Экономикалык теориянын даму кезендери

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 17:50, курсовая работа

Описание работы

Экономикалық ілімнің тарихи қалыптасқан аты – саяси экономия.
Қазір бұл пәннің атын өзгертіп экономикалық теория деп жүр. Бұлай өзгертудің негізгі мәселенің түпкі мәнінде емес, өйткені ғылымның іргетасы, заңдылықтары өзгермейді. Адамзаттың жалпы даму ықпалына байланысты қатынастарды қарастырумен бірге экономикалық теория нақтылы тарихи даму заңдылықтарын да зерттеуі тиіс. Демек,жалпы адамзаттық көзқарасапен
бірге әр елде орын алған нақтылы өндірістік қатынастар, әлеуметтік-таптық қарым-қатынастарды да жоққа шығаруға болмайды. Әлемдік экономикалық ілімнің жетістіктерін басшылыққа ала отырып, оқулық авторлары ең бастысы рынок экономикасының қалыптасуы мен заңдылықтарына талдау жасайды.

Содержание

Кіріспе
І ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ САЯСИ ЭКОНОМИЯ ҒЫЛЫМЫ
1.1 Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасу кезеңдері
1.2 Экономикалық-математикалық модель жасау кезеңдері
ІІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОЙ-ПІКІРЛЕРДІҢ
ДАМУЫ
2.1 Қазақстандық экономикалық ойлау жүйесінің даму
ерекшеліктері руханилық кағыдасы ретінде
2.2Қазақстандағы экономикалық ой-пікірлердің даму
заңдылықтары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

Айнура курсовой.docx

— 84.03 Кб (Скачать)

    Қазақ халқының фольклоры, яғни  ауыз әдеби адамның ұдайы өндірісін  және адамдар арасындағы экономикалық  байланыстарды айқындайды. Қазақ  жазу өнері, ғылым мен білім,  мәдениеті дамымаған кезеңде  де ауыз әдебиеті ерекше дамыған  ел. Ол кездің өнерін түгел  ел болып ұғынатын  болғандықтан, айтылар ой көпке бірдей болып  айтылатын нақылдардан туындап,  қоғамдық саяси көзқарастары  мен әлеуметтік-экономикалық пікір қалыптасқан.

    Қазақ «халық айтса қалып айтпайды»,- дейді. Халықтың көрегендігі, даналық сөздері экономикада әлі ғылыми талдауға   түскен  жоқ.   Қазақта

Аристотель, Ксенофонт, Платон сияқты экономикалық жүйе құрған ұлы ойшылдар болмағанмен, қазақ ойшылдарының даналық сөздері, ой-пікірлері

ауыз  ба ауыз осы кезеңге, яғни бізге дейін  жетуі оның өзгеше ерекшелігі.

Халық даналығын, данышпандарымыздың ой-тұжырымдарын зерделей келе байқағанымыз, бір Абайдың өзінің философиялық, экономикалық ой тұжырымдарының қазіргі өмірмен астасып жатуы кездейсоқтық емес деген шешімдеміз.

    Қазақ халқының өмір құбылыстарын  аса тапқырлықпен бейнелі сөздермен  айтуы ерекше бағалаған, осы  арқылы экономикалық-әлеуметтік тұжырым жасаған. Белгілі бір халықтың қоғам тіршілігінен, әлеуметтік және жеке меншік көрсететін метедологиялық индивидуализм қатынасын        зерделейді.Халықтың өзіндік өмірлік тәжірибесінен туындап, сол халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайынан хабар береді. Индивидтердің экономикалық мінез-құлқын бөлуді субьектлердің қызығушылығын ажырату

деп есептеуге  болады.

    Демократияландыру процесі тереңдеп, жариялықтың арта тусуі әрбір  халықтың ұлттық болмысындағы  ескерілмей, еленбей келген қасиеттердің  қаншалықты көп екенін көрсетіп  берді. 1991 жылға дейін «халық даналығы», «ұлттық экономика», «Қазақстанның экономикалық ой-пікірі» деген ұғымдарды зерттеу мүмкін болмады, өйткені ол ұлтшылдықты насихаттау болып саналды. Жоғары оқу орны студенттеріне пән ретінде де оқытылмады, соңғы он жылдықта ғана бір тақырып көлемінде ған дәріс оқылып, онда тек Абай, Ы.Алтынсарин, Ш.Уалиханов, Т.Рысқұлов т.б. ойшылдарымыз туралы қысқаша мағлұматтар ғана берілді. Сондықтан болар, халық ойшылдарының айтқаны ел санасында сақталып, қазіргі кезеңде еңбектері тек мұрағаттардан ғана табылып жатыр.

