Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2011 в 22:58, реферат
Қазақстанда 2005 жылы ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру және дамыту бойынша бағдарлама қабылданғаны белгілі. Елімізде инновациялық жүйенің төрт элементі қалыптастырылған: ғылым, инновациялық инфрақұрылым, инновацияларды қаржыландыруға арналған инфрақұрылым, сондай-ақ өндіріске инновацияларды енгізуші компаниялар. Қазақстанда ашық үлгідегі инновациялық жүйе салынып жатқанын айта кеткен орынды, ол технологиялардың трансфертін, сондай-ақ мемлекет-жеке әріптестікті білдіреді.
Кіріспе
Инновациялық жүйе
Негізгі бөлім
Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық
дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы
Қазақстанның белгілі бір аймағының инновациялық инфрақұрылымының даму мен қалыптасу перспективалары
Инновация: Ғарыштық инфрақұрылымнық даму мен қалыптасу перспективалары
ҚР 2011 жылдағы инновациялық инфрақұрылым дамуының мысалдары
Қорытынды
Инновациялық
қордың гранттарды бөлу туралы
шешiмi шетелдiк ғалымдарды
Елдегi
венчурлiк институттардың
Ғылыми
зерттеулердiң барлық
Сондықтан
да iргелi ғылыми зерттеулердi
Инновациялық
қор өз қызметiн мемлекеттiк
ғылыми-техникалық және
Мысал ретінде Шығыс Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымының даму мен қалыптасу жолдарын қарастырып көрейік.
Жоғары технологиялық өндірістерді дамыту және инновациялық қызмет өңір экономикасының бұдан әрі дамуының және облыс кәсіпорындары шығаратын өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің артуының негізі болып табылады. Индустрия мен ғылымның арасында өзара әрекеттестік болмаған жағдайда оның келешегі де болмайды. Ғылыми-зерттеу ұйымдарының саны бойынша облыс Қарағанды облысы мен Алматы қаласынан кейін 3 орынға шықты. Республиканың аталған ұйымдарының 12% Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан және олардың саны жыл сайын артып отыр. Ғылыми-зерттеу, жобалау- конструкторлық бөлімшелерінің саны 2004 жылы 55 бірлік, 2005 жылы- 53, 2006 жылы – 89, 2007 жылы- 94 бірлік болды.
Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің жалпы шығыны бойынша республикалық көлемнің 17% Шығыс Қазақстанның үлесіне келеді, облыс аталған көрсеткіш бойынша Алматы және Астана қалаларынан кейін үшінші орынға шығып отыр. Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің жалпы шығыны 2004 жылы 4255,9 млн.теңге, 2005 жылы 4488,6 млн.теңге, 2006 жылы 5787,2 млн. теңге, 2007 жылы 6235,2 млн.теңге құрады.
Жыл сайын облыс кәсіпорындары өндіретін инновациялық өнім көлемі артып отыр. Бағдарлама іске асырыла бастаған жылмен салыстырғанда аталған көрсеткіш 7 есеге артып, 2008 жылдың қорытындысы бойынша сомасы 30 млрд. теңгеден астам инновациялық өнім көлеміне қол жеткізу күтіледі. 2004 жылы инновациялық өнім көлемі 4188,2 млн. теңге, 2005 жылы 11411,9 млн. теңге, 2006 жылы 13747,5 млн. теңге, 2007 жылы 26015,4 млн.теңге болды.
