Экономикалық талдау мақсаттары, әдістері мен тәсідері

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2012 в 07:41, контрольная работа

Описание работы

1. Детерминаттық талдаудың негізгі факторлар әдістерін өлшеу тәсілдері.
2. Экономикалық талдау мақсаттары, әдістері мен тәсідері.

Работа содержит 1 файл

Экономикалык талдау Оразбаева А.К..doc

— 220.00 Кб (Скачать)

          Сонымен қатар, қоршаған ортаның  көптеген құбылыстары мен процестері тек анализ көмегімен ғана таныла алады деп айта алмаймыз. Кей  кездерде адамның ойлау қабілеттілігіне сай келетін басқа тәсілдерді қолдану қажеттілігі туындайды. Бұл мағынада талдауға зерттелетін заттың әртүрлі бөлшектері арасындағы байланысты табатын синтез жақын келеді. Қазіргі кездегі диалектика шындықты зерттеудің ғылыми әдістері ретінде талдау мен синтездің бірлігінен шығады. Тек талдау мен синтез ғана біріккен күйде құбылыстардың жан-жақты диалектикалық байланысының ғылыми зерттелуін қамтамасыз етеді.

          Сонымен, талдау ұғымы кең көлемде кішкентай бөлшектерге бөлінген және олардың байланыстарының әртүрлілігіне қарамастан табиғат құбылыстары мен заттарын танудың тәсілі ретінде қарастырылады.

          Ғылым мен тәжірибеде талдаудың әртүрлі түрлері қолданылады: физикалық, химиялық, математикалық, статистикалық, экономикалық және т.б. Олар тәсіл, мақсат және объектілері бойынша ерекшеленеді. Физикалық, химиялық және басқа да талдауларға қарағанда экономикалық талдау экономикалық құбылыстардың абстракті-логикалық зерттеу тәсіліне жатады, мұнда микроскопты да, химиялық реактивтерді де қолдану мүмкін емес, тек абстракция күші ғана қолданыла алады.

          Адамның талдау қабілеттілігі  қоршаған ортадағы өз іс-әрекеттерін  әрқашан бағалап отырудың объективті қажеттілігінен туындады және жетілуде. Бұл еңбек пен ресурстарды анағұрлым эффективті жұмсаудың тәсілін іздестіруге итермелейді.

          Тұрғын халықтың санының өсуіне, өндіріс құралдарының жетілуіне,  адамзаттың рухани және материалдық қажеттіліктерінің өсуіне байланысты талдау дамыған қоғамның ең алғашқы өмірлік қажеттілігіне айналды. Қазірде талдаусыз адамның саналы қызмет етуі мүмкін емес. Ф.Энгельс талдаудың пайда болуының тарихи шекарасына мінездеме бере отырып, былай деп жазған: «Жаңғақты бөлудің өзі талдаудың бастамасы болады». Адамзаттың дамуына байланысты бөлінген жаңғақтар саны да өсуде, әрі оларды бөлу тәсілдері де жетілуде. Талдау объектілерінің шеңбері ұлғаюда, сонымен қатар талдаудың өзі де жетілуде.

          Саналы қызметі нәтижесінде адамдардың табиғи ортамен қарым-қатынастары бірте-бірте кеңейді, соның салдарынан адамдар әртүрлі объектілер мен құбылыстар жайлы өз түсініктерін тереңдетті. Бірте-бірте бұл объектілер мен құбылыстарды зерттеуге байланысты талдаудың тереңдетілген түрі қажет болды. Осылайша, математика, химия, медицина және басқа да ғылымдардағы талдау пайда болды.

          Бүгінде, экономикалық құбылыстар  мен процестерді макродеңгейде  зерттейтін жалпытеориялық экономикалық талдау мен бөлек кәсіпорындардың экономикасын зерттеу үшін қолданылатын шаруашылық қызмет талдауы – микродеңгейдегі нақты-экономикалық талдауын айыра білу керек. Егер, жалпытеориялық экономикалық талдаудың ғылыми тұрғыдағы дамуы алдыңғы ғасыр экономистерінің еңбектерінде көрініс тапса, ал шаруашылық қызмет талдауы ғылым ретінде салыстырмалы түрде жақын арада көрініс тапты.

