Инвестиция саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2011 в 12:58, реферат

Описание работы

Осы өзіндік жұмыстың барысында мен мемлекеттің құрылымдық, инвестициялық саясатының басты рөлін, мәнін, қызметін, оған қоса оның теорияларын ашып көрсетуге тырысамын. Сонымен қатар, экономиканы мемлекеттік реттеудегі негізгі инвестициялық бағыттарын, мемлекеттің құрылымдық-инвестициялық саясатын қалыптастыру негіздерін, мемлекеттің инвестициялық қызметін жүзеге асыру әдістері мен тәсілдері және оның маңызды мәселелерін талқылап, біздің тәуелсіз елімізге тигізетін пайдасы мен зиянын, қажеттілігі мен қажетсіздігін көрсету көзделіп отыр.

Содержание

Кіріспе. 2


1-тарау. Инвестиция саясаты. 3


1. 1 Инвестиция саясатының рөлі , мәні, қызметі және оның теориялары. 3-6


Негізгі бөлім.


2-тарау. Қазақстан Республикасы мемлекетінің құрылымдық-инвестициялық саясаты. 7


2.1 Экономиканың мемлекеттік реттеудегі негізгі

құрылымдылық-инвестициялық бағыттары. 7-10


2.2 Мемлекеттің құрылымдық-инвестициялық саясатын қалыптастыру негіздері. 11-13


2.3 Мемлекеттің құрылымдылық- инвестициялық

қызметін жүзеге асыру механизмдері. 13-17



Қорытынды. 19

Қолданылған әдебиеттер. 20

Сілтемелер.

Работа содержит 1 файл

Экономиканы мемлекетт3к реттеу.docx

— 57.38 Кб (Скачать)

Жоспар

Кіріспе.                                                                                                             2 

  1-тарау. Инвестиция саясаты.                                                                   3 

1. 1   Инвестиция саясатының рөлі , мәні, қызметі және оның теориялары.                                                                                                     3-6        

Негізгі бөлім. 

2-тарау.  Қазақстан Республикасы  мемлекетінің құрылымдық-инвестициялық  саясаты.                                                                              7 

2.1   Экономиканың мемлекеттік реттеудегі негізгі

құрылымдылық-инвестициялық  бағыттары.                                       7-10                                                                         

2.2 Мемлекеттің құрылымдық-инвестициялық саясатын  қалыптастыру негіздері.                                                                             11-13 

2.3   Мемлекеттің құрылымдылық- инвестициялық

қызметін  жүзеге асыру механизмдері.                                                      13-17      

                                                                            

Қорытынды.                                                                                                    19

Қолданылған әдебиеттер.                                                                             20

Сілтемелер.                                                                                                      20 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

     Осы  өзіндік жұмыстың барысында мен  мемлекеттің  құрылымдық, инвестициялық  саясатының басты рөлін, мәнін,  қызметін, оған қоса оның теорияларын  ашып көрсетуге тырысамын. Сонымен  қатар, экономиканы мемлекеттік реттеудегі негізгі инвестициялық бағыттарын, мемлекеттің құрылымдық-инвестициялық саясатын  қалыптастыру негіздерін,  мемлекеттің инвестициялық қызметін жүзеге асыру әдістері мен тәсілдері  және оның маңызды мәселелерін талқылап, біздің тәуелсіз елімізге тигізетін пайдасы мен зиянын, қажеттілігі мен қажетсіздігін көрсету көзделіп отыр.

     Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады.  
      Сондықтан да кәсіпорындар үшін де инвестиция негізгі қажеттілік болып табылады.  
     Алайда инвестиция қажеттілік ретінде қолайлы стратегия мен тактиканы талап етеді.  
      Кәсіпорынның инвестициялық саясаты олардың таңдаған инвестициялық стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Инвестициялау стартегиясы кәсіпорынның инвестициялық қызметінің ұзақ мерзімді мақсаттар жүйесін тұлғалайды. Ең алдымен аса маңызды екі мәселеге ерекше көңіл бөлу керек:біріншіден,халық шаруашылығының құрылымдық өзгерістеріне нарықтық механизм әсер ете алмайды,сондықтан бұл өзгерістерді мемлекет тарапынан реттеу қажет;екіншіден,өзгерістерді инвестициялық процестермен және шаруашылық жүргізуші субъектілердің инвестициялық белсенділігін ынталандырумен тығыз байланыста қарастырмасақ өндірістің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттыру мақсатында құрылымдық реттеу мәселесін шешу мүмкін емес.Сондай-ақ,болашақтағы ғылыми негізделген құрылымдық өзгерістердің қажеттілігі-әсіресе экономиканы басқарудың жоғарғы деңгейінде инвестициялық шешімдер қабылдауға қатысты мақсатты сипатта болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1.1. Инвестиция саясатының рөлі , мәні, қызметі және оның теориялары.

