Инвестициялық жобалау

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 17:15, курсовая работа

Описание работы

Инвестициялар – біздің экономикамызда бұл жаңа термин болып табылмайды. Орталықтанған жоспарлық жүйе кезінде тек "капиталдық салымдар" деген түсінік қана қолданылды. Бұл түсінікте, негізгі қорлардың қайта өндірісі және оларды жөңдеуге кеткен шығындар да еңгізіледі.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................
1 Инвестициялық жобалардың теориялық негіздері...............................................................................................................
1.1 Инвестициялық жобаның түсінігі,түрлері..................................................
1.2 Инвестициялық жобаларды талдау формалары.........................................
1.3 Инвестициялық жобаларды бағалау әдістері.............................................
1.3.1 Инвестицияның тиімділігін бағалау........................................................
1.3.2 Инвестициялық жобаның қаржылық бағалау нормалары............................................................................................................
2 Нақтылы инвестициялық жобаларды бағалау.......................................
2.1 ЖШС «Тамир» инвестициялық жобасы....................................................
2.2 Акционерлік қоғам «Ертіс-ГЭС» инвестициялық жобасын бағалау ерекшеліктері.....................................................................................................
3 Инвестициялық жобаны экономикалық дәлелдеу
3.1 Инвестициялық жобаның экономикалық мәні және оның мәселелері...........................................................................................................
3.2 Инвестициялық жобаны экономикалық талдау........................................
Қорытынды.........................................................................................................
Пайдаланған әдебиеттер тізімі..........................................................................

Работа содержит 1 файл

Эля курсовой.docx

— 208.12 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе..................................................................................................................

1 Инвестициялық жобалардың  теориялық негіздері...............................................................................................................

1.1 Инвестициялық жобаның түсінігі,түрлері..................................................

1.2 Инвестициялық жобаларды талдау  формалары.........................................

1.3 Инвестициялық жобаларды бағалау  әдістері.............................................

1.3.1 Инвестицияның тиімділігін  бағалау........................................................

1.3.2 Инвестициялық жобаның қаржылық  бағалау нормалары............................................................................................................

2 Нақтылы инвестициялық  жобаларды бағалау.......................................

2.1 ЖШС «Тамир» инвестициялық  жобасы....................................................

2.2 Акционерлік қоғам «Ертіс-ГЭС»  инвестициялық жобасын бағалау  ерекшеліктері.....................................................................................................

3 Инвестициялық жобаны  экономикалық дәлелдеу

3.1 Инвестициялық жобаның экономикалық  мәні және оның мәселелері...........................................................................................................

3.2 Инвестициялық жобаны экономикалық  талдау........................................

Қорытынды.........................................................................................................

Пайдаланған әдебиеттер тізімі..........................................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Инвестициялық жобалардың теориялық негіздері

1.1  Инвестициялық жобаның түсінігі, түрлері

 

Инвестициялар – біздің экономикамызда бұл жаңа термин болып табылмайды. Орталықтанған жоспарлық жүйе кезінде тек "капиталдық салымдар" деген түсінік қана қолданылды. Бұл түсінікте, негізгі қорлардың қайта өндірісі және оларды жөңдеуге кеткен шығындар да еңгізіледі.

1994 жылғы  27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  (ҚР) Заңына сай инвестицияларға  (толықтырулар мен өзгертулер  еңгізу арқылы) келесідей анықтама  берілді. "Инвестициялар – бұл,  пайда алу мақсатында өндірістік  қызмет объектілеріне салынатын  мүліктік және интеллектуалдық  құндылықтардың барлық түрі, сонымен  қатар:

- акциялар  және өзге де коммерциялық  ұйымдарға қатысу формалары;

- облигациялар  және өзге де қарыздық міндеттемелер;

- қозғалатын, қозғалмайтын мүлік және мүліктік  құқық, ұстау құқығы мен тауарлардан  басқа, импортталатын және өткізуге  арналған, қайта өңделмейтін мүліктер;

- интеллектуалдық  қызметке, авторлық құқыққа, патентке, тауарлық белгілерге, өндірістік  үлгілерге, технологиялық процесстерге, ноу-хауға құқық;

- лицензияға  негізделген қызметтерді жүзеге  асыру құқығы".