         Материалистік диалектика барлық  құбылыстар мен процестерді тұрақты  қозғалыста, өзгерісте, дамуда қарастыруды  қажет деп санайды. Шаруашылық  қызметті талдау әдісінің бір сипаттамалық белгісінің қайнар көзі осында – тұрақты салыстырулардың қажеттілігі. Салыстырулар Шаруашылық қызметті талдауда кеңінен қолданылады. Қызметтің нақты нәтижелері өткен жылдардың нәтижелерімен, баса кәсіпорындардың жетістіктерімен, жоспарлы көрсеткіштерімен және т.б. салыстырылады.

      Материалистік диалектика әрбір процесс, әрбір  құбылысты қарама-қайшылықтардың күресі және бірлік ретінде қарастыру керектігін үйретеді. Осы арадан ішкі қарама-қайшылықтарды, әрбір процестің, әрбір құбылыстың оң және теріс жақтарын зерттеу қажеттілігі туындайды. Бұл да шаруашылық қызметті талдаудың сипаттамалық белгісінің бірі. Мысалы, ҒТП еңбек өнімділігінің артуына, рентабельділік деңгейінің өсуіне және т.б. оң әсерін тигізеді, бірақ қоршаған ортаның ластануы,  гиподинамия дамуы және т.б. сияқты оның теріс жақтарын да ескеру қажет.

      Талдауда  диалектикалық әдісті қолдану кәсіпорынның шаруашылық қызметін зерттеу барлық өзара байланыстарды есепке ала  отырып жүргізілуі керек екендігін білдіреді. Ешбір құбылыс дұрыс түсінікті болуы мүмкін емес, егер ол бөлек түрде, басқалармен байланыссыз қарастырылатын болса. Мысалы, өнімнің өзіндік құнының деңгейіне жаңа техниканы енгізу әсерін зерттей отырып, тікелей байланысты ғана емес, сонымен қатар жанама байланысты да ескеру қажет. Жаңа техниканы енгізу нәтижесінде өндіріс шығындары артатыны, сонымен бірге өнімнің өзіндік құны да артатыны белгілі. Бірақ мұнда өз қатарында еңбекақының үнемделуі мен өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне жағдай жасайтын еңбек өнімділігі өседі. Осыдан шығатын, егер еңбек өнімділігінің өсу деңгейлері жаңа техниканы ұстау мен іске қосуға кететін шығындарының өсу деңгейіне қарағанда жоғары болса, онда өнімнің өзіндік құны төмендейді, және керісінше. Яғни, осы немесе басқа да экономикалық құбылысты түсініп, дұрыс бағалау үшін басқа құбылыстармен барлық байланыстарын және өзара тәуелділікті зерттеп алу қажет. Бұл шаруашылық қызметті талдау әдісінің әдіснамалық белгісінің бірі.

     Жүйелі  көзқарас – зерттеу әдіснамасындағы  бағыт. Ол көптеген ішкі және сыртқы байланыстары бар жеке элементтерден тұратын күрделі жүйелер сияқты оюъектілерді зерттеуге негізделеді. Жүйелі көзқарас объектіні терең зерттеуге, ол туралы неғұрлым көбірек түсінік алуға, осы объекттінің жеке бөліктері арасында себепті-тергеулі байланысынкөрсетуге мүмкіндік береді.

      Жүйелі  көзқарастың негізгі  ерекшеліктері –  қозғалмалылық, өзара  қарым-қатынас, өзара  тәуелділік және жүйе элементтерінің өзара  байланысы, кешенділік, толықтылық, бағыныштылық, бастаушы буынның  ерекшеленуі. Экономикалық талдауда жүйелі көзқарас неғұрлым мақсатқа сай басқарушылық шешімдерді таңдау үшін негіз болатын беліген нұсқалардан тиімдісін таңдауға, шаруашылық мәселелерді шешудің ғылыми негізделген нұсқаларын құрастыруға мүмкіндік береді.