           Бұл тақырыпты алғандағы мақсат еліміздің инвестициялық саясаттың ролін, яғни алатын орнын, маңыздылығын, тәуелсіз елімізге қажеттілігін атап көрсету . Оған дәлел 2005 жылдың 18-ақпандағы Елбасы, Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Онда еліміздің 1990- жылдардың басындағы экономикалық ахуалынан неден басталғаны туралы айтылады. Қазақстанның іщкі өнімінің екі есе ұлғаюына, нарықтық экономиканың құрылуына инвестицияның тигізген әсері мол болды. Жолдауда « Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл бүгінгі Қазақстанның тұрақты, тиімді әрі сенімді әріптес екенін барша инвесторларға көрсетеді» деп айтылуы инвесторлармен қатар еліміздің экономикасының даму жолына түскендігін, әлем Қазақстанға өз қаржысын салғысы келетінін көрсетеді. Өйткені инвестиция дегеніміз табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады, яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысты немесе іске жұмсалынуы тиіс. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ең алғашқы, яғни 1997 жылы 10-қазанда Алматы қаласында өткен Республика белсенділерінің жиналысындағы «Қазақстан – 2030» барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауында шетел инвестициясы тоқталды. «Шетел инвестицияларын тиісінше қорғауды және пайданы кері қайтарып алу мүмкіндіктері бұрынғысынша назарда бірінші кезектегі мәселелер қатарында ұсталады.» -деп атап өтілуі инвестициялардың еліміздің экономикасын дамытуға қажеттілігін көрсетеді. 2003 жылдың 9-сәуірдің Президенттік Қазақстан Жолдауында үкімет 2015 жылға дейінгі Индустриялық - инновациялық даму бағдарламасын әзірлеген: Инвестициялық сипаттағы тікелей мемлекеттік шығасылардың жылына орта есеппен 38 миллиард теңге (250 миллион доллар) болатынын жоспарлап отырмыз. Бұл қаражаттың едәуір бөлегі өндірістік және ғылыми инфрақұрылымды жасақтау мен жаңартуға жұмсалатын болады. Индустриалық - инновациялық даму бағдарламасын іске асыру мақсатында даму институттарының жүйесі құрылады әрі капиталданатын болады. Соның ішінде, қазірдің өзінде жинақтаушы, сондай-ақ тұрақтандырушы уәзипалар атқарып жатқан Ұлттық қор бар. Қазақстанның инвестициялық қоры құрылатын болады. Ол капиталына үлестік қатысу арқылы қосылған құны жоғары тауарлар өндіретін қазақстандық компаниялардың құрылуына жәрдемдесуге тиіс.  

