Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2011 в 12:58, реферат
Осы өзіндік жұмыстың барысында мен мемлекеттің құрылымдық, инвестициялық саясатының басты рөлін, мәнін, қызметін, оған қоса оның теорияларын ашып көрсетуге тырысамын. Сонымен қатар, экономиканы мемлекеттік реттеудегі негізгі инвестициялық бағыттарын, мемлекеттің құрылымдық-инвестициялық саясатын қалыптастыру негіздерін, мемлекеттің инвестициялық қызметін жүзеге асыру әдістері мен тәсілдері және оның маңызды мәселелерін талқылап, біздің тәуелсіз елімізге тигізетін пайдасы мен зиянын, қажеттілігі мен қажетсіздігін көрсету көзделіп отыр.
Кіріспе. 2
1-тарау. Инвестиция саясаты. 3
1. 1 Инвестиция саясатының рөлі , мәні, қызметі және оның теориялары. 3-6
Негізгі бөлім.
2-тарау. Қазақстан Республикасы мемлекетінің құрылымдық-инвестициялық саясаты. 7
2.1 Экономиканың мемлекеттік реттеудегі негізгі
құрылымдылық-инвестициялық бағыттары. 7-10
2.2 Мемлекеттің құрылымдық-инвестициялық саясатын қалыптастыру негіздері. 11-13
2.3 Мемлекеттің құрылымдылық- инвестициялық
қызметін жүзеге асыру механизмдері. 13-17
Қорытынды. 19
Қолданылған әдебиеттер. 20
Сілтемелер.
Орталықтандырылған капитал салымдары есебінен әлеуметтік сала объектілерінің құрылысын мақсатты республикалық бағдарламалар шеңберінде жүзеге асыру қарастырылады. Мемлекеттік инвестицияларды басқару 4 жеке кезеңде жүзеге асырылуы қажет: 1. Жоспарлау; 2. Бағдарламалау; 3. Бюджетті дайындау; 4. Орындау; Жоспарлау кезеңінде әлеуметтік – экономикалық дамудың орта мерзімді бағдарламасы мен оны макроэкономикалық деңгейде, сондай-ақ ,әрбір секторға қатысты алғанда да жүзеге асырудың стратегиясын құру мәселесі шешіледі. Бұл кзеңде инвестицияларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды тандау мен алдын ала бағалауға басты назар аударылады. Бұл үшін салалық министрліктер жобаларды қаржылық- экономикалық бағалаудың жалпы қабылданған әдістемесі негізінде ұсынылатын жобалардың сипаттамасы мен бағалануы болуы қажет, жуықтағы бірнеше жылға арналған инвестициялар бойынша ұсыныстарды дайындауы керек. Бағдарламалау кезеңіндегі басты мақсат- жоспарда бекітілген мақсаттарды қызметтің мемлекеттік бағдарламаларына өзгерту. Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына (МИБ) инвестициялар бойынша ұсыныстарды ұзарту бюджеттік процеске арналатын таңданудың сол бәсекелестік қағидаларына негізделуі қажет. Қаражат бөлу жөніндегі шешімдер мынандай факторларды ескеруі қажет: - бюджет орындалатын , макроэкономикалық жағдай; - инвестициялар бойынша ұсыныстардың нақты аспектілері , соның ішінде экономикалық аспектілер. Егер инвестициялық жобаларды (кеңес беру мен сатып алуда талдау) жүзеге асыру бюджеттік мекемелерінің міндеті болып табылса, инвестициялық жобаларды қауіпке жиі қойса, әсіресе қаражатты артық жұмсауда, мәселелерден аулақ болу үшін сақтықтың қосымша шараларын қабылдау қажет. Қазақстанға ең алдымен, мемлекеттік инвестицияларды тиісті инстиутуционалдық жүйесін құру мен жоғарыда аталған функциялардың (жоспарлау, бағдарламалау, бюджетті дайындау және оны орындау) ұйымдық пен тиімді орындалуын қамтамасыз ету қажет.
Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау. Қазақстанда “Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы” Заң (28 ақпан 1997 ж.)қабылданған. Онда инвестицияның қызметі- инвестицияларды жүзеге асыру процесімен байланысты кәсіпкерлік қызмет деп көрсетілген. Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау ең алдымен келесілерден тұрады: - инвестициялық қызметті қамтамасыз етудің заң шығарушы кепілдері; - жеңілдіктер мен артықшылықтар жүйесін белгілеу (мемлекетті сол немесе басқа кәсіпорындар мен ұйымдарға олардың қызметіне қолайлы жағдайлар жасау мақсатымен жеңілдіктер мен артықшылықтар беруі). - Қазақстан Республикасының мүддесін инвесторлар алдында көрсетуге өкілетті, бірыңғай мемлекеттік органның болуы. Заңда тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың мақсаттары мен міндеттері белгіленген. Бұл қолдаудың мақсаты- экономиканың басым секторларында тауар өндірісін, жұмыс пен қызмет көрсетудің жедел дамуын қамтамасыз ету үшін қолайлы инвестициялық климат жасау болып табылады. Мемлекеттік тікелей қолдаудың ортақ мақсатына жету үшін міндеттердің бірқатарын шешу қажет: - жаңа технологияларды , алдыңғы қатарлы техника мен ноу- хау енгізу; - жоғары сапалы тауарлар мен қызмет көрсетуге ішкі нарықтың қанығуы; - отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау мен ынталандыру ; - экспортқа бейімделген және импортты алмастырушы өндірістерді жетілдіру; - ҚР- ның шикізат базасын ұтымды және кешенді пайдалану; - менеджмент пен маркетигтің қазіргі әдістерін енгізу; - жаңа жұмыс орындарын құру; - жергілікті кадрларды үздіксіз оқытудың, олардың мамандық деңгейін жоғарлатудың жүйесін енгізу; - өндірісті күшейтуді қамтамасыз ету; - қоршаған табиғи ортаны жақсарту; Басқару процесі үшін инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды ынталандырудың шаралар жүйесі басты мәнге ие. Соның ішінде, жеңілдіктер жүйесі : бекітілген инвесторлардың мүддесін қорғау бойынша ҚР- ның берген кепілдері, сондай-ақ , келісім шартқа отыру мен оны бұзудың шарттары мен тәртібі қарастырылған. Тікелей инвестицияларды қолдауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган, инвестициялар бойынша Мемлекеттік Комитет болып табылады. Ол ҚР- на тікелей инвестицияларды тарту жұмыстарын ұйымдастыру ; инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру; барлық келістіруші және рұқсат құжаттарын алуды қамтамасыз ету; инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру сияқты функцияларды атқарады. ІІ-Негізгі бөлім: Мемлекеттің инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету жолдары. 2.1 Қ.Р-ң инвестициялық қызметін жүзеге асыруы мен оның маңызды мәселелері. Ең алдымен аса маңызды екі мәселеге ерекше көңіл бөлу керек : біріншіден, халық шаруашылығының құрылымдық өзгерістеріне нарықтық механизм әсер ете алмайды; сондықтан бұл өзгерістерді мемлекет тарапынан реттеу қажет; екіншіден, өзгерістерді инвестициялық процестермен және шаруашылық жүргізуші субъектілердің иенвестициялық белсенділігін ынталандырумен тығыз байланыста қарастырмасақ өндірістің әлеуметтік – экономикалық тиімділігін арттыру мақсатында құрылымдық реттеу мәселесін шешу мүмкін емес. Сондай – ақ , болашақтағы ғылыми негізделген құрылымдық өзгерістердің қажеттілігі - әсіресе экономиканы басқарудың жоғарғы деңгейінде инвестициялық шешімдер қабылдауға қатысты мақсатты сипатта болады. Экономикадағы құрылымдық өзгерістерді сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі мен деңгейі көбінесе мемлекеттің экономикалық саясатын жүзеге асыру мен болашақтағы кезеңдерге белгіленген мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі нақтылы макроэкономикалық шараларға байланысты.
Басқаша айтқанда , жалпы мемлекеттік
экономикалық саясат- макроэкономикалық ;
салық және аймақтық деңгейлерде құрылымдық
саясатты қалыптастыру негізгі болып
табылады . Макроэкономикалық салада оңтайландыру
ісі халық шаруашылығының салалық құралымына
да әсер етеді . Өйткені мұнда өзгерістерді
жүзеге асырудың маңызды тетігі- макроэкономикалық
жағдайға айтарлықтай әсер табылады. Республикамыздың
жағдайында салалық құрылымның тиімді
жағдайын анықтау – экономиканың шикізаттық
бағытын жою және өнеркәсіпті дамыту мәселелерімен
тығыз байланысты.
2.2 Мемлекеттің құрылымдық-инвестициялық саясатын қалыптастыру негіздері.
Ең алдымен
аса маңызды екі мәселеге
Экономикадағы құрылымдық өндірістерді
сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі мен
деңгейі көбінесе мемлекеттің экономикалық
саясатын жүзеге асыру мен болашақтағы
кезеңдерге белгіленген мақсаттарға қол
жеткізу жөніндегі нақтылы макроэкономикалық
шараларға байланысты.Басқаша айтқанда,жалпы
мемлекеттік экономикалық саясат-макроэкономикалық,салық
және аймақтық деңгейлерде құрылымдық
саясатты қалыптастыру негізі болып табылады.
