Экономикалык теориянын даму кезендери

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 17:50, курсовая работа

Описание работы

Экономикалық ілімнің тарихи қалыптасқан аты – саяси экономия.
Қазір бұл пәннің атын өзгертіп экономикалық теория деп жүр. Бұлай өзгертудің негізгі мәселенің түпкі мәнінде емес, өйткені ғылымның іргетасы, заңдылықтары өзгермейді. Адамзаттың жалпы даму ықпалына байланысты қатынастарды қарастырумен бірге экономикалық теория нақтылы тарихи даму заңдылықтарын да зерттеуі тиіс. Демек,жалпы адамзаттық көзқарасапен
бірге әр елде орын алған нақтылы өндірістік қатынастар, әлеуметтік-таптық қарым-қатынастарды да жоққа шығаруға болмайды. Әлемдік экономикалық ілімнің жетістіктерін басшылыққа ала отырып, оқулық авторлары ең бастысы рынок экономикасының қалыптасуы мен заңдылықтарына талдау жасайды.

Содержание

Кіріспе
І ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ САЯСИ ЭКОНОМИЯ ҒЫЛЫМЫ
1.1 Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасу кезеңдері
1.2 Экономикалық-математикалық модель жасау кезеңдері
ІІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОЙ-ПІКІРЛЕРДІҢ
ДАМУЫ
2.1 Қазақстандық экономикалық ойлау жүйесінің даму
ерекшеліктері руханилық кағыдасы ретінде
2.2Қазақстандағы экономикалық ой-пікірлердің даму
заңдылықтары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

Айнура курсовой.docx

— 84.03 Кб (Скачать)

   Қазақстан экономикасын реформалау  процестерінің негізі - әлеуметтік қолайлы қоғам құру. Бұл ретте ұлттық экономиканың теориялық алғышарттары мен экономикалық ой-пікірдің даму ерекшеліктері біздің 

жұмысымызда әлеуметтік саясат тұрғысында қарастырылады.

    Қазақ елінің егемендігімен қатар  тәуелсіздік жылдарының мерзімі  ұлғайған сайын оның әлеуметтік-экономикалық дамуының ғылыми теориясын жасау қажеттілігі де арта түсуде. Қоғамның эволюциялық даму жолдарында экономика саласындағы ғылыми дәлелдеу егемен елімізде рыноктық экономика қалыптасумен қатар рухани қажеттіліктердің негізін де құруға мүмкіндік береді. Халықтың ұзақ жылдардан кейінгі өзін-өзі тануының жаңа кезеңі ұлттық ғылыми ортаға қоғамның экономикалық ілімдер тарихын зерттеуде маңызды талаптар қойып отыр. Қазақстан ғалымдарының өткенді електен өткізудегі табанды әрекеттері болашақтағы тұрақтылықтың кепілі болып табылады.

     Қазақстан республикасының Президенті  Н.Ә.Назарбаев «В потоке истории» атты еңбегінде: «Біздің ұлттың тарихын бағалау, әрине, зерттеушілер мен әдістемелік ой-пікірлерге ыңғайлы болу үшін бұрынғы кестеге негізделеді, бірақ отаршылдықтың барлық кезеңдеріндегі олардың механизмдері мен тарихи жағдайларының әртүрлілігінің тұтастай түсіну қазақ ұлтының тағдыры туралы көптеген мағлұматтар беруі тиіс. Өйткені, жақын кезеңдердегі «естеліктердің тарихи іздері» өте маңызды және әлемнің, оның ішінде қазақ дүниетанымына,іс-әрекетіне,бағалауына тікелей әсер етеді»,(1, 16-б) деп атап өтті. Қазақ халқының экономикалық өмірі мен ой-

санасының қалыптасуын әлемдік үрдістен бөлек  қарастыруға болмайды.

     Қазақстанның экономикалық және  саяи жағдайын талдап қарастырғанда,  алдымен оның тарихи қалыптасуына  көңіл бөлу қажет. Диалектикалық  тұғыдан уақыт кезеңдерін - өткен шақ, бүгінгі күн және болашақты байланыстыра отырып, елдің ертеңін жасау, ақиқатқа жетудің дұрыс шешімі болары сөзсіз. Қазақстан экономикасының дәстүрлі құрылымы, өзіндік ерекшеліктері бартұтас әлеуметтік-экономикалық түрінде емес, керісінше Қазақстандағы ескі патриархалды-рулы-қауымдық шарушылық құрылымынан арылу жолындағы мемлекеттің революциялық-жаңару

