Инфляцияның теориялық аспектілері

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 13:56, курсовая работа

Описание работы

Инфляция – бұл күрделі де көпфакторлы құбылыс. Ол ақша айналым арналарының артық ақша белгілерімен аса толып кетуінің нәтижесінде тауар мен көрсетілетін қызметтердің бағасының өсуі. Латын тілінен аударғанда инфляция «көтерілу, қабыну» дегенді білдіреді. Ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады. Инфляция – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе-теңдік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл жалпы ұсыныс пен сұраным ұсынымнан артық болса, бұл тауарға баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген нарық сәйкессіздігі инфляцияны қалыптастырмайды. Инфляция – бұл нарықтың көбінде сұранымның артуынан қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі.

Содержание

Жоспары
Кіріспе..............................................................................................................3
Негізгі бөлім
І бөлім. Инфляцияның теориялық аспектілері
Инфляция түсінігі, пайда болу себептері...............................................6
Инфляцияның түрлері мен факторлары....................................................10
Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары...............................17

ІІ бөлім. Қазақстан Республикасындағы инфляция және оны реттеу негіздері
2.1. Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы және оның ерекшеліктері.....22
2.2. Қазақстан Республикасындағы инфляцияның қазіргі кездегі даму қарқынын талдау............................................................................................24
2.3. Инфляция салдарынан туындайтын проблемаларды талдау.................29
ІІІ бөлім. Инфляциямен күресу шараларын жетілдіру жолдары
3.1. ҚР инфляцияға қарсы күресінің болашаққа арналған бағыттары.............34
3.2. Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы 2009-2010 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары...........................................................................39
Қорытынды...................................................................................................43
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.....................................................................46

Работа содержит 1 файл

Курсовой Макроэкономика.doc

— 269.00 Кб (Скачать)

      Таргеттеу (ағыл. targeting – бағыт алу, бағыттау, бағытталу) монетарлық саясатта – бұл ортамерзімдік перспективада негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді бағытты басқару процесі.

      Бүкіләлемдік тәжірибеде таргеттеудің бірнеше стратегиялары ажыратылады, олардың ішінде: номиналды табысты таргеттеу, пайыздық мөлшерлемені таргеттеу, номиналды жалақыны таргеттеу, монетарлық таргеттеу, валюта бағамын таргеттеу (курстық таргеттеу), инфляцияны таргеттеу (6 суретті қараңыз). /22, 57б./ 

Таргеттеу    стратегиялары
 

 

  Монетарлық таргеттеу
  Номиналды табысты таргеттеу
 

 
 

   Курстық таргеттеу 
Номиналды жалақыны таргеттеу

 

     
 

Инфляциялық таргеттеу
Пайыз ставкаларын таргеттеу

                      
 
 

           6 сурет. Таргеттеу стратегиясының  классификациясы

 

      Ең бірінші инфляциялық таргеттеуді қолданған 1990 жылы Жаңа Зеландияның Орталық Банкі. Соңғы он жылдың ішінде инфляциялық таргеттеуді қолданған монетарлық саясатты енгізген елдердің саны күрт өсті.

Олардың ішінде: Канада (1991ж.), Ұлыбритания (1993ж.), Финляндия (1993ж.), Швеция (1993ж.),  Испания (1994ж.). Біртіндеп инфляциялық таргеттеу  элементтерін қолдануға келесі елдер келді: Чехия, Бразилия, Израиль,  Чили, Норвегия, Исландия, Польша және Венгрия.

      Инфляцияның Ұлттық Банк болжамының деңгейіне жақын болуы монетарлық саясаттың жеңісі болып табылады. Қазақстанда да болжамды деректер жасалынып, олар нақты деректермен салыстырылып жур (2- кестеден қараңыз). Инфляция деңгейі көрсеткішінің қажеттілігі тек ақша нарығын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар экономиканың бүкіл  жағдайын көрсеткені екендігі тек II Дүнеижүзілік соғыстан кейін ғана ғылыми тұрғыдан дәлелденді. /22, 57б./

      Инфляциялық таргеттеудің негізгі элементтері:

  1. ортамерзімдік көрсеткіштерді жария ету;
  2. ақша-кредит саясатының негізі ретінде баға тұрақтылығының институционалды келісімі;
  3. ортамерзімдік бағдар алудағы тәуелсіздік;
  4. ақша-кредит саясатының жоғары транспаренттілігі;
  5. қадағалау органдарының жоғарғы жауапкершілігі.