     Кезінде ХІХ және ХХ ғ.ғ.  тарихи мектеп өкілдері жазғандай  салт және дәстүр рационалды  тұрғыда қазақ қоғамындағы адам  іс-әрекетін анықтайды.

Бұл дәстүрлі экономика шеңберінде ұрпақтан ұрпаққа  ауысып келе жатқан ең көне жанры –  тұрмыс салт жырлары, ертегілер және мақал-мәтелдер, ақын-

жыраулардың өсиет өлеңдері, шешендік сөздер. Халықтың мұндай даналық сөздері адамдардың сан ғасырлық өмір тәжірибесінен  туатыны анық. Халық арасынан шыққан сауатты, өз заманының білімдар шешендері  сол кезеңнің саяси-әлеуметтік жағдайы, қазақ елінің ішкі-сыртқы халі, көрші халықтармен ара-қатынасын жырлайды. Айырбас тауар деңгейінде түсіндіріледі (Т-Т). Айырбастық қатынастар сапалық сипаттамалармен анықталады: түс, талғам, көлем, яғни пайдалылық зат немесе тауардың жеке қасиеттері ретінде беріледі. Сондықтан мына мақалдардың мәні аса жоғары:

     Еге білсең егін  тасқа да шығады     

    Жерге еткен жақсылық жерде қалмайды,- міне бұл жердің шаруға жайлылығы туралы қазақтың көзқарасы. Ұлы ғұлама У.Петтидің «Жер – байлықтың анасы» деген пікірін қазақ дәлме-дәл қазақша аударып тұрғандай.

   Сауда қатынасын қазақтардың  Ресейге бағынған кезеңдерде, яғни XYII ғ. мен XYIII ғасырларда дами бастады. Қазақстанда сауданың дамуына XYIII ғасырдың екінші жартысында орыс қалаларының салынуы игі әсер етті. Қазақстан территориясында қалалардың, станциялардың салынуы тауар мен ақша қатынастарының орнығуына ықпал етті. Сауда қолма қол ақша айырбасымен іске асырылып отырды. Қазақ сауда қатынасын төмендегідей топшылайды:

     Сауда сақал сипағанша

     Есепсіз дүние  жоқ.

    Ақша етуге тырысады,

    Есеп ұстауға тырысады.

   Саудада достық  жоқ

    Мақал-мәтелдерде «еңбек» тақырыбы үлкен орын алады. Еңбек етсең, шаруашылық басқарсаң, жерді игесең, яғни еңбектенсең ғана оның өнімін көресің. Қазақ ерте кезден-ақ еңбек пен білімді қатар қойғаны, оны салыстыра қарағаны қазақ халқының білімге деген құштарлығы қазақ ауых әдебиетінен де байқалады. 

Екпей егін шықпа, үйренбей білім жұқпас.

                              Жердің сәні – егін, ердің сәні – білім.

     Қоғамда білім мен еңбекке  бірдей мән беріледі. Бұл жерде  білім озық технологиялық әдіс  мағынасында емес, өндірістің бір  факторы ретінде көрсетілген.

    Мың малың болғанша, бір балаң ғалым болсын,- яғни байлықты тек тұтыну

қажеттілігіне жұмсама, одан да білімге жұмса деп  ақыл береді.

   Еңбек  процесінде білім мен тәжірибе  жинақталады, адамның біліктілігі  артады, адамның өзі өзгереді.

   Етікшіні балға мен біз асырайды,

  Егіншінің кетпенінің  жүзі асырайды,- бұнда мамандану идеясы мен еңбек бөлінісі А.Смиттің көзқарасы бойынша экономикалық өсудің негізгі факторы ретінде. Халықтың шаруашылық жүргізуге бетбұрыс жасауы байқалады.