Макроэкономикалық тұрғыдан алғанда
құрылымдық саясатты қалыптастыру негізіне
өзара тиімді қатынастарды қамтамассыз
ету жөніндегі бірқатар мәселелер жатады.Олар:қоғамдық
өнім өндіру бөлімшелері арасындағы,аралық
және дайын өнім,өнеркәсіптегі өндіріс
құралдарының өндірісі(«А» өнімі),ұлттық
табыстағы тұтыну қоры мен қор жинау,өндірістік
және өндірістік емес күрделі қаржы жұмсау,
құрылыс-монтаж жұмыстары мен өндіріс
жабдықтарына шығын жұмсау аралығындағы
қатынастар.Олардың негізінде тиімділікке
қол жеткізу дегеніміз-қоғамның табиғи-шикізат,материалдық-
Макроэкономикалық салада оңтайландыру
ісі халық шаруашылығының салалық құрамына
да әсер етеді.Өйткені мұнда өндірістерді
жүзеге асырудың маңызды тетігі макроэкономикалық
жағдайға айтарлықтай әсер ететін салалық
басымдықтарды ғылыми негіздеу болып
табылады.Республикамыздың жағдайында
салалық құрылымның тиімді жағдайын анықтау-экономиканың
шикізаттық бағытын жою және өнеркәсіпті
дамыту мәселелерімен тығыз байланысты.
Болашақтағы салалық өзгерістерді негіздеу
де ескерілетін маңызды фактор-жиынтық
сұраныс құрылымы жайлы болжамды мәліметтер.
Олар ішкі қорлармен импортты алмастыратын
өндірісті ұйымдастыру есебінен тиісті
жиынтық ұсыныс құрылымын қажет етеді.Әлемдік
тәжірибе, басқа елдерден алынатын ресурстар
экономикалық егемендікті нығайтуға септігін
тигізбейтіндігін дәлелдеп отыр.Ал,егерде
мәселе азық-түлік өнімдеріне деген сұранысты
өтеу жөнінде болса,онда импортқа бағытталу
елдің азық-түлік бойынша қауіпсіздігін
айтарлықтай нашарлатады.
Дағдарысты жағдайдан шығу және экономиканы
дамыту-ұлттық табыстағы өндірістік қор
жинау үлесін арыттыруға байланысты.Ал
бұл,өз кезегінде әсіресе барынша жетілдірілген
өндіріс құралдарын шығаратын салаларда
өндірістің өсу қарқынын арыттыруды қажет.Мұнда
да шетелдік технологиялық инвестицияларға
бағытталуға болады және бағытталу керек
деген жаңсақ пікірлер бар.Шетелдік технологиялық
инвестицияларға толықтай бағытталу,біріншіден,отандық
машина жасау және өндіріс процесін механизацияландыру
мен автоматтандыруды қамтамассыз ететін
салалардың мүддесіне шек келтіруі мүмкін,екіншіден,елде
техникалық процестің негізгі бағыттары
бойынша күрделі және қолданбалы ғылыми
зерттеулер жүргізуге қажеттілік төмендеуі
мүмкін.Бұл екі жағдайда да өндірісте
интеллектуалдық ұтылыс анық байқалады,ал
оны болдырмау үшін мемлекеттің құрылымдық
саясатын қалыптастыруда халық шаруашылығының
инфрақұрылымдық және әлеуметтік салаларының
өндірістік негізін жаңарту мен пайдалану
тиімділігін арттыру мүдделерінің көзделуі
тиіс.
Мұндай саясатты қалыптастыру қалдықсыз
технологияларды кеңінен ендіре отырып,
елдің табиғи байлықтарын тиімді игеру
мүдделеріне де негізделеді. Бұл, республиканың
экспорттық әлуетін арттыру –шетелдерге
барлық жағынан әлемдік стандарттарға
сәйкес келетін дайын өнім шығаруға мүмкіндік
беруі қажет.Сол арқылы экономиканың,
оның ішінде өнеркәсіптің шикізаттың
бағытын жою мүмкін болар еді.
Мемлекеттің құрылымдық саясаты, ең алдымен
макроэкономикалық деңгейде инвестициялық
шешімдер қабылдап, жүзеге асыру арқылы,
яғни құрылымдық және инвестициялық саясаттарды
тығыз байланыстырғанда ғана шынайы болады.
