Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2012 в 12:06, дипломная работа
Бүгінгі әлемдік экономикада Қазақстан Республикасының өзіндік орны айқындалып қалды. Бұл мәселенің өзектілігі әлемдік экономикалық қауымдастықта еліміздің нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түсті. Себебі Елбасымыз атап көрсеткеніндей «Мемлекетіміз әлем таныған алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек» деп атап көрсетті. Сондықтанда болар бүгінгі күні экономикалық дамудың тиімді жолдарын табу туралы мәселелі сұрақтар кең түрде талқылауға түсіп отыр.
1) қоғамды басқару саласына жаңа идеялар мен ғылыми бiлiмдердi енгiзу;
2) экономикалық айналымда iске асырылатын жаңа немесе жетiлдiрiлген өнiмдi (жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi), жаңа немесе жетiлдiрiлген технологиялық процестi жасауға бағытталған ғылыми-зерттеу, жобалау, iзденiс, тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды орындау мен оларға қызмет көрсету;
3) инновациялық тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзу рыногын ұйымдастыру;
4) өндiрiстi технологиялық қайта жарақтандыруды және дайындауды жүзеге асыру;
5) жаңа технологиялық процестердi, тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) сертификаттау мен стандарттау мақсатында сынақтар өткiзу;
6) бастапқы кезеңде инновациялық жоба өтемдiлiгiнiң нормативтiк мерзiмiне жеткенге дейiн жаңа немесе жетiлдiрiлген өнiм (жұмыс, көрсетiлетiн қызмет) өндiру және (немесе) жаңа немесе жетiлдiрiлген технологияны қолдану;
7) инновациялық инфрақұрылымды құру мен дамыту;
8) инновациялық қызмет нәтижелерiн насихаттау және инновацияларды тарату;
9) игеру және iске асыру мақсатында интеллектуалдық меншiк объектiлерiне (оның iшiнде ашылмаған ғылыми, ғылыми-техникалық және технологиялық ақпаратқа) құқықтарды қорғау, беру және иемдену;
10) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес инновациялар жасауға бағытталған өзге де қызмет түрлерi жатады.
Инновациялық процесс бірнеше сатыдан тұратын іс-әрекеттер жиынтығы. Сондай-ақ инновациялық процессті кеңейтіп қарастыруға болады.
Ол мынадай төрт негізгі сатыдан тұрады: [2 сурет]
Ескерту. Сабден О. «Инновациялық экономика», Алматы 2009
2 сурет. Инновациялық процесс сатылары
Инновациялық процесстің негізгі кезеңдері мыналар:
1. Алынған ойларды жүйелеу:
- Нарық өзгерісі туралы ақпарат жинау, жаңалыктар, ҒЗТКЖ ұйымдарынан алынған және маркетингтік зерттеулер, фирма аппараттарының сауда делдалдарынан жинаған акпараттары және т.б: [4]
- Фирманың жаңа өнім өндіру мүмкіншілігін ;әне тәуекелдер деңгейін анықтау;
- Мақсаттық нарық және оның дамуы туралы ақпараттар жинау.
2. Жекелеген ойларды талдау және жана өнім идеясын зерттеу:
- Фирма дамуы стратегиясына жаңа өнім өндіру жоспарының сәйкес келуі.
- Мүмкіншіліктерді жаңа ойды практикалық іске асыруды анықтау.
- Болашақ өнімнің патенттік айқындығын анықтау.
3. Жаңа өнімнің экономикалық тиімділігіне анализ жасау және маркетингтік бағдарлама кұру:
- Өнім өндіру идеясының нақты жобаға айналу талдауын жасау.
- Потенциалды нарық сұранысына және сату көлеміне талдау жасау.
- Өнімнің техникалық-экономикалық сипатын анықтау оның сапасына және тұтынушылық қасиетіне баға беру.
- Жаңа өнімді өндіруге кететін шығындарды анықтап, өнімнің өз құнын өтеу мерзімін белгілеу.