мақсатындағы  саясатының объектісі ретінде қарастырылды. Ресей 

империясының, кейіннен КСРО құрамыеда болған кез келген аумақтың, оның ішінде Қазақстанның да, дәстүрлі-шаруашылық құрылымының қалыптасуы мен дамуының ғылыми және объективті мағынасы аталған сбептер салдарынан өз дәрәжесінде ашылмады. Өткен ғасырдың бас кезінде елімізде маман экономист-теоретиктер болмаса да қазақ з иялылары экономикалық мәселелерге көңіл бөліп, өз пікірлерін білдірген. Экономикалық ойлау жүйесінің дамуы барысындағы дәстүр мен жаңашылдық арақатынастарын байланыстыра анықтау барысында қазақстандық зерттеушілер ұлттық тарихымызға терең үңілуде. Еліміздің экономикалық ой-пікірін зерделеген қазақстандық ойшылдар С.Е   Толыбеков, М.Елеусізов, Д.Қ. Қабдиев, Ғ. Чуланов, С.Б. Бәйішев, Т.Ә. Әшімбаев, С.А. Сүндетов, Я.А. Әубәкіров, А.Қ. Қошанов, Р.Е. Елемесов, Е.Б. Жатқанбаев, С.С. Сатыбалдин, Б.Б. Байжұмаев, С.Ә. Досқалиев, Ө.Қ. Шеденов және т.б. еңбектерін атап көрсетуге болады. Бұл еңбектерде еліміздің экономикалық қалыптасу ерекшеліктері мен әлеуметтік– экономикалық жағдайы қарастырылады. Сондай-ақ, белгілі себептермен Қазақстанға жер аударылған орыс зерттеушілері: Ц.Л Фридман, П.Г. Галузо, Н. Коншин, И.О. Валь, С.И. Руденко, П.П. Румянцев, С.А.Нейштадт зерттеулерінде Қазақстандағы шаруашылықтың құрылысына, экономикалық жағдайына, Қазақстандағы аграрлық қатынастардағы өзгерістерге жеке талдау жасалған. Дегенмен, Қазақстандағы экономикалық ой-пікірдің даму заңдылықтары экономикалық теория тұрғысынан толықтай зерттелінді деп айта алмаймыз. Ғылым мен білімге, техника әлеміне талпынған,рухани өмірі мен қызметін тек өз халқына арнаған, жеке басқа табынушылық қалыптаса бастаған жылдардағы тұлғалардың бірі Смағұл Сәдуақасов туралы жаңаша ой түюдің реті де егемендік алған жылдарымыздан бастау алады. Оның ойынша, елімізді индустрияландыру мәселесі шет аймақтардағы кедей шаруашылықтарды көтеру, сол арқылы аймақтарды өнеркәсіпке тарту болды.

Орыс  буржуазиясы фабрикалар мен заводтарды өз іргесінен салып, шикізатты шет  аймақтардан алып отырса, социалистік  өнеркәсіптік

шаруашылық  мақсатына сәйкестік қағыдасымен  дамытылуға тиіс. Мешеу аймақтарды социалистік құрылысқа қосудың  мәні осында, шет аймақтарға өндіріс  салу арқылы совет үкіметін одан әрі  нығайтуға мүмкіндік туады. Сонда  республикада шығатын шикізаттарды алысқа апармай, нақ Қазақстанда  өндірістер салып, оларға жергілікті халықтың өзінен жұмыскерлер, мамандар даярланады деген ұсыныс айтады. Яғни, С.Сәдуақасов бұл мәселені Қазақстан дәстүрінде қалыптасқан қоғамдасып өмір сүру әдісімен байланыстырып, оның ең тиімді жолын  ұсынады. Сонымен  қатар, ол Қазақстанның шикізат көзі ретіндегі сипатын  жою үшін ұлттық өнекәсіпті дамыту идеясын ұсынады. 1927 жылғы осы                          конференцияда сөйлеген сөзінде ол: «Крайком секретарымен теориялық бәсекеге түсу -  ұлт өкілі үшін үмітісіз іс, бірақ соған қарамастан, көзге ұрып тұрған жөнсіздіктерді көрсетпеуге тағы болмайды... Адам ата заманынан бері кісілер байпақ жамап, күрек жөндеп келеді, алайда оны осы уақытқа дейін ешкім «өнеркәсіп», әсіресе «өнеркәсіп саласының негізгісі» деп атаған емес. Темір жолмен Қазақстаннан жуылған жүн, Ресейден осы жүннен тоқылған шұғаны кері тасығаннан гөрі, Қазақстаннан  бірден дайын шұға шығару жөн емес пе?»,- деген тұжырымдамасы қазіргі кезеңге, болашаққа маңызы өте зор    

терең экономикалық ой-пікір екенінде ешбір күмән жоқ. Қазақстан Республикасы шетелдерге шикізат қоры болып қалмауы керек. ҚР Президенті еңбектерінде осы мәселе жиі қайталанып келеді. Шикізат, мұнай- газ, металл т.б. сияқты ауыл шаруашылығының өнімдерін шетке арзан бағамен сату ел экономикасына тиімсіз екені аян.

     Біздің ойымызша, С. Сәдуақасовтың  экономикалық көзқарастарының жүйесі  неміс экономисі Ф.Листің «өнеркәсіптік тәрбиелеу» концепциясымен үндестігі байқалады.