Қазақстан Республикасы инновациялық өнімінің жалпы көлеміндегі Шығыс Қазақстанның үлесі 17% құрады. Жыл сайын облыс кәсіпорындарының инновациялық белсенділігі деңгейі республикалық көрсеткіштен асып түседі (8 қосымша).Кәсіпорындардың инновациялық қызметінің негізгі бөлігі жаңа технологияларды, құрал-жабдықтар мен материалдарды енгізуге бағытталған. Жыл сайын технологиялық инновация шығындары артып отырады. Облыстың инновациялық өнімінің негізгі үлесі ядролық материалдар өндірісінің үлесіне ке,леді. «Үлбі метталургия зауыты» АҚ жоғары ғылыми-технологиялық әлеуетке ие. 8 жылда «ҮМЗ» АҚ-ның өнертапқыштары болжанған қызметтік өнертабыстарға 82 өтінім беріп, оның 35-не Қазақстан республикасының және 21-не Ресей Федерациясының қорғау құжаттары берілді. 25 өнертабыс «ноу-хау» режимінде қорғалуда. Өнертабыстарды енгізуден экономикалық тиімділік сомасы 500 миллионға жетті. Аталған кезеңде зауытта 600-ден астам рационализаторлық ұсыныстар беріліп, 464-і енгізілді, 200 млн. теңгеден астам сомадағы экономикалық тиімділікке қол жетті.
Курчатов қаласында
салынып жатқан Ядролық технологиялар
паркі ядролық және жанама технологиялар
саласындағы ғылымды
Технопарктің инновациялық портфеліне жалпы сомасы 10 млрд. теңгеден астам 47 жоба енгізілген, 15 инвестициялық-инновациялық жоба енгізуге дайын. «Алтай» технопаркі құрылған кезінен бастап, өндіріске 8 әзірлеме мен жоба енгізілді: «Заманауи аспап жасау» зертханасы «Ұлттық инновациялық қор» АҚ берген 23,6 млн. теңге сомасындағы грант аясында кен және оның технологиялық қайта өңдеу өнімінінен алтын мен күмісті тура анықтауға арналған асыл металдардың рентгенрадиометрлік флуоресценттік анализаторын әзірлеп, жасап шығарды. 2008 жылғы қаңтарда ресурс және энергия жинақтаушы, экологиялық таза технологиялар бағыты бойынша «Жасанды климат орталығы» ЖШС-нің «Энергия үнемдеу технологиялары» зертханасының базасында мектеп-интернатта жылусорғы қондырғысы орнатылды. Ультрадыбыспен құю әдісімен бериллий оксидінен қыш бұйымдар алу технологиясы әзірленді, жоба «Альтрейд» ЖШС-де өндіріске енгізілді. Құрамында күкірті бар қалдықтар қосылған асфальт-бетон және құйылған асфальт-бетон қоспасын жасап шығару технологиясы әзірленді, тәжірибелік-экспериментальдық учаске салынды. «Ақпараттық теңсіздікті жоюға арналған инновациялық шешімдер» (DVD аппаратурасы негізіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардағы жаңа құрал), «Ақпараттық-коммуникациялық оқыту сыныбы» пайдалы моделіне патент берілді. Ескі компьютерлік сыныптарды модернизациялау тақырыбы бойынша облыс мектептерінде сомасы 13,9 млн. теңгенің жұмысы орындалды.
«Мультимедиатехнологиялар» зертханасында
бейнедәрістерді қоса отырып, жалпы білім
беру және арнайы пәндер бойынша 15 электрондық
мультимедиялық оқу құралын әзірленді.
«GPS-технологиялар
және кадастр» зертханасы
Инновация жаңалық: Ғарыштық инновация Жерді қашықтықтан зондтау
Қазақстанның ЖҚЗ
ғарыштық жүйесін жасау 2006 жылдан басталған
жұмыс. Ол екі ғарыштық аппараттар тобынан
тұрады деп жоспарланған. Олардың
бірі жоғары (1 м), екіншісі орта жітіліктегі
(6,5 м) электронды-оптикалық
ЖҚЗ аппараттарынан алынатын түсірілімдер мемлекетімізге қандай пайда береді?
