Инновациялық инфрақұрылымның даму мен қалыптасу перспективалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2011 в 22:58, реферат

Описание работы

Қазақстанда 2005 жылы ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру және дамыту бойынша бағдарлама қабылданғаны белгілі. Елімізде инновациялық жүйенің төрт элементі қалыптастырылған: ғылым, инновациялық инфрақұрылым, инновацияларды қаржыландыруға арналған инфрақұрылым, сондай-ақ өндіріске инновацияларды енгізуші компаниялар. Қазақстанда ашық үлгідегі инновациялық жүйе салынып жатқанын айта кеткен орынды, ол технологиялардың трансфертін, сондай-ақ мемлекет-жеке әріптестікті білдіреді.

Содержание

Кіріспе
Инновациялық жүйе
Негізгі бөлім
Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық
дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы
Қазақстанның белгілі бір аймағының инновациялық инфрақұрылымының даму мен қалыптасу перспективалары
Инновация: Ғарыштық инфрақұрылымнық даму мен қалыптасу перспективалары
ҚР 2011 жылдағы инновациялық инфрақұрылым дамуының мысалдары
Қорытынды

Работа содержит 1 файл

инновациялар.docx

— 64.14 Кб (Скачать)

Көрме-конференцияда  электронды үкімет жүйесін енгізудің артықшылықтары да сөз болды. «Е-үкіметті» енгізу арқылы шартты үнемдеу тиімділігі біз­дің есебіміз бойынша 40,2 млрд.теңгеге жеткен. Асқар Қуанышұлының айтуынша, оған электронды сатып алу, электронды құжат айналымы, электронды лицензиялау жүйелерін енгізу арқылы қол жеткізілген. Болашақта бұл көрсеткіш өсе түсуі мүмкін, өйткені «Электронды үкімет» порталында жаңа қызмет түрлері ұсынылмақ. Қазір «Электронды үкімет» порталы интерактивті түрде көрсетілетін 74 қызмет пен 2 мың­ға тарта ақпараттық қызмет түрін ұсына алады. Министрдің болжа­мын­ша, жуық жылдар ішінде тұтынушылар ең көп қолданатын 80 қызмет түрі порталда орналастырылмақ. Халық көп тұ­тынатын бұл қызметтерді мемор­ган­дар­дың барлық сатысына жүгіріп жүрмей-ақ интернет арқылы құжаттарды тез әрі оңай алу мүмкіндігін туғызу мақ­са­тын­да жасалмақ.

         Байланыс және ақпарат министрлігі жүзеге асырып жатқан басқа да жобалар бар. Олар үкіметтік емес ұйым­дар­мен, өздерін жұмыс барысында сенімді әріптес ретінде көрсете білген интернет ассоциацияларымен жүргізілуде екен. Жобалар қатарында қазақ тілді Википедия сайтын толықтыру, ұйымдардың таныстыру сайттары, баспа БАҚ-тар­дың сайт үлгілері, тегін хостинг, BAQ қазақ тілді порталын іске қосу және бас­қалар. Осылайша Қазнет дамуы біртіндеп жолға қойылуда. «Нақты сандармен сөйлесек, домендік атаулар саны 62 мыңға дейін, Қазнет қолданушылар саны 6,5 млн. адамға, қазақстандық сайт­тарды қарау 12,3 млн.-ға жетті», деді Асқар Жұмағалиев. Қазнет дамуы­ның қадау жобаларының бірі – электронды коммерция болып отыр. Элек­тронды ақша жөнінде заң қабылданды. Оның жылдық айналымы 300 млн.долларға жетіп отыр. Ал интернет-жарнама айналымы 6 млн.долларға жуық­та­ған. Министр осы ақпараттарды екшей келе, 2014 жылға қарай электронды коммерция рыногының көлемі 1 млрд. 200 млн. долларға жетуі мүмкіндігін жария етті. Бұл сала бойынша министрлік бірқатар заңды құжаттарды толыққанды дайындап, жетілдіру үстінде.

