Инновация

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2012 в 12:06, дипломная работа

Описание работы

Бүгінгі әлемдік экономикада Қазақстан Республикасының өзіндік орны айқындалып қалды. Бұл мәселенің өзектілігі әлемдік экономикалық қауымдастықта еліміздің нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түсті. Себебі Елбасымыз атап көрсеткеніндей «Мемлекетіміз әлем таныған алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек» деп атап көрсетті. Сондықтанда болар бүгінгі күні экономикалық дамудың тиімді жолдарын табу туралы мәселелі сұрақтар кең түрде талқылауға түсіп отыр.

Работа содержит 1 файл

Инновация Мика.doc

— 181.00 Кб (Скачать)


К І Р І С П Е

 

Бүгінгі әлемдік экономикада Қазақстан Республикасының өзіндік орны айқындалып қалды. Бұл мәселенің өзектілігі әлемдік экономикалық қауымдастықта еліміздің нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түсті. Себебі Елбасымыз атап көрсеткеніндей «Мемлекетіміз әлем таныған алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек» деп атап көрсетті. Сондықтанда болар бүгінгі күні экономикалық дамудың тиімді жолдарын табу туралы мәселелі сұрақтар кең түрде талқылауға түсіп отыр.

Біздің еліміздің болашағы – оның интеллектуалды қоры, ғылымы және инновация жетістіктерінде. Бұл сөздер Президент Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арналған Жолдауында айтылған болатын. Өмір өзі көрсеткеніндей, шикізат сатуға бейімделген экономика құлдырауға бағытталған. Тек жоғары сапалы, ең соңғы ғылым жетістіктеріне сай техника мен технологиялар ғана экономиканы көркейтіп, халық өмірін жақсартуға қабілетті. Сондықтан да, ғылымға және ғылыми-техникалық және инновациялық саясатқа ерекше көңіл бөлінуі тиіс.

Көптеген мақсаттар мен міндеттер бүгінде еліміз экономикасы дамуының негізгі бағыты болып отыр. Себебі еліміз осы мәселелерді шешіп жоғары бәсекеге қабілетті алдыңғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшін, тұрақты экономикалық өсуді және экологиялық тиімді өндірісті қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзімді стратегиясын» қабылдады және ол алғашқы жылдан бастап оң нәтижелер бере бастады.

Инновациялық саланы мемлекеттік басқару индустриалды-инновациялық саясатты жүзеге асырушы ғана емес, оның бағытын анықтап, сол процестердің қарқынды дамуына ықпал етіп, дұрыс орындалуын қадағалайтын бірден-бір қуатты құрал. Біздің елімізде де осы мәселе дұрыс жолға қойылып, тікелей Президенттің қадағалауында екені көңіл қуантады.

Стратегияның басты мақсаты шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу; ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау болып табылады.

Кез келген экономикалық жүйеде, оның ішінде нарықтық экономикада Елбасының Жолдауында негіз болған индустриалды-инновациялық стратегияны жүзеге асыруда қамтамасыз ететін іс-шаралардың бірі – инновациялық процесс.

Ол процесті жүзеге асыратын қызмет түрлері, былайша айтқанда «инновациялық қызмет осы қызметті мемлекеттік реттеп, бағыт беріп отыруы керек. Бұл Қазақстан Республикасының «инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» заңында көрсетілген. Міне, бұл ел өңіріндегі айтулы оқиға. Өйткені, бұл заң арқылы Республикадағы инновациялық процессті жылдамдатып, жаңа техника мен технологияның өмірге келуін сапалы түрде әрі нақтылай қамтамасыз етуге болады. Мұнда инновациялық негізгі ұғымдар, инновациялық процестегі мемлекеттің орны, оны қаржыландыру көздері және жүзеге асыру жолдары қарастырылған.

Инновацияларды енгізу кәсіпорындардың меншікті құралдарының жетіспеушілігімен және несие алу үшін жоғарғы пайыздық ставкалармен тежеледі. Жоғарыда айтылғандай отандық компаниялармен инновациялық процесстерді қаржыландыру қарастырылғанымен, Қазақстандық өңдеулерді шетел компанияларымен қаржыландыру тұрақты өсуде.

Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстандағы инновациялық үрдістерді зерттеу өзектілігі, инновацияға, оның түрлеріне, инфрақұрылымына, Қазақстандағы инновацияның даму ерекшеліктері, жалпы Қазақстандағы және отандық кәсіпорындардың инновациялық қызметтеріне статистикалық көрсеткіштер негізінде талдау жасалынған. Шетелдегі инновацияның даму үрдістерін талдау негізінде Қазақстандағы инновациялық үрдістерді дамыту жолдары, Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметтің теориялық негіздерін анықтау, иновацияның мәнін, түрлерін, инфрақұрылымын айқындау, Қазақстандағы инновациялық кызметті дамыту ерекшеліктерін қарастыру, отандық кәсіпорындардың инновациялық қызметін талдау,  Қазақстандағы инновациялық белсенділікті арттыру жолдары қарастырылған.


1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Инновацияның экономикалық мәні, түрлері, инфрақұрылмы

Ғылыми-техникалык прогресс - кез келген мемлекеттің ұлттық байлығының негізгі саласы. Барлық дамыған елдер тәжірибесі көреткендей, экономикалық даму, көркейтудің негізгі жолы  ғылыми-техникалық және инновациялык салада лидер болу. Инновациялар мен жаңалықтар экономиканың құлдырауына төтеп беріп, ғылыми-техникалық прогресстің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлттық экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатады.

«Инновация - ұғымын» экономикалық теорияға өткен ғасырдың 30-шы жылдарында И.Шумпетер енгізді. Қазіргі кезде көптеген әдебиеттерде инновацияға әртүрлі анықтамалар берілген:

-     инновация дегеніміз - жаңа идеяларды түрлердіруге байланысты қызмет түрі немесе нарыққа енгізілген жетілдірілген өнім.

-     инновация – практикалық қызметте пайдаланылған жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процесс.

-     инновация - әлеуметтік қызметтерге жаңа тәсіл.

Жалпы алғанда инновация дегеніміз - әкелетін ғылыми-техникалық, ұйымдастырушылық, қаржылық және коммерциялық іс-шаралар кешенін болжайды. Шетелдік зерттеушілер Э.Дж.Долан, Я.Корани, П.Хейне, П.Ф.Друкер, Н.Г.Менкью, Г.Хоскинг, И.Шумпетер, В.Леонтьев және т.б. өндірістік сферадағы кәсіпкерліктің инновацәиялық сипатын бейнелейтін экономикалық қатынастардың қазіргі заманғы теориясын дамытты.

Алайда бұл ғалымдардың еңбектерінің басым бөлігі жалпы ғылымдық сипатта жазылған немесе мәселенің жеке тұстарын ғана шешуге арналған. Қазіргі уақытта инновациялық өнімді тиімді жасап, ұтымды пайдалану қатынастарын сапалы түрде қарастырмайынша елдегі аса маңызды әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу мүмкін еместігін түсіну енді жеткілікті емес. Ал бұл өзіне тән арнайы мамандандырылған қызмет субъектілері, инфрақұрылым институттары, өзіндік нарықтық қатынастары бар елдің барлық инновациялық потенциалының дамуын талап етеді.

Инновация дегеніміз - интеллектуалды еңбек нәтижесі ретінде рынокқа тіпті жаңа немесе жаңартылған өнім және жаңа немесе жаңартылған технология түрінде шығарылатын жаңалықты айтамыз.

Әлемдік экономикалық әдебиеттерде «инновация» жалпы қабылданған термин ретінде қолданылады.

Й.Шумпетер бойынша иннвоация – тек жаңалық енгізу емес, сонымен қатар өндірістегі жаңа қымет болып табылады, кәсіпкерлік бұл кәсіп емес ол тәуекел, бизес арқылы инновация нарығына жылжу қабілеті. Кәсіпкерлік тхнологиялық дамумен, инновациялымен және экономикалық өсумен тығыз байланысты.

Ағылшын-орыс сөздігі «инновация» бұл жаңалық енгізу, жаңашылдық, өзгеріс деген мағынаны білдіреді. Инновация терминіне түсінік қысқаша жалпы редакциясы В.А.Макаренконың «қазіргі кездегі түсініктер мен терминдер» сөздігінде «инновация» (ағылшын «innovation»  - «жаңалық», «жаңғырту») бұл:

1. Техника мен технологияның алмастыруды қамтамасыз ету үшін, экономикаға жұмсалатын қаражат.

