Экономиканы мемлекеттік реттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 06:29, курсовая работа

Описание работы

Әлемдік экономикалық қатынастар – жалпы экономикалық жүйенің басты компоненті. Әлемдік экономикалық қатынастардың біріншіден, әлемдік экономикалық қатынастардың өзі, яғни әр түрлі елдердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы экономикалық байланыстар, екіншіден, бұл байланыстарды іске асыратын тетіктер жатады.
Әлемдік экономикалық қатынастар жүйесіне жеке елдер, интеграциялық бірлестіктер, сонымен қатар жеке кәсіпорындар арасындағы материалдық игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбас жасау және тұтыну бойынша өтелетін қатынастар тетігі кіреді.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................3-4
1. Әлемдік экономикалық қатынастар түсінігі
1.1 Әлемдік экономикалық қатынастардың пайда болуы, даму бағыттары......5-7
1.2 Әлемдік экономикалық қатынастардың мазмұны, құрылымы....................8-10
1.3 Әлемдік экономикалық қатынастарды реттеудегі халықаралық
экономикалық ұйымдардың ролі...................................................................11-15
2. Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық кеңістікке енуі және даму бағыттары
2.1 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастардағы орны..........................................................................................................16-17
2.3 Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы экономикалық кеңістіктің дамуы..................................................................................21-23
3. Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастарға енуіндегі мәселелер мен жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастарға енуіндегі мәселелер..................................................................................24-26
3.2 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастардағы орнын жетілдірудегі мемлекеттің саясаты................................................27-29
Қорытынды.................................................................................................30-31
Пайдаланған әдебиеттер..................................................................................32
Қосымша ...................................................................................................33

Работа содержит 1 файл

курсЭМР.docx

— 34.52 Кб (Скачать)

 

      Қазақстан  Республикасының әлемдік экономикалық  байланыстардағы орнын жетілдірудегі  мемлекеттің сыртқы – экономикалық  саясатының бағыттары ҚР Президентінің  Жолдауларында, ҚР Үкіметінің  «индустриялық – инновациялық  дамуынының 2003-2015 жылдарға арналған»  және «50 дамыған елдер қатарына  ену» бағдарламаларында қарастырылған.     

      Елдiң   әлемдiк экономикаға өзара тиiмдi бiрiгуi, оның әлемдік еңбектi бөлу  жүйесiндегi рөлiн оңтайландыру үшiн  жағдайларды қалыптастыру сыртқы  экономикалық саясаттың 2008 –  2009 жылдарға арналған негiзгi басым  бағыттарының бiрi болып табылады.    

  Қазақстанның әлемдiк  экономикаға трансформациясының  аса маңызды шарты саудадағы  әрiптес елдердi таңдауда икемдi  саясат жүргiзу: үшiншi елдер арқылы  транзиттi барынша азайту мақсатында  Еуропа мен Азия елдерiнiң таяу  рыноктарын неғұрлым толық пайдалануға,  өңiрлiк одақтармен өзара iс-қимылды  күшейтуге, еркiн сауда аймағының  артықшылықтарын барынша пайдалануға  бағытталған өткізу рыногын әртараптандыру  болып табылады. Алдағы кезеңге  арналған аса маңызды іс-шаралардың  бiрқатары: 

саудада преференциялық режимдi белгiлеу жөнiнде екiжақты және көпжақты келiсiмдер жасау жөнiндегi келiссөздердi одан әрi жүргiзу;

өңiрлiк бiрлестiктер (ТМД, ЕурАзЭҚ, БЭК, ШЫҰ және ОАО) шеңберiнде  экономикалық бастамаларды жылжыту;

Қазақстанның әлемдік  экономикалық Ұйымдардың қызметiне қатысуымен байланысты мәселелер жөніндегі  мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және iске асыру болып табылады. [4; 9б.]

