Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 13:56, курсовая работа
Инфляция – бұл күрделі де көпфакторлы құбылыс. Ол ақша айналым арналарының артық ақша белгілерімен аса толып кетуінің нәтижесінде тауар мен көрсетілетін қызметтердің бағасының өсуі. Латын тілінен аударғанда инфляция «көтерілу, қабыну» дегенді білдіреді. Ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады. Инфляция – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе-теңдік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл жалпы ұсыныс пен сұраным ұсынымнан артық болса, бұл тауарға баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген нарық сәйкессіздігі инфляцияны қалыптастырмайды. Инфляция – бұл нарықтың көбінде сұранымның артуынан қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі.
Жоспары
Кіріспе..............................................................................................................3
Негізгі бөлім
І бөлім. Инфляцияның теориялық аспектілері
Инфляция түсінігі, пайда болу себептері...............................................6
Инфляцияның түрлері мен факторлары....................................................10
Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары...............................17
ІІ бөлім. Қазақстан Республикасындағы инфляция және оны реттеу негіздері
2.1. Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы және оның ерекшеліктері.....22
2.2. Қазақстан Республикасындағы инфляцияның қазіргі кездегі даму қарқынын талдау............................................................................................24
2.3. Инфляция салдарынан туындайтын проблемаларды талдау.................29
ІІІ бөлім. Инфляциямен күресу шараларын жетілдіру жолдары
3.1. ҚР инфляцияға қарсы күресінің болашаққа арналған бағыттары.............34
3.2. Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы 2009-2010 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары...........................................................................39
Қорытынды...................................................................................................43
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.....................................................................46
2007
жылдың екінші жартысында
Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық Банкі мен Қарды нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі әлемдік қаржы және тауар рыноктарындағы тұрақсыздықтың теріс салдарын жұмсартуға бағытталған бірінші кезектегі шаралар кешенін жедел қабылдады және іске асырды.
Өтімділіктің жаһандық тапшылығын тудырған қаржы дағдарысының екінші толқыны әлемдік қаржы жүйесінің шеңберінен шығып, нақты секторға едәуір теріс әсер етті. Содан барып әлемдік экономиканың өсу қарқынының едәуір және соның салдары ретінде тауарлар мен қызмет көрсетулерге жаһандық сұраныстың баяулауы байқалды.
Бұл
отандық экономиканы
Қазақстан Республикасының Үкіметінің, Ұлттық Банкінің және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленді және жаһандық дағдарыстың Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуалға теріс салдарын жұмсартуға және болашақтағы сапалы экономикалық өсу үшін қажетті негізді қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін айқындайды.
Жоспардың мақсаты Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға жаһандық дағдарыстың теріс салдарын жұмсарту және болашақта сапалы экономикалық өсу үшін қажетті негіздерді қамтамасыз ету болып табылады.
Мақсатқа жету үшін Үкімет, Ұлттық Банк пен Қаржылық қадағалау агенттігі мынадай бес бағытта шоғырланатын болады:
Жобаны қаржылық қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының 10 млрд. АҚШ доллары (1 200 млрд. теңге) көлеміндегі қаражат пайдаланылатын болады.
Үкімет, Ұлттық Банк пен Қаржылық қадағалау агенттігі «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры және ҚазАгро ұлттық холдингі осы қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуына тұрақты мониторинг пен бақылауды қамтамасыз етеді.
Жоспарды іске асыру бойынша негізгі оператор болып «Самұрық-Қазына» қоры шығатын болды. Ол үшін үкімет «Самұрық-Қазына» қорын 607,5 млрд. теңгеге қосымша капиталдандыруды жүзеге асырды.
2007-2008 жылы қабылданған
шараларға келер болсақ
Экономикалық өму қарқынының төмендеуі жағдайында Үкімет контрциклдық бюджет саясатын, ал Ұлттық Банк – жағымды ақша-кредит саясатын жүзеге асыратын болады. Алайда экономика мен қаржы секторын тұрақтандыру шамасына қарай ақша-кредит және фискалдық саясаттар макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, оның ішінде, инфляцияның төмен қарқынын ұстап тұру мақсатында қаталдандыратын болады. Мысалы, Үкіметтегі отырыста Ұлттық Банк басшысы Әнуар Сәйденов мәлімдегендей, Қазақстанның тұтыну рыногындағы ахуал инфляцияның бәсеңдеп келе жатқанын көрсетеді. Бас банкирдің айтуына қарағанда, осы үрдіс ағымдағы жылдың соңына дейін сақталып, келер жылы да жалғаспақшы. Мұндай ахуал Ұлттық Банкке инфляцияның жылдық көрсеткішін 10 пайыздан асырмауға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, 2009 жылы инфляцияны 7,5-9,5 пайыз деңгейінде, 2010 жылы 7-9 пайыз деңгейінде ұстап тұруға әсерін тигізеді.
Ағымдағы жылғы 10 айда инфляция деңгейі 8,8%-ды құрады, мұның өзі 10%-дан аспайды деген болжамға сәйкес келді.
Жалпы алғанда тұрақтандыру
шараларын жүзеге асыру арқылы еліміздің
экономикасы 2 172 млрд. теңге көлемінде
қосымша мемлекеттік қолдануға ие болады.