   Талтаңдасаң талтаңда,

  ақшаң болса қалтаңда,- бұл жерде тұтынушы сұранысын тек нақты ақшалай сұраныс негізінде анықтауға болады деген дұрыс түсінік берілген. Бұл туралы А.Пигу де әл-ауқат теориясында атап өткен еді.

   Судың да сұрауы  бар,- бұл мақал ресурстардың шектеулігінен, ақылылық ұғымының уақыт бойынша да, кеңістік бойынша да таралатынынан хабар береді. Яғни, табиғи ресурстар шексіздік сипатынан шектелген, әрі арқылы ресурсқа айналады. Бұл мәселенің теориялық дәйектемесі алғаш рет ХХ ғасырда ғана Р.Коуздың еңбектерінде берілді.

   Абай  көзқарасымен қарасақ, «еңбек – есте сақтау қабілетін арттырады, білімді көбейтеді, керегін алып, керек емесін тастайды». У.Петти: «Еңбек – байлықтық атасы, ал жер – оның анасы» деген. Қазақтың мақал-мәтелдерінің көпшілігі еңбек күші туралы баяндалады.

      Жылай-жылай арық қазсаң,

     Күле-күле су ішесің

   Аталған  мақалдағы экономикалық идеяны, біздің пікірімізше, ХІХ ғасырдың  І-ші жартысынан классикалық политэкономияда Н.Сениор,             

Ф.Бастиа, Г.Кэри, т.б. еңбектерінде негізделген  «құрбандық» теориясы немесе «тұтынудан бас тарту» теориясы тұрғысында түсіндіруге болады. Ф.Бастиа«Экономические гармонии» еңбегінде де айырбастан экономикалық үйлесімділік туындайды дейді.Ол Сениордың «бас тарту» теориясына сүйене отырып,оны тек «ағымдық тұтынудың мерзімін келесіге қалдыру» ұғымын ұсынады. Еңбек – жұмысшының құбандығы, яғни жалақы үшін күрес, ал бас тарту – капиталистік құрбандығы, бұл жерде пайда үшін күрес туады. Яғни, «еңбек – бұл құрбандық» ретінде қарастырылады. А. Смит те кезінде еңбекке осындай анықтама берген. Бұл көзқарас марксистік теория шеңберінде қатты сынға алынғанымен, ХХ ғ. қайта жанданып, қазіргі уақытта «балама шығындар» немесе «жоғалған шығындар» әдістемесінде экономикалық талдауда кең қолданылады.

   Қазақ халқының экономикалық  ойлау жүйесі көне түркі заманынан  басталады десе де болады. Өйткені,  Талас,Орхон, Енисей өзендері  бойынан табылған Күлтегін, Тоныкөк  жазуларындағы «Аштықты тоқтықта түсінбейсің. Бір тойсаң аштықты түсінбейсің» деген сөздер дәлел. Әрине, бұл сөздер түркі алфавитімен Y-YI ғасырларда жазылса да, сол заманғы түркі тілі қазіргі қазақ санасымен астасып жатыр және сол кезеңде жазылғанымен әлеуметтік-экономикалық құндылығы әлі жойылмаған. 

2.2 Қазақстандағы экономиклық  ой-пікірлердің даму

заңдылықтары

Қазақстанның  даму тарихына көз тастар болсақ, ол бір ұрпақ өмірі барысында  патриархалды-феодалдық қатынасын мемлекеттік социализмге және ХХ ғасырдың 80-жылдарының ортасынан бастап әкімшілдік-әміршілдік жүйеден еркін рыноктық әлеуметтік бағытта дамитын экономикаға бет алды. Қазақ даласында болған патриархалды-феодалдық қатынастар қоғамның өндірістік күштерін дамытудағы басты кедергі болды. Сондықтан да адамдардың өндірістік қызметі алдыңғы ұрпақтың жинақтаған әдістері мен  

дағдыларын  қолданумен ғана шектелді. Көшпелілер өндірісіне ғылым мен техника  жетістіктері түрлі шаруашылықтың  ежелгі формалары да көп енгізілмеді. Бұған көшпелі халық арасындағы білімнің төмен деңгейде болуы және олардың басқа елдермен экономикалық қатынастарының әлсіздігі себеп  болды. Мысалы, революцияға дейін  қазақ халқындағы сауаттылар 2%-дан аспады. Ал, экономикалық байланысты айтар болсақ, ол тек Ресейге біріккеннен кейін ғана дами бастады. Қазақ қоғамындағы өндірістік күштердің дамуындағы кейбір алға жылжулар Орта Азияның басқа да халықтары сияқты тек Ресейге біріккеннен кейін ған іске аса бастады.