     Қазақстан инновациялық дамуын одан әрі жоғарылатуға мүдделі. Сон­дықтан бүкіл ел аумағына барынша қолжетімді интернетті жеткізіп, байланыс жүйесін дамытуға барынша күш салынуда. Әрине, бұл алдағы бір-екі жыл ішінде атқарыла салатын жұмыстар емес. Түбегейлі өзгерістер қажет. Өйткені, жыл сайын технология саласындағы жаңалықтар мен жаңғырулар көз ілестірмей түрлене түсуде. Өткен жылы ғана 3G байланыс жүйесі туралы сөз қылдық, ал биыл 4G туралы ойланып жатырмыз. Сондықтан ел дамуының барынша екпін алуына біз де тілектеспіз. Шараның берер пайдасы мол деп отырғанымыз да осы. Көрме-конференция барысында Тәуелсіздік сарайының ішінде ұйымдастырылған көрмеде әлемге танымал брендтер келушілерге өз жаңалықтары мен соңғы жетістіктерін жарнамалады.

2.Алматыда Премьер-Ми­нис­тр­дің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің төрағалығымен «Ақпараттық технологиялар паркі» АЭА-ны одан әрі дамыту мәселелері бойынша көшпелі кеңес өтті.  Кеңес алдында Ә.Исекешев парк аумағында өндірісін ұйымдастыратын 6 компанияның жобаларымен танысты. Шығаруға жоспарланған өнімнің ассортименті өте мол, олар – жарық беретін шамдар, лазерлі принтерлерге арналған жинақтаушылар, ұялы телефондар, коммутаторлар, телекоммуникациялық жабдық, кеңсе тауарларын сату жөніндегі автоматтар. Қазіргі уақытта, аталған компаниялар технологиялық қажеттілікке арналған өндірістік модулді қайта жасақтау жөнінен жұмыстар жүргізуде. Өндірістер ағымдағы жылдың соңына дейін іске қосылмақ. Әсет Исекешев жобалық толықтыру жөнінде жүр­гізіліп отырған жұмысты оң бағалады және елеулі инновациялық әлеуеті бар әрі экономиканың технологиялық жаңғыртылуына оң әсер ететіндерін ғана паркке жібере отырып, жобаларды іріктеуге егжей-тегжейлі келу керектігін атап өтті.   Кеңесте паркті одан әрі дамыту жөніндегі Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалуы, жаңа объектілерді салуға дайындық, «Арнайы экономикалық аймақтар туралы» заңның жаңа редакциясын қабылдаумен байланысты басқару жүйесін өзгер­ту барысы, сондай-ақ, ұйымдастырушылық сипатындағы басқа да мәселелер талқыланды.

         Кеңеске қатысушылар инженерлік желілерді және паркте қалыптастырылатын инновацияларды жинақтау жүйесінің негізгі элементі болатын бірқатар объектілерді жобалау жөніндегі жұмыс барысы туралы хабардар етті. Атап айтқанда, Қазақ мұнай және газ институты 7,2 га аумақта орналасатын және парк аумағында пайдалануға берілетін алғашқы объекті – ғылыми-зерттеу кешенін құру жоспарын аяқтады.

         Қазақ-британ техникалық университетінің ректоры Ескендір Бейсембетовтің айтуынша, паркте студенттерді оқыту және олардың тұруы үшін барлық қажетті инфрақұрылыммен 50 гек­тарға дейінгі аумақта жаңа кампус орналастыру жоспарланып отыр. Жаңа кампусты салу мен жарақтандырудың құны 200 миллион АҚШ долларын құрайды.

 

        Сөз сөйлеушілер паркке жаңа инвесторлар мен инновациялық компаниялардың келуі үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік беретін инженерлік коммуникациялар желілерін салуды жедел бастау қажеттілігін атап өтті. 
 
 

Қорытынды 

         Инновация – бұл қашанда сезгiлiктi тауар өндiрiсi өсiмiне әкелетiн, пайда мен бәсекеге қабiлеттiлiктi күрт ұлғайтатын идеялар тоғысы мен бизнес. Бүгiнде Қазақстанға инновациялық қызметтiң “жарылысы” қажет. Бизнес перспективалы жобаларды iздеп, оларды жүзеге асыру үшiн бейiмделуi және жұмыс iстеуi тиiс.