- Жаңа өнім өндіруге кажетті негізгі ресурстардың көздерін табу. Оларға: техникалық машиналар, құралдар, шикізаттар, материалдар, кадрлық
персоналдар және каржылық ресурстар көздері жатады.
- Жаңа өнімді игеру және оның нарыққа шығу мерзімі.
- Өнімнің пайдалылығын талдап, оған маркетингтік бағдарлама жасау.
4. Жаңа өнімді дайындау:
- Жаңа өнім дамуының нақты бағдарламасын жасап дайындау;
- Өнімнің техникалық жағдайын тексеру (экономикалық және әлеуметтік қауіпсіздігі оны өндірудің қоршаған орта жағдайына әсері);
- Тауардың атын белгілеп, оның тауарлық белгісін, оралуын, маркировкасын жасау;
5. Нарықта жаңа өнімді тестілеу:
- Өнімді 3 айда шектелген рынокта тестілеу жүргізу.
- Сатылудың оптималды шараларын талдау.
- Жарнама әдісі мен құралдарын талдау.
- Техникалык қызмет көрсетуді ұйымдастыру.
- Жаңа өнімді өндіріске енгізу туралы шешім қабылдау.
- Жаңа өнімнің коммерциялық негіздемесі: сату көлемі, өнімнің пайдалылығы, сұранысты қанағаттандыру дәрежесі, өткізудің негізгі каналдары мен әдістері, фирманың нарықтағы имиджі, тұтынушылармен байланыстың тұрақтылығы.
6. Жаңа өнімді өндіріске енгізу туралы шешім қабылдау:
- Жаңа өнімнің коммерциялық негіздемесі: сату көлемі, өнімнің пайдалылығы, сұранысты қанағаттандыру дәрежесі, өткізудің негізгі каналдары мен әдістері, фирманың рыноктағы имиджі, тұтынушылармен байланыстың тұрақтылығы.
- Фирманың өндірістік мүмкіншіліктері бар ресурстарды тиімді пайдалануы және маманданған қызметкерлермен толық қамтамасыз етілуі.
- Қаржылық мүмкіншіліктер: инвестициялар, несиелер және гранттар.
- Жаңа өнімде патенттік қорғаныстың болуы.
Инновациялық жүйені қалыптастырудың бастапқы сатысында инновациялық кәсіпкерлікті дамытуда мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі елімізде технологиялық бизнес-инкубаторлар жүйесін құру болып табылады. Технологиялық бизнес-инкубатор өз бетінше дербес бірлік ретінде, сондай-ак технопарктің бөлігі ретінде жұмыс істей алады, яғни технологиялык бизнес-инкубатор дегеніміз - инновацияларды құру, қорғау құжаттарын алуга өтініштерді рәсімдеу және инновациялық жобаны дайындау үшін жеке және заңды тұлғаларға ұйымдық-құқықтық ақпараттың және өзге де қызметтерді ұсынуды жүзеге асыратын заңды тұлға.
Инновациялық қор - инновациялық жобалар мен инфракұрылымдарды және инновацияның қызмет көрсету сферасында қаржыландыру арқылы инновациялық қызметтің дамуына көмектесетін заңды тұлға.
Инновациялық кәсіпкерлік – инновациялық қызметтің коммерциялық мақсат үшін жүзеге асырылуы. Инновациялық кәсіпкерлік үш түрлі деңгейде жүзеге асырылады: мемлекеттік деңгейде, ол түрлі ғылыми зерттеу институтының, технопарктік құрылымдардың инновациялық қызметі ірі кәсіпкерліктегі қомақты компаниялардың инновациялық қызметі шағын инновациялық бизнес. Инновациялық кәсіпкерліктің субъектілері мен объектілері. [5]
Иинновацияны жасаушы және іске асырушы жеке және заңды тұлғалар; негізгі қызметі инновацияларды жасауға және оларды өндірістің және қоғамды басқарудың әр түрлі салаларына беруге бағытталған инновациялық қызметтің мамандандырылған субъектілері технополистер, технологиялық, өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік пактер технопарктер,технологиялық инкубаторлық қорлар, инновациялық орталықтар және инновациялық қызмет инфрақұрылымның өзге де ұйымдары; инновациялық қызметті реттеуге қатысатын мемлекеттік органдар; инновацияларды жасаушылар мен тұтынушылардың мүдделерін білдіретін және қорғайтын бірлетіктер инновациялық қызмет болып табылады. Объектілері: инновациялық жобалар мен бағдарламалар; зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелері; технологиялар, жабдықтар мен үдерістер; өндіріс пен кәсіпкерлік инфрақұрылым; өндірістік, басқарушылық, коммерциялық немесе өзге үдерістің сапасы мен тиімділігін едәуір жақсартатын өзге де жаңа ұйымдық-техникалық, қаржы-экономикалық шешімдер инновациялық қызмет объектілері болып табылады.
