Бүгінде
республикада 160-тан астам шет
ел фирмаларының, банкілерінің, өзге
ұйымдардың өкілдерді тіркелді.
Мысалы, АҚШ бізде өзінің 11, Жапония
9, Швейцария 8, Ұ Ұлыбритания 5 өкілдіктерін
ашты. Бұл ретте Германия ең алдында келеді,
оның 22 өкілдігі бар. [7; 4б.]
Сауда –
экономикалық, ынтымақтастық
жөніндегі үкіметаралық комиссиялар
Германиямен, Қытаймен, Тұркиямен,
Израильмен, Иранмен, франциямен, Үндістанмен
және басқа да бірқатар елдермен
табысты жұмыс істеп жатыр.
Қазақстан
қазір әлемнің 80-нен астам еліне
өнімдер шығарады. Егер тауар
айналымы көлемі туралы айтсақ,
онда оның ең үлкен үлесі
22% Қытайға келеді. Ал батыс жақтағы
елдердегі Қазақстан экспорты
үлесінің көлемі 60%-ке таяйды, соның
ішінде Германияға 13,5%, Ұлыбританияға
11,6%, Швейцарияға 11%, Нидерландыға-4,7%,
Австрияға 2,5% келеді.[1; 29б.]
Соңғы уақытта
бірлескен кәсіпорындар саны
тез өсуде. Біздің серіктестеріміздің
ішінде белгілі "Шеврон" мұнай
– газ өндіретін компаниялары
бар. Шетел капиталын тартпайынша
осы заманғы экономиканы тез
құру, оның құрылымдарындағы қиғаштықтарды
жою тіпті де мүмкін емес. Сондықтан
республикада шетел инвесторлары
үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз
ететін бірқатар заңдар қабылданды.
Сырттан келетін капитал үшін
Үндістанмен, Жапония және АҚШ
– пен келіссөз жүргізілуде.
2.3 Қазақстан Республикасы
мен ТМД елдері арасындағы экономикалық
кеңістіктің дамуы
Жоғарыда
атап өткеніміздей, экспорттык өндірісті
дамыту Қазақстанда басым бағыттарға
ие болуда. Қазақстан Республикасы
ТМД елдерімен кең көлемде
экономикалық байланыстар жасап
келеді. Мысалы, 2008 жылы достастық
елдерге экспорт 55% болса, импорт
74% болған екен. Демек, республика
үшін негізгі серіктес болып
ТМД елдері жатады, оньң ішінде
біріншісі – Ресей. Республикадағы
экспорттық құрылымның негізін
ірі-тонналық өнімдер – мұнай,
астық, көмір, руда және концентраттар,
қара металл прокаты, мыс, мырыш, қорғасын
кұрайды. Осы өнімдерді алыс жаққа тасу
экономикалық жағынан тиімсіз, себебі
оларды қымбаттатып жібереді.
Сондықтан
Қазақстан үшін таяу көршілермен
сауда – саттық жасау пайдалы.
1997-ші жылы каңтар айында ТМД
елдер үкімет басшыларының мәжілісінде
интеграциялық даму бағдарламасының
жобасы қаралды. [6, 45б.]
Тұжырымдамада
интеграциялық процесті дамытудың
мынандай принциптері қаралған:
кеден кедергілерін жоюуы, салық,
акциз алымын төмендету, отандық
тауар өндірушілерді қорғау шараларын
жасау. Осы процестерге – «микроденгейдегі
интеграция» деген айдар тағылды.
Шаруашылық субъектісінің әр
түрлері осы аталған негізде
«микродеңгейдегі интеграцияны»
жүзеге асырады. Бұл Ресей мен
Қазақстан жобасында тәп-тәуір
өткерілмек. Біріккен кәсіпорындар
мен қаржы – өнеркәсіп
топтары құрылып, керек жобаларды
мұнай өндіру және газ салаларында,
көмір өндіру, машина құрылысында
өткеру жүзеге асырылуда.
