Экономикалық өсу

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 20:41, курсовая работа

Описание работы

Экономиканың өсуі көбінесе тұтынудың жаңа түрлерін қанағаттандыру қабілеті болып табылады.Сонымен қатар ірі әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешуге бағытталады.Сондықтан экономикалық теория «экономикалық өсу» категориясына теориялық және практикалық тұрғыдан ерекше мән береді.
Біз экономиканың өсуінің өзі бағалы деп айта аламыз, оның бағалылығы-халықтың жағдайын көтеруге негіз болғанында.Сондықтан экономиканың сапалы өсуіне баға беру үшін, тұтыну бағасының динамикасын қарастыру керек.

Содержание

КІРІСПЕ

1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ЖӘНЕ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ТЕОРИЯЛАРЫ
1.1 Экономикалық өсу, оның типтері мен факторлары
1.2 Экономикалық өсудің қазіргі типтері және оның ерекшеліктері
2. ЭКОНОМИКА ӨСУІНІҢ ФАКТОРЛАРЫ
2.1 Экономика өсуінің Кейнстік үлгісі
2.2 Дамыған мемлекеттердің Қазақстан Республикасының өсуіндегі рөлі
3. ТҰРҒЫНДАР САНЫН АРТТЫРУ
3.1 Халық санының азаюы
3.2 Халықтың табиғи өсуіне кері әсерін тигізіп отырған фактор
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

экономикалык осу.doc

— 160.50 Кб (Скачать)

Өндіріс көлемінің ауытқуы жиынтық сұраныстың өзгеруімен түсіндіріледі (Кейнс кресі, IS-IM үлгісі).Жиынтық ұсыныс қысқа мерзімді кезеңде қарастырылады.Сұраныс пен ұсыныс талдырмасы (шок) және циклдік тербелістерге байланысты экономиканың тепе-теңдік жағдайынан ауытқуын экономикалық саясат тұрақтандыруға тырысады.Бірақ өнім көлемінің қысқа мерзімді ауытқуы, жұмыстылықтың деңгейі экономиканың жалпы өсуінің қозғалысымен берілген, оның өсуінің көлемін ұлғайту экономикалық өсумен байланысты.Экономикалық өсуді жиынтық ұсыныстың ұзақ мерзімді динамикасы ретінде немесе өнім көлемінің өсуі талдауы макроэкономикалық теорияның басты сұрақтарының біреуі болып табылады.Экономикада нақты пайданың өсуі «экономикалық өсу» деп түсіндіріледі және әрбір адам басына шаққандағы нақты өнімнің өсу есебі болып табылады.Сондықтан экономиканың өсуін өлшеу үшін абсолюттік арттыру немесе нақты өнім көлемі өсуінің екпініне немесе адам басына шаққандағы көрсеткіштер қолданылады.

 Егер экономикалық өсу сырттан әкелінген қосымша ресурстардан жасалса және қоғамдағы еңбектің орта өнімділігін өзгертпесе, онда ол экстенсивті болады.Интенсивті өсу технологиямен және өндіріс факторларының жетілген түрімен байланысты, яғни өнімді ресурс көлемінің көбеюі нәтижесінде ұлғайту емес, олардың қайтымының, тиімділігінің нәтижесінде өнім өндіру.Интенсивті өсу халықтың әлеуметтік өсуінің экстенсивті немесе интенсивті типтеріне байланысты, сыбағалы салмағының салыстырмалылығына немесе экономиканың өсуіне әсер ететін басқа факторларға байланысты болады.

 Экономика өсуінің факторларын көбіне экономиканың өсуінің типімен топтайды.Экстенсивті факторларға капитал көлемінің, еңбек көлемінің, ал интенсивтіге-технологиялық прогресс, масштаб арқылы үнемдеу, білімді және маман жұмысшылар деңгейін көтеру, ресурстарды бөлуді жақсарту және оның қолдану үрдісін сапалы ұйымдастыруға мүмкіндік береді.Кейде жиынтық сұраныс үрдістің басты катализаторы ретінде және экономикалық өсуінің дербес факторы ретінде бөлінеді.Экономиканың өсуін тұрған себептерді мыналарды айтуға болады: экологиялық және ресурстық шектеулер, әлеуметтік шығындардың ауқымды спектрі және де үкіметтің тиімсіз экономикалық саясаты.

 Экономика өсуінің  негізгі үлгілерін қарастырайық.Басқа  үлгілер сияқты өсу үлгісі  абстракты, экономика үрдісінің  нақты түрі график немесе теңдік түрінде көқрсетіледі.Үлгіні жасау барысында пайдаланылатын болжамдар нақты үрдістің нәтижесін жоққа шығарады, бірақ экономиканың өсуі сияқты күрделі құбылыстың заңдылықтарын және кейбір мәселелерін талдауға мүмкіндік береді.Өсу үлгісінің көбі өнімнің нақты көлемінің көбеюі, негізгі өндіріс факторларының өсу ықпалымен, яғни еңбек пен капиталдың әсерінен пайда болады.