Инвестициялық саясат маңызды үш бағытта
жүргізіледі:
- мемлекеттік бюджеттік қорларды пайдалану
арқылы;
- ішкі несие қорлары мен жеке заңды тұлғалардың
өзіндік қаражаттарын тиімді қолдануды
ынталандыру арқылы;
- шетелдік инвестициялар тарту мен тиімді
пайдалану механизмі арқылы;
Осы бағыттар ішінен басымдысын таңдап
алу және халық шаруашылығының барынша
тиімді аймақтық –салалық құрылымын қолдау
мақсатында олардың үйлесімін қамтамасыз
ету –мемлекеттің инвестициялық саясатының
негізін құрайды.Оны қалыптастыру барысында
Қазақстан Республикасының Президенті
бекіткен күрделі ұлттық бағдарламаларды
іске асыру қажеттілігі де ескеріледі.
Іс жүзінде,белгілі мақсатқа қол жеткізуді
көздейтін мемлекеттің құрылымдық –инвестициялық
саясатының бағыттары мен көрсеткіштері
сандық жағынан айқындалып, атқарылатын
мерзімі бойынша анықталуы тиіс. Ал бұл,
өз кезегінде, мүдделер,ресурстық база,
механизмдер,объекті мен осы саясатты
жүзеге асыру процесінің өзі де салалардың,
аймақтар мен тұтастай халық шаруашылығының
орта және ұзақ мерзімдік даму жоспарларында
көрініс табатындығын білдіреді.
Мысалға, нарықтық қатынастар саласы
дамыған елдердің мемлекет қызметінде
келесідей өзара байланыс анық байқалады.
(1-сурет)
1-сурет. Экономиканы
реттеу жөніндегі мемлекет шараларының
өзара байланысы.
2.3 Мемлекеттің құрылымдылық- инвестициялық қызметін жүзеге асыру механизмдері.
Әр елдің үкіметінің алдында инвестицияны тарту міндеті тұратыны белгілі. Капиалды тарту әдістері мен тәсілдері көптеген факторларға байланысты болады.
Ұлттық
заңдар басқару әрекетінің
Инвестициялық
заң капиталды орналастыру
Инвестицияны мемлекеттік реттеу механизмі екі деңгейде әрекет жасауы керек. Бірінші деңгей: мемлекет иелігіндегі реттеудің әдістері мен тәсілдерінің жиынтығынан туратын макроэкономикалық деңгей. Екінші деңгей: - шаруашылық субъетісінің өзіндік қаржы-шаруашылық қызметін жүргізу тәсілдерін біріктіретін микроэкономикалық деңгей. Мұндай механизм келесі жағдайлар жасау керек:
Инвестициялық
саясаттың маңызды
Экономикалық
әдебиетте инвестиция түсінігіне анықтама
беру жөніндегі көп талас жоқ. Қалыптасқан
пікір бойынша оның құрамына пайда, табыс
және әлеуметтік эффект алу мақсатында
экономика салаларының барлық нысандарына,
кәсіпкерлік дамытуға жұмсалынатын меншік
және инттедектуалдық құндылықтардың
барлық түрі енеді. Инвестициялық құралы
ақша қаражаттарының, мақсатты банк несиелерінен,
үдестік жарналардан, акциялар мен басқа
да бағалы қағаздардан, қозғадатын және
қозғалмайтын мүліктерден (ғимараттар,
қондырғылар, материалдар т. б.) жерді пайдалану
құқығынан, табиғи қорлардан т. б. тұрады.
Инвестициялық қызметтің негізгі нысаны
инвестициялық жобаларды жүзеге асыру
болып табылады. Бұд жерде инвестициялау
үрдісін қаржыландыру үрдісінен ажыратып
алған жөн. Егер инвестициялау қорларды
көрсетілген жобалар бойынша орналастыру
болса, онда қаржыдандыру осы қорлардың
көздерін қамтамасыз етеді.
Кей жерлерде
инвестицияны күрделі қаржы ретінде қарастырады.
Мұндай қателіктің себебі, инвестициялық
қорларды нақты пайдалану нысанының анықталмаунда.
Егер күрделі қаржы негізгі қорларды қарапайым
және ұдайы өндіруге бағытталған болса,
онда инвестициялар құрылыс-монтаждау
жұмыстарының, керекті қондырғылардың
және басқа шығындардың құнын қамтиды.
Яғни, инвестиция түсінігі күрделі қаржы
түсінігімен әлдеқайда кең. Сонымен, инвестициялық
қызмет дегеніміз “Заңды тұлғалардың,
азаматтардың және мемлекеттің инвестицияларды
жүзеге асыру жөніндегі практикалық іс-әрекеттердің
жиынтығы” болып табылады. Олар төмендегідей
инвестициялық сфераларды жүзеге асырылады:
а) күрделі құырылыс;
ә) инвестициялық сфера;
б) қаржы капиталын пайдалану сферасы;
в) қозғалатын және қозғалмайтын мүлік
нарығында мүліктік құқықтарды жүзеге
асыру сфкрасында.