      Әлемдік  нарықты игеру үшін Қазақстан   таңдаулы және кезекпен іске  асырылатын саясат жүргізуі тиіс. Таңдаулылық өз басымдылықтарын  нақты анықтаумен байланысты. Мысалы, ел ішінде еркін нарықтық экономика  құру күш-жігері сыртқы ашықтықтан  басым болуы керек. Өзінің халықшаруашылық  кешенін сыртқы әлемге ашуда  жоспарлы жалғастық қажет. Бұл  жағдайда сыртқы ашықтық өзіндік  мақсат болмауы тиіс, ол ел  ішінде тиімді нарықтық тетіктерді  қалыптастыруға жағдай туғызуы  керек.

      Дүниежүзілік  шаруашылыққа интеграциялану стратегиясын  әзірлегенде әлемдік тәжірибені  есепке алу қажет. Дүниежүзілік  экономикалық қоғамдастыққа кіру, онда өзінің орнын табу тәуелсіз  Қазақстан Республикасы үшін  оңай мәселе емес. Әлемдік шаруашылыққа  интеграциялану жолында біздің  еліміз үшін өте өзекті мәселе  экономикалық қауіпсіздікті сақтау. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз  ету Қазақстан экономикасына  әлемдік шаруашылықтық конъюнктураның, әлемдік бәсекенің, республиканың  экономикалық субъектілерінің дүниежүзілік  нарықтағы тиімсіз әрекетінің  тигізетін заладын мүмкіндігінше  азайту болып саналады.

      Республиканың  дүниежүзілік экономикалық қоғамдастыққа  интеграциялануы өте күрделі  мәселе. Оны шешудің алғы шарты  келесілер болуы мүмкін:

Қазақстанның нарықтық экономиканы  дамытудың негізгі кезендерінен жедел өтуі;

Үзілген байланыстарды қалпына  келтіру, ТМД елдері топтарының шеңберінде экономикалық интеграциялану және өз кезегінде әлемдік шаруашылыққа бірігей блок түрінде бірлесіп кіру.

      Қазақстанды  әлемдік жетекшілерден бөліп   тұрған аралықтан өткізу, ауыртпашылықты  жеңілдету және нарықтық экономикаға  көшу уақытын қысқарту, дүниежүзілік  шаруашылыққа біріктіру үшін  келесі шаралар іске асырылуы  тиіс: тұрақты саяси режим қалыптастыру; Қазақстанның жағдайына бейімделген  нарықтық шаруашылық жүргізу  тетігін дамыту және жақсарту; қолайлы инвестициялық ахуал  туғыза отырып шетел инвестициясын  тарту және тиімді пайдалану;  өндірістің экспорттық бейімделуін  импортты алмастырумен үйлестіре  отырып, белсенді сыртқы сауда саясатын жүргізу; ғылыми-техникалық үдерістің жетістіктерін қолдау жолымен экономикалық дамуды ынталандыру.   [2; 7б.] 

  Экономика салаларын  Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі шарттарына  бейімдеу жөніндегі жүйелі шараларды  іске асыру және Қазақстанның  әлемдік нарыққа кірігуі. Міндеттері;

Қазақстан үшін тиімді шарттарда  ДСҰ-ға кіру.

Қазақстан нарығына импорттық  тауарлар мен қызмет көрсетулердің  кемсітусіз енуіне салаларды ашуға  бейімдеу.

Өңірлік бірлестіктер (ЕурАзЭҚ, ШЫҰ және т.б.) шеңберінде экономикалық кірігуді тереңдету.

Сауда – экономикалық  қатынастар кешенінің негізгі құрауышы ретіндегі шекара маңы ынтымақтастығын  дамыту.

Барлық заңды тұлғалардың  қаржы есептілігінің әлемдік  стандарттарына көшу процесін жеделдету.