        Елiмiздiң барлық компаниялары, әсiресе инвесторлары заңнамалық деңгейде өз пайдаларының бiр бөлiгiнен инновациялық, ғылыми жаңалықтарға және қызметкерлердi оқытуға қаржы бөлiп тұруға мiндеттi болулары қажет.

       Қазақстандықтардың жаңа генерациясын қалыптастыруға бағытталған “Интеллектуалды ұлт – 2020” жобасының мәнi - бәсекеге қабiлеттi адам капиталы бар елге айналу.

       Ұлттың үмiтi – жастар. Саналы да сапалы, бiлiмдi де белсендi жастары бар елдiң қашанда еңсесi биiк, болашағы зор болмақ. Сондықтан елдiң ертеңгi бақыты жастардың қолдарыңда.

        Әйтсе де, бақыт ешбiр жанды өзi iздеп келмейтiнi белгiлi. Бақ-дәулет, барша игiлiк адамның өз қолымен жасалады. Әр заманның өзiнiң артықшылығы мен қиыншылығы да болады.

Қазiргi бәсеке заманында  қажыр-қайратың, ынта-жiгерiң, тынымсыз iзденiсiң болмаса, көштен қалу оп-оңай.

      Бүгiнде елiмiздiң даму сатысы маңызы үлкен межелi тұста тұр. Алдымызда Қазақстан тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығы мерекесi келе жатыр. Бiз қазiр бұл межеге iргемiздi нығайтып, күш-қуатымызды арттырып, жетiлген мемлекет ретiнде келiп тұрмыз. Әлемдi қалтыратқан қаражат дағдарысына байланысты қиындықтардың бетiн қайтара бiлдiк. Қазақстан – бүкiл әлем сыйлайтын және есептесетiн беделi биiк iргелi ел болды.

     Алыстан ойламаған жақыннан уайым табады деген бар. Бiз – болашағымызды болжап отырған елмiз. Ендi тек ұмтылыс керек, еңбек пен қабiлет керек, ең бастысы, Отанға деген шексiз сүйiспеншiлiгiмiз керек.

    Абай Құнанбаевтың  «Сен де бір кірпіш дүниеде,  кетігін тап та бар қалан»  сөзінде айтылғандай өзімізге берілген өмірді елімізге пайда тигізу үшін сүрейік! 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кейбір  сөздердің түсініктемелері

        «Инновация» терминi латын тілінен  алынған, ол - «жаңару, өзгеру»  дегендi бiлдiредi. Бұл түсінік XIX ғасырдағы  зерттеулерде пайда болып, белгiлi  бiр мәдениеттің кейбiр элементтердің  бiрiнен екiншісіне енгiзу дсгендi бiлдiрдi. ХХ ғасырдың 30-жылдарында  Еуропада ғылымның жаңа саласы, жаңашылдық ғылымы пайда болып,  ал 50 жыдары педагогикалық инноватика  қалыпасты. КСРО-да бұл термин  ХХ ғасырдың 70 жылдарынан бастап  қолданыла бастады 

         Инновациялық инфрақұрылым  - Инновациялық  қызметті жүзеге асыру үшін  қажетті жұмыстарды орындайтын  және қызметтерді көрсететін  ұйымдардың жиынтығы.

         Трансферт, трансфер (фр. transfert –  табыстау; лат. transfero– аудару, көшіру) –

1.акционерлік сертификатқа  меншік құқығын сатушы-делдалдан  сатып алушы-делдалға заң жүзінде  ауыстыра отырып табыстау. Бағалы  қағаз иесі өзінің атаулы бағалы  қағазына меншік құқығын осы  бағалы қағаз табысталатын тұлғаны  көрсетпестен табыстауы туралы  қол қойған құжаты баланстық  (теңгерімдік) "Трансферт" немесе "бланкілік Трансферт", екі  елдің коммерциялық банктері  арасында күні бұрын келісілген  валюталық соманы өзара алмасу  жөніндегі банк операциясы "валюталық  Трансферт", чектің, вексельдің, коносаменттің,  тағы басқа сыртқы бетіне индоссаменттің  табыстау жазбасын жазуы жолымен  бағалы қағазға меншік құқығын  беруі "индоссаменттік Трансферт"  деп аталады;

