Экономикалық өсу

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 20:41, курсовая работа

Описание работы

Экономиканың өсуі көбінесе тұтынудың жаңа түрлерін қанағаттандыру қабілеті болып табылады.Сонымен қатар ірі әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешуге бағытталады.Сондықтан экономикалық теория «экономикалық өсу» категориясына теориялық және практикалық тұрғыдан ерекше мән береді.
Біз экономиканың өсуінің өзі бағалы деп айта аламыз, оның бағалылығы-халықтың жағдайын көтеруге негіз болғанында.Сондықтан экономиканың сапалы өсуіне баға беру үшін, тұтыну бағасының динамикасын қарастыру керек.

Содержание

КІРІСПЕ

1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ЖӘНЕ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ТЕОРИЯЛАРЫ
1.1 Экономикалық өсу, оның типтері мен факторлары
1.2 Экономикалық өсудің қазіргі типтері және оның ерекшеліктері
2. ЭКОНОМИКА ӨСУІНІҢ ФАКТОРЛАРЫ
2.1 Экономика өсуінің Кейнстік үлгісі
2.2 Дамыған мемлекеттердің Қазақстан Республикасының өсуіндегі рөлі
3. ТҰРҒЫНДАР САНЫН АРТТЫРУ
3.1 Халық санының азаюы
3.2 Халықтың табиғи өсуіне кері әсерін тигізіп отырған фактор
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

экономикалык осу.doc

— 160.50 Кб (Скачать)

                                           МАЗМҰНЫ

 

  КІРІСПЕ

                                                        

1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ЖӘНЕ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ТЕОРИЯЛАРЫ

1.1 Экономикалық  өсу, оның типтері мен факторлары

1.2 Экономикалық өсудің қазіргі типтері және оның ерекшеліктері

 

2. ЭКОНОМИКА ӨСУІНІҢ ФАКТОРЛАРЫ

2.1 Экономика  өсуінің Кейнстік үлгісі

2.2 Дамыған мемлекеттердің Қазақстан Республикасының өсуіндегі рөлі

 

3. ТҰРҒЫНДАР САНЫН АРТТЫРУ

3.1 Халық санының азаюы

3.2 Халықтың  табиғи өсуіне кері әсерін тигізіп отырған фактор

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                         Кіріспе

 

  Экономиканың өсуі көбінесе тұтынудың жаңа түрлерін қанағаттандыру қабілеті болып табылады.Сонымен қатар ірі әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешуге бағытталады.Сондықтан экономикалық теория «экономикалық өсу» категориясына теориялық және практикалық тұрғыдан ерекше мән береді.

Біз экономиканың өсуінің  өзі бағалы деп айта аламыз, оның бағалылығы-халықтың жағдайын көтеруге негіз болғанында.Сондықтан экономиканың сапалы өсуіне баға беру үшін, тұтыну бағасының динамикасын қарастыру керек.

Экономиканың өсуін  болжауға мемлекеттің барлық жағдайы  бар.Жер реформасы мен халықтың өсуін ұстау-басты міндет болып  табылады, әл-ауқатты жоғарылату үшін мемлекеттің кірісуі керек.Тек мемлекет қана дамуға жол аша алады.

Экономикалық өсудің қазіргі типінің өзіндік ерекшелігі бар.Оның артта қалуы XX-шы ғасырдың 50-ші жылдары басталған ғылыми-техникалық революция дамуының сәйкестігімен байланыстырылады.

Экономикалық өсу сапалық жаңа дәрежеге көтерілді және ол ҒТР жағдайында өндірістің интенсификациялау негізінде жүзеге асады.

Экономикалық өсудің жаңа сапалық белгісі-өндірістің прогрессивті құрылымының құрылуымен, ғылымды  қажет ететін салалардың үлес салмағының артуымен түсіндіріледі.Олар ҒТР нәтижелерін ендіруді және қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

Экономикка өсуінің  қайнар көзі-экономикалық ресурстар, экономикалық мүдделер мен ынталандыру жатады.

Еліміздің болашағы, ішкі және сыртқы қауіпсіздігіміз, экономикалық динамикаларымыздың артуы тікелей халықтың санының өсуіне байланысты. Бүгінгі күні Қазақстан мемлекетінің алдында тұрған ең маңызды проблеманың демографиялық проблема екенін ерекше атап айтқым келеді.

