Экономикалық өсу

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 20:37, курсовая работа

Описание работы

Экономикалық өсу параметрі, оның динамикасы ұлттық даму және мемлекеттік экономиканы реттеу үшін кең қолданылады. Халық шаруашылығы және саясат саласының жоғарғы органдарының қызметін экономикалық өсу динамикасы мен өмір сүру динамикасының деңгейіне қарап бағалайды. Экономикалық өсу, оның қарқыны, сапасы және басқа көрсеткіштер тек қана ұлттық шаруашылықтың потенциалына ғана байланысты емес. Сонымен қатар сыртқы саясат факторларына да едәуір деңгейде байланысты болды.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3
І-тарау Экономикалық өсудің ұғымы мен негізгі шарты
1.1. Экономикалық өсудің түсінігі мен типтері....................................5
1.2. Экономикалық өсудің көп факторлы моделі және қазіргі заманғы модельдері..........................................................................................6
1.3. Экономикалық өсу циклділік – экономикалық даму формасы
ретінде...............................................................................................10
ІI-тарау Қазақстан Республикасының дамуының индустриялық -
инновациялық стратегиясы
2.1. Экономикалық даму процесіндегі кедергілер.........................13
2.2. Дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық
өсу.................................................................................................15
2.3. Қазақстан Ресубликасында сыртқы экономикалық байланыстың
және сыртқы сауданың дамуы.............................................16
ІІІ-тарау Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсу бағытын
талдау
3.1. Мемлекеттің дамуындағы негізгі экономикалық бағыт..........18
3.2. Экономикалық дамудың бүгіні мен ертеңі...............................19
Қорытынды.........................................................................................................22
Қолданылған әдебиеттер..................................................................................23
Қосымшалар

Работа содержит 1 файл

Эконом осу типтер.doc

— 122.50 Кб (Скачать)

      Сондықтан валюталық нақты ақша ағымының бір  бөлігін импортты кең қолданбастан игере білуіміз керек. Бірақ адам санының аз болуына және қазірше халықтың сатып алу қабілетінің төмен болуына байланысты Қазақстанның ішкі рыногы өте шағын. 

 

2.3. Қазақстан Республикасының  сыртқы экономикалық                                 байланысының қалыптасуы және дамуы

        Әрбір мемлекетте оның табиғи, тарихи және экономикалық жағдайларына  сәйкес бір бірімен байланысты  және бірін бірі толықтыратын  халық шаруашылық салаларының  кешені құралады: өнеркәсіп және  ауыл шаруашылығы, қазып шығаратын және өңдеу салалары, өндіріс құралдарын және халық тұтынатын заттар шығаратын т.б. Бірақ та бұл жеке бір ел шеңберінде тұйықталған экономика құруға шарт емес. Қазіргі жағдайда әлем шаруашылығынан тыс өзінің әлеуметтік-экономикалық құрылысы және даму деңгейіне қарамастан, бірде бір мемлекет ойдағыдай дами алмайды. Осыған қарағанда халықаралық ынтымақтастықтың негізгі бір өрісі әр түрлі мемлекеттердің сыртқы экономикалық байланыстыратын дамыту болып саналады.

      Дүние жүзілік тәжірибе бойынша бір  елдің ішінде экономикалық реформалар, халық шаруашылығының құрылымын қайта құру, оның ұлттық жағдайлары, проблемалары мен міндеттеріне мәжбүр. Сонымен бірге халықаралық еңбек бөлісу негізінде әлемдік шаруашылық байланысқа сәтті және тиімді енбей ішкі қайта құру процесі қалаған нәтиже бермейді.

      Экономикалық  егемендік және нарыққа ену кезінде  Қазақстанның сыртқы экономикалық әрекетінің негізгі міндеті халық шаруашылығының құрылымын жетілдіру, технологиялық  артта қалғанды жою және республиканың  региондардың, кәсіпорындарының валюталық қорын қалыптастыру мақсатымен халықаралық еңбек бөлісуіне ынталана қатысу.

      Қазақстан КСРО құрамында болған кезінде республика КСРО сыртқы экономикалық байланыс министрлігі  және одақтық сыртқы экономикалық бірлестіктері  делдалдығымен тек Одақтың экспорт және импорт операцияларына қатысып қана отырды. Ал осыдан түскен валюта осы мекемелерде қала берді.   
 