XX ғасырдың соңындағы басты уақиға
социалистік экономикалық жүйенің
және оның негізінде құрылған
әлемдік экономикальқ қатынастар
жүйесінің ыдырауы. 50 жыл қызмет
істегеннен кейін 10 социалистік
елді біріктірген, үш құрлықта
орналасқан Өзара Көмек Кеңесі
(ӨКК) ұйымы күйреді. ӨКК ыдырағаннан
кейін, оның негізгі мүшелгрінің
бірі КСРО да күйреді. 90-жылдары
оның орнында бірнеше тәуелсіз
мемлекеттер құрылды. Жаңа мемлекеттік
құрылымдардың қалыптасуы өндіріс
көлемінің біраз төмендігімен, жаңа
пайда болған елдер арасында
өндірістік – техникалық, ғылыми,
мәдени байланыстардың қысқаруымен
қатар жүрді. Егер ТМД елдеріндегі
өндірістің жалпы төмендеуін 100%
десек, оның 60 пайызы шаруашылықтық
байланыстардың үзілуінен болып
саналады.
ТМД елдері ішінде тығыз
ынтымақтастықты дамыту жолымен
экономикалық өсу үшін мол резервке
ие елдер Украина, Закавказье республикалары,
Қазақстан, Молдавия, Тәжікстан. Жаңа тәуелсіз
елдердің басшыларының әлемдік экономиканың
басты даму үдерістерінің бірі әлемдік
экономикальқ интеграция үдерісі екенін
көздері жетіп отыр. Өздерінің
басты мақсаттарының бірі әлемдік
экономикалық қатынастар жүйесіне кіру
екендігін белгілей отыра, әлемдік экономиканың
басты даму жолынан тыс қалмаулары тиіс.
Жаңа тәуелсіз
мемлекеттер негізінде өзара
экономикалық ынтымақтастықтың
үдерісі 1992 жылдың күзінен басталды.
1993 жылдың қыркүйегінде Мәскеуда
мемлекет басшылары мен үкіметтерінің
деңгейінде ТМД елдерінің экономикалық
одағын құру туралы келісім
шартқа қол қойылды. Экономикалық
одаққа әдепкіде сегіз мемлекет
кірді, яғни Армения, Белоруссия,
Казахстан, Ресей, Тәжікстан,
Өзбекстан, Кырғызстан, Молдавия
және Украина. Экономикалық одақты
құру туралы келісім шарт жалпы
экономикалық кеңістікті кезекпен
қалыптастыру туралы ережені
мағлұмдады. Экономикалық одақты
құру туралы келісім шарт ТМД
елдерінің интеграцияның бір
кезеңінен екінші кезеңіне кезекпен
өтуін жобалады: еркін сауда аймағы
– кедендік одақ – төлем
және валюталық одақ, және соңғысы
– тауарлар, қызмет пен капиталдың
жалпы нарығы. Еркін сауда аймағын
құру туралы келісім 1994 жылдың
15 сәуірінде қабылданды. Бұл құжатқа
барлық 12 ТМД мемлекеттерінің басшылары
қол қойды, бірақ 6 мемлекет
ратификация жасады. Еркін сауда
аймағы кедендік одақ құрудың
өтпелі кезеңі ретінде қарастырылады.
1995 жылы Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан
және Ресей кедендік одақ құрды.
1998 жылдың сәуірінде кедендік
одаққа Тәжікстан қабылданды. [13;
9б.]
Ол өзара
қолайлы еркін сауда режимін
қалыптастыруға көмектесті. ТМД
шеңберіндегі интеграциялық үдерістің
жетістігі ретінде 1997 жылдың сәуірінде
Ресей және Белоруссия арасындағы
құрылған «Екілік одақты» айтуға
болады. 2000 жылғы 6 қазанда Астана
қаласында өткен Кедендік Одақ
мүшелері – Белоруссия, Қазақстан,
Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның
үкімет басшыларының Кеңесінде,
оның негізінде жаңа әлемдік
ұйым – Еуроазиялық экономикалық
қоғамдастықты (ЕЭҚ) құру туралы
шешім қабылданды. Жаңа ұйым 2000 жылғы
23 мамырдағы Әлемдік мемлекеттік
кеңестің шешіміне сәйкес құрылады.
ЕЭҚ-тың
басты мақсаты «бестіктің» шеңберінде
біртұтас экономикалық кеңестік
құру. Бұл ұйым дербес халықаралық
құқық субъектісі болып саналады.
Еуроазия қоғамдастығының жоғарғы
әкімшілік тұлғасы ротация тәртібімен
3 жылға сайланатын бас хатшы
болады.
ТМД одағы
құрылғаннан бері ынтымақтастықтың
дамуының қандай жолы тиімді
деген талас тоқтамай келеді.
1992-1994 жылдары ұзақ мерзімге бағытталған
бұрынғы бір мемлекетті қайта
құру туралы шешімдер қабылданды.
