Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 20:37, курсовая работа
Экономикалық өсу параметрі, оның динамикасы ұлттық даму және мемлекеттік экономиканы реттеу үшін кең қолданылады. Халық шаруашылығы және саясат саласының жоғарғы органдарының қызметін экономикалық өсу динамикасы мен өмір сүру динамикасының деңгейіне қарап бағалайды. Экономикалық өсу, оның қарқыны, сапасы және басқа көрсеткіштер тек қана ұлттық шаруашылықтың потенциалына ғана байланысты емес. Сонымен қатар сыртқы саясат факторларына да едәуір деңгейде байланысты болды.
Кіріспе..................................................................................................................3
І-тарау Экономикалық өсудің ұғымы мен негізгі шарты
1.1. Экономикалық өсудің түсінігі мен типтері....................................5
1.2. Экономикалық өсудің көп факторлы моделі және қазіргі заманғы модельдері..........................................................................................6
1.3. Экономикалық өсу циклділік – экономикалық даму формасы
ретінде...............................................................................................10
ІI-тарау Қазақстан Республикасының дамуының индустриялық -
инновациялық стратегиясы
2.1. Экономикалық даму процесіндегі кедергілер.........................13
2.2. Дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық
өсу.................................................................................................15
2.3. Қазақстан Ресубликасында сыртқы экономикалық байланыстың
және сыртқы сауданың дамуы.............................................16
ІІІ-тарау Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсу бағытын
талдау
3.1. Мемлекеттің дамуындағы негізгі экономикалық бағыт..........18
3.2. Экономикалық дамудың бүгіні мен ертеңі...............................19
Қорытынды.........................................................................................................22
Қолданылған әдебиеттер..................................................................................23
Қосымшалар
Мазмұны
Кіріспе.......................
І-тарау Экономикалық өсудің ұғымы мен негізгі шарты
1.1. Экономикалық өсудің түсінігі мен типтері.......................
1.2. Экономикалық өсудің көп
1.3. Экономикалық өсу циклділік – экономикалық даму формасы
ретінде.......................
ІI-тарау Қазақстан Республикасының дамуының индустриялық -
инновациялық стратегиясы
2.1. Экономикалық даму процесіндегі
кедергілер....................
2.2. Дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық
өсу...........................
2.3. Қазақстан Ресубликасында
және сыртқы сауданың дамуы....
ІІІ-тарау Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсу бағытын
талдау
3.1. Мемлекеттің дамуындағы
3.2. Экономикалық дамудың бүгіні
мен ертеңі....................
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер........
Қосымшалар
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Экономикалық өсу параметрі, оның динамикасы ұлттық даму және мемлекеттік экономиканы реттеу үшін кең қолданылады. Халық шаруашылығы және саясат саласының жоғарғы органдарының қызметін экономикалық өсу динамикасы мен өмір сүру динамикасының деңгейіне қарап бағалайды. Экономикалық өсу, оның қарқыны, сапасы және басқа көрсеткіштер тек қана ұлттық шаруашылықтың потенциалына ғана байланысты емес. Сонымен қатар сыртқы саясат факторларына да едәуір деңгейде байланысты болды.
Осы экономикалық өсу процесі дүниежүзінде басты мәселенің бірі болып табылады. Экономикалық өсу процесі арқылы елдегі өнеркәсіптің, ғылыми техникалық прогрестің, ауыл шаруашылықтың және білім сапасының өсуі арқылы мамандардың қызметінің өсуіне алып келеді.
Курстық жұмысты жазудағы мақсат экономикалық өсудің ұғымы мен негізгі шарттарын, Қазақстан Республикасының дамуының индустриядық-инновациялық стратегиясын, Қазақстан Республикасының экономикалық өсу бағытын талдау.
Осы мақсатқа сай жұмысты жазуда жазуда төмендегідей міндеттер
қойылған:
Курстық жұмыстың құрылымы үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда экономикалық өсудің түсінігі мен типтері, көп факторлы моделі мен қазіргі заманғы моделі және экономикалық өсудегі циклдық дамуы қарастырылады. Ал, екінші тарауда экономикалық даму процестеріндегі кедергілер, ҚР-ның өнеркәсібінің бүгінгі кемшіліктері және сыртқы сауданың дамуы қарастырылған. Үшінші тарауда ҚР-сы экономикалық өсудің негізгі бағытын талдау, Президентінің қазақ халқына жолдауындағы экономикалық өсуді дамыту мәселесі қаралады.
Сонымен бірге қосымшалар да бар. Онда экономикалық өсудің ресурстары, экономикалық өсімнің артуына факторлардың қосқан үлесі және экономикалық ұзақ циклдер мерзімі көрсетілген.