     Ғылыми - техникалық және кәсіпкерлік салалардың тұрақты өзара іс - қимылын қамтамасыз ету мақсатында Инновациялық қор құрылып, оған инновациялар мен венчурлық кәсіпкерлікті дамыту мен енгізу жөнінде неғұрлым кең өкілеттіктер жүктеледі. Инвестициялық саясат. Он жылдықта әлеуметтік – экономикалық салада жалпы ішкі өнімді екі есе ұлғайтуды, сөйтіп, негізінен алғанда, кедейшілік мен жұмыссыздық проблемасын шешуді міндетімізге алған. Экономика саласында 2004 жылы экономикалық өрлеудің барынша жоғары қарқынына жету басты міндет ретінде алға қойылып отыр. Мұның өзі инвестициялардың тез өсуіне және жалпы ішкі өнімдегі жинақтау нормасының артуына тікелей байланысты. Экономикалық өсімнің жоғары қарқынын тұрақты ұстап тұру үшін біздің таяудағы 4-5 жылдың ішінде негізгі капиталдың ІЖӨ -ге қатысты жалпы жинақталу көлемін 28 пайыз деңгейіне дейін жеткізуіміз керек. Соның ішінде мемлекеттік инвестициялардың ІЖӨ жөнінде 2-ден 4 пайызға дейінгі өсіміне жету шарт. 2003 жылы мемлекеттік бюджеттің асыра орындалатыны, сөйтіп көкейге қонымды маңызды деңгейге - бір триллион теңгеге жақындайтыны қазірдің өзінде білініп отыр. Сондықтан, 2003 жылдың ішінде–ақ бюджетті нақтылай түсу қажет, ал экономиканың стратегиялық салаларында жұмыс істейтін мемлекеттік ірі кәсіпорындар акцияларының пакеттерін сатудан алынған жоспардан тыс түсімдерді Ұлттық қорға жіберу керек. Осыған орай мен Үкіметке 2003 жылдың бюджетін Парламентте нақтылаған кезде артылған қаражатты жинақтауға, сондай-ақ әлеуметтік дамуға бағыттауды тапсырамын. Мемлекеттік инвестициялар . Индустриалық- инновациялық даму бағдарламаның іске асырылуын қамтамасыз ететін қаржы институттарын құру мен капиталдандыру мақсатында : - Даму банкінің жарғылық капиталын ұлғайтуда және оның кредиттік жадығатын молықтыруға – 12 миллиард теңге; - құрылатын Қазақстан инвестициялыққорының жарғылық капиталына – 23 миллиард теңге ; - құрылатын Инновациялық қорға – 36 миллиард теңге; - Экспортты сақтандыру жөніндегі корпорация құру үшін -7.7 миллиард теңге жіберуді ұсынамын. Жеке инвестициялар .Біздің экономикамыздағы жеке сектордың рөлі барған сайын арта беруге тиіс. Бүгінгі таңда зейнетақы жинақтау жүйесінің жиынтық капиталы 300 миллиард теңгеге жуықтап отыр. Банк жүйесіндегі депозиттер 600 миллиард теңгеден асып түсті. Банктердің жиынтық меншік капиталы бір жылдың ішінде үштің біріне ұлғайып, миллиард доллардан асып түсті, ал экономикаға берілген кредиттер соңғы үш жылда 4.5 есе көбейді. Мұның бәрі де экономикалық өрлеудің жоғары қарқынын қамтамасыз етеді және демеп отырады.

          Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде , яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады. Инвестиция дегеніміз- бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды , яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы клешекте , яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады. Бұл жоғарыда айтылған процесспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі – уақыт, ал екіншісі – тәуекелдік . Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып , елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың , ғылыми- техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің , инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады. Нақтылық инвестиция дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық , құрылыс) өсуіне , дамуына жұмсалану үшін салынатын салымдар болып табылады. Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға , облигациялар және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттерін салынған салымдар болып табылады. Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі: а) қысқа мерзімдік иелену- иелену мерзімі бір жылға дейін; ә) ұзақ мерзімдік – иелену мерзімі бір жылдан артық; Инвестор – қор нарығында құнды қағаздарды сатып алушылар болып табылады. Ұлттық инвестор дегеніміз- Қазақстан Республикасында инвестицияны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Заңды тұлғасы. Инвестиция дегеніміз – табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады , яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысқа немесе іске жұмсалынуы тиіс. Инвестор өз алдына дербес екі топқа бөлінеді: - жеке инвесторлар (жеке адамдар). - институттандырылған инвесторлар (банктер , инвестициялық қорлар , зейнетақы қорлары , тағы басқалары). Инвестициялық саясат дегеніміз – халық шаруашылығының әр түрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты. Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың , оларды шешуші бағыттарға шоғырландырудың , қоғамдық өндірісте тепе- теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің жиынтығы. Егер инвестициялық саясат дұрыс шешілсе, әрбір шығындалған теңгеге келетін ұлттық табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды. Инвестициялық саясат күрделі қаржыны, қорларды өндіретін , өндейтін және ол өнімдерді пайдаланатын салалар арасында дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуі керек. Қазіргі кезде күрделі қаржыны жаңа өндіріс орындарын тұрғызудан гөрі оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, қайта құруға бағытталып, одан әрі өндіріске жұмсалған күрделі қаржының ара салмағын өсіре беру көзделіп отыр. Нарықты экономикаға көшу кезінде инвестициялық саясат сұранысты қанағаттандыруға бағытталуға тиіс.