Тәжірибе көрсеткендей, «бәрін бірден»
деген принциппен интеграциялық
құрылысқа көшу өзін ақтамады.
ТМД-ның басшы ұйымдары 1995 – 1997
жылдары қабылданған шешімдерінің
сипаты Ынтымақтастық елдерінің
құқтық шындықтарына көбірек
сәйкес келді.
ТМД шеңберінде
тығыз, өзара кіріскен байланыстар
пайда болды. Мысалы, «екілік» (Ресей
және Белоруссия), «үштік» (Орталық
Азия мемлекеттер одағы, 1998 жылы
Тәжікстанның кіруіне байланысты
«төрттік» болды), кедендік одақ
(«төрттік» қосу Тәжікстан). Сонымен
бірге ГУАМА аймақтық бірлестігі
пайда болды. Оған Грузия, Украина,
Әзірбайжан және Молдавия кіреді.
ТМД шеңберіндегі интеграциялық
үдеріс бірегей, біртекті экономикалық
кеңістік, тауарлар, қызмет, жұмыс күшінің
ортақ нарығын құруға алып
келуі тиіс. Сол себептті де
ынтымақтастық шеңберінде көп
деңгейлі интеграциялық үлгіні
іске асырудың жаңа тетігін
әзірлеудің маңызы зор. ТМД
шеңберіндегі интеграциялық үдерістің
дамуы әлі баяу дамуда.
3. Қазақстан Республикасының
әлемдік экономикалық қатынастарға
енуіндегі мәселелер мен жетілдіру
жолдары
3.1 Қазақстан Республикасының
әлемдік экономикалық қатынастарға
енуіндегі мәселелер
Дүниежүзiлiк
экономиканың ғаламдануы аясында
Қазақстан экономикасы бiрқатар
мәселелерге тап болып отыр. Негiзгi
проблемаларға мыналарды жатқызуға
болады: бiр жақты шикiзат бағыттылығы,
әлемдiк экономикаға ықпалдасудың
әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және
өңiраралық экономикалық ықпалдасудың
босаңдығы, iшкi нарықта тауарлар
мен қызметтерге деген тұтыну
сұранысының мардымсыздығы (шағын
экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк
инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың
жалпы техникалық және технологиялық
тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым
мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың
болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық
жұмыстарға қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң
экономиканы ғаламдану процестерiне және
сервистiк-технологиялық өтуге бейiмдеу
мiндеттерiне сәйкес келмеуi.
Қазіргі
кездегі көптеген қарама-қайшылықтарға
қарамастан елдер арасында өзара
түсіну мен ынтымақтастық бағыты
өсіп келеді. Осыған байланысты
ұлттық экономиканың үлгісін
жасау барысында экономикалық
және әлеуметтік қатынастарды
бағалау сөз болып отыр. Әр
түрлі елдер арасында "көзге
көрінбейтін" экономикалық даму
деңгейі басталды. Әрине, бүл өзгеріс
өздігінен ешқандай себеп салдарсыз
шешіле салады деу қиын; ол
қарама-қайшылығы мол, күрделі
қүбылыс.
Бұл қозғалысқа ықпал ететіндер:
индустриалды қоғамнан
(ақпараттық) постиндустриалдыға
ауысуы;
технологиялық революция;
энергиялық шикізаттарының
және азық-түлік проблемасы;
экологиялық проблема. [10; 8б]
Ең негізгі
қауіп – экономикалық ұлтшылдықтың
дамуы және діни фанатизм. Бұл
жерде экономикалық артықшылықка
ұмтылу еркін бәсеке күресіне
негізделмей, бір нәсілдің екінші
нәсілден, бір әлеуметтік-экономикалық
жүйенің басқа әлеуметтік-экономикалық
жүйеден артық саналуы және
діни айырмашылықтардың ықпалының
басым болуы меңзеліп отыр. Жалпы
айтқанда, ХЭҚ-тың даму барысы
бұл ойлардың дұрыс емес екенін
айқындай түседі.
Ресейдегі
дағдарыстың ізінше ТМД елдерінің
валюталарына арақатынасына қарай
теңгенің елеулі түрде нақты
қымбаттауы 1998 жылдың аяғында ресей
рубліне қатынасы бойынша 69%, ал
ТМД елдерінің валюталарының
арақатынасына қарай 61% құрайды.
