Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 20:37, курсовая работа
Экономикалық өсу параметрі, оның динамикасы ұлттық даму және мемлекеттік экономиканы реттеу үшін кең қолданылады. Халық шаруашылығы және саясат саласының жоғарғы органдарының қызметін экономикалық өсу динамикасы мен өмір сүру динамикасының деңгейіне қарап бағалайды. Экономикалық өсу, оның қарқыны, сапасы және басқа көрсеткіштер тек қана ұлттық шаруашылықтың потенциалына ғана байланысты емес. Сонымен қатар сыртқы саясат факторларына да едәуір деңгейде байланысты болды.
Кіріспе..................................................................................................................3
І-тарау Экономикалық өсудің ұғымы мен негізгі шарты
1.1. Экономикалық өсудің түсінігі мен типтері....................................5
1.2. Экономикалық өсудің көп факторлы моделі және қазіргі заманғы модельдері..........................................................................................6
1.3. Экономикалық өсу циклділік – экономикалық даму формасы
ретінде...............................................................................................10
ІI-тарау Қазақстан Республикасының дамуының индустриялық -
инновациялық стратегиясы
2.1. Экономикалық даму процесіндегі кедергілер.........................13
2.2. Дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық
өсу.................................................................................................15
2.3. Қазақстан Ресубликасында сыртқы экономикалық байланыстың
және сыртқы сауданың дамуы.............................................16
ІІІ-тарау Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсу бағытын
талдау
3.1. Мемлекеттің дамуындағы негізгі экономикалық бағыт..........18
3.2. Экономикалық дамудың бүгіні мен ертеңі...............................19
Қорытынды.........................................................................................................22
Қолданылған әдебиеттер..................................................................................23
Қосымшалар
Негізінен алғанда қазіргі кезде экономикалық өсудің үш түрлі моделі бар: кейнстік, неоклассикалық және тарихи-социологиялық. Енді осы аталған модельдерге жеке-жеке тоқталарлық.
Кейнстік
модель. Олар басқа ғылымдар сияқты,
макроэкономикалық тепе-
Домар моделі. Домар моделінің алғашқы кейнстік модельден айырмашылығы, мұнда инвестиция тек табыс құрайтын фактор ғана емес, сонымен қатар ол жаңа қуат көзін табатын фактор да болып табылады. Сұраным және ұсыным балансының динамикасы Домар моделі бойынша жаңа қуат пен жаңа табыс құрайтын күрделі қаржы жұмсау динамикасымен анықталады. Демек, бұдан туындайтын негізгі міндет — инвестицияның динамикасы мен көлемін анықтау қажет болады. Домар бұл жүйені шешу үшін үш теңдікті ұсынды: ұсыным теңдігі, сұраным теңдігі және сұраным мен ұсыным теңдігінің қосындысы.
Ұсыным теңдігі: dx=I; мұндағы х-өндіріс өсімі; 1 – күрделі қаржы көлемі; 1:Х — күрделі қаржының орташа өнімділігі, 1:Х — өлшем бірлігі күрделі қаржы бірлігіне келетін алынған өнім өсімі. Осы теңдікте ғылыми-техникалық прогресс, жұмысқа қамту, табиғи ресурстар еске алынады.
Сұраным
теңдігі: М=d i/1, мұнда α — сақтау қорын
жинауға орташа бейімделуі, мұның кері
көрсеткіші мультипликатор өсімін анықтайды.
1.3. Экономикалық өсу циклділік - экономикалық даму формасы ретінде
Циклділіктің мәні. Көптеген ғалым-экономистер мысалы, Нобель сыйлығының лауреаты П.Самуэльсон, «Экономикс» оқулығының бірінші авторы В.Леонтьев және басқа да көптеген отандық ғалымдар циклділіктің экономикалық заңдылық екенін теріске шығарып, оның заңдылығын мойындамаған. Өйтсе де, өмірдің өз салтанаты бар. Циклділік көптеген зерттеулер нәтижесінде дәлелденіп, бірсыпыра оқулықтардан өз орнын алды.
Циклділік
– бұл ұлттық шаруашылықтың және
тұтастай бүкіл дүниежүзілік шаруашылығы
қозғалысының жалпы формасы. Ол ұлттық
шаруашылықтың әртүрлі
Циклділік
— бұл кем дегенде ұлттық экономика
масштабындағы бір
Экономикалық циклдің негізгі түрлері. Экономикалық циклдің бірнеше түрлері бар, кейде оларды толқындар деп те атайды.
