Инвестициялық жобалау

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 17:15, курсовая работа

Описание работы

Инвестициялар – біздің экономикамызда бұл жаңа термин болып табылмайды. Орталықтанған жоспарлық жүйе кезінде тек "капиталдық салымдар" деген түсінік қана қолданылды. Бұл түсінікте, негізгі қорлардың қайта өндірісі және оларды жөңдеуге кеткен шығындар да еңгізіледі.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................
1 Инвестициялық жобалардың теориялық негіздері...............................................................................................................
1.1 Инвестициялық жобаның түсінігі,түрлері..................................................
1.2 Инвестициялық жобаларды талдау формалары.........................................
1.3 Инвестициялық жобаларды бағалау әдістері.............................................
1.3.1 Инвестицияның тиімділігін бағалау........................................................
1.3.2 Инвестициялық жобаның қаржылық бағалау нормалары............................................................................................................
2 Нақтылы инвестициялық жобаларды бағалау.......................................
2.1 ЖШС «Тамир» инвестициялық жобасы....................................................
2.2 Акционерлік қоғам «Ертіс-ГЭС» инвестициялық жобасын бағалау ерекшеліктері.....................................................................................................
3 Инвестициялық жобаны экономикалық дәлелдеу
3.1 Инвестициялық жобаның экономикалық мәні және оның мәселелері...........................................................................................................
3.2 Инвестициялық жобаны экономикалық талдау........................................
Қорытынды.........................................................................................................
Пайдаланған әдебиеттер тізімі..........................................................................

Работа содержит 1 файл

Эля курсовой.docx

— 208.12 Кб (Скачать)

Біздің  қарастырып отырған инвестициялық  жобаның экономикалық тиімділігін  бағалау әдістері, инвестициялық  циклдың жаңадан жасалған немесе реконструкцияланған кезеңіндегі  табыстар мен шығыстардың алғашқы  мәліметтеріне сүйенеді.

Бұл алғашқы  мәліметтердің қатарына мыналар  кіреді: қарастырылып отырылған кезең  уақытының ішіндегі шығарылған өнім деңгейі; шығарылған өнімнің сату бағасы; әрбір өнім түрін шығаруға байланысты жұмсалған айнымалы шығындардың  деңгейі; қарастырылған кезеңдегі  ГИС-нің өнім түріне жатқызылған  шығындар; өнімді шығару нәтижесінде  алынған табыс деңгейі; өндірістің жұмыс істеу деңгейін ұстау мен  ұлғайтуға бөлінген күрделі қаражаттарының деңгейі.

Инвестициялық жобаның экономикалық тиімділігін  бағалау, инвестициялық кезең алдында  жеке инвестициялаудың барысында жүргізілетін болғандықтан, онда қолданатын мәліметтердің  едәуір деңгейі болжамды болып келеді, демек оңайлау тәсілін пайдалануды  мақсат тұтады. Бірақта, бұл оңайлау  тәсілі жеткілікті ұзақ мерзімге арналған құрал-жабдықтары бар және амортизациялық шығындары аса көп емес шағын  және орташа деңгейдегі кәсіпорындар үшін қолайлы.

Ал егер бізді оның тек нақты табыс  деңгейін (сонымен қоса таза табысын) және инвестицияға бөлінген қаражаттың деңгейін дисконттауға негізделген  инвестицияның рентабелділігін  бағалайтын болсақ, онда бұндай инвестициялық  жобаның кез-келген кәсіпорын үшін тиімді болуы мүмкін.

Негізінен алғанда инвестиция процесі көптеген іскерлік шешімдерді қажет ететіндіктен ал жан-жақты зерттеулер жүргізуді  талап етеді. Бірақ біз бұл  арада дисконттау мен пайыздардың  негізгі әдісіне талдау жасауды  ғана мақсат тұтты. Болашақтағы ақша қаражатының құнын кедіргі жаққа  келтіру құбылысын дисконттау деп  атайды (яғни нөлдік вариантқа келтіру)

Бз –  белгілі бір жағдайда ақша қаражаттарын инвестициялаудың алынатын құны деп  топшылайды және ол пайыздық мөлшерлеме, уақыт кезеңі, пайыздарды есептеп  шығарудың жағдайы бойынша жүзеге асады.

