Экономиканы мемлекеттік реттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 06:29, курсовая работа

Описание работы

Әлемдік экономикалық қатынастар – жалпы экономикалық жүйенің басты компоненті. Әлемдік экономикалық қатынастардың біріншіден, әлемдік экономикалық қатынастардың өзі, яғни әр түрлі елдердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы экономикалық байланыстар, екіншіден, бұл байланыстарды іске асыратын тетіктер жатады.
Әлемдік экономикалық қатынастар жүйесіне жеке елдер, интеграциялық бірлестіктер, сонымен қатар жеке кәсіпорындар арасындағы материалдық игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбас жасау және тұтыну бойынша өтелетін қатынастар тетігі кіреді.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................3-4
1. Әлемдік экономикалық қатынастар түсінігі
1.1 Әлемдік экономикалық қатынастардың пайда болуы, даму бағыттары......5-7
1.2 Әлемдік экономикалық қатынастардың мазмұны, құрылымы....................8-10
1.3 Әлемдік экономикалық қатынастарды реттеудегі халықаралық
экономикалық ұйымдардың ролі...................................................................11-15
2. Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық кеңістікке енуі және даму бағыттары
2.1 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастардағы орны..........................................................................................................16-17
2.3 Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы экономикалық кеңістіктің дамуы..................................................................................21-23
3. Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастарға енуіндегі мәселелер мен жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастарға енуіндегі мәселелер..................................................................................24-26
3.2 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастардағы орнын жетілдірудегі мемлекеттің саясаты................................................27-29
Қорытынды.................................................................................................30-31
Пайдаланған әдебиеттер..................................................................................32
Қосымша ...................................................................................................33

Работа содержит 1 файл

курсЭМР.docx

— 34.52 Кб (Скачать)

Мазмұны

Кіріспе

      Қазіргі  кезеңде Қазақстан Республикасы  әлемдік экономикалық қоғамдастыққа   кіру жағдайында, оның сыртқы  экономикалық байланыстары дамып,  жаңа сапалық өзгерістерге көшіп  келеді. Сол себептен де әлемдік  экономикалық қатынастар мәселелері  зор маңызға ие болып, әлемдік  қатынастардың даму жағдайы мен  қызметін үйренудің қажеттілігі  артады.

      Соңғы 50 жылдықтағы әлемдік шаруашылылықтың   үдерісі әлемдік экономикалық  қатынастардың серпінді дамуымен  тығыз байланысты. Әлемдік шаруашылыққа  әсер етіп оны түбегейлі өзгертетін  басты үдерістер, әлемдік шаруашылық  пен капиталдың, қоғам мен адамдардың  тіршіліктерінің негізгі түрлерінің  интернационалдануы және ғаламдануы. 

      Әлемдік  дамудың түбегейлі заңдылығы  дүниежүзілік экономиканың өздігінен  дамушы жүйе ретінде біртұтастығында  және оның өзара байланысының  тұрақты артуында.

      Сонымен  қатар бұл жүйенің кейбір бөліктері   көлемдік және құрылымдық сипаты  бойынша  әлемдік шаруашылықтың  қатынастарға әр түрлі енгені. Қандай да болмасын елдің, оның  жеке аймағының әлемдік маңызы  оның экономикалық әлуетімен,  әлемдік тауар өндіру, технология, қаржы жүйесіндегі орнымен, жалпы  экономикалық серпінділігімен анықталады.

      Әлемдік  экономикалық қатынастар – жалпы  экономикалық жүйенің  басты  компоненті. Әлемдік экономикалық  қатынастардың  біріншіден, әлемдік  экономикалық қатынастардың өзі,  яғни әр түрлі елдердің шаруашылық  жүргізуші субъектілері арасындағы  экономикалық байланыстар, екіншіден,  бұл байланыстарды іске асыратын  тетіктер жатады.