 Өсу үлгісінің көбісі шығынның нақты көлемінің көбеюі негізгі өндірістік факторлардың өсім ықпалымен, яғни еңбек пен капитал ықпалына, еңбек факторы сырттың ықпалына қарсы тұра алады, ал капитал көлемін, керісінше, инвестициялық саясат арқылы тез өзгертуге болады.Уақыт өте келе, капиталдың экономикада амортизация есебінен қысқаратыны және таза инвестиция есебінен көбейетіні белгілі.Біз экономиканың өсуінің өзі бағалы деп айта аламыз, оның бағалылығы-халықтың жағдайын көтеруге негіз болғанында.Сондықтан экономиканың сапалы өсуіне баға беру үшін, тұтыну бағасының динамикасын қарастыру керек.

 Кейнстік өсу үлгісі неегізінде логикалық құрал қолданылады, бізге белгілісі кейнстік қысқа мерзімдік тепе-теңдік үлгісі.

 Сұраныс талдауын ұсыныс динамикасын анықтайтын факторларды қоса отырып қарастырамыз.Бұл арқылы экономикадағы сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігінің шарттарын анықтауға болады.

 Кейнстік өсу үлгісінің қарапайым түрі Е. Домар үлгісі болып табылады, бұл үлгіде капиталдың шекті өндірісі Леонтьев функциясы ретінде қарастырылады.Домар үлгісі еңбек нарығында ұсыныстың артықшылығынан шығады, бұл баңғаның тұрақтылығын ескереді.Капиталдың шығып қалуы жоқ, ал капиталдың (К) Ү-ке қатынасы (К/Ү) және қор жинағы нормасы тұрақты болып келеді.Өнім тек 1 ресурсқа ғана тәуелді деп айтуға болады, ол-капитал.

 Инвестицияның өсуі экономикада ұсыныс пен сұраныс өсуінің факторы болып табылады.

 Экономикалық өсуінің тепе-теңдігі сұраныс пен ұсыныстың теңестірілуінің шартында пайда болады.Сондықтан, Е. Домардың теориясына сай, экономикадағы нақты табыстың тепе-теңдік өсу қарқыны және қолда бар өндірістік қуаттың барлығы қолданылады.Ол капиталдың шекті өнімділігіне және қор жинағының нормаларына тура пропорционал немесе капиталдың қайтарылуының өсімшесіне тура пропорционал болады.инвестиция мен табыс бірдей қарқында өседі.

 Егер үлгіде берілген деңгейден жеке сектордың жоспарлы инвестициясының өсу қарқыны ауытқыса, мұндай динамикалық тепе-теңдік тұрақсыз болуы мүмкін.

 Е. Домардың үлгісі өсу теориясына сай келе алмайды.Бұл кейнстік қысқа мерзімді тепе-теңдікті ұзақ мерзімге кеңейтудің әрекеті және дамып келе жатқан жүйе үшін қандай шарттар орындалатынын көрсету.

 Инвестицияның эндогендік функциясын қоса отырып Р.Ф. Харрод (1939 ж.) экономикалық өсудің арнайы үлгісін құрады.

 Акселератор принципіне сай, табыстың кез келген өсуі капитал салымының өсуіне алып келеді, бұл өзгеріс табыстың өзгеруіне пропорционалды.

 Экономикадағы алдыңғы кезеңде қалыптасқан жағдайларды ескере отырып, кәсіпкерлер өндіретін өнім көлемін жоспарлайды.

 Егерде алдыңғы кезеңдегі сұраныс туралы болжамдары аяқталып, сұраныс ұсынысқа теңелсе, онда өнім көлемін өзгеріссіз қалдырады.

 Ал, егерде экономикадағы сұраныс көлемі ұсыныстан көп болса, онда олар өндіріс көлемін кеңейтеді.Егерде керісінше ұсыныс сұраныстан көп болса, онда олар өндіріс көлемін азайтады.

 Егер а=1 болса, онда алдыңғы кезеңдегі сұраныс (t-1) ұсынысқа тең болады егер а 1 болса, онда сұраныс ұсыныстан көп болады.

 Жиынтық сұранысты табу үшін акселератор үлгісі қолданылады (және теңдік шарты I=S):

 Экономиканың өсуі жиынтық сұраныс пен ұсыныстың теңдігінен шығады.

 Алдыңғы кезеңдегі сұраныс пен ұсыныс өзара тең болады дейік, немесе а=1. Сонда қабылданған шарттарға сай кәсіпкерлер берілген кезеңде өндірістің өсу қарқынын өзгерусіз қалдырады.