Инвестициялық жоба деген не?

Капиталдың  ең маңызды белгісі - оның иесіне пайда  әкелу мүмкіндігі. Капиталды ұзақ мерзімде салу немесе инвестициялау  – мұндай мүмкіндікті пайдалану  формаларының бірі.

Инвестор  тарапынан алғанда инвестициялаудың мәні -  «ертеңгі күні» пайда алу  үшін «бүгінгі» пайданы алудан бас  тарту. Мұндай операциялар банктермен ссуда беруге ұқсас келеді. Сәйкесінше, капиталды ұзақ мерзімге салу туралы шешім қабылдау үшін екі негізгі  болжамды белгілі бір дәрежеде дәлелдейтін  ақпарат болуы тиіс:

1) салынған  қаражаттар толығымен өзін-өзі  өтеуі тиіс;

  1. бұл операция салдарынан пайда жоғары болу қажет. Яғни тәуекелдерді жабу үшін.

Инвестициялық жобалардың түрлері және мазмұны  әр түрлі болуы мүмкін. Яғни бұлар  құрылыс жобаларынын мүлікті  бағалауға дейін жоба сәйкес келмеуі  мүмкін.

Уақытша фактор – инвестициялық жобаны бағалауда  негізгі рольді атқарады. Бұл графикте 3 даму фазаларын атап айтуға болады. Осы кезеңдер жобаның өмір сүру уақытын  білдіреді.

Бірінші фаза. Кей жағдайларда толығыменен  анықтала алмайды. Бұл кезеңде оның техника-экономикалық жағдайлары талданады, маркетингтік зерттеулер жүргізіледі, жабдықтаушылар таңдалынады, потенциалды  инвесторлармен тікелей жұмыс жүргізіледі.

Инвестицияны  алдын-алу фазасының соңында инвестициялық  жобаның бизнес-жоспары болуы  қажет. Жоғарыда аталып кеткендей, көп  уақыт пен ақша қаражаттарын талап  етеді.

Келесі  бөлім инвестииялауды білдіреді  немесе жүзеге асыру фазасы. Бұл  фазаның басқалардан ерекшелігі – бұл дамуы кезінде алдағы фазалардын едәуір мөлшерде шығындарды талап етеді.

Бұл бөлімде  кәсіпорынның тұрақты активтері  қалыптасады. Кейбір шығындар (персоналды оқыту, тағы басқа) өнімнің өзіндік  құнына енгізілуі мүмкін.

Негізгі құралдың жұмыс істегенінен бастап, үшінші фаза, эксплуатациялық фаза іске қосады. Бұл фазада өнімді өндіру басталуымен және қызмет көрсетулермен  сипатталады.

Халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары  бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрылымдастырылған сипаты болып табылады.Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба»  деп аталады.

Жалпы түсінігі бойынша жоба – бұл белгілі бір мақсатқа көзделетін

кәсіпорынның  іскерлігін жақсарту жайлы арнайы ұсыныс.

Жобаларды әдетте тактикалық және стратегиялық деп бөледі. Стратегиялық жобаның  қатарына меншік түрінің өзгерісін (арендалық кәсіпорынды, акционерлік  қоғамды, жеке кәсіпорынды құру) немесе өндіріс сипатының түбегейлі (жаңа өнім өндірісі, толық автоматтандырылған өндіріске көшу) өзгерісін қарастыратын жобаларды жатқызамыз. Тактикалық жобалар, әдетте, шығарылатын өнім көлемінің  өзгеруімен, өнім сапасын жоғарылатумен  және қондырғыларды жаңартуымен  байланысты болады.

Қазақстанның  тәжірибесінде жоба түсінігі жаңа ұғым емес. Жаңа экономикалық жағдайларда  кәсіпорын, яғни оның иелері және жоғары басқару құрамы өз келешектерін өз бетінше шешеді. Мұндай іскерлік инвестициялық  жобалау тұрғысынан ерекше ұйымдастырылуы тиіс.