                
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ІІІ -тарау  Қазақстан Республикасының  экономикалық      өсу           бағытын талдау

           3.1. Мемлекеттің дамуындағы  негізгі экономикалық бағыт

      Қазақстан Республикасын егемен мемлекет ретінде  дүниежүзінің 170 астам елдері мойындады. Біздің жас республикамыздың қалыптасу  кезеңінде көптеген экономикалық және әлеуметтік қайта құрулар болды. Дүниежүзілік экономика тез қарқынмен сапалы жоғары деңгейге өтуде және біздің мемлекетіміздің басты міндеті болып дүниежүзінде өтетін барлық процестерге ілесіп, оған тез бейімделу табылады.

      Экономиканың  барлық салаларының қызметін сауатты  жоспарлаудың арқасында еліміз экономикада бірқатар өсулерге жетіп, постсоветтік кеңістіктегі қарқынды дамып келе жатқан елдердің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының Президентінің 2005 жылғы қазақ халқына жолдауында ел экономикасын дамытудың экономикалық бағыттары анықталған. Жолдауда ұлттық өндіріс көлемінің өлшеуіші жалпы ішкі өнімнің жан басына шаққандағы мөлшерін ұлғайту алға қойылып, 2004 жылдың соңында ол екі мың жеті жүз долларға жетсе, 2005 жылы жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімді үш мың долларға дейін өсіру жоспарланып отыр. 2010 жылы оны 5800 АҚШ долларынан аса мөлшерге, 2015 жылы шамамен 9000 АҚШ доллары мөлшеріне жеткізуге мүмкіндігіміз бар.

      Экономикамыздың халықаралық стандарттарға сай  өнім өндіруі мен қызмет көрсетуі бәсекенің даму негізінде реттеледі. Кез келген өркениетті қоғамның тамыры орта буынның дамуына байланысты. Сондықтан да шағын және орта бизнесті дамыту, оған мемлекет тарапынан қолдау көрсету және несиелеу мәселелері шешілуде. Жолдауда осы мәселені шешу шараларына мемлекеттік кәсіпорындар мен мегахолдингтердің, ең алдымен ірі мемлекеттік компаниялар мен монополиялардың бірқатар міндеттерін шағын және орта бизнеске беру, бірқатар стратегиялық маңызды мемлекеттік компаниялар акцияларының пакеттерін басқаруды арнайы құрылатын мемлекеттік холдинг компаниясына беру жоспарланған. Қазірдің өзінде шағын және орта бизнес несиелеуде Халық банкі қомақты үлес алады. Өткен жылы несие қорының көлемі 233 млрд. теңгеге дейін немесе 40,2% өсті. Оның 75,3% компания мен кәсіпорындарды несиелеуге жұмсалуда. Халық банкі шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруда стандарттық банк қызметі мен несие бағдарламасы түрлерін, Еуропалық қайта құру және Даму банкі желісі шеңберіндегі (ЕҚҚДБ) Қазақстандағы ШОБ – ті қаржыландыру бағдарламасын пайдаланылады. Даму Банкі мен Инвестициялық қорға жол қиындығынан «Шағын кәсіпкерлікті Дамыту қорын» ірі қаржылық мәркетке айналдыру керек. Индустриялық – инновациялық даму саясатына сәйкес Алматы қаласында ақпараттық – технология паркі және Алматы, Орал, Қарағанды қалаларында үш өңірлік технопарк салу бастау алды. 

          3.2. Экономикалық  дамудың бүгіні  мен ертеңі

      Шетелдік  сөздер сөздігінде стратегия гректің  сtrategia деген сөзінен, яғни алғашқы  кездегі мағынасы әскери өнердің  құрама бөлігі, оның жоғарғы саласы дегенге саяды, кейіннен қоғамдық, саяси күресті басқару өнерінде, оны жүргізудің жалпы жоспарын білдіреді делінген. Кеңестік үлкен энциклопедияға тек әскери стратегия жөнінде ғана үлкен дерек бар. Қазіргі кездегі Мемлекеттік және Үкімет құжаттарында стратегия бірде ұзақ мерзімді бағдарлама, кейде ұзақ мерзімді жоспар ретінде қолданылады. Мәселен, «Қазақстан-2030» атты құжат бірде бағдарлама, бірде стратегия деп аталып жүр. Негізінде әскери, саяси, экономикалық, әлеуметтік тағы басқа салаларда алдағы уақытта жүзеге асырылмақ ұзақ мерзімді мақсаттардың бағыты мен беталысы және оларды іске асырудың нақты шаралары деп қараса дұрыс сияқты. 