    Харрод s/v-s формуласын «кепілдік» өсу қарқыны деп атайды.Оны қолдай отырып, кәсіпкерлер өздерінің шешімдеріне толық қанағаттанады.Сұраныс ұсынысқа тең болып, олардың күткендері растала бастайды.Бұндай экономикалық өсу толық өндірістік қуаттың қолданылыуын қамтамасыз етеді, бірақ жұмыссыздықты жою әрқашанда жүзеге аса бермейді.

   Кепілдік пен нақты өсу қарқынының арсындағы сараптама мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді: егер кәсіпкерлердің өсу қарқынында айырмашылық болса, онда жүйе ақырындап теңдестік жағдайынан алыстайды.

   Кепілдік өсу қарқынымен қатар Харрод «табиғи» өсу қарқынын енгізеді.Бұл ең жоғары өсу қарқыны болып табылады.Осындай өсу қарқыны кезінде еңбек пен капитал факторларының толық қамтылуы байқалады.

 2.2 Дамыған мемлекеттердің Қазақстан Республикасының өсуіндегі рөлі

 

  Экономистер арасында экономиканың өсуін қамтамасыз етудегі мемлекеттің ролі жөніндегі көзқарастары әр түрлі.

   Айтылған көзқарастың біреуіне сай төменде сипатталатын басты сатылардың болуы маңызды.Бұл талап көбінесе экономиканың өсуінің қиындығынан пайда болады, бұған экономикасы артта қалған мемлекеттер кезігеді.

    1. Заңдылық пен тәртіп.

   Кейбір кедей мемлекеттерде қылмыс пен ішкі қақтығыстар болады, бұл ахуал жер мен жалпы ресурсты дұрыс пайдаланбауға алып келеді.Сондықтан тұрақты да әрі күшті мемлекеттік билік, заңдылық пен тәртіпті орнату қажет.

     2. Меншік кәсіпкерлігінің әлсіздігі.

   Көптеген мемлекеттерде табыс тауып, өндірісті дамыта алатын және оған ниеті бар қуатты кәсіпкерлер аз деуге болады.Сондықтан меншік кәсіпкерлігі экономиканың өсууінің басты күші бола алмайды.

     3. Инфрақұрылым.

     Әлеуметтік тауар мен қызметтің тапшылығы салдарынан экономиканың өсуінде инфрақұрылымның жеткілікті дамуынан көптеген қиындықтар пайда болады.Санитариялық-гигиеналық және медициналық программалар, білім, жерді өңдеу мен оны қорғау, жолды жөндеу және басқа да көліктік-байланыстық жүйелер-осының барлығы нарықтық емес тауалар мен қызметтер болып табылады, бірақ халыққа үлкен жанама пайда алып келеді.Тек мемлекет қана осындай тауар мен қызмет өндірісін қамтамасыз ете алады.

     4.Міндетті жинақ пен капиталдық салымдар.

     Кей кезде жинақ пен инвестиция проблемалары мемлекеттің тарапынан реттеуді қажет етеді.

    Капиталды жинауды ынталандыру мемлекеттің қазыналық саясаты арқылы шешіледі.Бұл жерде екі баламалы жолдың болуы мүмкін.Біріншіден, жинақ деңгейін көтеру үшін салықты көбейтуге болады.Көтерілген салықтан түскен түсім ең керекті капиталдың тиімді жобасын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Екінші әдіс инфляция арқылы қорды міндетті ынталандыру.Мемлекет капитал жинағын айналымға жібере отырып және қосымша ақша жиынын жұмсай отырып қаржыландыра алады.

     5.Әлеуметтік орналасуы.

     Экономиканың өсуін болжауға мемлекеттің барлық жағдайы бар.Жер реформасы мен халықтың өсуін ұстау-басты міндет болып табылады, әл-ауқатты жоғарылату үшін мемлекеттің кірісуі керек.Тек мемлекет қана дамуға жол аша алады.

Индустриясы дамыған  елдер экономикасы артта қалған елдерге қалайша көмектесе алады?Осындай  көмек арналары қандай деңгейде?Экономикасы  артта қалған мемлекеттер өзінің жағдайын келесі факторлар арқылы жақсарта алады:

  1.   дамыған мемлекетпен сауда-саттық жасау;

2) дамыған мемлекеттер үкіметінен қайтарылмайтын жәрдемақы мен қарыз алу;

  1.   жағдайы бар мемлекеттерден меншік капитал тарту.

   Қарыз дағдарысын қарастырайық.Нашар дамыған мемлекеттер қарызының көлемі қанша?Оның себептері қандай?Ол қандай салдарға әкеледі?Егер оны шешуге болатын болса, қарыз ахуалын шешу үшін не істеуге болады?