2.акциялар немесе  басқа да атаулы бағалы қағаздар  бойынша меншік құқығының ауысуын  акционлық қоғамның кітабында  тіркеу. Жаңа акционердің есімі  жазылғаннан кейін дивиденд, акционерлердің  жиналысы туралы хабарлама, эмитент  бағалы қағаздардың ұстаушыларына  жолдайтын басқа да ақпарат  жаңа иеленушіге тікелей жолданады;

3.бюджет аясында  бюджет жүйесінің бір деңгейдегі  бюджетінен қаражатты екінші  деңгейдегі бюджетіне аударудың,  бюджеттік реттеу тәртібімен  салықтан аударудың кез келген  нысаны. Трансферт көмегімен жергілікті  бюджеттер, халықты әлеуметтік  қорғау органдары халыққа міндетті  төлемдерді: мемлекеттік заңнамамен  белгіленген зейнетақы, шәкіртақы,  жәрдемақы, өтемақы, тағы басқа  әлеуметтік төлемдерді қаржыландыру  үшін қаражат алады;

4.шетел валютасын  немесе алтынды бір елден екінші  елге, ақшаны бір қаржы мекемесінен  екінші қаржы мекемесіне аудару, екі немесе бірнеше елдің валюталарын  ыңғайласпа аудару жөніндегі  банк операциясы.

           Технопарк — специальная организация,  в которой объединены научно-исследовательские  институты, объекты индустрии,  деловые центры, выставочные площадки, учебные заведения, а также  обслуживающие объекты: средства  транспорта, подъездные пути, жилой  поселок, охрана. Смысл создания  технопарка в том, чтобы сконцентрировать  на единой территории специалистов  общего профиля деятельности. Ученые  могут здесь проводить исследования  в НИИ, преподавать в учебных  заведениях и участвовать в  процессе внедрения результатов  своих исследований в жизнь.

         Перспектива - әлеуметтік шындықты  түсінудін белгілі бір тәсілі, әлеуметтік ғаламшар құрылысына  көзқарас.

        Технология (гр. “techno” - өнер, шебер,  білгір және “logos” – ілім, ғылым)[1] – ғылыми-практикалық негізде  шикізатты дайын өнімге айналдырудың  әдіс-тәсілдерінің жүйесі.

Венчурлік қор -ғылыми зерттеулермен, инженерлік талдамалармен  және оларды несиелендірумен айналысатын  ұсақ немесе орта инвестициялық компания. Жаңа идеяларды бағалап, қаржыландыра отырып, ол ірі компаниялардың ғылыми-техникалық үдерістің ең жаңа бағыттарын әзірлеуіне көмектеседі.

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер:

1 .http://www.gharysh.kz/news_530.html

2. http://kk.wikipedia.org/wiki/

3. http://www.ontustik.kz/view.php?id=1351

4. http://ekonom.balkhash.kz/kz/index.php?option=com_content&view=article&id=285:-2003-2015-&catid=14:2009-12-28-09-54-25&Itemid=23

5. «Егемен Қазақстан»  газеті ,15 қыркүйек ,2011 жыл

6.»Егемен Қазақстан»  газеті, 14 қыркүйек, 2011 жыл

7.http://mukhanov.ucoz.kz/publ/referat_osu/ylymi_tekhnikaly_yzmetti_zhaj_k_ji_men_ony_iske_asyrudy_tetikteri/12-1-0-257

8.http://www.samruk-kazyna.kz/page.php?page_id=2678&lang=2&article_id=2091

9. http://www.akimvko.gov.kz/files/progr_31.html 

Информация о работе Инновациялық инфрақұрылымның даму мен қалыптасу перспективалары