- Өзімізге белгілі, ата-бабаларымыздың біздерге қалдырған негізгі мұралары кең-байтақ жеріміз бен еліміз. Игеріп, ұрпақ кәдесіне жарататындай жеріміз бен сол жердің ашылмаған қасиеттерін ашып, оларды тиімді пайдалана алатын интеллектуалды әлеуетке ие еліміз бар болған соң Елбасымыздың алға аса зор мақсаттар қойып, еліміздің әлемде алар орнын нақы белгілей отырып, жалпақ жұртты іске жұмылдырып жатқандығы анық. Әлемде көлемі жағынан тоғызыншы орын алатын алып аумағымызды тиімді пайдалануға жеткізетін даңғыл жолдың бірі осы ЖҚЗ ғарыштық жүйесі. Егер жіліктей айтатын болсақ, ЖҚЗ ғарыштық жүйесінсіз мемлекеттік стратегиялық басымдықтар болып табылатын ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс, энергетика, жердің қойнауы мен бетіндегі байлықтарын пайдалану мәселелерін толыққанды, заман ағымына сай шешу қиын. Ал қазіргі жағдайға келетін болсақ, мемлекетімізде әлі күнге дейін әлемдік дәрежеге сай электронды түрдегі ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымы (ҰКДИ) жасалмаған. Тіптен, ҰКДИ-ды бастардан бұрын дайындалатын Қазақстанның Ұлттық картографиялық геосервисі (ҰКГС) туралы ұсыныстың өзін ерте деп санаушылар кездесетініне қайран қаласыз. ЖҚЗ ғарыштық жүйесі ең алдымен осы ұлттық ауқымдағы проблемаларды шешуге себепкер болатынына Қазғарыш және ҚҒС жетешіліктері сенімді.
ЖҚЗ ғарыштық жүйесі экономикалық жағынан аса тиімді болатыны қазірдің өзінде анық болып отыр. Мысалы, ұланғайыр жерімізде үлкенді-кішілі жиі-жиі болып тұратын табиғи және адам қолымен пайда болатын апаттардың алдын алып, реттеп отыруда ЖҚЗ жүйесіне сенім өте мол. Ғылымның соңғы жетістіктері ЖҚЗ жүйесін жер қойнауындағы байлықтарды анықтауға пайдалануға болатынын дәлелдеп шықты. ЖҚЗ ғарыштық жүйесін навигациялық жүйемен қоса пайдалану ауыл шаруашылығына қыруар пайда әкелетіні күмәнсіз екенін әлемдік тәжірибе көрсетіп берді. ЖҚЗ ғарыштық жүйесі елімізде қордаланып қалған көптеген экологиялық проблемаларды шешуге себебін тигізетініне зерделі жұрт берік сенімде. ЖҚЗ ғарыштық жүйесі жер, орман, су ресурстарын қадағалауда, кадастр, картография, мониторинг және т.б. салалардағы еңбек өнімділігін аса тиімді ете алады.
ҚҒС ЖҚЗ ғарыштық жүйесін ғарыштық саладағы әлемдік көшбасшылардың бірі, ЖҚЗ саласында ширек ғасырлық тәжірибесі бар Францияның EADS ASTRIUM компаниясымен бірігіп жүзеге асырмақ. Бұл бірлескен жобаның барлық құқықтық және қаржылық негіздері дайын. Біздің болашақ мамандарымызды да осы компания дайындап бермек.
Қазақстандық инновацияның дамуы
артта қалып жатқан жоқ:
1. 2011 жылдың 14 қыркүйек айында Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Digital Communications Kazakhstan-2011» көрме-конференциясы басталды. Шараның өтуі Орталық Азиядағы сандық индустрия саласында ірі оқиға болып отыр. Себебі үш тарап, Үкімет, бизнес өкілдері және тұтынушылар қазақстандық инновацияның дамуына байланысты, сондай-ақ ІТ, телекоммуникация, ұялы байланыс, сандық теледидар, кең жолақты интернетке қолжетімділік, тарифтер төмендігі, электронды үкімет, «е-коммерция», интерактивті жарнама мен әлеуметтік медиа мәселелерін талқылауда. Үш күндік конференцияның бағдарламасы өте кең ауқымды қамтып отыр.