  70-жылдары экономикасы артта қалған мемлекеттерге дамыған елдердің коммерциялық банк меншік капиталының келіп түсуі едәір көбейді.Бірақ 70-жылдардың аяғы мен 80-жылдардың басында дүниежүзілік экономикада көптеген өзгерістер болып, бұл өзгерістер экономикасы артта қалған мемлекеттерге жағымсыз әсерін тигізді.

   Экономикасы артта қалған мемлекеттердің қарыз көлемінің көбеюі тағы бір себепке байланысты.1981-1984 жылдары дүниежүзілік валюта нарығында долар курсының өсуі байқалады.Осыған байланысты қарыздар елдер Американың дайын өнімін импорттау үшін бұрынғыдан да көп төлеуіне тура келеді.Қарызының маңызды бөлігі доллар болғандықтан, осы мемлекеттерге өзінің тауарын әр долларға көбірек экспорттауы керек.

   Сонымен, мұнайды импорттау үшін бағаның тез өсуі, экспортталған заттардың азаюы, пайыз мөлшерінің өсуі, доллар бағасының өсуі мен меншік қарыздың азаюы-осының бәрі қарыз дағдарысын туғызады.

  Осылардан кейін «тәртіпсіз тырысу» кезеңі келеді.Несие беретін мемлекеттер мен Халықаралық валюта қоры бірлесіп экономикасы артта қалған мемлекеттерге көмек көрсету жөнінде әр мемлекетпен ерекше келіссөз жүргізеді.Содан көптеген мемлекеттер қарызды төлеу жөнінде мәулет (отсрочка) алады.Осы шартқа сай экономикасы артта қалған мемлекеттер ішкі үнемді күшейту жөнінде бағдарлама қабылдауы тиіс, бұл өзінің несиелерін төлей алу үшін жасалған.Көбінесе бұндай жағдайда мемлекет импортты қысқартып, экспортты үлкен табыс алу мақсатында көбейтуі тиіс.Бірақ экспортты көбейтіп, импортты азайту экономикасы артта қалған мемлекеттерде өмір деңгейінің әрі қарай құлдырауына алып келеді.Сонымен қатар экспорттан түскен қаражат тек қарызды өтеу үшін ғана төленетін болса, онда экономикалық өсуге еш қаражат жетпеуі ықтимал.

   Қарыз дағдарысы индустриалды мемлекеттерге де өзінің кері әсерін тигізді.Дамыған мемлекеттердің коммерциялық банктері экономикасы артта қалған мемлекеттердің қарыздарын шығынға жазуына тура келді.

   Экономикасы нашар дамыған мемлекеттердің қарыз дағдарысын жою немесе азайту үшін не істеуге болады?

   Дағдарыстан шығу жолын іздеу екі бағытта жүргізіле алады.Басында айтқандай, әр мемлекетпен жеке екі жақты келіссөз жүргізуге болады.Бірақ мұндай жағдайда қарыз дағдарысы ондаған жылдарға созылып кетуі және де экономиканың ешқандай өсуі байқалмауы мүмкін.Екінші бағыты қарызды жеңілдетуден тұрады.Көбінесе бұл бағыт экономикасы нашар дамыған мемлекеттерге қарызды кешіру болып түсіндіріледі.Бірақ бұндай шешім де көптеген қиындықтар туғызады.Басты қиындық мынада: егер қарызды қайтарудан бір мемлекет бас тартса, онда ол мемлекет коммерциялық банктер мен оның акционерлеріне қаржылық зиян тигізеді.Бірақ осы зардап қайта оралып, мемлееттің өзіне тиеді: олар коммерциялық банктен ендіқарызға қаражат ала алмайды.Үлкен зардапқа тап болған кредиторлар кейбір уақыттан кейін ақшаны қайта қарызға беруі мүмкін деген ойға келеді.Қарыз мемлекеттерге байланысты, қарызды шығынға жазу (списывать) оларға, әрине, жайлы болып келеді, бірақ қарыз қиындықтарының жай шешімінің жоқтығын білген жөн.

    Республикадағы болып жатқан өзгерістер ең алдымен халықтың өмір деңгейінде білінеді.Нарықтық реформаның бірнеше жылдық тәжірибесі меншікті өзгерту, шаруашылық құрылымдар жүйесін құрудың тиімділігін көрсетті.Сол уақытта әлеуметтік-экономикалық жағдайдың басымдығы жарлылық ахуалының күрделенуіне әкеліп соқты.Қазақстанның өтпелі экономикасында реформалық өзгерістер, жұмыссыздық, әлеуметтік ауқымдағы терең қозғалыстар және т.б. жатады.

Информация о работе Экономикалық өсу