағы әртүрлі меншік түрлері, бағалы кағаздар және оның нарықтық субьектілерін дамыған рыногының болуы, бағалы қағаздарды шығару және оларды айналымға келтіріп реттейтін зандылық актілер мен ережелердің дұрыс ұйымдастырылған жүйесі және бағалы кағаздардың жоғары сапалы топқа жататын түрлерін айналымға келтіру сияқты маңызды қызмет саласында шешуші роль атқарады. Коммерциялық банктер қаражаттарды тарту және орналастыруды жүзеге асырушы әмбебап қаржы-несиелік институттар ретінде бағалы қағаздар нарығының қатысушылары болады.
Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктердің алатын орны ерекше және маңызды екені күмән келтірмейтін жәйт. Көптеген елдерде банктер бағалы қағаздар нарығында маңызды да кілтті рөл ойнайтыны белгілі.
Коммерциялық банктер
– бағалы қағаздар нарығында
қаржылық брокер ретінде
Брокерлік–диллерлік қызмет Қазақтан Республикасының Конституциясымен және басқа да заңнамасымен, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық келісімшарттармен, банктің ішкі шарттарымен және ішкі құжаттарымен реттеледі. Банктер комиссионерлер ретінде бағалы қағаздарды сату-сатып алу мәмілелерін өз атынан клиент шотынан жүзеге асырады. Бұл ретте банк комиссия келісім-шартына негізделеді және клиент талабы бойынша өз атынан бір немесе бірнеше мәмілелерді жасасуды ұйғарады және оған сыйақы алады. Комиссия шарты белгілі бір мерзімді көрсетумен немесе көретпей-ақ жасалуы мүмкін.
Банктер өз клиенттері үшін бағалы қағаздарды сату, сатып алу бойынша мәмілелерді тапсырыс берушінің келісім-шарты негізінде жасайды. Сонымен қатар, банктер клиенттердің бағалы қағаздарды сату, сатып алу мәмілелерін биржалық және биржалық емес нарықта да жасай алады. Банк клиент өтінішін қанағаттандыру үшін өзінің портфелінен сатуға немесе клиент үшін бағалы қағаздарды портфельге сатып алуды жүзеге асырады.
Брокерлік-диллерлік қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша лицензиялауға міндетті болғандықтан, брокер-диллер өз қызметін жүзеге асыру үшін лицензияның келесі түрлеріне иемденуі керек :
Бірінші категориялы лицензия – клиент шоттарын номиналды ұстаушы ретінде жүргізу құқымен (бағалы қағаздар мен мәмілелерді тіркеу құқымен) ;
Екінші категориялы лицензия – клиент шоттарын жүргізу құқығынсыз (бағалы қағаздар мен мәмілелерді тіркеу құқығынсыз).
Коммерциялық банк мемлекеттік бағалы қағаздар операцияларын жүргізу кезінде алғашқы диллер ретінде шығады.
Алғашқы диллер – мемлекеттік бағалы қағаздар операцияларын жүргізу бойынша депозитарлық және регистраторлық қызметтер атқару жөнінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім жасаған бағалы қағаздар нарығының кәсіпқой қатысушысы болып табылатын банк.
Коммерциялық банкке номиналды ұстаушы ретінде клиент шоттарымен брокерлік-диллерлік қызметті іске асыру құқы туралы лицензия берілгеннен кейін брокер-диллер мен клиент арасында келісім-шарт, яғни клиенттік тапсырыс ретінде құжат толтырылады. Бұл құжат брокер-диллердің ішкі ережесіне, Қазақстан Республикасының құқықтық-нормативтік актілеріне сәйкес реттеледі.
Брокер-диллердің ұйымдық құрылымы келесі бөлімдерден құралады :
Сауда бөлімшесі – бағалы
қағаздар мен мәмілелерді жасасу
функциясы басты болып
Бэк-офис – негізгі функциясы бағалы қағаздар мен мәмілелерді іске асыру және бұл брокерлердің, оның клиенттерінің бағалы қағаздары мен ақшасына есеп жүргізу.
Информация о работе Коммерциялық банктердің инвестициялық қызмет жүйесі