Қоғамдық өндірістің дамуындағы тепе-теңдіктің бұзылуы экономиканың әртүрлі деңгейіндегі сұраным мен ұсынымның көптеген себептермен ұзақ уақыт бойына бұзылуының нәтижесінде болды.
Экономиканың тепе-теңдіктің бұзылуының үш негізгі тобы бар.
Ағымдық өзгерістер, олар сұраныс пен ұсыныстың күнделікті, маусымдық өзгерістеріне байланысты. Олар бірнеше сағат пен күнмен (мысалы, тауар тасудағы үзіліс) бірнеше жылға созылуы мүмкін.
Орташа экономикалық циклдар. Ұзақтығы 8-12 жылға жететін экономикалық белсенділіктің толқындық өзгерістері. Экономистер оның себептерін әртүрлі түсіндіреді. Мысалы, бір теория бұл жағдайда өндіріс құрал жабдықтарының ескіріп, жаңа құралдарға сұраныстың күрт өсуімен байланыстырады. Бұл күрт өскен сұранысқа ұсыныс бірден сәйкес келмейді.
Ұзақтығы, кезеңдері және шапшандығы жағынан бұл экономикалық циклдар әртүрлі. Бірақ олардың әрқайсысында төрт фаза болады.
Ұзақ экономикалық циклдар. Бұл ұзақтығы 40-60 жылдық «ұзын толқындар». Технологиялық дәуір алмасып, мамандардың мамандығын түбірімен ауыстыруын және тұтас кәсіпорын, өндіріс ғимараттары, сондай-ақ құрылыстардың инфрақұрылымын өзгертуге мәжбүр ететін жаңа ғылыми-техникалық түп негіздерге өтуге байланысты. «Ұзын толқындар» теориясы 1847 жылдан бастап зерттеле бастады. Ағылшын Ы. Кларк 1793 және 1847 жылдардағы дағдарыс араларындағы 54 жылдық үзіліске көп көңіл бөлді. Ол бұл кездейсоқ жағдай емес, объективті үзілістер екенін болжай білді.
Циклдар теориясына К. Маркс елеулі үлес қосты. Ол өз талдауын қысқа толқынды даму процесіне, артық өндіру дағдарысына ерекше мән берді.
Ұзақ экономикалық циклдар Ресей ғалымы М. Туган-Барановскийдің еңбегінде кездестіруге болады. Циклды даму теориясы орыс ғалымдарының А. Гельфанд (Парвус) еңбегінен де табамыз. Ол циклды даму капитализмге тән болатынын дәлелдеуге тырысты.
Кондратьевтің
«ұзын толқындары» циклдық
ХХ
ғасырдың екінші жартысында ұзақ толқынды
зерттеушілер қатары көбейе түсті.Олар:
И. Шумпетер, С. кузней, К. Кларк, У. Митчел,
П. Боккара, Д. Гордон, Т. Кучинский т.б.
1983, 1935, 1987, 1988 және 1992 ж. ұзақ толқын проблемасына
арналған халықаралық симпозиум болды.
ІІ - тарау Қазақстан
Республикасының
дамуының индустриялық-
2.1. Экономикалық даму процесіндегі кедергілер
Үдемелі экономикалық өрлеудің жолдары шын мәнінде барлық елдерге бірдей деуге болады.
1. Қолда бар табиғи ресурстардың қорын тиімді пайдалану. Бұл жұмыссыздар санын азайту ғана емес, сонымен бірге ресурстардың тиімді бөлінуіне ықпал жасайды.
2. Өндірістік ресурстардың қоры өсуі керек. Шикізаттар қоры өндіріс құралдарын ұлғайтып, еңбек пен алдыңғы қатарлы технологияны тиімді пайдалану арқылы қандай да болмасын экономикалық жүйе өнім өндіруді көтереді.
Ал кейбір елдер табысқа жетіп жатса, екіншілері кейін қалады. Оның басты себебі материалдық және әлеуметтік-мәдени жағдайларға байланысты.
Экономикалық даму жолындағы кездесетін кедергілерді талдауда мына факторларды тиімді пайдалануға тоқталық: 1) табиғи ресурстарды; 2) еңбек ресурстарын; 3) капитал ресурстарын; 4) озық технологияны. Осымен байланысты әлеуметтік, институционалдық және мәдени факторлардың негативті ролін қарайық. Ең соңында үкімет саясаты мен шет елдер көмегінің ықпалына талдау жасайық.
