Экономикалық талдау мақсаттары, әдістері мен тәсідері

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2012 в 07:41, контрольная работа

Описание работы

1. Детерминаттық талдаудың негізгі факторлар әдістерін өлшеу тәсілдері.
2. Экономикалық талдау мақсаттары, әдістері мен тәсідері.

Работа содержит 1 файл

Экономикалык талдау Оразбаева А.К..doc

— 220.00 Кб (Скачать)

      Ереже бойынша ШҚТ -да зерттелетін экономикалық құбылыстар орташа және қатысты  шамаларда  көрсетілетін сандық айқындылыққа ие болады.

      Абсолютті шамалар құбылыстардың сандық өлшемін өлшем бірлігінде, салмағында, көлемінде, бойында, алаңында,құнында және басқа құбылыстардың өлшеміне қатыссыз  көрсетеді.

        Қатысты көрсеткіштер басқа уақыт немесе басқа обьект бойынша алынған зерттелетін құбылыстардың басқа құбылыстардың шамасымен немесе осы құбылыс шамасымен арасалмағын көрсетеді. Қатысты көрсеткіштер салыстырмалы базаға қабылданатын бір шаманы басқа шамаға бөлу нәтижесінде алынады. Олар жоспардың, базистік жылдың, басқа кәсіпорынның  мәліметтері болуы мүмкін. Қатысты көрсеткіштер коэффициенттер (1базада) немесе пайыздар(100 базада) формасында көрсетіледі.

        Шаруашылық қызметті талдауда  қатысты шамалардың әртүрлі көрінісі  қолданылады: жоспарлы тапсырыс, жоспарды орындау, динамика, құрылымдар, үйлесімділік , қарқындылық, тиімділік.

      Қатысты шамалардың жоспарлы тапсырысы ағымдағы жылдың көрсеткіштерінің жоспарлы деңгейінің өткен жылғы деңгейіне немесе алдыңғы 3-5 жылмен арақатынасын көрсетеді.

      Қатысты шамалардың жоспарды орындауы – бұл көрсіткіштің нақты және жоспарлы деңгейінің арасындағы арақатынас, көбінесе пайыз түрінде көрсетіледі.

        Көрсеткіштердің белгілі бір  уақыт аралығында өзгеруін сипаттау  үшін қатысты шамалардың динамикасы  қолданылады. Ол ағымдағы жылдың көрсеткішінің шамасын оның алдыңғы кезеңдегі (ай, тоқсан, жыл) деңгейіне бөлу жолымен анықталады. Олар өсім қарқындары деп аталады және көбінесе пайыздар немесе коэффициенттер түрінде көрсетіледі. Қатысты шамалардың динамикасы базистік және тізбектік болуы мүмкін. Бірінші жағдайда динамикалық қатардың әрбір келесі деңгейі базистік жылмен салыстырылады, ал келесісінде - әрбір келесі жыл алдыңғысына қатысты болады.

        Құрылым көрсеткіші  – ол  пайыздар немесе коэффициенттер түрінде көрсетілетін қатысты үлес бөлігі ( үлестік салмақ). Мысалы, жалпы егіс алаңындағы дәнді-дақылдар егісінің үлес салмағы, кәсіпорынның жалпы жұмысшы санындағы жұмысшылардың үлес салмағы.

      Қатысты шамалардың үйлесімділігі  – бір бүтіннің бөліктері арасындағы қатынасты көрсетеді, мысалы, жұмысшы күші мен машиналары, негізгі өндірістік қорлардың актив және пассив бөліктері.

      Қатысты шамалардың қарқындылығы – белгілі бір кұбылыстың сәйкес салада дамуын, тарату деңгейін сипаттайтын, мысалы, тұрғындардың науқастық деңгейі, біліктілігі жоғары жұмысшылардың пайызы аталады.

      Қатысты шамалардың тиімділігі – ресурстардың немесе шығындардың тиімділік қатынасы, ысалы, өнім өндірісі 100га ауылшаруашылық алаңға, бір рубль шығынға,бір жұмысшыға.

        Экономикалық жұмыс тәжірибесінде  абсолютті және қатысты көрсеткіштер қатарына орташа шамалар жиі қолданылады. Олар Шаруашылық қызметті талдауда біртүрлі құбылыстардың белгілі бір белгісіне байланысты сандық жинақтау сипаттамасы үшін қолданылады. Мысалы, жұмысшылардың орташа жалақысы жұмысшылардың жиынтығын байқайтын еңбекақының деңгейін  жалпылама сипаттау үщін қолданылады. Орташа шамада зерттелетін құбылыстардың сәйкес белгісі бойынша жалпы, сипаттамалы, типтік түрлері көрсетіледі. Ол осы белгінің зерттелетін жиынтығының жалпы өлшемін көрсетеді, яғни бір санмен барлық обьектілердің жиынтығын сипаттайды. Орташа шаманың көмегімен әртүрлі обьектілер жиынтығын салыстыруға болады, мысалы, дақылдардың шығымдылық деңгейі бойынша аудандар, еңбекақы деңгейі бойынша кәсіпорындар және т.б.

        Шаруашылық қызметті талдауда орташа шамалардың әртүрлі үлгісі қолданылады: орташа арифметикалық (қарапайым және өлшенген), орташа үйлесімді, орташа геометриялық, орташа хронологиялық, орташа шаршылық және т.б.