Инвестициялардың
күрделі қаржыдан тағы бір айырмашылығы,
олар материалдық емес активтерді ұлғайту
үшін де жұмсалынады. Материалдық емес
активтерді құру және ұлғайтуды қаржыландыру
үшін қолданылатын негізгі көздерге амлотизациялық
төлемдер, таза пайда, коммерциялық және
басқа да банктердің ссудалары, қор нарығынан
түсімдер және т. б. жатады.
Инвестициялар әр түрлі меншік түрлеріндегі
кәсіпорындардың айналым активтеріне
де жұмсалынады. Кәсіпорындардың айналым
активтері өндіріс сферасындағы (өндірістік
запастар, аяқталмаған өндіріс, келешек
кезеңдер шығындары ж. б.), айналым сферасындағы
(дайын өнім, ақша қаражаттары т. б.) айналым
қорларынан тұрады.
Инвестициялау жөніндегі
шешім қабылдауға негізгі мәселе инвестициялық
жобаларды обьективті бағалау. Жобаларды
бағалау оңай шаруа емес, себебі сөз жалпы
экономикалық мақсаттарға қол жеткізу
үшін мемлекет деңгейінде жүргізілетін
жобалар туралы болып отыр.
Инвестициялық
жобалардың тиімділігін бағалауда
таза ағымдағ құн, рентабілдік, ішкі
табыстылық, өтелу мерзімі сияқты
көрсеткіштерді есептеумен қатар, ақшаның
қазіргі және келешек кезеңдегі
құнының айырмасын да анықтау
керек.
Бұндай есептеулер
не үшін қажет? Өйткені, ақшаның қазіргі
кездегі құны бойынша есептелген шығындарды
табыспен салыстыру мүмкіндігін туғызу
керек.
Бұл есептеудің дисконттау
деп аталатын белгілі, және ол төменгі
формула бойынша жүргізіледі:
Sd = mt/(1 + a)n;
бұл жерде:
Sd – дисконттау
мөлшерлемесі немесе ақшаның
қазіргі кездегі құны;
mt - ақшаның келешектегі құны;
a – пайданың талапты нормасы немесе ақшаныңуақытша
құны;
n – ақша құнының өсуі байқалатын жылдар
саны.
Осындай есептеулердің
нәтижесінде инвестициялық жобалардың
таза қазіргі құнын анықтаймыз. Келтірілген
табыстарды келтірілген шығындар көлеміне
бөлу арқылы жобаның рентабілдік деңгейін
есептеп шығаруға болады. Қарастырылып
отырған инвестициялық жоба бойынша шешім
қабылдау үшін оның табыстылық көрсеткішін
пайдаланылады. Ол көрсеткіш жобаны жүзеге
асыру кзеңіндегі инвестиция деңгейінің
ықпалын көрсетеді. Яғни, инвестициялық
жобаны жүзеге асырудың зиянсыз болуына
сенімді болу үшін, есепке алынатын инфляция
деңгейі қандай болуы керек деген сұраққа
жауап береді.
Сонымен мемлекет тарапынан
инвестициялық шешімдерді қабылду және
жүзеге асыру, осы іс-әрекетті ұйымдастырудың
логияклық моделін алдын ала дайындауды
талап етеді.
Біздің ойымызша, кәсіпорындардың
инвестициялық қызметтің жалпы моделінің
логикасын макроэкономикалық деңгейде
де қолдануға болады. Түптеп келгенде,
бұл модель төмендегідей. (2-сурет).
Стратегиялық жоспарлау | ||||
Идеяны іздестіру | Жобаларды анықтау және алғашқы таңдау | Қаржылық талдау және шешім қабылдау | Жобаны жүзеге асыру | Мониторинг және инвестициялық бақылау |
Бақылау | ||||
Еңбек ресурстары |
2-сурет. Инвестициялық үрдіс
Кестеде көрсетілгендей,
стратегиялық жоспарлау және еңбек ресурстарымен
қамтамасыз ету, қабылданатын инвестициялық
шешімдердің сыртқы жағдайлары және сонымен
қатар “шектеушілері” түрінде көрініп
тұр. Мемлекеттік деңгейде бұл шешімдерді
қаржыландыру орталықтандырылған қорлар
есебінен жүргізіледі, ал олардың көлемі
жылдан жылға азаюда.