      Әлемдік  экономикалық қатынастар жүйесіне  жеке елдер, интеграциялық бірлестіктер, сонымен қатар жеке кәсіпорындар  арасындағы материалдық игіліктер  мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбас  жасау және тұтыну бойынша  өтелетін қатынастар тетігі кіреді.

      Қазіргі,  әлемдік экономикалық қатынастардың  дамуының алғы шарты – әлемдегі  жұмыс күшінің табиғи ресурстардың, техникалық құралдардың негізгі  және айналым капиталының ғылыми  – техникалық әлуеттің орналасуындағы  географиялық және тарихи қалыптасқан  теңсіздік болып саналады. Әлемдік  сыртқы экономикалық қызмет барлық  елдерде бірнеше функциялар атқарады: ұлттық және әлемдік экономикалық  дамудың деңгейін теңестіруге  әсер етеді; ұлттық және әлемдік  өндіріс шығындарын салыстыруға  мүмкіндік береді; әлемдік еңбек  бөлінісінің артықшылықтарын іске асырады, және соның  негізінде, ұлттық экономиканың тиімділігінің артуына әсер етеді.

      Бұл функциялар  Қазақстан Республикасының  сыртқы  экономикалық қызметіне де тән.  Сонымен бірге олардың Қазақстанда   өзіндік ерекшеліктері бар. Олар, бір жағынан ұлттық экономиканың  осы заманғы даму кезеңімен,  оның реформалануымен, нарықтық  қатынастардың дамуымен, екінші  жағынан Қазақстанның әлемдік  экономикаға интеграциялану үдерісінің  тереңдеуіменде  анықталады. Оған  тек қана шикізаттарды экспорттау  және дайын өндірістік тауарларды  импорттау негізінде сыртқы сауда  айналымын кеңейту ғана емес, сонымен қатар әлемдік өндірістік, ғылыми – техникалық, инвестициялық  ынтымақтастықка кіруі, әр түрлі  меншіктегі кәсіпорындардың сыртқы  экономикалык қызметке кең түрде  қатысуы тән.

1. Әлемдік экономикалық  қатынастар түсінігі

1.2 Әлемдік  экономикалық  қатынастардың мазмұны,  құрылымы 

      Бұл өзара  әрекет ету, жақындасу, ынтымақтасу   қарама – қарсы диалектикалық  сипатқа ие. Әлемдік экономикалық  қатынастардың диалектикасы мынада, жеке елдердің ұлттық экономикалық  тәуелсіздікке, ұлттық шаруашылықты  нығайтуға ұмтылуы, нәтижесінде  әлемдік шаруашылықтың интернационалдануына, ұлттық экономикалардың ашықтығына, халықаралык еңбек бөлінісінің  тереңдеуіне алып келеді.

      Әлемдік  экономикалық қатынастар – жалпы  экономикалық жүйенің басты қозғаушы  күші.

      Әлемдік  экономикалық қатынастар жүйесіне  жеке елдер, интеграциялық бірлестіктер, сонымен қатар жеке кәсіпорындар  арасындағы материалдық игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбас жасау және тұтыну бойынша өтелетін қатынастар тетігі кіреді.

      Әлемдік  экономикалық қатынастардың дамуының  алғы шарты – әлемдегі жұмыс  күшінін, табиғи ресурстардың, техникалық  құралдардың негізгі және айналым  капиталының, ғылыми – техникалық  әлуеттің орналасуындағы географиялық  және тарихи қалыптасқан теңсіздік  болып саналады.

      Негізінде  әлемдік экономикалық қатынастар  олардың субъектілерінің әлемдік  еңбек бөлініске қатысу жолымен  іске асырылады. 

      Әлемдік  экономикалық қатынастарды іске  асыруға сонымен бірге саяси,  әлеуметтік – экономикалық, құқықтық  және басқа да факторлар әсер  етеді.