      Шаруашылық  қызметті талдауда орташа шамаларды  қолданған кезде олар құбылыстардың  жалпы сипаттамасын беретінін ескеру керек. Осы жерде олардың күші және жетіспеушілігі. Нашар емес болып көрінетін жалпы орташа көрсеткіштердің артында, нашар жұмыс жасайтын бригадалардың, цехтардың және басқа щаруашылық  бөлімшелердің нәтижелері жасырын тұрады. Орташа мәліметтерден озат өндірістің жетістіктері де көрінбейді. Сондықтан талдау кезінде орташа шамалардың мазмұнын орташа топтық, кейбір жағдайларда жеке көрсеткіштермен толықтырып, ашып көрсету қажет.

      Шаруашылық  қызметті талдауда кең қолдануды ақпараттардың топталуы - зерттелетін обьектілер жиынтығының массасын сәйкес белгілері бойынша сапалы біртүрлі топқа бөлу алады. Егер статистика бұл әдісті жалпылама және  бір түрге келтіру үшін қолданса, онда талдауда топталу орташа шамалардың мағынасын түсіндіруге, бұл орташалардаға бөлек өлшемдердің ролін, көрсеткіштер арсындағы өзара арақатынасты білдіру үшін қолданылады.

        Тапсырмаға байланысты қисынды  үлгі, құрылымды және талдаулық  топталулар қолданылады.

        Қисынды үлгі топталуға мысал ретінде жұмыс бағыты бойынша халықтың топталуы, меншік формасы бойынша кәсіпорындар топтары бола алады.

      Құрылымды топталу көрсеткіштердің ішкі құрылымын, олардағы әрбір бөліктің қатынасын зерттеуге мүмкіндік береді. Олардың көмегімен мамандығы бойынша жұмысшылар құрамын, жұмыс стажын, жасын, өнімді өндіру нормасы, өнім өндірісінің жоспарын жасау деңгейі бойынша кәсіпорын құрамын, оның өзіндік құнын төмендету. Құрылымды топталу әсіресе министрліктің, бірлестіктердің жинақтамалы есептілігін талдауда көп мағынаға ие, себебі ол алдыңғы, орташа және артта қалған кәсіпорындарды айқындап беру мен жасырын резервтер мен алдыңғы тәжірибелердің іздеу бағыттарын анықтайды.

      Аналитикалық (тергеулі-себептілік) топталу  зерттелетін көрсеткіштердің арасындағы бағыттары мен байланыс формаларын және барын анықтау үшін қолданылады. Аналитикалық топталу сипаттамалық белгілері бойынша сапалы және сандық болады.

        Құрылу қиындығы бойынша топталудың  екі түрі бар: жай және құрастырылған. Жай топталудың көмегімен белгілі бір белгілері бойынша топталған құбылыстар арасындағы  өзара байланысты көрсетеді. Ал құрастырылғын топталуда бұндай бөлінілулер алдымен бір белгісі бойынша, содан соң  әрбір топ ішінде басқа белгілері бойынша жүргізіледі. Осылайша екі деңгейлі, үш деңгейлі топталу құрастырылуы мүмкін. Олар әртүрлі және күрделі өзара байланыстарды зерттеуге мүмкіндік береді. Бірақ олардың елеулі кемшілігін айтып кеткен жөн. Бұндай топталуларды құрастыру жоғарғы еңбек сыйымдылығымен және алынған нәтижелер өте қиын қабылдануымен ерекшеленеді. Сондықтан күрделі өзара байланыстарды зерттеу үшін бұл топталуды бірнеше жай топталумен алмастырған  жөн.

        Топталуды құрастыру кезінде  жиынтықтарды топқа бөлуге, топ  санын және олардың арасындағы  аралықтарды таңдауға шын қарау  керек, өйткені  талдау нәтижелері  осыған байланысты  қатты өзгеруі мүмкін.

        Топталуды құрастыру әдісін келесі  алгоритм арқылы қысқаша анықтауға  болады:

  1. талдау мақсатын анықтау
  2. барлық жиынтық обьектілер бойынша керекті мәліметтер жиыны
  3. топталу белгісі үшін таңдалуы бойынша жиынтықтарды тізімдеу (ранжиорвание)
  4. жиынтықтарды үлестіру және оларды топтарға бөлуі бойынша аралықты таңдау
  5. орташа топталған көрсеткіштерді топтамалық және нақтылық белгісі бойынша анықтау
  6. алынған орташа шамалардың талдауы, өзара байланысты анықтау және нақты көрсеткіштердің зерттелетін нәтижелерге ықпал ету бағыттарын анықтау.

        Құрастырылған топталуды құрастыру  жағдайында бұл алгоритм төртінші  және бесінші пункттерінің қайталануынан(бірнеше  рет) ұлғаяды. 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Басовский Л.Е. Теория экономического анализа: Учебное пособие – Москва: ИНФРА, 2005
  2. Басовский Л.Е. Экономический анализ (комплексный экономический анализ хозяйственной деятельности): УП – Москва: ИНФРА-М, 2005
  3. Шеремет А.Д. Теория экон. анализа: учебник – Москва: ИНФРА-М, 2003
  4. Савицкая Г.В. Анализ хоз. деятельн.: УП – Москва: ИНФРА-М, 2005
  5. Управленческий анализ. С.А. Бороненкова УП – Москва: ФиС, 2004
  6. Чернов Т.П. Экономический анализ: Торговля, общее питание, тур. бизнес: УП для вузов. Под ред. М.И. Баканова – Москва, 2003

Информация о работе Экономикалық талдау мақсаттары, әдістері мен тәсідері