      Жүйелі  талдау процесінде бірнеше жүйелі кезеңдерді қарастыруға болады.

      Зерттеудің  бірінші кезеңінде талдау объектісі анықталған жүйе ретінде көрінеді. Бұл үшін ең басында жүйе элементтері ретінде қарастыруға болатын объектінің жеке бөліктерін бөліп көрсетеді. Нақты жағдайларда жүйе бірнеше деңгейге ие болуы мүмкін, яғни бірінші деңгейдің әрбір бөлек алынған элементін жеке жүйе (ішкі жүйе) түрінде қарастыруға болады. Бұдан басқа, талдаудың бірінші деңгейінде жүйенің даму мақсаты, оны шешетін мәселелер, басқа жүйелермен байланыс, жеке элементтер арасындағы өзара байланыстар, әрбір элементті және жүйені түгелдей іске асыру құрылуы тиіс.

      Жүйелі  талдаудың екінші кезеңнің негізгі мақсаты – жүйелері бар шарттарға, өзара байланыстарға (ішкі және сыртқы), элементтерге барлығына анағұрлым толық және сапалы баға  беруге мүмкіндігі бар көрсеткіштердің іріктелуі.

      Үшінші  кезеңде зерттелетін жүйенің жалпы схемасы құрастырылады. Графикалық тұрғыда ол әдетте әрбір элементке арнайы блок сәйкес келетін блоктық сурет түрінде көрсетіледі. Бөлек блоктар жүйенің ішкі және сыртқы байланыстарының бары мен бағытын көрсететін бір-бірімен стрелкалар арқылы байланысқан. Мұнда алдыңғы кезеңде таңдалған көрсеткіштер жүйе элементтері мен байланыстары бойынша үлестіріледі, олардың тізімі нақтыланады (бірін-бірі қайталайтын шығарылып тасталады, ақпараты жеткіліксіздері ауыстырылады және т.с.с.).

      Талдаудың төртінші кезеңі жүйенің экономика-математикалық үлгісі жалпы түрде құрылуына арналады. Мұнда сапалы талдау негізінде жүйенің барлық теңдеулер мен теңсіздіктердің математикалық нысандары анықталады. Бұл кезеңде әртүрлі әдістер көмегімен барлық теңдеулер мен теңсіздіктердің коэффициенттері, шетеу параметрлері мен мақсат функциялары анықталуы тиіс.

      Нәтижесінде істелген жұмыс қорытындысы бойынша  таңдалған объектіні экономикалық талдау үшін пайдаланылуы мүмкін экономика-математикалық үлгі алынуы мүмкін.

      Ең  соңғы талдаудың бесінші кезеңі «үлгімен жұмыс» деп аталады. Оны диалог түрінде компьтерде жасаған дұрыс. Өндірістің сол не басқа факторларын сипаттайтын экономика-математикалық үлгісінің (коэффициенттер, шектеулер) бөлек параметрлерін ауыстыру жолымен функция мәнін анықтайды. Осы көрсеткіштерді нақты, жоспарлы және басқалармен салыстыру шаруашылық қорытындысын, нәтижелі көрсеткіштер шамасына факторлар әсерін бағалауға, ішкі шаруашылық резервтердің пайдаланылмаған көлемі мен көздерін анықтауға мүмкіндік туғызады.

      Талдауға  суреттелген көзқарас басқалармен  салыстырғанда маңызды артықшылықтарға  ие: ол зерттеудің кешенділігі мен  мақсаттылығын; өндіріс тиімділігінің  арту резервтерін табудың әдіснамалық негізделген схемасын; шаруашылық нәтижелерін объективті бағалауды; шапшаңдық, әрекеттілік, негізін, талдау мен оның қорытындыларының дәлділігін қамтамасыз етеді. Алынған экономика-математикалық үлгі талдауда қайта-қайта қолданылуы және басқарушылық шешімдерді негіздеудің жақсы құралы ретінде қызмет етуі мүмкін.

