Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2011 в 12:58, реферат
Осы өзіндік жұмыстың барысында мен мемлекеттің құрылымдық, инвестициялық саясатының басты рөлін, мәнін, қызметін, оған қоса оның теорияларын ашып көрсетуге тырысамын. Сонымен қатар, экономиканы мемлекеттік реттеудегі негізгі инвестициялық бағыттарын, мемлекеттің құрылымдық-инвестициялық саясатын қалыптастыру негіздерін, мемлекеттің инвестициялық қызметін жүзеге асыру әдістері мен тәсілдері және оның маңызды мәселелерін талқылап, біздің тәуелсіз елімізге тигізетін пайдасы мен зиянын, қажеттілігі мен қажетсіздігін көрсету көзделіп отыр.
Кіріспе. 2
1-тарау. Инвестиция саясаты. 3
1. 1 Инвестиция саясатының рөлі , мәні, қызметі және оның теориялары. 3-6
Негізгі бөлім.
2-тарау. Қазақстан Республикасы мемлекетінің құрылымдық-инвестициялық саясаты. 7
2.1 Экономиканың мемлекеттік реттеудегі негізгі
құрылымдылық-инвестициялық бағыттары. 7-10
2.2 Мемлекеттің құрылымдық-инвестициялық саясатын қалыптастыру негіздері. 11-13
2.3 Мемлекеттің құрылымдылық- инвестициялық
қызметін жүзеге асыру механизмдері. 13-17
Қорытынды. 19
Қолданылған әдебиеттер. 20
Сілтемелер.
Азайған көлемнің орны мемлекеттік кәсіпорындар
мен ұйымдардың негізгі жұмсаған өз қаржыларының
есебінен толықтырылады. Осы көрсеткіштердің
динамикасын Қазақстан бойынша төменде
келтірілген мәліметтер арқылы байқауға
болады. (3-кесте).
Жыл дар |
Меншік
нысандары бойынша негізгі |
Инвестициялар: | ||||||
Жабдық құрал саймандарға | Құрылыс монтаж жұмыстарына | Тұрғын үй құрылысына салынған | ||||||
Млн.тг. | % | Млн.тг. | % | Млн.тг. | % | Млн.тг. | % | |
2004 | 1703684 | 100 | 416378 | 24,4 | 734970 | 43,1 | 130495 | 7,6 |
2006 | 2824523 | 100 | 686433 | 24,3 | 1341083 | 47,4 | 368354 | 13,0 |
2008 | 4210878 | 100 | 1216760 | 29,0 | 1995654 | 47,4 | 468039 | 11,1 |
3- кесте. Күрделі
құрылысқа жұмсалған инвестициялардың
құрамы мен құрылымы.
Кесте
мәліметтерінен байқайтынымыз, соңғы
он жылда күрделі құрылысқа жұмсалған
инвестициялардың жалпы көлемінде мемлекеттік
кәсіпорындар мен ұйымдардың үлесі өте
азайған (95,3 пайыздан 13,3 пайызға дейін),
керісінше мемлекеттік емес кәсіпорындармен
ұйымдардың үлесі жоғарылаған (2,9 пайыздан
84,6 пайызға дейін). Бұндай жағдайдың қалыптасуна,
әрине жекешелендіру нәтижесінде көптеген
мемлекеттік емес кәсіпорындар мен ұйымдардың
жеке меншікке өткендегі себеп болып отыр.
Күрделі құрылысқа жұмсалған
инвестициялардың көлемінде бюджеттік
қаржылардың үлесі жылдан-жылға төмендеуде.
Егер бұл көрсеткіш 1990 жылы 38,9 пайызға
тең болса, 1995 жылы – 5,0 пайызға, ал 2000 жылы
10,0 пайызға тең. Кәсіпорындар мен ұйымдардың
қаржыларының үлесі, тиісінше, 59,4 5 %, 92,3
%, 49,4% болып отыр. Он жыл ішінде жеке құрлыс
салушылардың қаржыларының үлесі айтарлықтай
өзгере қойған жоқ.