Инвестициялық жобалардың талдауы олардың жіктеулеріне негізделуі қажет, оны біз 1-ші кестеден көре аламыз.

Инвестициялық жобаның негізгі бөлімдері:

1) Инвестициялық  жобаның қысқаша сипаттамасы.

  1. Жобаның негізгі идеясы.

     3) Нарықты талдау және маркетинг  тұжырымдамасы.

     4) Инвестициялық жобаны орындау  процесіне қажетті материалдық                          ресурстардың көлемін негіздеу.

  1. Жобаның орындалуының техникалық негізіне сипаттама.
  2. Жобаның тұрған жері.
  3. Басқаруды ұйымдастыру.
  4. Қажетті еңбек ресурстары.
  5. Жобаның орындалу кестесі.
  6. Жобаны қаржымен қаржылануына сипаттама және оның тиімділігін бағалау.

 

 

 

Жіктелуі

Түрлері

  1. Қажетті инвестицияның көлемі бойынша:

- Кіші жоба

- Мега жоба

  1. Жобаны жүзеге асыру мерзімі бойынша:

- Қысқа

- Орта

- Ұзақ

  1. Тәуекелге қатысты:

- Тәуекелді

- Тәуекелсіз

  1. Жобаның қатысушысы бойынша:

- Мемлекеттік

- Біріккен

     -  Шетел  инвесторлар

  1. Ақша ағымының типі бойынша:

- Жай

- Жай емес

  1. Жобалар арасындағы қарым-қатынастары бойынша:

- Тәуелсіз

- Өзара бірін-бірі жоққа  шығару

- Орнын толтыру

- Өзара әсер ету


 

Кәсіпорынның  нақты бір жобаға қатысты инвестициялық  іскерлігінің жалпы реттелуі жобалық цикл түрінде қалыптасады және ол цикл келесі кезеңдерге ие:

  1. Жобаның тұжырымдалуы – бұл кезеңде кәсіпорын жетекшілерінің жоғары құрамы кәсіпорынның ағымдағы жағдайына талдау жасап, кәсіпорынның ары қарай дамуының пайдалы бағыттарын анықтайды. Талдау нәтижесі бизнес идеясы түрінде рәсімделіп, кәсіпорынның неғұрлым маңызды міндеттерін шешуге бағытталады. Бұл кезеңде идеяны жүзеге асыруға қатысты едәуір дәлелді аргументтер болуы тиіс. Егер олардың барлығы бірдей дәрежеде пайдалы және іске асырымды болса, онда даярлаудың соңғы кезеңінде олардың ішінен неғұрлым тиімдірегін қабылдау үшін бір мезгілде бірнеше инвестициялық жобалар әзірленеді.
  2. Жобаны дайындау - жобаның бизнес-идеясы бірінші тексерілімнен өткеннен кейін, оң немесе теріс деген нақты шешімді қабылдауға болғанға дейін оны ары қарай дамыту керек. Бұл кезеңде жоба жоспарының барлық бағыттарында – коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық, институционалдық және тағы басқа – оны бірте-бірте нақтылау мен жетілдіру талап етіледі. Жобаның жекелеген міндеттерін шешу үшін бастапқы ақпараттарды іздеу немесе жинақтау аса маңызды болып табылады.
  3. Жобаны сараптау - жобаны жүзеге асыру алдында оның білікті сараптамасы – жобаның өмірлік циклына аса қажетті саты жүргізілу қажет. Егер жоба негізінен стратегиялық инвестор есебінен қаржыландырылатын (несиелік, тікелей) болса, онда инвестордың өзі сараптама жүргізеді, мысалы, болашақта жобаны іске асыру процесінде ақшаның көп бөлігін жоғалтудан гөрі, бұл кезеңде беделді бір консалтингтік фирмаға ақшаның кейбір бөлігін жұмсауы мүмкін. Егер кәсіпорын инвестициялық жобаны негізінен өз ақша құралдарының көмегімен іске асыруды жоспарласа, онда жобаның негізгі жағдайларының дұрыстығын тексеру үшін де сараптама қажет.
  4. Жобаны жүзеге асыру - бұл кезең бизнес-идеяның дамуынан бастап, жобаның іске қосылу мезетіне дейін толық қамтиды. Мұнда қызметтің барлық түрінің орындалуын қадағалау және мемлекеттің ішіндегі реттеуші органдар мен шетелдік немесе отандық инвесторларының бақылауы кіреді.
  5. Нәтижелерді бағалау - бұл жобаның соңында, сондай-ақ жобаны орындау процесі кезінде жүргізіледі. Бұл қызмет түрінің негізгі мақсаты жобаға салынған идеялар мен олардың іс жүзіндегі орындалу дәрежесі арасындағы нақты кері байланысты алу болып табылады.

