Экономиканы мемлекеттік реттеудің ғылыми әдіснамалық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2011 в 13:54, реферат

Описание работы

Кеңес үкіметі ыдырағаннан кейін аз ғанан уақыт ішіндегі экономиканы реформалау мен шаруашылық жүргізудің нарықтық моделіне өту жөніндегі кең көлемде шараларды жүзеге асыру тәжірибесі мемлекеттің әлеуметтік экономикалық процестерге араласуы объективті қажеттілік екендігін түпкілікті түсінуге мәжбүр етті. Оның объективтілігі ұлттық санақ жүргізудің жаңа жүйесіне өту керектігімен, экономикалық дамудың теңдігін сақтау мүдделері мемлекеттік реттеудің объектісі болып табылатындығымен және макроэкономикалық үрдістердің сандық сапалық көрсеткіштері өзгерісін тұрақты түрде зерттеп отыруды қажет ететіндігімен түсіндіріледі.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………………………..3
Экономикаға мемлекеттің араласуы………………………………………..4-5
Экономиканы мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігі……………….6
Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектісі және құралдары………...7-9
Экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаты, міндеттері, қызметтері мен әдістері……………………………………………………………………..10-12
Қорытынды………………………………………………………………...13-14
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………............15

Работа содержит 1 файл

СРСП.docx

— 42.58 Кб (Скачать)

    Құқықтық мемлекеттік реттеу азаматтық және шаруашылық заңдар негізінде осы заңдармен белгіленетін нормалар мен ережелер жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

    Тікелей экономиканы реттеуде секторларды, салаларды, аумақтарды, кәсіпорындарды өтеусіз қаржыландырудың алуан түрлері пайдаланылады. Бұған қарыз, демеуқаржы, жәрдемақы, бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан төленетін үстеме ақы, арнаулы қаржы, жеңілдікті несие және салық жеңілдіктері жатады.

    Жанама экономиканы реттеуде несие-ақша, салық, амортизация, валюта, сыртқы экономика, кедендік-тарифтік саясаты сияқты тетіктер пайдаланылады. Осы тетіктердің көмегімен экономика мүдделер мен ынталандыруға әсер ете отырып, мемлекет тікелей өндіріс пен тұтынудың өзіне емес, шаруашылық жүргізуші субъектілердің өндірушілер мен тұтынушылар ретіндегі іс-әрекетіне ықпал жасайды.

  19301970 жылдары кейнстік постулаттарға негізделген жаңа мемлекеттік реттеу пайда болды. Мысалы, индикативтік және стратегия жоспарлау, жаңа қаржылық бюджеттік тетік қалыптастыру, экономиканы тұрақтандыру, жұмыспен қамту, кезеңдік ауытқуларды жұмсарту сияқты тәсілдер пайдаланылды. 
 
 
 
 
 

         

6. Қорытынды 

     

    Қазіргі заманда ғылыми техника реттеу үдерісі  жүріп жатыр. Ол мемлекеттік реттеудің  “қатаң” амалдарынан “жеңілдеу” амалына немесе тікелей әсер ететін әдістерден жанама әсер ететін әдістерге көшу арқылы жүзеге асырылуда. Қазақстанда нарыққа өту барысында экономика тетіктерді қалыптастыру мемлекеттік реттеудің басты шарты болды. Мұндай шараларға елде жүргізілген баға мен сыртқы сауданы ырықтандыру, жекешелендіру, ақшаны және банктерді реформалау, валютаны реттеу және қатаң қаржы-несие саясатын жүргізу, жеке меншікті кеңінен енгізу, кәсіпорындарды сауықтыру, институционалдық өзгерістер жасау сияқты амалдарды жатқызуға болады.

    Нарықтық экономика мен оның салаларының дамуын мемлекеттік реттеудің жалпы зандылықтарын, теориялық методологиялық және ұйымдастырушылық мәселелерін зерттеу нәтижелері төмендегідей тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді:

     әлемге әйгілі экономист ғалымдардың адамзат тарихында таза нарықтық экономиканы болмағаны және жоқ екендігі туралы сенімді пікірлерін ресми түрде тану керек, сөз әр елдің табиғи тарихи, геосаяси, экономикалық, техногендік, әлеуметтік, интеллектуалдық және басқа ерекшеліктерін ескере отырып шаруашылық жүргізудің жоспарлы нарықтық модельдерінің орнын ауыстыру эволюциялық жолмен жүргізілуі керек, айта кететін бір жайт бұл ұғымдарды қазіргі кезде алдыңғы қатарда саналатын нарықтық экономикасы дамыған елдердің бірнеше ғасырлық тәжірибесін қалыптастырған.

     Шаруашылық жүргізудің моделін әдістері мен экономикалық механизмдерін таңдай олардың жағымды және жағымсыз салдарын   алдын ала болжауды және ғылыми нақтылауды талап етті. Осы талаптың орындалмауы,  бір мезгілде жоспарлы басқарудан бас тарту және жедел түрде нарықтық экономиканы құруға ұмтылу.

     Мемлекеттің заң шығару және атқару қызметі мына бағыттарға бейімделуі тиіс, өндіріс құралдарын жекешелендіру процесі әкімшілік жеделтету элементтерінен арылуы және меншік субъектілерінің өндірістік қызметіне бағытты пайдалануы керек.

     Макроэкономикалық және оның салалық аймақтық секторларының  дамуын стратегиялық жоспарлауға деген жалпымемлекеттік көзқарас әлі өте төмен деңгейде және оны әдістемелік қамтамасыз ету жаңа қолға алынуда.

     Экономиканы мемлекеттік реттеу мен оны стратегиялық жоспарлау мәселелері экономика  ғылымының арнайы саласының объектісі  ретінде ресми статусқа ие болу керек.  Ол жас экономистерді тарта отырып монографиялық және диссертациялық зерттеулер жүргізуге  мүмкіндік  береді.

     Нарық шаруашылығының даму барысында, жеке меншік шеңберінде шешілмейтін, яғни экономиканың өзін-өзі реттеу қағидалары негізінде  экономикалық және әлеуметтік проблемалар  туындайды және шиеленіседі. Өндіріс  күшінің дамуы елеулі инвестицияның  қажеттілігін туғызады, өндірісті мамандандыру, капиталдың шоғырлануы күшейді, өндіріс пен капиталдың бірігуі, әр түрлі елдің бір-бірімен өзара тәуелділігі өсті. Сонымен бірге қоғам дамуының белгілі бір сатысында еңбек пен капиталдың арасындағы қарама-қайшылық күшейе түсті, жаппай жұмыссыздық пайда болды, экономикалық дағдарыстар салалық шеңберден асып, жалпы ұлттық кейін әлемдік дағдарыстарға айналды. Монополияның үстемдігіне әкелген, бәсекелестікті күшейткен ақша айналымының бұзылуы, нарықтың әрі қарай тиімді дамуына көмектесетін (экономикалык саясатты жүргізу), нарық пен іс-әрекеттің қарама-қайшылықтарының жұмсаруына әкелуге тиісті сыртқы күштің әсерін, атап айтқанда мемлекет күшін талап етеді. Сондықтан экономиканы мемлекеттік реттеу ел экономикасының дамуында маңызды рөл атқарады. Ел экономикасын дамыту, оны дамыған елдер қатарына қосуына ықпал етеді. 
 
 
 

 

    7. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. 
     
     

1. Толегожина «Экономиканы меммлекеттік реттеу»

2. Ильданов «Экономиканы мемлекеттік реттеу»  
 
 

Информация о работе Экономиканы мемлекеттік реттеудің ғылыми әдіснамалық негіздері