2007-2008 жылдары қолға алынған іс-шаралардың
және экономиканы тұрақтандыру жөніндегі
2009-2011 жылдарға арналған жоспарды орындаудың
нәтижесінде Қазақстанда ЖІӨ-нің өсімі
2009-2010 жылдарда 1-3 пайыз деңгейінде тұрақтайды
деген болжам бар. Сонымен қатар жоспарға
сәйкес, 2009-2010 жылдардың соңына қарай инфляцияның
деңгейі 7-9 пайыздан, жұмыссыздықтың деңгейі
8 пайыздан көтерілмейді.
Қорытынды
Зерттеу жұмысының І-бөлімі «Инфляцияның теориялық аспектілері» деп аталады, онда мынадай мәселелер қарастырылды:
Инфляция қоғамда ақшаның құнсыздануы, бұл процесс қарқынды да ұлғаймалы түрде жүреді, тауар тапшылығы асқындайды, ақшалай қор жинау мүддесі жойылады, ақша-несие жүйесінің қызметі бұзылады, тауарды тауарға тікелей айырбастау (бартер) кеңейеді.
Инфляция жағдайында Үкімет «қымбат-ақша» саясатын ұстануға мәжбүр болды, Ұлттық банк несие беру «процентін және міндетті резерв нормасын өте жоғары деңгейде ұстап отырды. Осылай жүргізілген монетарлық (ақша-қаржы) саясаттың нәтижесінде инфляция ауыздықталды, сонымен бірге ішкі өндіріс пен нарық екі-үш есе қысқарды, ұлттық өндіріс орындары тоқтап қалды, жұмыссыздық күрт өсті. Негізінен сыртқа өнім шығаратын шикізат өндіру салалары жұмысын тоқтатқан жоқ, керісінше экспорт көлемін айтарлықтай өсірді. Нарыққа көшу жылдары Қазақстанда бұрыннан қалыптасқан өндірісаралық диспропорциялар қысқарғанның орнына арта түсті.
Қазақстан Республикасындағы инфляцияның дамуы – мемлекеттік бюджет тапшылығына байланысты. Бюджет тапшылығы инфляцияның қайталама факторы болып табылады, өйткені ол шығындардың инфляциясынан және осыған байланысты мемлекет кірістерінің құнсыздануынан туады.
Бағалардың өсуі тұрғындардың нақты табысын төмендетеді. Сондықтан кәсіподақтар еңбекақының номиналды деңгейін көтеру туралы талап қояды.
Курстық жұмыстың ІІ-бөлімі «Қазақстан Республикасындағы инфляция және оны реттеу» деп аталады, ол келесі бөлімшелерден тұрады:
2004
жылдан бастап Ұлттық банктің
негізгі мақсаты ретінде
Негізгі мақсатты орындау үшін Ұлттық банкке мынадай міндеттер жүктелген:
Ұлттық
банктің негізгі мақсаты мен
міндеттерін осылайша түйіндеу инфляция
бойынша мақсатты көрсеткіштер үшін
Ұлттық Банк жариялаған Еуроодақ стандартына
және инфляциялық таргеттеу
Курстық жұмыстың соңғы бөлімінде келесідей мәселелер келтірілді:
Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2006 жылғы жолдауында айтқандай: «Қазақстан экономикасын тұрлаулы экономикалық өрлеудің іргетасы ретінде одан әрі жаңарту мен әртараптандыру үшін мемлекет қазынагерлік, ақша-кредит саясатының, өндірістің негізгі факторларын тиімді қайта сапалы өнім мен қызметке деген сұранысты көтермелеп отыруға міндетті. Қазақстан экономикасын алдағы уақытта одан әрі жаңарту мен әртараптандыру мақсатында нақтылы тұрғыда мынадай бағыттарда баса көңіл бөлу керек. Оның бірі – ақша-кредит саясаты. Ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты – инфляцияны тежеуді қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершілік Ұлттық Банк пен Үкіметке жүктеледі. Олардың қолында сол үшін барлық өкілеттіктер мен құралдар бар. Ақша-кредит саясатының келесі міндеті – қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляция өсімінің залалды зардаптарын төмендету, сонымен бір мезгілде экономикалық өрлеуді ынталандыру үшін нақтылы айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру. Осы орайда Ұлттық қор маңызды рөл атқаруға тиіс. Үкімет Қор қаражатының ашықтығын және ұтымды құрылуы мен пайдаланылуын қамтамасыз етуге тиіс деп санаймын». /18, 4б./
Қазақстан экономикасында сақталып отырған жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ақша қатынастарын реттеудегі жаңа режимге, яғни инфляциялық таргеттеуге көшуге бағыт алды.
Еліміздегі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу, қаржы секторының пәрменді дамуы, сыртқы экономикалық конъюнктураның жайлы болуы Ұлттық Банктің қызметінің сапалы және жаңа жолға түсуіне себепші болды. Бұл өз кезегінде ақша-кредит саясатының құрылуына және дамуына ықпал етіп, іскерлік ортаға, коммерциялық емес банктердің жұмысын бақылауға және ақша айналымын тұрақтандыруға әсерін тигізді.
Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты ақша агрегаттары мен теңге бағамына ғана байланысты емес, сонымен қатар, басқа да монетарлық емес факторларға: ауыл шаруашылық өнімдері, жанармай және тұрғындық-коммуналдық шаруашылық қызметтерінің бағасына да байланысты инфляцияны минимизацияға бағытталған.
Сонымен
тоқсан сөздің тобықтай түйініне келетін
болсақ, инфляция төңірегінде қозғалып
жатқан мәселелерді жай сөз ретінде
қалдырмай онымен күресу шараларын
жетілдіріп, тиімді жолдарын іздестіру
керек.
Пайдаланған
әдебиеттер тізімі