Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2012 в 12:06, дипломная работа
Бүгінгі әлемдік экономикада Қазақстан Республикасының өзіндік орны айқындалып қалды. Бұл мәселенің өзектілігі әлемдік экономикалық қауымдастықта еліміздің нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түсті. Себебі Елбасымыз атап көрсеткеніндей «Мемлекетіміз әлем таныған алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек» деп атап көрсетті. Сондықтанда болар бүгінгі күні экономикалық дамудың тиімді жолдарын табу туралы мәселелі сұрақтар кең түрде талқылауға түсіп отыр.
- инновациялық қызметті мемлекеттік ресурстық қолдау;
- өнеркәсіпті технологиялық жаңғыртуды жүргізу және экспортқа бағытталған ғылымды қажетсінетін өндірістерді құру;
- ғылыми – инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру;
- шығын кәсіпкерлік субъектілерін инновациялық қызметке тарту;
- салалық және аймақтық инновациялық бағдарламаларды қалыптастыру және іске асыру;
- инновациялық қызметті дамыту үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық базаны қалаптастыру;
- неғұрлым перспективалы ғылыми бағыттарды сақтау және дамыту;
- инновациялық кәсіпорындар үшін мамандарды даярлау;
- халықарлық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту.
Осы жоғарыда аталған міндеттерді жүзеге асыру арқылы ғана мемлекетіміздің, кәсіпорныдарымыздың инновациялық қызметін дамытуға болады.
Инновациялық үрдістерді ұйымдастыру әдістері
Инновациялық қызмет дегеніміз - инновацияларды, инновациялық процесстерді және инновациялық қызмет негізінде пайда болатын қатынастарды реттеуші, басқарушы және ұйымдастырушы жүйе.
Ұйымда инновациялық менеджмент, әдетте, мынадай қызметтерді атқару арқылы жүзеге асырылады:
- Инновациялық қызметтің негізгі мақсатын айқындау.
- Инновациялық менеджмент стратегиясын таңдау
- Инновациялық жобаларды баскару әдістерін таңдау.
- Компанияның инновациялық қызметінің бағдарламасын жасау.
- Иннновациялық процесске қатысты шараларды реттеу, ұйымдастыру.
- Инновациялық жобаның жүзеге асырылуын қадағалау.
- Инновациялык портфелді түзету және инновациялық менеджмент әдістерін жаңарту.
Инновациялық менеджмент тұрғысынан алғанда, инновациялық қызметпен айналысатын кәсіпорындар - инновациялық қызмет пен процесстерді коммерциялық мақсат үшін жүзеге асырады. Инновациялық қызметтерді үш түрлі деңгейде орналасқан ұйымдар жүзеге асырылады:
1. мемлекеттік деңгейде, ол түрлі ғылыми технопарктік кұрылымдар, ғылыми орталықтар;
2. ірі кәсіпкерліктегі қомақты компаниялар
3. шағын инновациялык компаниялар.
Инновациялық қызметті атқарушы тұлғалар мыналар:
1. инновацияны жасаушы және іске асырушы жеке және занды тұлғалар;
2. технополистер, технологиялық парктер, технологиялық инкубаторлар, инновациялық қорлар, инновациялық орталықтар және инновациялық қызмет инфрақұрылымының өзге де ұйымдары;
3. инновациялық қызметті реттеуге қатысатын мемлекеттік органдар;
4. инновацияларды жасаушылар мен тұтынушылардың мүдделерін білдіретін және қорғайтын қоғамдық бірлестіктер.
Инновациялық үрдістерді интегралды, параллелді және тізбекті ұйымдастыру әдістері. Тәжірбие жүзінде инновациялық үрдістерді ұйымдастыру, жоспарлау, бақылаудың көптеген әдістері бар. Олардың көбісі иновациялық менеджмент, стратегиялық менеджмент, жобаларды басқару, менеджменттің жалпы теориясы сияқты пәндер мен ғылымдардың негізінде қалыптасқан. Жоғарыда айтылғандай, жаңа өнімнің рынокқа тиімді енуі мен пайдалы болуы инновациялық үрдістердің тиімді ұйымдастырылуы негізінде болады.
Осы инновациялық процессті ұйымдастырудың тәжірибе жүзінде бірнеше түрі бар:
- сатылы әдіс (оны немесе дәстүрлі, классикалық әдіс деп те атайды)
- параллельді әдіс
- интегралды әдіс
Инновациялық қызметті ұйымдастырудың сатылы әдісі ол ұйымдағы функционалды бөлімдерде инновациялық процесстің сатылы түрде, яғни кезекпен жүзеге асыруына бейімделген.
Жаңа өнім шығару бойынша шешім компанияның басқару иерархиясының ең жоғарғы деңгейінде қабылданады. Онан соң ииновациялық жобаны бастау туралы мәлімет компанияның ғылым зерттеу бөліміне түседі. Бұл бөлім өз тарапынан зерттеу жұмыстарын атқарып, өнімнің жалпы техникалық қасиеттерін анықтап, эксперименталды сынақ жұмыстарын жүзеге асырады. Инновациялық жоба онан кейін маркетинг бөліміне жіберіледі. Маркетинг бөлімі, ғылыми зерттеу бөлімінің нәтижелері мен нұсқауларына сүйене отырып нарыққа зерттеу жасап, өнімнің тұтынушылық қасиеттерін анықтап, өнімнің түрін , түсін, сыртқы қабын тағайындайды. Осы механизм бойынша жоба қаржы бөлімінен, өндіріс және сату бөлімдерінен өтеді. Инновациялық қызметті ұйымдастырудың бұл түрінде көптеген кемшіліктері бар, [4 сурет]
Ескерту. Сәбден О. «Инновациялық экономика» Алматы, 2009
4-сурет. Инновациялық қызметті ұйымдастырудың сатылы әдісі
1. Инновациялық жобаның жүзеге асырылу мерзімі ұзарады;
2. Бөлімдер арасында келіспеушіліе болады;
3. Инновациялық жобаға деген жауапкершілік төмендейді.