1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ЖӘНЕ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ  ТЕПЕ-ТЕҢДІК ТЕОРИЯЛАРЫ

 

1.1 Экономикалық өсу, оның типтері мен факторлары

 

   Экономиканың өсуі көбінесе тұтынудың жаңа түрлерін қанағаттандыру қабілеті болып табылады.Сонымен қатар ірі әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешуге бағытталады.Сондықтан экономикалық теория «экономикалық өсу» категориясына теориялық және практикалық тұрғыдан ерекше мән береді.

Экономикалық өсу деп  нені түсінуге болады?

Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістінң болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы, қоғамдық өнімнің сандық әрі сапалық артуы және олар екі топтан: өндіріс құралдары мен тұтыну құралдарынан тұрады.Жыл сайынғы қоғамдық өнім көлемінің өсуі ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типінде өнім шығаруды екі есеге арттыру үшін,жұмыскер саны және өндрірістік қорлары екі есе ұлғаюы қажет.

Ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типінде осындай нәтижеге жұмыс күшін және өндірістік қорларды дұрыс қлолдану арқылы қол жеткізуге болады.Практикада бұл ұлғаймалы өндірістің типтерін белгілі арақатынаста немесе бірін-бірі толықтыратын жағдайда кездестіреміз.Қазіргі жағдайда, ҒТР жағдайында ,өндірістің интенсификациясылануының негізінде барлық дамыған елдерде экономикалық өсудің жаңа сапасы қалыптасты:ал техникалық жарақтандыру мен еңбек өнімділігінің өсуі,ресурстарды қамтамасыз ету,қаржы қайтарамының көтерілуі негізінде жүзеге асады.

Ұлғаймалы ұдайы өндірістің Қайнар қөзі қосымша құн болып табылады,осы мақсатқа ол күрделі қаржы ретінде жұмсаслады.Алайда рыноктық механизнің сұранымы мен ұсынымы жағдайында мұның өзі жеткіліксіз.

    Сұранымның қалыпты жағдайындағы экономикалық өсудің экстенсивті типін алатын болсақ,мұнда ерекше қиындық туа қоймайды.Экономиканың жеткілікті қарқынды дамуы сол кезге дейін жүзеге асуы мүмкін:қоғам қай уақытта экстенсивті өсудің шектеулі кедергілермен жолыққанша.Ондай кедергілерге табиғи ресустардың қосымша жетіспеушілігін жатқызамыз.

Әдетте,бұл жағдайда туындаған кедергілер шаруашылық айналымына жекелеген , қолайлы емес пайдалы қазбаларды қосу есебінен жабылады және бұл ресурстарды қымбаттатады.Өңделген кезінде ресурстар құнының бірлігі нәтижесінде түпкі өнімнің өсуін өте аз береді.Оның тиімділігінің төмендегенінде экономикадағы пропорциональдылық өзгереді және экономикалық өсу қарқынды төмендей бастайды.

Сұранымның өсу жағдайында табиғи ресурстар мумкіндігі мәселесі одан әрі қиындай түседі,сондықтан экономикалық өсу бір қатар факторларға байланысты:

  • табиғат ресурстарының саны мен сапасына
  • еңбек ресурстарының саны мен сапасына
  • капитал ресурстарына
  • қолда бар технологияға

Бір сөзбен айтатын болсақ,экстенсивті дамудың өзіндік экономикалық шектеулері бар.Мұндай жағдайға тап болған қоғам өзінің бағыт-бағдарын өзгертуге тырысады.Экстенсивті дамудың қайнар көзінің жойылуы қоғамды интенсивті өсу мүмкіндіктерін қарастыруға итермелейді.Демек техникалық процесстің ресурсты сақтау түрлеріне бағыт-бағдар жасау: оларға-материалды сақтау, энергияны сақтау және қорды сақтау жатады.Барлық қоғам масштабындағы экономикалық өсу тауар мен қызмет көрсетудің жылдық көлемінің ұлғаюымен байқалады.Сондықтан экономикалық өсуді өлшеудің көрсеткіші: жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) немесе жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) немесе ұлттық табыс (ҰТ) болып табылады.Экономикалық өсу абсолюттік және салыстырмалы мөлшерде өлшенеді.Мысалы, осы жылы реалды ЖҰӨ 210 млн. теңге құраса, ал алдыңғы да-200 млн. теңге болған, онда абсолюттік тұрғыдағы өсімі 10 млн. теңге, ал салыстырмалы тұрғыда-5% құрайды.