АҚ – (дисконтталған) бүгінгі күнінің  деңгейіне келтірілген төлем  құны немесе төлем топтамасы, бірақ  ол болашақта ғана іске асады.

Дисконттау (пайыздық) мөлшерлемесін анықтау  кезінде күрделі пайыздар эффектісіне  аса үлкен мән беріледі. Бұл  күрделі пайыздар, өзінің есептелген кезінде шегерілмейді, керісінше, ол бастапқы саласына қосылады. Ол келесі кезеңде жаңа табыстарды әкеледі. Күрделі  пайыздардың болашақтағы ақша қаражаттарының құнын анықтайтын мынадай формуласы  бар: БҚ=АҚ (1+і)n.     

Болашақтағы инвестициядан түсетін табыстың ағымдық құны мынадай факторларға  тәуелді болып келеді: а) ақша қаражаттарының ағылуы мен кері ағылулары арасындағы уақыттың алшақтығымен; б) қажет пайыздық мөлшерлемесі немесе дисконты; в) күрделі  қаржыны бөлу барысында есептелетін  тәуекелділіктің деңгейі. Егер жоба алғашқы рет қаржыландырылып  отырса, онда ондағы тәуекелділіктің  деңгейі де жоғары болады. Демек, ағымдағы бірлік құнының пайдалануы, оның әр түрлі уақыт кезегіндігіне және іске асатын жобалардың, нәтижелер  мен шығындарының бір қалыптылығына  байланысты.

Сайып келгенде, осы және басқа формулаларды пайдалану  барысында біз әр кезде, әртүрлі  мәселелер туындауы мүмкін. Мысалы үшін, дисконттау мөлшерлемесін негіздеудің  нақты тетігін табу, есеп саясатын қалыптастыру, капиталдардың орташа құнын табу сияқты мәселелердің бүгінге  дейін артық шешімі табылған жоқ. Егер бұл аталған жағдайлар өз дәрежесінде жасалмаса, онда бұндай инвестициялық жобаның күмәнді  болатындығында дау жоқ.

Сондықтан, осы және басқада мәселелерді  шешу үшін, бүгінгі күнге дейінгі  белгілі болған инвестициялық жобаның  бағалау тәсілдерін қарастырып көрейік.

 

 

 

 

Қорытынды:

 

     Қорыта келе, мен осы курстық  жұмысымды жаза келе инвестициялық  жобалардың тиімділігі қалай  анықталады және осы процесс  қалай жүргізіледі туралы жазып  кеттім. Жалпы алғанда, егер инвестициялық  жоба өте нақты анықталып бағаланса,  онда оның экономикаға әкелетін  әсері жағымды болады. Сонымен  қатар, осы инвестициялық жобаны  әзірлеуші тұлға белгілі бір  қаражаттар сомасын сала отырып, болашақта өз пайдасын екі  немесе одан да көп мөлшерде  ұлғайтуы мүмкін.

Инвестициялық жобаны бағалаудың көптеген әдістері бар және олардың әр қайсысының өзіне  тән ерекшеліктері, артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Яғни инвестор белгілі бір жобаны бағалау кезінде  нарықтық, саяси, экологиялық, әлеуметтік және тағы басқа факторларды ескере отырып, өзіне сәйкес келетін бағалау  әдістерін қолдануы тиіс.

Қазіргі таңда көптеген инвестициялық жобалар  әлі қабылданбаған, олар көбінесе химиялық, металлургия, құрылыс материалдары өндірісіндегі жобалар болып  табылады. Менің ойымша бұндай жобаларды  мемлекет тарапынан жартылай болса  да, қолдап және қаржыландырылуы керек. Өйткені бұл жобалар, біздің экономикамызды әрі қарай дамытады және халық  тауарларына сұраныс көбейеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 24.12.04ж. №1383 қаулысы.
  2. Әлжанова . Инвестициялық жобалау.
  3. Стоянова Е.С. «Финансовый менеджмент», Москва; Преспектива, 2005г.
  4. Мир финансов. «Инвестиционные проекты и их оценка» №7, №8,        №9. 2006г.
  5. Web-сайт: www.ifk.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Инвестициялық жобалау