Табиғи ресурстар. Табиғи қазбалы ресурстардың жер бетіне бөлінуі бірдей емес. Бір елде жер асты байлығы мол болса,бір елдерде жоқ. Табиғи ресурстардың молдығынан байып отырған елдер бар. Мысалы, мұнай экспорттайтын Жақын Шығыс елдері: Сауд Аравиясы, Кувейт, Иран, Ирак т.б. Екінші жағынан ескертетін жағдай, бұл байлықтар көпшілік жағдайда шет елдердің ірі мемлекетаралық корпорациялардың игілігінде болады. Сондықтан алынған пайда шет елге кетеді. Мысалы, біздің Батыс Қазақстан облысындағы дүниежүзілік мәні бар Қарашығанақ газ-конденсат жер асты байлығы Бритшгаз, Аджип компанияларының билігінде. Оның пайдасының басым көпшілігі шет елге кетеді. Экономикалық артта қалған елдердің көпшілігі Орталық және Оңтүстік Америкада, Африкада, Үндістан жарты аралығында, Оңтүстік-Шығыс Азияда орналасқан. Ыстық, ылғалды климат өнімді еңбек етуге мүмкіндік бермейді, адамдар мен жануарлар және өсімдіктер арасында ауру кең тараған, ал арамшөп, зиянды шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа ауыл шаруашылығының жауы.
Еңбек ресурстары. Еңбек ресурстары тұрғысынан қарағанда артта қалған елдерде:
Жұмыссыздық және жұмыс күшін жартылай пайдалану. Кедей елдерде жұмыссыздық, көпшілік экономистердің зерттеуі бойынша 15-20% шамасында болады дейді. Көпшілік елдерден жұмыс іздеп басқа елдерге барып жұмыс істейді. Мысалы, Түркия елінен 1 миллионнан астам жұмысшылар Батыс Европа елдерінде жұмыс істейді.
Ең
төмен еңбек өнімділігі. Бұл проблема
артта қалған елдердің басты қасиеті.
Жұмыс күшінің өндіріс құрал-
Капитал жинау (қорлану). Көпшілік экономистердің пікірі бойынша экономикалық өрлеудің ең басты факторы капитал жинау дейді. Бұл фактордың ролі мынада.
1. Барлық экономикалық
артта қалған елдерде
2.
Инвестициялық тауардың өсуі
өңделген, егіске жарамды жердің
тапшылығымен байланысты. Егістікке
жарамды жердің аздығы
2.2. Дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу
Біздің
салауатты экономикалық өрлеу стратегиямыз
мықты нарықтық экономикаға, мемлекеттің
белсенді рөліне және айтырлықтай шетел
инвестицияларын тартуға
Мемлекеттің белсенді рөл атқара отырып, экономикаға араласуының шектеулі болуы. Экономикалық реформалардың табысы мен олардың жекелеген учаскелерде тежелуі мемлекеттің рөлін қайта қарастыруды талап етеді.
Орталықтағы және жергілікті жерлердегі өкімет экономикаға араласудың барлық түрімен, дән себу, егін жинау және басқалармен айналысуды тоқтатуға тиіс. Мемлекет жекеше сектор басты рөл атқаратын нарықтың заңды шеңберлерін құра отырып, экономикада маңызды, бірақ шектеулі рөл атқаруға тиіс. Яғни, меншік құқықтарын рәсімдеуге, бәсекелес рынок пен монополияға қарсы күресті реттеудің сенімді құралдарын құруға, фискальды және монетарлық саясатты қолдауға, әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға, қажетті инфрақұрылымды, білім беруді, денсаулық сақтауды дамытуды қамтамасыз етуге және мықты экономикалық саясат жүргізуге бағытталған құқықтық және нормативтік база жасауды аяқтау көзделіп отыр.
Инфляцияны қолайлы деңгейде түсіре отырып, біз стратегиялық күшті экономикалық ілгерілеуге бағыттаймыз. Бірақ экономикалық, тіпті жалпы мемлекеттік стратегия монетарлық саясатқа сай келмейді, сондықтан біз бүгін неғұрлым кең және бара-бар мүмкіндікке иеміз. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз.
Ұзақ
мерзімді болашақтағы макротұрақтандыру
туралы әңгіме болғанда біз осы салада
пайда болатын қауіпті