Шетел инвестицияларын тартудың тағы
бір негізгі қағидасы ол клісілген істің
екі жаққа да пайдалы болуы. Халықаралық
тәжірибеге көрсеткендей, бржақты табыс
алуды қуалау тек елдер арасындағы инвестициялық
қарым- қатынасты қиындатады, нәтижесінде
екі жақта ұтылып қалуы мүмкін.
Маңызды қағидалалардың бірі елдердің
инвестициялық келісімдері мен инвестициялық
жобалардың ашық, жариялылық негізде болуы.
Инвестициялық жобалардың негізгі көрсеткіштер
және жүзеге асыру механизмдері келісуші
жақтарға алдын ала белгілі болуы шарт.
Және де қоғамдық ақпарат құралдарында
жариялануы тиіс.
Егер қағидалар инвестициялық
қызметті дұрыс басқару үшін қажет болса,
шетелдік инвестицияларды тарту формалары
нақты жағдайды ескере отырып, олардың
қолайлысын таңдап алу үшін қажет. Тікелей
инвестициялау шетел инвестицияларын
тартудың тиімді және нәтижелі түрде болып
есептеледі. Ол адрестілігімен және өндірістік
сфераға бағытталуымен ерекшеленеді.
Ол халықаралық экономикалық және ғылыми-техникалық
интеграция үрдісін жеделдетуге мүмкіндік
береді, біріккен кәсіпорындар құру негізінде
екі жақтың интелектуалдық потенциялын
өзара байытады.
Несиелер мен зайымдар да шетелдік инвестициялар
тартудың формасы болып табылады, бірақ
олар келешек кезеңінің қарыздарын ұлғайтады.
Түптеп келгенде, шетелдік инвестициялық
несиелер, елдің өз несие қорымен салыстырғанда,
екі-үш есе қымбатқа түсуі мүмкін.
Қорытынды.
Осы тақырыптағы өзіндік жұмысты аяқтай отырып, маған мемлекеттің құрылымдық саясаты, ең алдымен макроэкономикалық деңгейде инвестициялық шешімдер қабылдап, жүзеге асыру арқылы, яғни құрылымдық және инвестициялық саясаттарды тығыз байланыста екені белгілі болды. Жоғарыда айтылып өткендей инвестициялық саясат маңызды үш бағытта жүргізіледі деп қарастырдық:
Осы бағыттар ішінен басымдысын таңдап алу және халық шаруашылығының барынша тиімді аймақтық – салалық құрылымын қолдау мақсатында олардың үйлесімін қамтамасыз ету – мемлекеттің инвестициялық саясатының негізін құрайтынын аңғардық. Қалыптасқан пікір бойынша инвестиция құрамына пайда, табыс және әлеуметтік эффект алу мақсатында экономика салаларының барлық нысандарына кәсіпкерлік қызметті дамытуға жұмсалатын меншік және интеллектуальдық құндылықтардың барлық түрлері енеді. Инвестициялардың күрделі қаржыдан тағы бір айырмашылығы деп, олар материалдық емес активтерді яғни, ( жер бөліктерін пайдалану құқығы мен табиғатты пайдалану нысандары, патенттер, авторлық құқықтар, тауарлық белгілер, лицензиялар) ұлғайту үшін де жұмсалатынын ескерген жөн болар.
Тағы
бір айтатын жайт, инвестицияның
құрылымы мен сапасы, адам капиталы
мен техникалық білімдер маңызды
рөл атқарады. Тұрақты және жылдам
экономикалық өсу жинақ ақша мен
инвестицияларға тікелей
Қолданылған әдебиеттер:
1. Кушлин: «Гос. рег. рыночный экономики » Москва-2000 .
2. Ихданов, Орманбеков: «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті
мәселелері »
Алматы-2002 .
3. «Қ. Р. Индустриялды – инновациялық дамуының 2003-2015 ж. арналған стратегиясы » :Астана-2003.
4. Ж.О. Ихданов: «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері» Алматы 2010.
5. Мұқашева, Б. Ә.:
«Экономиканы мемлекеттік реттеу» Астана
2010
Сілтемелер:
1. http://www.kazneb.kz/;
2. http://www.aikyn.kz/index.