Технопарк дегеніміз- негізгі қызметі инновациялық жобаларды іске асыру үшін қажетті жүмыстар мен қызметтерді ұсыну болып табылатын біртұтас материалдық-техникалық кешенге меншік құқығы бар заңды тұлға. сол аймактың өмірлік қызметін қамтамасыз ететін дамыған инфрақұрылымы бар ғылыми өндірістік кешенді білдІреді.
ҚР-ның Индустриялық-инновациялық стратегиясында мамандандырылған субъектілердің өзгеше тізімі берілген:
- ұлттық технологиялық парктер;
- аймақтық технологиялық парктер;
- технологиялық бизнес-инкубаторлар;
ғылыми қалашықтар. [6]
Инновациялық инфрақұрылым 8 элементтен тұрады. Олардың ең маңыздысы қаржы инфрақұрылымы болып тыбылыды. Өз алдына каржы инфрақұрылымы келесі элементтерден тұрады: мемлекеттік даму институттары; венчурлық корлар; кәсіпорындар; жеке кәсіпкерлер; екінші деңгейдегі банктер. [3 сурет]
|
|
|
Өндірістік инфракұрылым
|
| Консалтингтік инфрақұрылым
|
| ||
|
|
|
Ғылыми-зерттеу инфрақұрылымы
|
| Ақпараттық инфракұрылым
|
| ||
|
|
|
Қаржы инфрақұрылымы
|
| Өткізу инфракұрылымы
|
| ||
|
|
|
Технологиялық инфрақұрылым
|
| Мамандар даярлау инфрақұрылымы
|
|
Инновациялық инфрақұрылымның құрылымы келесідей:
- инновациялық дамудың мемлекеттік институттары;
- технологиялық бизнес-инкубаторлар;
- ғылыми қалашықтар;
- инновациялык-технологиялық қалашыктар;
- технологиялар трансферті орталығы (жоғарғы оку орындары, салалық
ғылыми-зерттеу институттары, оқу орталықтары, мамандандырылған
консалтингтік кәсіпорындар);
- инновациялық кәсіпорындар;
- инновациялық қызметпен айналысатын жеке кәсіпкерлер;
- венчурлық қорлар;
- инновациялық жобаларды қаржыландыратын банктер;
- ақпараттык инфрақұрылым;
- мамандандырылған көрмелер.
Технологиялар трансферті орталығының негізгі міндеті - ғылыми-техникалық нәтиижелерді тездету, шағын инновациялык кәсіпорындарды құруға көмектесу.
Технологиялар трансферті орталығына Республикадағы «Қазына» тұрақты даму қоры негізінде құрылган «Инжиниринг жэне технологиялар трансферті» акционерлік коғамының қызметі мысал бола алады. Оның мақсаты- ҚР-дағы инновациялық қызмет пен белсенділікті арттыру.Ол ҚР экономикасының 23 саласын қамтиды. Олардың ішінде:
1) Ақпараттық технологиялар;
2) Өмір туралы ғылымдардың технологиясы;
3) Нанотехнологиялар мен жаңа материапдар;
4) Көмірсутек саласының технологиялары;
5) Энергияның жаңартылған жолдарының технологиясы.