2. Ғылыми-техникалық прогресстің жетістігі болатын жаңа техника мен технология нәтижесі.

3. Дайын өнім, жаңа ойларды синтездеу, өңдіру. Жаңа технологиялар, моделдер құру, оларды өмірге енгізуді қамтамасыз ететін саяси бағдарламалар, т.б.

4. Тіл білімінде жаңа білімнің пайда болуы, морфологиядағы жаңа түсініктердің пайда болуы.

Қазақстан Республикасының «Инновациялық қызметтер туралы заңына»  сәйкес инновация дегеніміз - ғылыми техникалық зерттеулер мен интеллек-туалды еңбектің нәтижесінде пайда болған жаңа немесе жақсартылған өнім және жаңа немесе жақсартылған технология. [1]

Егер жаңалықтың экономикалық және әлеуметтік құны  болмаса онда ол инновация емес, себебі инновация деп өндіріске енгізілген белгілі бір пайдалы әсерді қамтамасыз ететін инновациялық үрдістердің нәтижесін айтамыз.

Инновация – ғылыми-техникалық зерттеу, өндіріс, маркетинг және менеджмент сияқты әртүрлі салаларда жүзеге асырылады.

Инновациялық пайдалы тиімділіктің  мынадай түрлері болады :

-     экономикалық тиімділік;

-     экологиялық тиімділік;

-     ғылыми-техникалық тиімділік;

-     әлеуметтік тиімділік.

Инноватика теориясының қалыптасуы - Й.Шумпетер теориясынан басталады. 1920 жылдары австриялық ғалым Й.Шумпетер өзінің «Экономи-калық өсу теориясы» деген еңбегінде экономикалық теория ғылымдарында алғаш рет инновация түсінігіне көңіл аударды. Оның айтуынша, экономикалық тұрақтылықты жаңашыл кәсіпкерлер бұзады. Бұл кәсіпкерлер рынокқа жаңа өнім әкеліп, басқа кәсіпкерлерді бәсекеге шақырады. Әр кәсіпкер бәсекеден қалып қоймау үшін, өз тарапынан басқа да жаңа өнімдер ойлап табуға мәжбүр болады. Әр кәсіпорынның ішкі факторларын жаңадан біріктіру. яғни факторлар комбинациясы арқасында да жаңалық алуға болады деді. Й.Шумпетер жаңа комбинациялардың бес түрін көрсетті:

-     жаңа өнімді қалыптастыру;

-     жаңа технология пайдалану;

-     өндіріс процессін ұйымдастырудың жаңа түрлерін пайдалану;

-     сатудың жаңа рыноктарына шығу;

Инновация ұғымы - кәсіпорынның инновациялық қызметі - бұл жаңа немесе өнімнің жақсаруы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа; әдістерін, қолдану мақсатындағы ғылыми-техникалық және зияткерлік әлуеттік шаралар жүйесі. Бұл жеке сұранысты, сонымен бірге жалпы пайдалы жаңалықтарға қогамның мұқтажын қанағаттандыруы үшін пайдаланылады.

Жаңа өнімді өндіріске енгізу инновацияның түбегейлі өнімділігі ретінде анықталады. Мұндай жаңалықтар негізінде жаңа технологияға негізделеді, не тіршілікте қолданылып жүрген технологаянық жаңа түрінде пайдалануын  ұштастырады. [2]

Процесстік инновация- бұл жаңалықты енгізу немесе өндіріс тәсілін және технологаяны едәуір жетілдіру, жабдықтарды және өндірісті ұйымдастыруды өзгерту. «Жаңалық» дәрежедегі инновация негізінде жаңа, яғни өткен, отандық және шетелдік практикада ұқсастығы жоқ және жаңа нәрсенің салыстырмалы жаңалығы болып ұсақталады. Негізінде өнімнің жаңа түрлер технологиясы және қызмет көрсетуі басымдық, абсолюттік жаалықтарға ие болады және үлгінің түп нұсқасы болып табылады.