     Тікелей инвестиция дегеніміз- капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел территориясында өндірісті ұйымдастыруын айтады. Тікелей инвестициялар арқылы халықаралық корпорациялар дүниежүзілік нарықта өз бөліктерін жүргізеді. Ал , капитал дегеніміз - тауар өндірісінің жұмыс күші тауарға айнала бастаған кезінде пайда болады. Капиталдың алғашқы қорлануы процесінде тікелей өндірушілер өндіріс құрал- жабдықтары капиталистік кәсіпкерлердің қолына жинақтала бачстады. Өндіріс құрал жабдығынан айырылған жұмысшы өз жұмыс күшін капиталистерге сатуға мәжбүр болды. Бұл процесс тауар өндірісінің капиталистік өндіріске айналуын көрсетеді. Капиталды әлем елдерінде пайдаланудың негізгісі мыналар :

1. Инвестициялаушы  елдегі капиталдың мол қорлануы;

2. Дүниежүзілік  шаруашылықтың әр түрлі бөліктеріндегі  капиталға сұраныс пен ұсыныс  арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы; 

3. Жергілікті рынокты монополизациялау мүмкіндігі;

4. Капитал экспортталатын елде арзан шикізат пен жұмысшы күшінің болуы; 5. Саяси тұрақтылықтың және қолайлы инвестициялық ахуал; Капиталды шетке шығару мына нысандарда жүргізіледі: - өнеркәсіп, сауда т.б. кәсіпорындарына тікелей инвестициялар ; - портфельдік инвестициялар (шетелдік облигацияларды, акцияларды және басқа да құды қағаздарға алу үшін); Ішкі инвестициялық ресурстар өте тапшы, бүгінгі экономикалық жағдайда экономиканы тұрақтандыруға , реформаларды тереңдету және құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыру шетел капиталын тартпайынша мүмкін емес.

     Шетел инвесторы - шетелдік заңды тұлғалар, шетел азаматтары , шетел мемлекеттері , халықаралық ұйымдар , шетелде тұрақты тұрғылықты мекені бар Қазақстан Республикасының азаматтары , егер олар шаруашылық қызметін жүргізу үшін азаматтығын алған немесе тұрақты тұрғылықты мекені бар елде тіркелген жағдайда. Шетелдік инвестиция дегеніміз-қабылдаушы елдегі компанияның қызметін бақылап, басқарып отыру үшін капиталдың мақсатты түрде ауысуы болып келеді. Шетелдік инвестициялардың елдер мен өнеркәсіп салалары арасында бөлінуі кәңіргі халықаралық экономиканың құрамына айтарлықтай әсер етеді. Шетелдік инвестицияларын тарту саясаты 1991 жылдан басталып, оң нәтижелер беруде. Шетел капиталын басқаратын Қазақстан эксимбанкі, сырттан қарыз алу жөніндегі комитет және инвестициялар жөніндегі комитет тәрізді органдар құрылды. Сөйтіп Қазақстанда шетел капиталы үшін қолайлы ахуал ққалыптасты. Шетел инвестицияларын тартудың басты бағыттарына тіршілікті қамтамасыз ету салалары мен экспорт бағдарындағы өндірістер – мұнай-газ және мұнай – химия салалары , электр энергетикасы , металлургия , коммуникация және де Қазақстан дәнді дақылдар , жүн , мақта т.б. ірі өндіруші болу себепті, ароөнеркәсіп кешені жатады. Мұнай-газ саласында күш-қуат мұнай мен газ өндіріп , экспорттқа шығаруды арттыруға сыртқы мұнай құбырлары мен ішкі газ құбырларын салуға жұмсалады. 1995 жылдың шетелдік инвестициялардың көлемі 235 млрд. $-ға артып, 2.6 трлн $ деңгейін жетті. 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.1. Экономиканың мемлекеттік  реттеудегі негізгі  құрылымдылық-инвестициялық  бағыттары.

