Экономикалық талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 15:58, реферат

Описание работы

Экономикалық ілімдер тарихы адамзат қоғамы дамуының ажыратылмас бөлігі, онымен бірге дамып қалыптасты. Қалай өмір сүру, қажеттіліктерін, игіліктерді өндіру, бөлу процестеріндегі қарым-қатынастардың барлығы алғашқыда экономикалық ой-пікірлер, ілім негізінде қалыптасып, шаруашылықты жүргізудің белгілі бір әдісі түрінде көрінді. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде экономикалық ойлар мен ойшылдар көріне қойған жоқ.

Содержание

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Жалпы экономикалық талдау туралы анықтама
2.2. Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық қаржылан-дырудағы шығындар
2.3. Денсаулық сақтау саласын басқаруды жақсартудағы қаржылық реттеу бағыттары
2.4. ҚР фармацевтика саласында нарықтық экономиканың жағдайы
III. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

akmaral.docx

— 132.13 Кб (Скачать)

- ауыл медицинасын әрі  қарай дамыту мақсатында ғылыми  негізделген бағдарлама жасалып,  оның орындалуын қамтамасыз ету;

- тұрғындарының денсаулық  жағдайын әрі қарай медициналық  тексеруден өткізуді жалғастыру;

- әр түрлі науқастарды  диспансерлік бақылауға алып, айықтыру  шараларын қабылдап, орындау;

- Балалар мен аналар  денсаулығына айрықша көңіл бөліп,  оларды сауықтырудың барлық шараларын  алу;

- Жасөспірімдер денсаулығын  жақсарту,оларды емдеудің барлық  шараларын жүргізу;

- тұрғындарға қол жетерлік  сапалы медициналық көмекпен  қамту мақсатында оның орындалыун  бақылау;

Аурудың алдын-алу шараларына үлкен әлеуметтік мәселелердің орындалуын қарастыру.

4. Қызылорда облысында   соңғы жылдары денсаулық саласын  қаржыландыруға басты назар аударылуда. Облыс тұрғындарына шаққандағы  қаржылық көрсеткіштер республикалық  деңгейге деп айтуға тұрады. Себебі  Қазақстан Республикасы бойынша  2011жылы бөлінген жан басына  шаққандағы  қаржы 39373  теңгені  құраса, ал  біздің облысымызда  41047теңгеге тең. Бұл көрсеткіш  Республикаға қарағанда біршама  жоғары.  Демек, Қызылорда облысының  экологиялық аймақ әсеріненде  қаржы көлемі жоғары болып келді. Аудандар бойынша бұл көрсеткіш 2011жылы 38420 теңгені құрайды.Қаржылар көлемінің 3,2 есеге дейін жоғарылауына басты себеп «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының негізінде болып отыр.

5.Денсаулық сақтау саласындағы  ең маңызды мәселе – қолданылатын  дәрі-дәрмектердің сапасын және  тиімділігін арттыру. Қазіргі  жағдайда жүргізілген зерттеулердің  тиімділігін арттырып, науқастың  өмірін сапалы ұзартуда халыққа  медициналық көмек көрсетудің  маңызы зор.  Медициналық көмек  өз дәрежесінде әр адамға оның  әлеуметтік деңгейіне қарамастан  көрсетілуі тиіс.

6. 2011 жылы денсаулық сақтау  саласын  қаржыландыруға 23,9 млрд  теңге қаралып, 30,7 пайызға өсті. Тұрғындарды  жоғары мамандандырылған медициналық көмекпен қамтамасыз етуге 84,9 млн теңге бөлініп, 34,4% артты.  
Емдеу алдын алу ұйымдарының материалдық-техникалық базасын толықтыру, халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында Қызылорда қаласындағы бір ауысымда 500 келуші қабылдайтын қалалық емхана, 200 төсектік перинатальдық орталықтың құрылыстары аяқталып, 2012 жылдың алғашқы айында пайдалануға беріледі.

7. Денсаулық сақтаудың жаңа сапалы даму деңгейiне көтерiлуiне қызмет көрсету технологиясын, ең алдымен БМСК қызметiн түбегейлi өзгерту жолымен ғана қол жеткiзу мүмкiн. БМСК-ның қолжетiмдiлiгiн, тиiмдiлiгiн, сапасын арттыру және дамыту мақсатында жалпы дәрiгерлiк практика базасында БМСК-ны көрсетудiң ұтымды нысандарын және әдiстерiн әзiрлеу мен енгiзудi қоса алғанда, кешендi жетiлдiру жоспарлануда. Әлеуметтiк жұмыс институтын енгiзу жолымен медициналық-әлеуметтiк бағыттылықты дамыту көзделуде.

8. Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу нәтижесінің қол жетімділігінің тетігі мыналар болып табылатынын атап өту қажет:

- медициналық қызметті  жеткізушілер үшін нақты экономикалық  ынталар; 

- қабылданған шаралар  нәтижесін бағалау үшін көрсеткіштер  жүйесі және соңғы нәтиже бойынша  медицина қызметкерлерінің еңбекақысын  төлеу;

- республикалық және жергілікті  бюджеттердің функциялық өкілеттіктерін  нақты бөлу;

- денсаулық сақтау саласына  инвестиция тарту;

- жеке және қоғамдық денсаулық үшін мемлекеттің,  жұмыс берушінің және азаматтың ортақ жауапкершілігі теңгерімін белгілеу тетігін енгізу;

- сыбайлас жемқорлықтың  түрлі элементтерін жоя отырып, ашықтық және бақылауға алу.

Қазақстан Республикасында  фармацевтика саласын нарықтық экономика  жағдайына бейімдеу үшін қайта ұйымдастыру  үдерісі басталды. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»  Қазақстан Республикасының Кодексін іске асыруда дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың  және медициналық техниканың айналысы саласын реттейтін нормативтік  құқықтық актілер әзірленді. Мемлекеттік  қолдау шаралары отандық кәсіпорындардың  сапалы фармацевтикалық өнімдерін  өндіру көлемін және номенклатурасын  жыл сайын арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған.  

Дәрілік заттарды, медициналық  мақсаттағы  бұйымдар мен медициналық техниканы тіркеу, сертификаттау, сапасын, сондай-ақ олардың жарнамасын бақылауды қамтамасыз ету қызметі тәртіпке келтірілген.  Ұлттық ақпараттық дәрі-дәрмек орталығы құрылды.

Нормативтік құқықтық актілерді  Еуроодақ елдерінің нормаларына  сәйкес үйлестіру жұмыстары басталды. Қазақстан Республикасы Еуропалық  фармокопея комиссиясының ресми  бақылаушысы және дәрі-дәрмектердің жанама әсерлерінің мониторингі  бойынша ДДҰ-ның халықаралық бағдарламасының  толық құқықты қатысушы ел болды. Республикалық және жергілікті бюджеттер  есебінен сатып алынатын дәрілік  заттардың бағасын мемлекеттік  реттеу енгізілді, бұл олардың  бағасын орташа есеппен 30%-ға арзандатуға мүмкіндік туғызды.

Әлемдік тәжірибенің негізінде  дәрілік заттар мен медициналық  мақсаттағы бұйымдарды дистрибуциялаудың  бірыңғай жүйесі құрылды, бұл қаржы  қаражатын айтарлықтай үнемдеуге  және отандық препараттарды тұтыну үлесін бірнеше есеге арттыруға  мүмкіндік туғызды. Ауыл халқына  дәрілік көмектің жеке қолжетімділігін  қамтамасыз ету үшін дәріханалық  ұйымы жоқ 3000-нан астам ауылдық  елді мекенде БМСК объектілері арқылы дәрілік заттарды өткізу ұйымдастырылды.  Фармацевтика қызметінде қол жеткізген табыстармен қатар бірінші кезекте шешуді қажет ететін белгілі бір міндеттер  бар.

ТМККК тізбесіне сәйкес сапалы фармацевтикалық өнімнің қолжетімділігін  қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық дәрі-дәрмек саясатының жаңа жобасын  әзірлеу қажет. Кеден одағына  мүше елдердің фармацевтикалық жиынтық  нарығында импорт, АҚШ долларымен есептегенде 17 миллиардтан асады. Фармацевтика саласын қарқынды дамыту үшін шығарылатын  дәрілік препараттардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарын жүргізу қажет  және халықаралық нарыққа шығу керек, оның ішінде кеден одағы аясында түпкі өнім сапасын бақылау жүйесінен өндіру сапасын қамтамасыз ету жүйесіне, дистрибьюторлық және дәріханалық практикаға көшу қажет. 

Фармакоэкономика науқастарды емдеу және профилактикасы кезіндегі олардың тиімділігін, қауіпсіздігі мен шығын арасындағы қатынасты зерттейтін жеке ғылым саласы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

         1. Чубарев В.Н. Фармацевтическая информация : учебник (для студентов и интернов фармацевтических вузов и факультетов) / В.Н. Чубарев. — М., 2000

2. Герчикова И.Н. Маркетинг:  организация, технология. - М. Высшая  школа, 2000.387 с.

3. Голубков Е.П. Маркетинговые  исследования: теория, практика, методология. - М.: Финпресс, 2002.486 с.

4. Маркетинг /Под ред.  И.К. Беляевского. - М.: МЭСИ, 2002.340 с.

5. Современный маркетинг  / Под ред. Хруцкого В.Е. - М.: ЮНИТИ, 2002.338 с.

6. Туровский А.В. Введение в фармацевтическую информацию : учебно-методическое пособие / А.В. Туровский, И.В. Фролова. — Воронеж : ИПЦ ВГУ, 2009. 
    7. Давыдова О.Н. Руководство к практическим занятиям по фармацевтической информации / О.Н. Давыдова, В.Л. Дорофеев. — М., 2000.Медицинская газета. Профессиональное врачебное издание № 78 от 16 октября 2009г.

8. http://www.pharm.vsu.com, www.google.kz, www.yandex.kz.


Информация о работе Экономикалық талдау