Инновацияның өмірлік кезеңі өзара байланысты процестердің және жаңалыңтарды енгізу сатысының жиынтығын көрсетеді. Инновацияның өмірлік кезеңі уақыт араылғы ретінде идеяның дүниеге келуінен өндірістік өткізуден алып тастағанға дейінгі инновациялық өнімнің негізінде аныңталады.

Кәсіпорынның инновациялық қызметін әзірлеуде, енгізуде, жаңалықтарды  пайдалануда қосылатындары:

- жаңалық  идеяны әзірлеу, зертханалық ғылыми жұмыстар, өнімнің жаңа зертханалық үлгілерін техниканың жаңа түрлерін, жаңа   конструкцияның және  бұйымдарды  дайындауда  ғылыми-зерттеу  және  конструкциялық  жүмыетарды  жүргізу;

- өнімнің  жаңа  түрлерін  дайындау  үшін  шикізаттар мен материал-дардың қажетті түрлерін таңдап  алу;

- жаңа   өнімді дайындауда   технологиялық   прогресті әзірлеу;

- қажетті   өнімдерді   дайындау   үшін   жобалау,   жасау,    сынақтан өткізу  және  жаңа  техниканың үлгілерін  енгізу;

- жаңалықтарды  іс  жүзіне  асыруға  бағытталған ұйымдастырушылық -басқарушылық   шешімдерді   әзірлеу және енгізу;

- қажетті  ақпараттық ресурстарды және инновацияны аңпаратпен   қамта-масыз   етуді   зерттеу   және әзірлеу;

- қажетті  ғылыми-зерттеу және конструкторлық  жұмыстарды жүргізу  үшін дайындау,  оқыту,  жаңа мамандық беру және  қызметкерлерді  арнайы  әдіспен  іріктеу;             

- лицензиялау, патенттеу, ноу-хау жұмыстарын жүргізу немесе қажетті құжаттарды алу;      

- инновацияны жетілдіруді ұйымдастыру және маркетингтік зерттеулерді  жүргізу.

Қазіргі күнгі әдебиеттерге сай инновацияларды  жалпы үш түрге жіктейміз:

1.      Инновация -өнім - өнімдік инновация)

2.      Инновация –процесс (технологиялық инновация)

3.      Ұйымдастырушы - басқару саласындағы инновация. [1 сурет]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескерту. И.Шумпетер Теория экономического развития.- М.:Прогресс,

 

1 сурет. Инновациялық  процесстің сыртқы ортамен қарым-қатынасы

 

Инновацияны жүзеге асыру үшін, компания міндетті түрде сыртқы орта факторларын ескеруі қажет. Ұйымға сыртқы ортадан жанама және тікелей әсер етуші факторлар болады. Ал егер компания инновациялық қызметпен айналысатын болса, көбіне төменде көрсетілген суреттегі факторлар әсер етуі мүмкін. Инновациялық процессті дамытуда сыртқы орталармен тығыз байланыста. Сондықтан, инновацияны дамыту үшін, осы сыртқы орталарды да жетілдіруіміз, оларды инновациялық қызметке ынталандыруымыз керек. Сондай-ақ өнеркәсіп саласын дамыту барысында кластерлік желілерді дамыту керек. Кластерлер таяу орналасқан кәсіпорындарды бір орталыққа шоғырландыра отырып, тізбектелген технология бойынша соңғы өнім шығаруға қол жеткізудің бірегей тәжірибесі болып табылады. [3]

Инновациялық қызмет дегеніміз - бүкіл инновациялық процесс барысында атқарылатын қызметтер. Кәсіпорынның инновациялық қызметі  - бұл жаңа  немесе өнімнің жақсатуы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы ғылыми – техникалық және зияткерлік әлеуметтік шаралар жүйесі. Бұл жеке сұранысты, сонымен бірге жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын  қанағаттандыруы үшін пайдаланылады. Инновациялық қызмет - нәтижелерi экономикалық өсу мен бәсекелестiк қабiлеттiлігі үшiн пайдаланылатын, өндiрiстiң және қоғамды басқарудың әртүрлi салаларына жаңа идеяларды, ғылыми бiлiмдердi, технологиялар мен өнiм түрлерiн енгiзуге бағытталған қызмет; Инновациялық қызметке мынадай қызмет түрлерi:

Информация о работе Инновация