         Инвестициялық саяаттың бағыттарын жете қарастырған дұрыс, өйткені олар капитал салымдарын жинақтап, орталықтандырған қаражаттардың бюджеттік көздерін толықтыра алады. Бұл инвестициялық әрекет барысында мемлекет қызметтің өзгеруіне әкеледі, яғни, капитал салымдарын бөлуші рөлінен коммерциялық инвестор рөліне ауысады. Қызметтің мұндай өзгеруі мемлекеттік инвестициялау тәжірибесінің кемшіліктерінен туындап отыр: мемлекеттік бюджет қаражатын жүйесіз жұмсау, басқаша айтқанда, тегін несиелер беру.Аталған шаралар отандық инвестицияларды реформалау мақсаттарына сай келеді. Сонымен қатар экономикалық шарттарды да ескерген жөн. Олар: конкурстық негізде тандалып алынған, тиімді деп тандалған жобаларды үлескерлік қаржыландыру; мемлекеттік емес инвесторлардың тәуекелдерін сақтандыру, инвесторлардың барлығына да жеңілдіктер белгілеу.

     Инвестицияларды  мемлекеттік реттеу қолайлы экономикалық  жағдай жасап, инвесторлардың  да, кәсіпкерлердің де мүдделі  болуларын камтамасыз ету керек.  Мұндай жүйені құру механизмі  – инвестициялық удеріске қатысушылар  үшін экономикалық ынталандырудың  нормативтер кешенін жасау.     Республиканың әлеуметтік – экономикалық дамуын басқарудың түпкілікті жаңа жүйесіне көшу осы процестің басты мәселелерін анықтауға себепші болады. Олардың бірі болып инвестициялық қамсыздандыру мәселесі табылады. Көшудің алғашқы кезеңінде заң шығаратын негіздер мен ұйымдық құрлымдарды құру, сондай-ақ, республиканың қаржылық ресурстарын пайдалану мен шетел инвестицияларын тарту жөніндегі өзіндік саясатты құру қажет болды. Қазақстандағы мемлекеттік инвестициялар жүйесін оңтайландыру мақсатымен инвестицияларды басқарудың заң шығаратын негізі мен органдары құрылды. Осы мәселе бойынша шаралардың біртұтас кешені қабылдануда. Соның ішінде, “Шетел инвестициялары туралы ”Заң (1991ж.); “Инвестициялық жекешелендіру қорлары жөніндегі Ереже” (1993ж.) ;”Қазақстан Республикасының шетел инвестициялары бойынша ұлттық агенттігін құру туралы ” ҚР Президентінің Жарлығы (маусым 1992ж.); “Инвестициялар бойынша ҚР Мемлекеттік комитетін құру жөніндегі ” ҚР Президентінің Жарлығы (қараша 1996ж.); “ Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы ”ҚР-ның Заңы (наурыз 1997ж.) және жекеленген жылдарға арналған инвестициялық бағдарламалар қабылданды. Бұл құжаттар елдегі инвестициялық процесті басқарудың негізін қалады; жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымды дамыту , елдің өнеркәсіптік және техникалық потенциалын дамытудың өсу қарқыны мен әртараптандыру саласында мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыру мен көптеген экономикалық мәселелерді шешудегі органдардың дұрыс жүйесін , олардың функциялары мен міндеттерін анықтады. 2000 жылға дейінгі кезеңнің индикативті жоспарының жорамалы бойынша отандық пен шетел инвесторларының жеке капиталын салудың басым бағыттарына төмендегілерді жатқызу мақсатқа сай болады: жеңіл өнеркәсіптің , агроөнеркәсіптік кешеннің өңдеуші салаларының , машина жасаудың , құрылыс материалдары өнеркәсібі мен мұнай , химия өнеркәсібінің жаңа кәсіпорындарын салу мен реформалар жүргізу.   

Информация о работе Инвестиция саясаты