      Осы тұрғыдан қарағанда, қай елдің де болмасын, ұзақ мерзім ішінде жүзеге асырмақшы  басым мақсаттары және соларды орындауда  әрқайсының өзіндік стратегиялары болады. Сол басым мақсаттардың өзі қай елде де бірнеше болатыны анық. Соның ішінде, елдің ұлттық қауіпсіздігін, егемендігін, экономикалық тәуелсіздігін, халқының әл-ауқатын, тұрмыс деңгейін көтеруді қамтамасыз етудің негізі болып саналатын ел экономикасын дамытудың да өзіндік стратегиясы болады. Осыған байланысты екі мәселе төңірегіндегі ұсыныс-пікір айтылады. Оның біріншісі – экономиканың ойдағыдай қарқынды да табысты дамуының айқындалған стратегиялары бар ма? Болса қандай? – деген сұрақтарға, екіншісі – сол стратегиялар қалай орындалып жатыр, нәтижелері қандай? – деген сұрақтарға байланысты.

      Ел  Президентінің 1997 жылғы 11 қазандағы  «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының  артуы» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауында болашақта жүзеге асырылуға тиіс ұзақ мерзімді жеті басымдық аталған. Солардың үшеуі экономика саласына тікелей қатысты. Атап айтқанда: үшінші ұзақ мерзімді басымдық: шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу, бесінші ұзақ мерзімді басымдық: энергетика ресурстары, алтыншы ұзақ мерзімді басымдық: инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс.

          Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақтылы жұмыс істеп тұрған нарық экономикасы бар.

      Егер  осыдан он жыл бұрын жан басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз 700 доллардан  сәл ғана асса, 2004 жылдың соңында ол 2700 долларға жетті, ендеше биылғы жылы біздің жан басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз 3000 доллардай болады деген болжам бар.

         2010 жылы жан басына шаққанда  жалпы ішкі өнімді 5800 АҚШ долларынан асатын мөлшерге, яғни Чехия, Венгрия, Польша, Малайзия сияқты елдердің бүгінгі деңгейіне, ал 2015 жылы шамамен 9000 АҚШ доллары мөлшеріне жетуі әбден мүмкін.

     Елдің жалпы ішкі өнімін  2000 жылмен салыстырғанда, 2010 жылы екі есе ұлғайтуы жоспарланса  да, бұл көрсеткішке 2009 жылы-ақ жетуге болады.

     Бүгін экономикалық өсудің негізгі көзі елдің  шикізат өндіру көлемін 1985 жылмен салыстырғанда 225% ұлғайды, ал былайғы дүниеде 1,3 еседен аз болды.

     Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Бүгінгі  Қазақстан тұрақтылықты кепілдендіріп, өзара тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз ететін сенімді әріптес екенін барша инвесторлар біледі.

     Қазақстаннның қаржы жүйесі де топжарғандар қатарында  танылды, ал мұны жетекші халықаралық сарапшылардың өздері мойындап отыр.

     Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші  болып, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету, сыртқы қолайсыз факторларға тәуелділікті азайту үшін Ұлттық қор құрды.

     Бүгінгі таңда Ұлттық қорда 5 миллиард 300 миллион доллар жинақталып отыр. Ұлттық қорды қоса есептегенде, елдің алтын-валюта резервтері, тұтас алғанда, 14 млрд. АҚШ долларынан асып түсті. Осыдан 10 жыл бұрын бұл жайында армандаудың өзі қиын еді.    

                                          
 
 
 

  Қорытынды

      Қорыта  айтқанда, экономикалық өсу бұл тауар  санының көрсеткішінің дамуы. Экономикалық өсудің ресурстары капитал, жер, еңбек  ресурстардың қалай әсер ететіні  қарастырылады. Экономикалық өсудің қазіргі заманғы зерттеу қорытындысына сүйеніп инвестиция функциясының көптеген варианттарын айтуға болады. Экономикалық өсудің кейнстік, неоклассикалық модельдері бар. Циклділік - бұл ұлттық шаруашылықтың және тұтастай бүкіл дүниежүзілік шаруашылықтың қозғалысының жалпы формасы. Экономикалық даму процесіндегі кедергілер, мұндағы табиғи ресурстарды, еңбек ресурстарын, капитал ресурстарын, озық технологияны тиімді пайдалану. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланысы арқылы өнеркәсіп және ауылшаруашылық, қазып шығаратын және халық тұтынатын заттар шығаратын орындарының дамуы. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің қазақ халқына жолдауында экономикалық өсудің негізгі бағыты айтылады. Жолдауда ұлттық өндіріс көлемінің өлшеуіші жалпы ішкі өнімнің жан басына шаққандағы мөлшерін ұлғайту және халықаралық стандартқа сай өнім өндіру мен қызмет көрсету бәсекенің даму негізінде реттеледі. Ел экономикасын дамытуда инновациялық экономика құру және шикізаттық емес секторды дамыту бағыты тұр.