Корреляциялық талдаудың  көптікті методикасы. Экономикалық құбылыс пен кәсіпорынның шаруашылық қызметінің процессы көп көлемді факторларға тәуелді болады. Ережеге сәйкес, әрбір фактор жекеше түрде  зерттелінетін құбылыстарды барлық толықтықта анықтай алмайды. Факторлар кешені ғана және олардың өзара байланысында ғана зерттелуші құбылыстар сипаты жөнінде анағұрлым толық көрініс бере алады.

Көп факторлы корреляциялық талдау бірнеше кезеңдерден тұрады.

     Бірінші кезеңде зерттелуші көрсеткішке факторлардың ықпалын анықталады және корреляциялық талдау үшін анағұрлым маңыздылары іріктеліп алынады.  

     Екінші  кезеңде корреляциялық талдау қажет бастапқы ақпараттар жиналады және бағаланады.

     Үшінші  кезеңде нәтижелі көрсеткіш пен факторлар арасындағы өзара байланыс сипаты зерттеліп, үлгіленеді және зерттелуші байланыстың мәнін анағұрлым толығырақ мазмұндайтын математикалық теңдеу таңдалып негізделеді.

     Төртінші  кезеңде  кореляциялық талдаудың негізгі көрсеткіштерінің байланысының есебі жүргізіледі.

     Бесінші кезеңде корреляциялық талдаудың нәтижелеріне және практикалық қолданылуына баға беріледі.

     Корреляциялық талдау үшін факторларды таңдау экономикалық талдауда маңызды кезең болып  табылады. Қаншалықты дұрыс таңдау жасаудан,талдау қорытындысының нәтижесі дәл болады.  Факторларды таңдау кезіндегі басты ролі  теория, сонымен қатар талдаудың практикалық тәжірибесі болып табылады. Бұл жағдайда келесі ережелерді ұстану қажет:

  1. Факторларды таңдаған кезде бірінші кезеңде көрсеткіштердің арасындағы себепті-салдарлы байланысын ескеру қажет, өйткені тек олар ғана зерттелетін құбылыстардың маңызын ашылады. Ал нәтижелік көрсеткішпен тек математикалық арақатынаста болатын факторлардың талдауының практикалық мәні болмайды.
  2. Көп факторлы корреляциялық моделді жасаған кезде нәтижелі көрсеткішке шешуші әсер ететін  тек мәнді факторларды ғана таңдау қажет, өйткені практика жүзінде барлық жағдайларды қамту мүмкін емес.
  3. Барлық факторлар сандық өлшемді болуы міндетті, бұл өлшем бірлігі болу қажет және есеп пен есептілікте олар туралы ақпарат сақталу міндетті.
  4. Сызықтық үлгідегі корреляциялық модельге нәтижелік көрсеткішпен байланысы  қисықсызықтық жағдайда болатын факторларды еңгізу ұсынылмайды.
  5. Корреляциялық модельге өзара байланысты факторларды еңгізу ұсынылмайды. Егер екі фактор арасындағы қос корреляциялық коэффициенті 0,85-н жоғары болса, онда корреляциялық талдау ережеге сәйкес оның бірін шығарып тастау керек, әйтпесе бұл талдау нәтижелерін дұрыс көрсетпейді.
  6. Корреляциялық модель құрамына нәтижелі көрсеткішпен байланысы функционалдық сипатқа ие  факторларды еңгізуге болмайды.

     Факторларды талдауда корреляциялық модель үшін  үлкен көмек аналитикалық топтаулар, сызықтық  графиктер, қатарласқан  және динамикалық қатарларды  салыстыру тәсілдері көрсетеді. Олардың нәтижесінде зерттелінетін көрсеткіштердің арасындағы байланыстың нысаны, бағыты анықталады. Сонымен қатар, факторларды талдауды Стьюдент критерий бойынша олардың маңыздылығын бағалау негізінде корреляциялық талдау теңдеулерін шешу процессінде жүргізуге болады.

     Жоғарыдағы  талаптарға сай және факторларды  таңдау тәсілдерін қолдануынан, көпфакторлы  корреляциялық модельдің рентабельдік деңгейі үшін (Y) келесі факторлар  іріктеліп алынған:

Информация о работе Экономикалық талдау мақсаттары, әдістері мен тәсідері