Келесі модель ол инновациялық қызметті параллельді түрде ұйымдастыру 8-сурет. Бұл әдіс бойынша инновациялық өнім өндіру бойынша шешім қабылданған соң жобаны жүзеге асыру туралы бұйрық барлық функциональды бөлімдерге параллельді түрде түседі. Жобаны техникалық зерттеу, маркетингтік талдау және қаржы ресурстық анықтамалар бірдей бір мезгілде жүргізіліп жатады. Бұл модельді пайдалану арқасында инновациялық жобаны жүзеге асыру мерзімін қысқартуға болады. [5 сурет]
Ескерту. Сәбден О. «Инновациялық экономика» Алматы, 2009
6 сурет. Инновациялық қызметті паралельді түрде ұйымдастыру әдісі
Бірақ бұл әдістің де біршама кемшіліктері бар:
1. Бөлімдер арасындағы өзара байланыс әлсірейді.
2. Мұнда да инновациялық жобаға деген жауапкершілік төмен болады.
3. жұмысшылар екі түрлі бағытта жұмыс атқарады, біріншісі күнделікті өз жұмысы, екіншісі жаңа инновациялық жоба бойынша, бұндай жағдай жұмысшылардың ынтасын төмендетуі мүмкін.
4. бір бөлімде екі басшы болу қаупі болады, біреуі осы бөлімнің күнделікті басшысы, екіншісі жаңа инновациялық жоба бойынша басшы.
Келесі әдіс ол интегралды әдіс. Бұл ұйымдық құрылымның матрицалық түріне өте ұқсайды. Жаңа инновациялық жобаны жүзеге асыру мақсатында уақытша топ ұйымдастырылады. Бұл топты «уақытша мақсаттық топ» деп атайды да бұл бөлімге функционалды бөлімдерден қажетті мамандар жинақталады. Ол мамандар өзара келісіп инновациялық жобаны жүзеге асырады. [7 сурет]
Ескерту. Сәбден О. «Инновациялық экономика» Алматы, 2009
7-сурет. Инновациялық қызметті ұйымдастырудың интегралды әдісі
Мемлекет қолдауымен ҚР-да ұлттық инновациялық жүйенің белсенді құрылуы байқалып отыр. Оның кұрамды элементтері: ғылыми әлеует, инновациялық кәсіпкерлік, инновациялық және каржылық инфра-құрылым. ҚР Үкіметінің 6 казан 2003 жылдағы №1027 «ҚР Үкіметінің 20 қаңтар 2003 жылғы №54 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына сәйкес сауда және индустрия Министрлігі инновациялық қызметті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын уәкілетті орган болып белгіленді. Мемлекеттің инновациялык дамуын тиімді басқару үшін уәкілетті органдар, яғни инновациялык кызметті дамыту мемлекетгік саясатты жүзеге асыратын сауда және индустрия Министрлігі жэне ғылым мен ғылыми-техникалық қызметті жұзеге асыратын білім және ғылым Министрлігі бірігіп, келесі функцияларды жүзеге асыруда:
- мемлекет экономикасының инновациялық дамуын ғылыми-техникалык
жағынан қамтамасыз ету үшін ғылымның басымды бағыттарын анықтау, ғылыми-техникалық өнім нарығын құру, іргелі және қолданбалы ҒЗТКЖ-ларды қаржыландыратын бюджеттік бағдарламаларға бақылау орнату;
- басқару, ғылыми, инженерлік, кәсіптік дайындау мен біліктілігін
көтеретін орта және жоғары оқу орындарын қоса алғанда, инновациялық қызмет үшін кадрларды дайындау және біліктілігін көтеру жүйесін құру; [7]
- инновациялық өнімді өндіретін кәсіпорындар, инновациялық кәсіпорындар мен өндірістерді құруға көмектесетін мекемелер, технологиялық парктер, бизнес-инкубаторлар, арнайы конструкторлық-технологиялық бюролар және тағы басқа инфракұрылым субъектілерін тізбектеп құру;
- отандық жоғары технологиялы өнімдерді ішкі және сыртқы
нарықтарға шығару жүйесін кұру және осындай өнімдерді өндіруші
кәсіпорындар үшін жеңілдіктер мен жұмыс жасау үшін қолайлы жағдайлар туғызу;
- инновациялық жобалар мен бағдарламаларды жасайтын эзірлеушілер
мен жаңалық ашушылардың зияткерлік және интеллектуалдық меншігін қорғайтын заң жүйесін кұру Қазақстанда экономикалық қызмет субъектілерінің инновациялык белсенділігін арттыру үшін заңдық және нормативтік-құқықтық негізі құрылған және жетілдіріліп келеді.