        Әлемдік  экономикалық қатынастардың макродеңгейіндегі  тетігіне оларды іске асыруға  байланысты ұйымдық, құқықтық  нормалар мен құралдар (әлемдік  экономикалық келісім шарттар  мен келісімдер және т.б.), әлемдік  экономикалық ұйымдардың әлемдік  экономикалық қатынастарды мақсаттарына  жеткізу үшін үйлестіре дамытуға  бағытталған қызметі кіреді.

      Осы заманғы  әлемдік экономикалық қатынастар  елеулі, тұрақты, мемлекет аралық  реттеуді талап етеді. Әлемдік  экономикалық қатынастарды іске  асырудың микродеңгейін әлемдік  маркетинг жүйесі және сыртқы  экономикалық қызметті ұйымдастыру  мен оның техникасы кіреді. Әлемдік  маркетинг, жалпы (ішкі) маркетингпен  сырттай ұқсастығы болғанымен, кәсіпкерлікті  әлемдік деңгейде баскарудың  айрықша кұралы ретінде көрінеді. Оның айрықша сипаты ұлттық  нарықтардың ерекшеліктерін, сонымен  бірге тауарлар мен қызметтердің  әлемдік нарығының зерттеу әдістерімен  білінеді.

     Әлемдік экономикалық  қатынастардың құрылымына мыналар  кіреді:

Әлемдік еңбек бөлінісі.

Тауарлар және қызметтермен әлемдік сауда.

Капиталдар мен шетел  инвестицияларының әлемдік қозғалысы.

Әлемдік жұмыс күшінің  миграциясы.

Әлемдік валюталық – қаржылық және несиелік қатынастар

Әлемдік экономикалық интеграция. [4; 9б.]

      Әлемдік  экономикалық қатынастар жеке  елдер немесе әлемдік экономикаға  негізделе отырып көп жағдайда  олардың дамуына байланысты   болады.

      Бірақ, әлемдік  экономикалық қатынастар дами  келе, өз заңдарына бағынатын  дербес кұбылысқа, әлемдік шаруашылықтың  әрекет ету және даму түріне, оның ішкі тетігіне айналады.

      Әлемдік  экономикалық қатынастардың қызметтері  келесілермен көрінеді;

Әлемдік экономикалық қатынастар халық шаруашылығының прогрессивті салаларын дамыту жолымен қоғамдық өндірістің құрылымын жетілдіруге, бүкіл өндірісті қайта техникалық жарақтандыруға мүмкіндік береді. Себебі экспортқа өнім шығару бүкіл өндірістік үдерістің технологиясын өзгертуді  талап етеді.

Экспортқа бейімделген ғылымды  қажетсінетін өндіріс салаларын  дамытуға жағдай жасайды. Экспортга  ғылымды қажетсінетін тауарлардың  үлес салмағы жоғарылайды.

Экспортта қызметтің үлес салмағы (электронды есептеу машиналары үшін бағдарламалар), әлемді жеке елдердің ақпараттық экспансиялауы іске асады.

Әлемдік несие орталықтары  ретінде банктердің ролі артады, олар ішкі шаруашылықты ғана емес, әлемдік  шаруашылық байланыстарының барлық түрлерін бақылайды.

Өндірістің техникалық және технологиялық деңгейінің артуына  байланысты ішкі және сыртқы нарықта  өте сапалы тауарлар өткізіледі. Нарықта  бәсекеге қабілеттілік факторы ретінде  тауар сапасы алға шығады.

Елге шетел капиталының  келуі артады. Оның себебі несиелік пайыздың мөлшерінін жоғарылығы, жалақы деңгейінің айырмашылығында ұлттық ерекшеліктерді, олардың мамандануын  пайдалану және т.б. болып табылады.

Патенттер, лицензиялар, ноу-хаулар экспорты ұлғаяды. Ол ғылыми зерттеу, ғылым  үшін кадрлар дайындау щығындарын үнемдеуге  мүмкіндік береді.