Шетелдік тәжірибеде кездесетін инвестициялық жобалардың негізгі түрлері төменде келтірілген:

        1. Тұрақты масштабтағы бизнестің табиғи жалғасуы ретінде ескірген қондырғыларды ауыстыру. Әдетте, осыған ұқсас жобалар ұзақ және күрделі дәлелдемелерді, шешім қабылдауды талап етеді.
        2. Ағымдағы өндірістік шығындарды азайту мақсатында қондырғыларды ауыстыру. Осындай жобалардың мақсаты – жұмыс істеп жатқан қондырғының орнына неғұрлым жетілгенін қолдану.
        3. Өнім шығаруды арттыру және қызмет көрсету нарығын кеңейту. Жобалардың бұл түрі әдетте кәсіпорын басқармасының жоғарғы деңгейі қабылдайтын жауапты шешімді талап етеді.
        4. Жаңа өнім шығару мақсатында кәсіпорынды кеңейту. Жобалардың бұл түрі жаңа стратегиялық шешімдердің нәтижесі болып табылады және бизнестің мәнінің өзгерісін қозғауы мүмкін. Жобалардың осы түрлерін әзірлеген кезде жіберілген қате кәсіпорынды неғұрлым сәтсіз жағдайларға алып келетінін атап өткен жөн.
        5. Экологиялық жүгі бар жобалар. Экологиялық жүгі бар жобалар өздерінің табиғаты бойынша қоршаған ортаны ластауымен әрқашан байланысты болғандықтан, талдаудың осы бөлігі барынша қиын болып табылады.
        6. Шешім қабылдаудағы маңыздылығы аса жоғары емес жобалардың түрі. Мұндай жобалар жаңа офис салу, жаңа автомобиль сатып алу және тағы басқаларды қамтиды.

Болашақ инвестициялық жобаның бизнес-идеясы тұжырымдалғаннан кейін, кәсіпорын  сол бизнес-идеясын жүзеге асыры  ала ма деген сұрақ туады. Ол үшін кәсіпорынның тиісті экономикалық саласының  жағдайы мен сала шеңберіндегі кәсіпорынның салыстырмалы жағдайын талдау керек. Батыстық жобаларды талдау тіжірибесінде  төмендегі критерийлерді қолданады:

     - Саланың жетілуі;

     - Кәсіпорынның бәсеке  қабілеттілігі (оның нарықтағы  жағдайы).

  Саланың  жетілуін оны даму жағдайының 4 түрінің біреуіне жатқызу арқылы  талдау қалыптасқан: эмбрионалдық, өспелілік, жетілген немесе ескірген.

Екінші  критерийге сәйкес, кәсіпорынның тиісті сала шеңберінде оның бәсеке қабілеттілігін орнату керек. Басқаша айтқанда, тауар  мен қызмет көрсетудің мақсатты нарығында  берілген кәсіпорынның басқа кәсіпорындармен  салыстырмалы жағдайын анықтау.

Кәсіпорынның  жетілу критерийі мен бәсекелік  қабілетін салыстыру арқылы кәсіпорынның өмір сүру циклының матрицасын құруға болады және ол матрица конструктивті  сипатқа ие болады: кәсіпорынның жағдайын қалыптастырып қана қоймай, ары қарай  дамуы бойынша қағидалық кеңестер береді.

Информация о работе Инвестициялық жобалау