     Еліміздің экономикалық өсуін дамыту үшін мынадай ұсыныстар қаралады:

  • Жеңіл өнеркәсіпті, ауыр өнеркәсіпті, ауылшаруашылық салаларының түрлерін көбейту арқылы жұмыссыздықты жою;
  • Білім сапасын арттыру арқылы мамандардың қызметін, классификациясын жоғарлату;
  • Сонымен қатар жұмысшылардың, кәсіпкерлердің, мамандардың жалақысын жоғарлату арқылы қол жеткізуге болады.

          

   Қолданылған әдебиеттер

  1. Н.Ә.Назарбаев, «Қазақстан-2030» , «Білім» баспасы, 1997.
  2. Н.Ә.Назарбаев, «Қазақстан халқына жолдауы», 2005.
  3. Я. Әубәкіров, К.Нәрібаев, «Экономикалық теория негіздері», оқулық-Алматы, «Санат», 1998.
  4. Бурда М., Виплош Ч., «Макроэкономика», СПб.: «Судостроение», 1998.
  5. Бюджет жүйесі туралы . Қазақстан Республикасының Заңы. Алматы, «Қаржы-қаражат», 1996.
  6. Бердалиев К.Б., «Экономика баспасы»,2001.
  7. Долан Э.Дж., Линдсей Д., «Макроэкономика», 1994.
  8. Долан Э.Дж., Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика, Л.,1991.
  9. Микро-макроэкономика, Практикум (Под общ. ред. Ю.А.Огибина, СПб., 1994.
  10. Мэнкью Н.Г. «Макроэкономика», М.,1994.
  11. Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Э., «Экономика», 2003
  12. Агапова Т.А., Серегина С.Ф., Макроэкономика, оқулық, МГУ издательство «ДИС», 1997
  13. Ален Р., «Математическая экономия», М., «Иностранная литература»,  1963.
  14. «Қазақстан экономикасы», оқу құралы, Алматы, Қазан университеті, 1999.
  15. Фишер С., Дорнбуш Р., «Макроэкономика», Алматы «Білім», 1997.
  16. Ө.Қ.Шеденов, Е.Н.Сағындықов, Б.А.Жүнісов, Ү.С.Байжомартов, Б.И.Комягин «Жалпы экономикалық теория», «А-Полиграфия», Ақтөбе, 2004. 17. Ш.Қашықов, Ө.Нұрғалиев «Экономикалық теория негіздері», ҚарМТУ, Қарағанды, 1997
 
 

Қосымшалар 

Кесте 1

Экономикалық  өсудің ресурстары 

Ресурс Осы ресурстың  сандық көрсеткіштері Жақсы және тиімді пайдалану жолдары Тиімділікті пайдалану  көрсеткіштері
Табиғи  ресурстары Әрбір түрі үшін әрқилы көрсеткіш қолданылады Неғұрлым толық  игеру, шикі затты комплексті және терең  өңдеу, табиғат дүлейінен қорғану  Өнімнің материал сыйымдылығы 
Еңбек ресурстары Еңбекке жарамды  халық саны және оның квалификациясы мамандығы  Білімді жетілдіру, денсаулық сақтау, еңбек ұйымдастыруды жақсарту Еңбек өнімділігі
Кәсіпкерлік қабілеті Білімі, таланты, еңбексүйгіштігі  Тұрақты жетілдіріп отыруы Пайда максимумы 
Негізгі капитал  Өндіріс қуаттылығының  өлшем бірлігінің қуаты  Технологияны  жетілдіру, өндірісті ұйымдастыру Қор қайтарымы, өнім сапасы
Ғылыми-техникалық прогресс және оның жетістігін пайдалану  Өлшем бірлігіне  жұмсалатын шығын деңгейі  Ғылыми зерттеу  сферасын дамыту және оның нәтижесін  пайдалануды жақсарту Максимум пайда  алу жаңа тауар мен қызмет көрсету, қоршаған ортаны қорғауды жақсарту 
Сұраным жиынтығы Ақша көлемі Инфляцияға  қарсы күрес, банк жүйесіндегі сұранымды  реттеу Табысты әлеуметтік, әділетті бөлу

Информация о работе Экономикалық өсу