Әлемдік экономикалық қатынастар шикізатқа және басқа да ресурстарға  бай, жаңа елдерді экспансиялауға мүмкіндік  береді.

Әлемдік экономикалык қатынастар жұмыс күшін экспорттауға мүмкіндік  береді. Шеберлігі жоғары жұмысшыларға көп еңбек ақы беру жолымен  немесе өте арзан жұмыс күші экспортталады. [4; 9б.]

2. Қазақстан Республикасының  әлемдік экономикалық кеңістікке  енуі және 

     даму бағыттары 

2.1 Қазақстан Республикасының  әлемдік экономикалық қатынастардағы  орны 

      Қысқа мерзім  ішінде Қазақстанды егемеңді  тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзінің 120-дан астам елі мойындады.  Минералды ресурстарға бай Қазақстан  шетел капиталын өзіне тартып, 200-дей біріккен кәсіпорын құрылды.  Өнеркәсібі дамыған елдермен (АҚШ,  Германия, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея т.б.)  халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту жүзеге асуда. Осындай игі істер АСЕАН елдерімен, әсіресе – Индонезия, Малайзия, Сингапурмен жасалуда. Ынтымақтастық Таяу және Орта Шығыс еддерімен дамуда. Оларға: Түркия, Иран, Сауд Аравиясын жатқызамыз. Ресей, Өзбек, Қырғыз елдерімен экономикалыкқ қатынастар басым бағыттар ұстауда. Еуропа экономикалық одақ елдерімен Қазақстанның экономикалық қатынаста болуы үлкен стратегиялық мүдделілікті байқатады. Дәстүрлі экономикалық қатынастарды Қазақстан барлық ТМД елдерімен және Шығыс Еуропамен жалғастыруда. Қытаймен өзара ұзақ мерзімді қатынас жаңа деңгейге көтерілді. Қазақстан қазіргі кезде дүниежүзіндегі 60-тан астам елдермен сауда қатынастарын жүргізуде. [7; 3б.]

      Қазақстан  экономиканы реформалауда шетел   капиталын бәсекелестік негізде  тартуды алға қоюда. Ол экономиканың  күрделі мәселесін шешіп қана  қоймайды, жаңа технологияны әкелуді,  экспорттық өнімнің бәсекелік  қабілетін арттыруды көздеп, ішкі  нарықты өзімізде шығарылған  тауар мен толтыруды мақсат  етеді.

  Әлемдік экономикаға  қарай интеграциялану, бүгінгі таңда  Қазақстан экономикасын тығырықтан  алып шығудағы жүзеге асырылатын  басты міндеттердің бірі республиканың  әлемдік экономикалық қоғамдастыққа  тезірек бірігуі болып отыр. Мұнда  біз өз мүмкіндіктерімізді дұрыс  бағалап, әлемдік еңбек бөлінісінде  өз орнымызды табуға және осы  қоғамдастыққа кіру тәсілдеріне  байланысты болады. Осы күрделі  міндеттерді орындау үшін бізде  барлық қажетті алғы шарттар:  орасан зор шикізат, өнеркәсіп,  ауыл шаруашылығы және маман  кадрлар әлеуеті, нарықтық реформаларды  белсенді жүргізуге көмектесетін  тұрақты қоғамдық – саяси   жағдай сондай – ақ, Қазақстан  басшылығының шаруашылық жүргізудің  нарықтық түрлеріне өту қажеттігіне  деген берік сенімі мен осы  бағытта қолданылып жатқан шаралар  бар.

      Қазақстан  мемлекетаралық қатынастарға 1992 жылдан  бері шығып келеді. Сол уақыттан  бері 40-тан астам мемлекеттің  іскер топтарының ресми адамдарымен  және өкілдерімен келіссөздер  болды. 20-дан аса сауда-экономикалық  келісімдерге қол қойылды. 

Информация о работе Экономиканы мемлекеттік реттеу