    Шешу  жолдары:  Қойылған міндеттерді шешу үшін  мынадай шаралар көзделетін болады:

Қазақстанның ұлттық мүдделерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының  заңнамасын ДСҰ міндетті келісімдерінің нормаларына толық сәйкес келтіру;

Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі  жөніндегі жұмыс тобына мүше елдермен тауарлар мен қызмет көрсетулердің  ұлттық экономикалық даму басымдықтарына жауап беретін шарттарда қазақстандық нарықтарға шығуы жөніндегі екі  жақты келіссөздерді аяқтау;

Қазақстанның тиісті келіссөз ұстанымын белгілеу үшін оны мемлекеттік  қолдаудың іс жүзіндегі көлемімен  салыстырғандағы ауыл шаруашылығы  саласын субсидиялауға деген  негізделген қажеттілікті айқындау;

тараптардың ДСҰ-ға кіруі  жөніндегі келіссөз процесін ескере отырып, ЕурАзЭҚ шеңберінде Кеден  одағын кезең-кезеңімен қалыптастыру жөніндегі жұмысты жалғастыру.

      Қазақстан  үшін тиімді жағдайларда ДСҰ-ға  кіру Қазақстанның жаһандық экономикадағы  бәсекелестік тұғырларын көп  ретте оның Бүкілдүниежүзілік  сауда ұйымына кіруіне байланысты  айқындалатын болады.

 

     Қорытынды

 

      Нарықтық  экономиканың дамуы үшін сыртқы  – экономикалық байланыстардың  болуы маңызды болады. Әлемдік  шаруашылық  – бұл халықаралық  еңбек бөлінісі негізінде халықаралық  қатынастармен өзара байланысқан  ұлттық шаруашылықтардың қарама  – қайшы  тұтастығы.

 

      Халықаралық  экономикалық қатынастар – экономиканың  өзара бейімделуі олардың біртұтас  ұдайы өндіріс процесі. Бұл  халықаралық интеграция қатысушы  елдердің белгілі бір территориялық,  экономикалық, құрылымдық, технологиялық  жақындығын көрсетеді және оның  аймақтық сипатын түсіндіреді.

 

      Осы заманғы  қарқынды еларалық экономикалық  байланыстар денгейін төмендегілер  көрсетеді: әлемдік шаруашылықта  халықаралық еңбек бөлінісі дәрежесінің  терендігі; әлемдік шаруашылықтық  байланыстардың серпінділігінің  күшеюі және көлемінің өсуі.

 

      Қазіргі  кезде әлемде, халықаралық ұйымдардың  қызметінің маңызы өсуде, осы  жағдайда бірде – бір мемлекет  экономикалық, мәдени, гуманитарлық  дамуда жеке – дара дами  алмайды. Елдер арасындағы ең  тиімді ұйымдардың формасы халықаралық  институттардың құрылуы.

 

      Әлемдік  сауда – экономикалық қатынастарға  толығымен ену, бүгінгі таңда  Қазақстан экономикасын тығырықтан  алып шығудағы жүзеге асырылатын  басты міндеттердің бірі, республиканың  әлемдік экономикалық қоғамдастыққа  тезірек бірігуі болып отыр.

 

      Бүгінгі  таңда Қазақстан экономикасын  тығырықтан алып шығудағы жүзеге  асырылатын басты міндеттердің  бірі республиканың әлемдік экономикалық  қоғамдастыққа тезірек бірігуі  болып отыр. Мұнда біз өз мүмкіндіктерімізді дұрыс бағалап, халықаралық еңбек бөлінісінде өз орнымызды табуға және осы қоғамдастыққа кіру тәсілдеріне байланысты болады. Осы күрделі міндеттерді орындау үшін бізде барлық қажетті алғы шарттар: орасан зор шикізат, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және маман кадрлар әлеуеті, нарықтық реформаларды белсенді жүргізуге көмектесетін тұрақты қоғамдық – саяси жағдай сондай-ақ, Қазақстан басшылығының шаруашылық жүргізудің нарықтық түрлеріне өту қажеттігіне деген берік сенімі мен осы бағытта қолданылып жатқан шаралар бар. Сондықтан әлемдік кеңістікке қарай интеграциялану бүгінгі күннің өзекті, ағымдағы тақырыптарының бірі.