Демократияландыру процесі тереңдеп, жариялылықтың  арта түсуі әрбір халықтың ұлттық болмысындағы ескерілмей, еленбей келген қасиеттердің қаншалықты көп екенін көрсетіп берді. 1991  жылға дейін «халық даналығы», «ұлттық экономика», «Қазақстанның экономикалық ой-пікірі» деген ұғымдарды зерттеу мүмкін болмады, өйткені ол ұлтшылдықты насихаттау болып саналды. Жоғары оқу орны студенттеріне пән ретінде де оқытылмады, соңғы он жылдықта ғана бір тақырып көлемінде ған дәріс оқылып, онда тек Абай, Ы.Алтынсарин, Ш.Уалиханов, Т.Рысқұлов т.б. ойшылдарымыз туралы қысқаша мағлұматтар ғана берілді. Сондықтан болар, халық ойшылдарының айтқаны ел санасында сақталып, қазіргі кезеңде еңбектері тек мұрағаттардан ғана табылып жатыр.

     Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде былай  дейді: «Менің тарихқа ден коюымыздың  сыр-себебі бүгінгі күннің оқиғаларынан  тарихтың табын сезінгендігімізде,  яғни қазіргі әлеуметтік-экономикалық тіршілігімізде тарихтың белгілері, нәтижелері, таңбалары барлығын сезінуге бастайды».

    Қазақ халқының экономикалық  өмірі мен ой-санасының қалыптасуын әлемдік үрдістен бөлек қарауға болмайды. Экономикалық ғылымының жағдайы мен тарихы елдің әлеуметтік-шаруашылық деңгейімен, өмірде орын алып   отырған  мәселелердің   сипатымен   анықталады .   Қазақстан  

экономикасында  кеңес дәуіріне дейін патриархалды-феодалдық және колониалдық өндірістік қатынас басым болды.

   Қазан (1917ж.) дәуіріне дейінгі Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ой-пікірді бірнеше зерттеушілер зерделеген. Солардың қатарында М.Елеусізовтың«Экономические взгляды Чокана Валиханова» Д.Қабдиевтің

«Социально-экономические воззрения казахских просветителей демократов» (1996 ж.), «Развитие экономических мысли в Казахстане» (1978 ж.) еңбектерін атап көрсетуге болады. Елдегі экономикалық ой-пікірдің жандану себебі көптеген ғасырлар бойы шаруашылықтың көшпелі жүйесі жағдайында болған өлкедегі өндірістік күштердің баяу қарқынмен дамуы болды. Мал және мал өнімі көшпенді натуралды шаруашылықтың жалғыз тұтқасы болды. Онда малдың тұқымын жақсарту болмады және ғасырлар бойы шаруашылық бір әдіспен жүргізілді. Өндірістік күштердің төмен деңгейде дамуы рулық бірігу түріндегі кооперация мен жайылымдарды игеру үшін ұжымдық еңбекті талап етті.

     ХІХ ғасырдың аяғындағы көшпенді  шаруашылық дағдарысына байланысты  қоныс аударған орыстарға жақындау  солтустік-шығыс бөлігінде көшпенділердің отырықшылыққа ауысуы қажет болды. Сонымен қатар, шөл және жартылай шөл аудандарда бұрынғысынша көшпелі шаруашылық жалғаса берді. Рационалды мал шаруашылық жүйесі, оны интенсивтендіру, отрықшы егіншілік шаруашылығына өту қоныс аударған орыстардың егіншілік жасау тәжірибесіне обьективті байланысты болды. Қазақстанда мал шаруашылығынан егіншіліктің бөлінуі осылай жүрді.

    Халқымыздың экономикалық көзқарастары, қазақ зиялыларының еңбектеріндегі  әлеуметтік-экономикалық көзқарастарды жинақтау арқылы қазақстандық экономикалық ой-пікірді қалыптастыруға үдес қосылды. Сондай-ақ, еңбек Президенттік мәдени-мұра бағдарламаларына сай жазылды.

Информация о работе Экономикалык теориянын даму кезендери