Жекелеген уақыт мерзімінде экономикалық өсу жылдық өсу қарқынымен анықталады.(ЖҰӨ-нің өсу қарқынын анықтау үшін, осы жылғы нақты ЖҰӨ мөлшерін алдағы жылғы нақты ЖҰӨ мөлшерінен шегеру қажет.Сол айырманы алдағы жылғы нақты ЖҰӨ-ге жатқызып, нәтижесін пайыз түрінде көрсетеді).

Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) біраз жылғы қарқынды өсу сипаттамасы  көрсеткіштерін тізе отырып, оның тенденциясын ашуға, яғни экономикалық дамудың бағытын анықтауға болады.

1.2 Экономикалық өсудің  қазіргі типтері және оның ерекшеліктері

 

Экономикалық өсу экономиканың бір қалыпты оң қозғалысын және оның әлеуметтік-экономикалық прогресін  көрсетеді.Мұндай прогрестің жалпы  критериі өндіргіш күштердің даму деңгейі болып табылады.Экономикалық прогрестің қозғаушы күші қайшылық болады.Өндіріс пен тұтыныс арасындағы қайшылық жалпы негізгі және қозғаушы күш болып табылады.Тұтыныстар өндірісті ынталандырады, екінші жағынан өндірістің өзі жаңа тұтыныстарды қалыптастырады-сөйтіп осылай қайталана береді.Бұл қайшылық –оның қоғамдық түріне тәуелсіз ең жалпылама және өндіріс дамуының табиғи негізі.Кез-келген қоғамда тұтынысты дәріптеу экономикалық заңы бар.Жыл сайын тұрғындардың саны өседі және олардың тұтыныстары да өсіп отырады.Олардың тұтыныстарын қанағаттандыру үшін экономика материалдық және рухани игіліктерді қамтамасыз етуі керек.Осыдан байқалатындығы,экономикалық жүйе осы мәселені қандай дәрежеде шеше алатын мүмкінділігіне қарай оның өміршеңдігі анықталады.Ескеретін жай, қоғам ресурстары шексіз емес, сондықтан экономикалық өсудің қоғам ресурстары шексіз емес, сондықтан экономикалық өсудің интенсивті типі қолайлылау.Себебі, материалдық игіліктер мен қызмет көрсетудің артуына ғылыми-техникалық жетістіктердің негізінде, еңбек өнімділігінің өсуі есебінен қол жеткізіледі.Әрине, бұл барлық өндіріс факторларын тиімді қолданудың нәтижесінде ғана жүзеге асады.

    Экономикалық өсудің қазіргі типінің өзіндік ерекшелігі бар.Оның артта қалуы XX-шы ғасырдың 50-ші жылдары басталған ғылыми-техникалық революция дамуының сәйкестігімен байланыстырылады.

     Экономикалық өсу сапалық жаңа дәрежеге көтерілді және ол ҒТР жағдайында өндірістің интенсификациялау негізінде жүзеге асады.

 ҒТР-ның қазіргі  дәрі технологиялық революция айдарымен жүзеге асып, ол мынаны байқатады:

 -еңбекті сақтандыратын технологияны кеңінен қолдану, яғни робототехниканы кеңінен қолданатын жұмыскерсіз технология, сондай-ақ машинасыз технологияны қолдану-өнімді машинаны қолданбай-ақ дайындау;

 -ресурсты сақтау технологиясы, шикізат пен материалды кешенді өңдеу арқылы аз қалдықты және қалдықсыз технологияны қолдану, шикізат элементтерін атмосфераға жіберуді, ағынды суға және қоқыс, үйінді тасталуын жою, яғни қоршаған ортаны ластамау.

 Жаңа жағдайда өндіріс нәтижесіне баға беру өзгереді: бірінші орынға сандық мәселе емес, шығарылған өнімнің сапасы көтеріледі.

 Экономикалық өсудің жаңа сапалық белгісі-өндірістің прогрессивті құрылымының құрылуымен, ғылымды қажет ететін салалардың үлес салмағының артуымен түсіндіріледі.Олар ҒТР нәтижелерін ендіруді және қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

 Қазіргі жағдайда ғылым ролінің өзгеруімен экономикалық өсу жаңа сапалық дәрежеге көтерілді.Ғылым қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналуы аяқталып келеді.Жоғарыдағы аталған барлық жағдайлар экономика қозғалысына, экономиалық дамуына жаңа сапалық сипат береді.