        
 
 

ҚОРЫТЫНДЫ

     Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы ежелгі заманнан басталады. Алғашқы қауым адамдарының өндіріс айырбас тіршілік игіліктерін бөлу және тұтыну қатынастары жөнінде белгілі бір түсініктері болған. Экономикалық ілім – ертедегі ең ескі және бай тарыхы бар ғылымдардың бірі. Экономикалық ойдың алғашқы көзін біздің дәуірімізге дейін ІІІ-ші ғасырда ертедегі грек ойшылдары Ксенофонт (б.д.д. 430-355 ж.ж.) пен          Аристотельдің (б.д.д. 384-322 ж.ж.) еңбектерінен табуға болады. Экономикалық (тауарлы-ақша) байланыстардың дамуы феодалдық тұйықтылықты жоюға және мемлекеттің пайда болуына әсерін тигізеді. Ол сол кездердегі жеке игіліктерді жүргізумен шектелмей, жалпы ұлттық мемлекеттік шаруашылықты жүргізудің жалпы ережесін анықтаудың алғашқы талпыныстарымен бірге пайда болды. Мемлекеттік шарущылықты жүргізудің жалпы ережесі «саяси экономия» деген атқа ие болды. Экономикалық ілімдер тарихы ғылым ретінде XVII-ғасырда пайда болып, осы кезде тауарлы-ақша қатынастары кең дамып, оның даму заңдылықтарын қарастыру мен зерртеудің бастауы болып табылады. «Меркантелизм» бірінші экономикалық ілім болып табылады. Экономикалық ой-пікірлердің ғылыми тұжырымдалып қалыптасуы сауда, өнеркәсіп капиталының дами бастауына байланысты болды. Бұл кезең негізінен Еуропада XVI – XVII ғасырларды қамтиды. Ал Ресейде тауар-ақша қатынастары 1861 жылғы реформадан соң дамыды. Қазақстан елінде ХІХ ғасырдың соңы, ХХ ғасырдың басында сауда капиталы, тауар-ақша айналымы, халықаралық рынок, еңбек бөлінісіне қамту процесі бірте-бірте жанданған. Еліміздің Солтүстік, батыс аймақтары Ресеймен тауар айналысына басым қатынаста болса, Оңтүстік Шығыс, Орталық аудандарға Орта Азия, Қытай т. б. елдердің саудагерлері жиі келе бастады. Тарихтағы белгілі «Жібек жолы» осының айғағы. Тауар-ақша қатаңасының экономикада үстемдік етуін белгілі ақын Шортанбай төмендегіше суреттеген еді:

Мініп көрер күші жоқ,

Сауып ішер сүті жоқ,

Ақша  деген мал шықты.

Бұдан, ақынның натуралдық тұйық шаруашылықты көксеуімен бірге, тауар- ақша қатынасының алғашқы қадамдарын бейнелегенін байқаймыз.

Экономикалық  ғылым үш ғасыр бойы (XVII-XIX ғ.ғ.) саяси экономия ретінде дамыды. Экономикалық ілімнің анықтамасында таптық көзқарастың басымдылығын дәлелдей отырып, К.Маркс оны кеңінен қолдануды ұсынды.

   «Экономика ғылымының ғылыми мақсатын терең түсіну үшін ең жақсысы ұлы үш экономистердің, А.Смит, К.Маркс және Дж.М.Кейнстің еңбектерін зерделеп оқу жеткілікті » - дейді американдық белгілі экономист, жаңа институционалдық бағыттың өкілі Р.Хайлбронер. Бұдан артық экономика ғылымына беріліе баға жоқ секілді.Себебі Роберт Хайлбронер келтірген бұл үш атақты экономистер экономика ғылымында түбегейлі өзгеріс жасау арқылы өз есімдерін мәңгілік қалдырған ғалымдар. Олар экономикалық жүйелердің нарықтық, жоспарлы, аралас түрлерінің негізін қалаушылар.  
 
 

                                                                       
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

  1. «Экономикалық теория» - Я.Ә. аубакіров, Б.Б. Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П. Табеев, Алматы «Қазақ университеті»,1999 ж, 5-17.
  2. Осипова Г.М. «Экономикалық теория негіздері», Алматы, 2002 ж., 4- 33 бет
  3. «Экономикалық теория» - Я.Ә. аубакіров, Б.Б. Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П. Табеев, Алматы «Қазақ университеті»,1999 ж, 5-17.
  4. Крымова В. «Экономикалық теория», Алматы, 2003ж. 3,13,57 т.б.
  5. Назарбаев Н.А. В потоке истории.- Алмат: Атамұра, 1999 – 296 с.
  6. К.Ә. Берденова, С.Ф. Ильясова, Б.Т. Тәшенов. Қазақ қоғамындағы әкімшілік-шараушылық жүйелерінің эволюциясы: оқу құралы.-Алматы: Экономика, 1999.-Б.134

Информация о работе Экономикалык теориянын даму кезендери