 

      Мұнда біз  өз мүмкіндіктерімізді дұрыс  бағалап, халықаралық еңбек бөлінісінде  өз орнымызды табуға және осы  қоғамдастыққа кіру тәсілдеріне  байланысты болады. Осы күрделі  міндеттерді орындау үшін бізде  барлық қажетті алғы шарттар:  орасан зор шикізат, өнеркәсіп,  ауыл шаруашылығы және маман  кадрлар әлеуеті, нарықтық реформаларды  белсенді жүргізуге көмектесетін  тұрақты қоғамдық – саяси жағдай, сондай – ақ, Қазақстан басшылығының  шаруашылық жүргізудің нарықтық  түрлеріне өту қажеттігіне деген  берік сенімі мен осы бағытта  қолданылып жатқан шаралар бар.

 

      Орта  мерзiмдi болашақта Қазақстанның ДСҰ-ға  кiруi жөніндегі келiссөз процесiн  аяқтау және ДСҰ-ның тең құқылы  мүшесi мәртебесiн иелену күтiлiп  отыр. Осыған байланысты барлық  мiндеттердi, оның iшiнде өңiрлiк бiрлестіктер  шеңберiнде қайта қарау және  ұлттық заңнаманы ДСҰ нормаларымен  сәйкестендiру жөнiнде жұмыс жүргiзілуде.

 

      Әлемдік  нарықты игеру үшін Қазақстан  таңдаулы және кезекпен іске  асырылатын саясат жүргізуі тиіс. Таңдаулылық өз басымдылықтарын  нақты анықтаумен байланысты. Мысалы, ел ішінде еркін нарықтық экономика  құру күш-жігері сыртқы ашықтықтан  басым болуы керек. Өзінің халықшаруашылық  кешенін сыртқы әлемге ашуда  жоспарлы жалғастық қажет. Бұл  жағдайда сыртқы ашықтық өзіндік  мақсат болмауы тиіс, ол ел  ішінде тиімді нарықтық тетіктерді  қалыптастыруға жағдай туғызуы  керек. 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

Авдокишин Е. Международные  экономические отношения.-М.-«Маркетинг»,2006.-300с.

Алшанов Р. Жаһандық экономика  және Қазақстан// Егемен Қазақстан.-2008.- 28-ақпан.-5б.

Аубакиров Я. Экономикалық теория негіздері.-Алматы.-2004.-360б.

Арынов Е. Международные  экономические организации и  экономические союзы.-Алматы, 2007.-300б.

Булатов К. Мировая экономика.-М, «Экономикс», 2007.- 480с.

Джапаркулов Д. Перспективы  развития международных связей Казахстана со сторонами СНГ// Транзитная экономика.-2008.-№1.- с.45

Дукенов К. Международная  позиция Казахстана// Юридическая  газета.-2008.-21 марта.-с.3

Исмайлова А. Ретроспектива  и тенденции развития экономической  интеграции// Саясат.-2008.-№12-с.9

Кошаганов А. Интеграция Казахстана в международную торговую систему  и ВТО// Транзитная экономика. – 2008.- №5.-с.19

Кулекеев Ж. Экономика  Казахстана в условиях мирового кризиса// Транзитная экономика.-2007.-№1.-8с.

Мамыров Н. Әлемдік экономикалық қатынастар.-Алматы.-Экономика.-1999.-300б.

Назарбаеав Н. Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясы// Саясат.-2006.-№2.с.7

Нәбиев Е. Әлемдік экономикалық қатынастар.-Астана, 2001.-300б.

Нурпейсова Ж. ТМД елдеріндегі  экономикалық реинтеграция мәселелері мен ерекшеліктері // Саясат.- 2009.- .-№2-9б.

Раджаев К. Мировая экономика/ Учебник.-«Юнити».- 2007.-450с.

 

 

 


Информация о работе Экономиканы мемлекеттік реттеу