1999 жылы еркін құбылатын айырбас
бағамының енгізілуі принцип
бойынша валюталык бағам деңгейін
еркін нарық жағдайында анықтайтынын
білдіреді. Яғни, валюталық бағам сұраныс
пен ұсыныстың нақты арақатынасын қамтып
көрсетуге тиіс. Валюталық бағамның деңгейін
төлем балансының тұрақты міндетіне сәйкес
деңгейге, яғни ерекше қаржыландыру болжай
алмайтын жағдайға жеткізу қажет болғанда
ұлттық банк валюталық нарықты бейтараптандырады.
Осындай мақсатты көздеген Ұлттық банк
Қазақстан теңгесінің құнсыздануын инфляция
деңгейінде тұруы үшін валюталық бағамды
реттейді.[2; 5б.]
Экономиканың
шикізаттық бағытта болуы салдарынан
экспорттық валюта түсімінің
көлемі шикізаттың әлемдік бағасының
конъюнктурасына тым тәуелді
және өте-мөте тұрақсыз, ал бұл
төлемдік баланс жағдайына және
ұлттық валюта бағамының тұрақтылығына
тікелей ықпал етеді.
Экономиканың
долларлануының айтарлықтай деңгейде
сақталуы ақша-несие саясатының
тиімділігін төмендетеді, банк
жүйесінің және экономиканың
нақты секторының әлсіздігін
арттырады, мемлекеттің кірісін
азайтады.
Шетелдік
инвестициялардың келуін ынталандыру
саясаты отандық және шетелдік
инвесторлардың теңсіз жағдайға
қойылуына алып келді.
Капиталдың
елден жылысуының жалғасуы Қазақстан
экономикасын дамытуға теріс
әсер етіп отыр.
Тартылатын
шетелдік капитал көлемін арттыруға
кедергі келтіретін бірқатар
факторлар бар, олардың ішінен
мыналарды атап керсетуге болады:
Қазақстан нарығындағы іскерлік
белсенділіктің төмендігі;
заңнама мен реттеуші шаралардың
көмескілігі;
ақша қаражатының телемсіздік
дағдарысымен шиеленіскен төмен
өтімділігі;
сенімді ақпараттың өткір
тапшылығы. [2; 5б.]
Бұдан басқа,
мемлекет рөлінің әлсіздігі сыбайлас
жемқорлық пен қызмет бабын
теріс пайдаланудың таралуына,
келісімшарт талаптарының орындалмауына
мүмкіндіктер туғызды; санаткерлік
меншік құқығын қорғау қамтамасыз
етілмейді.
Қазіргі елдегі
қаржы жүйесінің дамындағы
мәселелердің туындалуы, ол мәселелердің
барлығы ішкі және сыртқы саяси,
экономикалық, қаржы факторларына
байланысты болып отыр. Атап айтатын
болсақ, әлемдік қаржы нарығындағы
дағдарыстар, мұнай бағасының
өсуі, ақшаның құсыздануынан, инфляцияның
шарықтауы несие операцияларының
дамуына кері әсерін тигізуде.
Қаржы жүйесі
дамуының жеткіліксіз деңгейде
болуы, ол экономиканы монетаризациялау
деңгейінің салыстырмалы түрде
төмен болуынан және қолма-қол
ақша айналымы үлесінің жоғары
болуынан көрінеді. Экономиканың
шикізаттық бағытта болуы салдарынан
экспорттық валюта түсімінің
көлемі шикізаттың әлемдік бағасының
конъюнктурасына тым тәуелді
және өте-мөте тұрақсыз, ал бұл
төлемдік баланс жағдайына және
ұлттық валюта бағамының тұрақтылығына
тікелей ықпал етеді.
Экономиканың
долларлануының айтарлықтай деңгейде
сақталуы ақша-несие саясатының
тиімділігін төмендетеді, банк
жүйесінің және экономиканың
нақты секторының әлсіздігін
арттырады, мемлекеттің кірісін
азайтады.
Дегенмен
де, халықаралық экономикалық қатынастардағы
болып жатқан мәселелерге қарамастан
Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылыққа
интеграциялануы, оның халықаралық
экономикалық қатынастар және
халықаралық енбек бөлінісіне
белсенді қатысуы дамып келеді.
3.2 Қазақстан Республикасының
халықаралық экономикалық қатынастарын
жетілдірудегі мемлекеттің саясаты