Курстық
жұмысты жазудағы қажет мағлұматтар
«Жалпы экономикалық теория» (Ө.Қ.Шеденов,
Е.Н.Сағындықов, Б.А.Жүнісов, Ү.С.Байжомартов,
Б.И.Комягин), «Макроэкономика» (Р.Фишер,
Р.Дорнбуш), «Макроэкономика» (Агапова
Т.А., Серегина С.Ф.), «Қазақстан-2030» (Н.Ә.Назарбаев)
және тағы да басқа әдебиеттерден, сондай-ақ,
басқа да арнайы әдебиет материалдарынан
жинақталды.
І - тарау Экономикалық өсудің ұғымы мен негізгі шарты
1.1. Экономикалық өсудің түсінігі мен типтері
Экономикалық өсудің ұғымы. Экономикалық өсу параметрі, оның динамикасы ұлттық шаруашылықтың даму және мемлекеттік экономиканы реттеу үшін кең қолданылады. Халық шаруашылық және саясат саласының жоғарғы органдарының (Қазақстан Республикасының үкіметі, жоғарғы Совет, Президент) қызметін экономикалық өсу динамикасы мен өмір сүру динамикасының деңгейіне қарап бағалайды. Экономикалық өсу, оның қарқыны, сапасы және басқа көрсеткіштер тек қана ұлттық шаруашылықтың потенциалына ғана байланысты емес, сонымен қатар сыртқы экономикалық және сыртқы саясат факторларына да едәуір деңгейде байланысты болды. Мәселен, дүниежүзілік нарықтағы мұнай бағасының екі есе қымбаттауы ғылыми-техникалық прогресс приоритетінің өзгеруіне, өнеркәсіп өндірісінің экономикалық динамикасына әсер етті.
Экономикалық өсу деп нақты бір мерзім ішінде өндірілген тауар немесе көрсетілген қызмет түрінің көлемінің артуын айтамыз. Кей жағдайда (мәселен, қазіргі Қазақстан республикасында) арту деген керісінше болуы да мүмкін демек ол өндірістің төмендеуі деген сөз экономикалық өсу бұрынғы (алдыңғы) мерзіммен салыстырмалы түрде алынған процент немесе абсолютті өлшеммен де өлшенеді. Экономикалық өсудің түпкі мақсаты тұтыну, халықтың әл-ауқатының жақсаруы. Оның өлшемдері жоғарыда келтірілді. Біздің елде ұзақ мерзім бойы ресурстың көптеген бөлігі армияға жұмсалды.
Экономикалық өсудің типтері. Дүние жүзілік экономика тарихы экономикалық өсудің екі типін біледі. Экстенсивті — өндіріс факторларын сан жағынан ұлғайту арқылы қол жетеді. Интенсивті экономикалық өсуге факторларды сапалық өзгерту арқылы қол жеткізуге болады. Мұнда ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктері пайдаланылады. Интенсификация нәтижесінде тек өнім көлемі артып қана қоймай, сонымен қатар оның сапасы жақсарады.
Нақты
өмірде де экстенсивті, не интенсивті
даму түрі таза түрде болмай, әртүрлі
көлемде ұштасады. Әрқашанда не интенсивті
немесе экстенсивті дамудың бір
түрі екіншісінен басымдау болуы мүмкін.
Оны анықтау өндіріс өсімінің үлесіне
тікелей байланысты болады. Мәселен, алынған
өсім сапасын арттыру есебінен бе, әлде
сандық фактор әсерінен бе, міне, осыны
анықтаса болғаны. Мысалы, 70-80 жылдарда
СССР-да ұлттық табыс өсімінің 20-30% интенсивті
фактор есебінен алынды. Мұндай көрсеткіш
өнеркәсібі дамыған елдер де 50% асады.
1.2. Экономикалық өсудің көп факторлы моделі және қазіргі заманғы модельдері
Экономикалық өсудің ресурстары. Экономикалық өсудің негізгі факторларына еңбек, жер және капитал жатады. Осылардың әрқайсысы өз алдына «екінші кезектегі» факторлардың жиынтығы болып табылады. Мәселен, капитал — бұл өндіріс үйі, жабдықтар, шикізат, отын және т.б. Олар әртүрлі дәрежеде өндірілген жалпы ұлттық өнімге әсерін тигізеді. Капиталға сонымен қатар ғылыми-техникалық прогрессті жатқызуға болады, өйткені оның жалпы ұлттық өнімінің құрылымы мен мөлшеріне әсер етуінен бұл өлшемдер тұрақты өсіп отырады. Сонымен қатар экономикалық өсудің сыртқы факторына қоғамдағы сұраным жиынтығын жатқызуға болады. Өйткені, бұның әсерінен экономикалық өсудің саны мен сапасы және құрылымы әрқашан оңға өзгеріп отырады. Мұнда есте болатын бір жай, сұраным жиынтығынан басқа ректордың бәрінде ұсыным факторына жатқызуға болады.