Көрме конференцияны Премьер-Министр Кәрім Мәсімов ашты. Өзі бас болып, соңғы технологиялық жетістіктерді шенеуніктер мен министрлер, басшылар арасында қарапайым халықпен байланыс құралы ретінде таратып әрі қалыптастырып келе жатқан Үкімет басшысы ашылу салтанатында АКТ-ның маңызына тоқталып өтті. Көрме-конференцияның маңызы зор. Жеке тұлға ретінде де мен ақпараттық технологияларды қолдаушы және белсенді қолданушы санатына жатамын. Өйткені, мұның астарында кез келген ел мен экономиканың болашағы тұр. Ұйымдастырушыларға өз ризашылығымды білдіремін. Себебі, бұл Қазақстан үшін маңызды. Қазіргі таңда Қазақстан АКТ саласында қарқынды даму жолына түсті. Осы орайда ел Үкіметі алдыңғы қатарлы халықаралық компаниялармен әріптес бола отырып, отандық компаниялардың даму мүмкіндіктерін әлемдік стандарттарға жақындата түспек. Қазақстан экономикасының барлық сала бойынша бәсекеге түсе алатындай қабілеті бар. Бұл тек жоғары дамыған АКТ саласында емес, ол арқылы білім, денсаулық, индустриялық даму және басқа да секторларға шыға аламыз. Сондықтан көрме-конференцияның еліміз үшін маңызы зор, деді Үкімет басшысы.
Сөз алған спикерлер берген мағлұматтар да мол болды. Үкімет басшысынан кейін Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев сөз алды. Ол Қазақстанның АКТ саласының ағымдағы жағдайы мен болашақтағы дамуы туралы слайдты көпшілік назарына ұсынды. Сала дамуының негізгі драйверлері болып табылатын ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым дамуы және жаңғырту, сандық телерадио хабарларын таратуды енгізу, электронды қызмет көрсету мен электронды үкімет және тағы басқаларға тоқталды. Ведомство басшысы биылғы жылдың өзінде ғаламтор жылдамдығы барлық тарифтер бойынша 2 есеге дейін өскендігін, оның тек интернет саласында емес, ұялы байланыс жүйесіне де қатысты екендігін айтып өтті. «Атап айтқанда, желі ішіндегі байланыс құны 33%-ға, роуминг баспалдағы 48%-ға төмендеді. Ал қазір министрлік ұялы байланыс желісі арқылы 4 G жобасын жүзеге асыруға дайындалуда. Бұл үшін сәйкес диапазондар бөлінуде. Болашақта бұл технологияларды Қазақстанда көріп те қалармыз», деді ол. Келесі тақырып – ескірген көне баламалы теледидардан сандық теледидарға, жаңа технологияларға көшу. Мұнда алғашқы қадам да жасалды. Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарында сандық теледидар іске қосылды. Қысқа мерзім ішінде оны қолданушылар саны 40 мың үйге жетті. Біз осы технология арқылы азаматтарымыздың 37 отандық телеарнаны көруіне қол жеткіздік. Болашақта бұл бағыт бойынша жұмыстарды қарқынды жүргізе беретін боламыз. Бұл технология бізге Қазақстанды 100 пайыз сандық пакетпен қамтамасыз етуге және тиісті қызмет түрлерін қолдануға мүмкіндік береді. Алдағы 2 жыл ішінде 200 мың абонент қамтамасыз етілсе, ал 2015 жылға қарай 300 мың адам осы желімен қамтылады деп күтеміз. Алдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап байланыс операторларымен біріге отырып, ұялы байланыс жүйесі тарифтерін тағы да төмендетеміз, деді министр.
Информация о работе Инновациялық инфрақұрылымның даму мен қалыптасу перспективалары