Сонымен инновация дегеніміз - өндірісті жэне коғамды басқарудың түрлі салаларына енгізілуі экономикалық тұрғыдан тиімді және әлеуметтік, экологиялық жағынан маңызды болып табылатын, сондай-ак зияткерлік меншік объектісі ретінде танылған ғылыми және ғылыми-техникалык қызметгің нәтижесі.[5]
1.2 Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті дамыту
ерекшеліктері
Қазіргі кезде әлемнің көптеген елдерінде мемлекет инновациялық қызметке құқықтық, ұйымдастырушылық және қаржылық жағынан көмек көрсетуде. Бұл елдердің ішінде Қазақстан да бар. Мемлекеттік инновациялық саясатты ҚР Үкіметі әзірлейді және жүзеге асырады. Қазақстандағы инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың келесі бағыттары бар:
- ұйымдастырушылық және экономикалық шарттарын көздеу, соның
ішінде мемлекеттік инновациялык қызметті ынталандыру;
- инновациялық дамудың негізгі басымдыктарын анықтау;
- инновациялық инфрақұрылымды құру және дамыту;
- инновацияларды құру мен енгізуде мемлекеттің қатысуы;
- сыртқы нарықтарға отандық инновацияларды шығару мен өткізу;
- технологиялар трансфертін қоса алғанда, инновациялық қызмет
сферасында халықаралық қарым-қатынасты орнату.
Ғылыми-техникалық потенцаил кез-келген мемлекеттің ұлттық байлығының негізгі саласы. Барлық дамыған елдер тәжірибесі көрсеткендей, экономикалық дамуыдың, көркеюдің негізгі жолы – ғылыми-техникалық және инновациялық салада лидер болу. Инновациялар мен жаңалықтар экономиканың құлдырауына төтеп беріп, ғылыми-техникалық прогрестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлттық экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатады. Сондықтан да бүкіл дүниежүзіндегі кәсіпкерлер инновацияларды тиімді басқару мен ұйымдастыруға ерекше көңіл бөледі. Ал мемлекет өз тарапынан ғылыми-техникалық және инновациялық саясат ғылыми – техникалық жетістіктерді адам игілігі үшін пайдаланып, адамзат өмір сүру жағдайларын сапалы түрде жақсартуға бағытталған. Бұл бүкіл адамзат тіршілігі мен шаруашылығының негізгі мақсаты.
Қазір Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық зерттеулері мен инновациялық саясаты кризистік жағдпйда. Бірақ сол қиындықтаға қармастан Қазақстан кәсіпкерлері шетел жаңалықтары мен ғылыми-техникалық жетістіктерін табысты түрде игеріп, оларды жоғары қарқынмен қызметтеріне енгізіліп келеді. Әрине бұл инновациялар халықаралық технологиялық деңгейде көтерілуге мүмкіндік береді, бірақ сол ғылыми-техникалық жетістіктердің көбісі тек біз үшін ғана инновация, ал шетелдіктер үшін олар кешегі күн жаңалықтары. Сондықтан да шетел технологиясы мен техникасын игерумен қатар өз ұлттық Ғылыми-техникалық потенцаилымыздың дамуына жағдай жасап, отандық ғалымдардың ғылыми жетістіктерін өндіріске енгізіп, оларды бағалай білуіміз керек.
Негізінен инновациялық қызмет жаңа шаруашылық аймақтық құрылымдарды (технопарктерді, бизнес инкубаторларды, аймақтық инновациялық қорларды, венчурлық фирмаларды) дамытуға, бұрын құрылған шаруашылық субъектілер арасындағы өзара байланыстарды трансформациялауға, бақару технологияларын дамытуға көмектеседі.
Кәсіпорындармен жалпы Республиканың инновациялық қызметін дамытуға келсек, мемлекеттің 2003 -2015 жылдарға арналған индустриялық инновациялық бағдарламасын айтып кетпеуге болмайды. Бағдарлама мынадай міндеттерді шешуге бағытталған:
- экономиканың жоғары технологиялық шикізаттық емес секторларын қалыптастыру;