Ресурстардың әрқайсысы басқа ресурстарға байланысты және қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы деңгейіне орай тұрақты өзгеріп отырады. Бұл ресурстар экономикалық өсуге әсер еткенде әртүрлі функцияны орындайды. Ол құн мен натуралды формадағы әртүрлі көрсеткіштермен өлшенеді.
Бұл аталған ресурстарды сонымен қатар экономикалық өсуге тікелей әсер ете алатын ресурстар деп атауға болады. Жанама жолмен әсер ететін көптеген ресурстар бар. Мәселен, өнімнің немесе қызмет көрсетудің сұранымы көбіне еңбек ақының мөлшері мен динамикасына байланысты болады. Оның нақты мөлшері жұмысшылар мен кәсіпкерлердің коллективтік шарт жасау кезінде ережемен анықталады. Сонымен қатар бұл мемлекеттің фискалдық саясатын халықтың қорлануға икемді болуы, тұтыну бюджетінің құрылымына байланысты келеді. Біздің елімде әкімшілік –бұйрық ету кезінде мемлекет бұл жағдайлармен санасқан жоқ. Мұның өзі жоспарлау мен жобалау процес бұрмалады. Басқа мысал келтірейік. Капиталды және бүкіл өндірісті жоғары дәрежеде пайдалану кәсіпкерлік қызметтің деңгейіне байланысты. Ал мұның өзі менеджердің біліміне, талантына, батылдығына және басқа да функциялардың сапасына байланысты болатыны белгілі.
Жоғарыда келтірілгеннің бәрі де экономикалық өсудің көп факторлы моделін сипаттайды.
Қосымшада еңбек өнімділігінің өсімі құрамындағы компоненттердің арифметикалық соммасы 78%, бұл 68%-тен артық. Сондықтан да заңдылық институционалдық факторлар «минус» белгісімен көрсетілген. Мәселен, Америка Құрама Штаты 70-80 жж. табиғатты қорғаудың жаңа заңдылығына сәйкес технологиялық процестерді өзгерту және тазарту құрылысын салу жөнінде шараларды жүзеге асырады. Мұның өзі жалпы ұлттық өнім көлемін ұлғайтуға емес, капиталға және ғылыми техникалық прогреске жұмсалатын шығындардың бір бөлігін табиғатты қорғауға мәжбүр етті.
Кеңес
Одағында соғыстан кейінгі үш бесжылдықтың
жоспары орындалмағанның
С.Кон
мен Г.Шредер есебі бойынша бүкіл
совет экономикасы
Экономикалық өсудің екі факторлы моделі жоғарыда экономикалық өсудің көпфакторлы моделі қарастырылды. Сонымен қатар нақты практикада екіфакторлы: еңбек және капитал моделі де кездеседі. Енді сол екіфакторлы модельдің сценариесін қарастыралық. Бірінші жағдайда ғылыми-техникалық прогресс еске алынбайды да, ал екінші жағдайда ол еске алынады. Бірінші жағдайда капиталдың қорлануы (ғылыми-техникалық прогресс болмағанда) шығын өзгермегенде түпкі шегіне жеткен өнім азаяды, былайша айтқанда түпкі өнімділік кемиді.
Енді ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін нақты жағдайда пайдаланғанда қандай болмақ, соны қарастыралық. Бұл вариантта еңбек пен капитал неғұрлым өнімді болады. Көп табыс бұрынғыдай еңбек және капитал шығыны мен-ақ алынуы да мүмкін. Инвестиция капитал қайтарымын көбейтеді.
Өндіріс экономикасына инвестиция әртүрлі әсер етеді. Оның бірі капитал шығынын көбейтіп, еңбек шығынын үнемдеуді қамтамасыз етсе, енді біреулері – капитал бөлуді салыстырмалы түрде қысқартады. Егер мұның біріншісі – еңбексақтағыш деп аталса, ал екінші капиталсақтағыш деп аталынады. Мұның салдарынан еңбекақы пайдамен салыстырғанда едәуір артады. Өнеркәсіп революциясынан бастап инвестиция еңбек шығынын салыстырмалы түрде көбінесе үнемдеуге бағытталған. Мұндай тенденция өндіріс тиімділігін арттырумен қатар еңбек жағдайымен байланысты көптеген әлеуметтік проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.
Экономикалық
өсу теориясының қазіргі