 Экономика өсуінің қайнар көзі-экономикалық ресурстар, экономикалық мүдделер мен ынталандыру жатады.Олар атқаратын қызметтің көлемін ұлғайтуға және сапасын арттыруға белгілі уақыт кезеңінде барынша мүмкіндік жасайды.Нарықтық экономиканың негізін жеке меншік құрайды және ол әрбір адамның жігер-қайраты арқылы дамып, олардың жеке экономикалық мүдделерін жүзеге асырады.Экономикалық өсудің сапалық жаңа типінің негізгі қайнар көзі-экономикалық саясат және ол қоғамдағы мәуелеп тұрған тұтыныстарды дөп көрсетеді.Экономикалық дамудың ерекше қайнар көзі инвестиция (күрделі қаржы) болады.Бүгін салынған қаржы көлемі келешектегі табысты ұлғайтуды көздейді.Бұған Жапония елі айқын дәлел: халық шаруашылығын дамытуға жұмсалған жоғарғы деңгейдегі инвестиция әлемдік қауымдастықта оны дамыған мемлекеттің қатарына көтерілуге ықпал жасады.Экономикалық өсудің сапалық жаңа типінің түпкі мақсаты адам болып табылады.Оның ҒТР жетістігімен қаруланған білімін, еңбегін де айта аламыз.Сондай-ақ оның барлық кездегі көп түрлі тұтыныстары әлеуметтік-экономикалық прогрестің басты критериі болмақ.

Соңғы жүзжылдықта дүние  жүзінің көп мемлекеттерінде  адам басына шаққандағы ЖҰӨ және жиынтық  ЖҰӨ тұрақты түрде өсуде.Экономиканың өсуі кеңінен тараған құбылыс болып отыр.Экономикада болып отыратын құлдырауларды ескерсек те, ұзақ мерзімді экономпканың өсуі тренді ұлғаймалы.Сондықтан экономиканың тұрақты өсуі, адам басына шаққандағы табыстың өсуі-бұл экономикадағы жаңа құбылыс.Бұл құбылыс дүние жүзінің көп мемлекеттерінде соңғы екі жүз жылдықта байқалып отыр.

   Экономиканың өсуін өлшеудің екі жолы бар

  1. Макроэкономикалық көрсеткіштердің мәнінің өсуі (ЖҰӨ, ТҰӨ, ҰТ немесе адам басына шаққандағы тұтынудың өсуі).
  2. Әлеуметтік институттар үрдісінің өзгерісі (Жеке меншік құқығы құрылымының өзгеруі, өндірісті ұйымдастыру және бөлу бір деңгейден екінші деңгейге ауысуына негіз болады.Жоғарыдағы әдістемеге байланысты өсу теориясында үш бағытты атап өтуге болады.
    • неокейнстік
    • неоклассикалық
    • тарихи әлеуметтік.

 Неге экономикалық өсу қажетті экономикалық мақсат ретінде қарастырылады?Жан басына шаққандағы жалпы өнімнің өсуі халық жағдайының көтерілуіне әкеледі.Қойылған сұраққа жауап басқа түрде және басқа әдіспен құралуы мүмкін.Өсіп келе жатқан экономика жаңа тұтынуларды қанағаттандыра алады және әлеуметтік-экономикалық ахуалдарды шеше алады.Экономикалық өсу ресурс шектелуінің ахуалын шешуді жеңілдетеді.

 

2. ЭКОНОМИКА ӨСУІНІҢ ФАКТОРЛАРЫ

 

2.1 Экономика өсуінің  кейнстік үлгісі

 

 Экономиканың өсуінің қайнар көзі неде?Кез келген мемлекеттің өсуі негізгі алты фактордан тәуелді.Олар:

  1. Табиғи ресурстардың сапасы мен көлемі
  2. Еңбек ресурстарының сапасы мен саны
  3. Негізгі капитал қорының көлемі
  4. Технология

 Экономиканың өсуіне әсер ететін осы төрт факторды ұсыныс факторлары деп атайды.

 Дәл осылар өндірістің өсуіне мүмкіндік береді.Сапалы ресурстар және технологиялық әлеует бірігіп нақты өнім көлемін өндіруді ұлғайтады.Экономиканың өсуіне әсер ететін соңғы екі факторды қарастырсақ, олар:

    1. Сұраныс факторы
    2. Бөлу, тарату факторы

  Өндіріс әлуетін дұрыс пайдалану үшін, өндірумен қатар өндірген өнімді дер кезінде сату да маңызды.Экономиканың өсуіне әсер ететін сұраныс және ұсыныс факторлары бір-бірімен тығыз байланысты.

Информация о работе Экономикалық өсу