   Ұлттық  Банктің инфляциялық таргеттеуге  көшуінің қажеттілігі терең түсіндіру  үшін 4 бөлімнен тұратын инфляциялық  таргеттеудің негізін көрсетуге  болды:

  1. күшті жақтар (strenght);
  2. әлсіз жақтары (weakness);
  3. мүмкіншіліктер (opportuinies);
  4. қатерлер (threans);
 

    Күшті жақтары.

      Соңғы жылдардың қорытындылары бойынша  Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағы  республикаларының арасында көшбасшылық  позицияда тұр (экономикалық қарқынды даму, инфляция деңгейінің тұрақты болуы, ұлттық валютаның тұрақтылығы, бюджет дефицитінің аздығы, халықтың әл-ауқатының жақсаруы, Қазақстанға инвестициялық рейтингтің берілуі). Елдегі саясаттың тұрақтылығы да жаңа ақша бағыттарына көшуде басты рөлдерді алады. /22, 58б./

      2004 жылдан бастап қаржы нарығындағы бақылаушы және тұрақтандандырушы функцияларды Қазақстан Республикасының бақылаушы және тұрақтандандырушы Агенттігі атқарады. Қаржы нарығындағы бақылаушы және реттеуші функцияларының бөлінуі Ұлттық Банктің ерекше статусын белгіледі. Бүкіл ТМД елдерінің арасында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық банкке қатысты функциялары бар бір ғана банк.

      Ұлттық  Банк – елдегі инфляцияны төмендетуге  бағытталған ақша-кредит саясатын тәуелсіз өткізуші болып табылады. Инфляцияны төмендетуге бағытталған ақша-кредит құралдарының толық арсеналы Ұлттық Банктің иелігінде.

      Елдегі  инфляция процестерін және ликвид деңгейлерін  қазіргі таңда аса маңызды  және оптималды құралдарының бірі ақша нарығындағы айырбастау ставкалары арқылы реттейді. Инфляция қызуын төмендету үшін Ұлттық Банк ақша-кредит саясатын қатаң тәртіпке бағыттап, қайта қаржыландыру ставкаларын көтеріп, 8%-ға дейін жеткізді. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қайта қаржыландыру ставкасы жылдық инфляция деңгейінен сәл жоғары болу керек.

      Ақша-кредит құралын қолдану деңгейінде де, Ұлттық Банктің дербестігі инфляциялық  таргеттеуді енгізудің ең бірінші  талабы болып табылады. Бірақ Ұлттық Банк дербес болса да, өз құралдарын фискалдық бағытта, яғни бюджет дефицитінің (сеньораж) эмиссиялық қаржыландыруында мүмкіншіліктері шектеулі. 1998 жылдан бастап Ұлттық Банктің бюджетті қаржыландыруы тоқтатылды және заң жүзінде бекітілді: «Қазақстан Республикасының Ұлтық Банкі туралы». /22, 59б./

      Соңғы жылдары теңге енгізілгені кезден бастап алғаш рет ұлттық валютамыздың АҚШ долларына шаққанда тұрақтандырылғаны байқалды және ол Қазақстанның бүкіл қаржы секторында көрініс тапты. Ұлттық валютаның ревальвациясы коммерциялық банктердің депозит базасының деңгейінің өсуіне әсер етті. Сақталып отырған теңгенің тұрақтылығы болашақта Қазақстан экономикасын дедолларизацияға әкелуі мүмкін. Қаржы сегментіндегі жайлы жағдайдың сақталып отыруы пайыз ставкаларының процесін құрудағы маңызды рөлін атқарып төмендеуіне себепше болады.

      Әлсіз жақтары. Қазақстанның шикізатқа бағытталған экономикасы, экспортқа шығарылатын көлемі мен дүниежүзілік шикізат ресурстары ның басына тәуелділігі төлем балансымен ұлттық валютаға әсерін тигізеді.

      Қазақстанның  қаржы секторы реалды секторға қарағанда  жоғарғы деңгейде даму үстінде. Депозиттік базаның және несиелік экономиканың кеңеюіне қарамастан, реалды секторды қанағаттандыруға қаржының жетіспеушілігі, оның кейінгі экономикалық дамуына әсерін тигізеді. Соның салдарынан басқа жаңа қаржы көздерін іздеуге тура келеді.

      Экономикаға «долларизация» деңгейіндегі монетарлық құралдардың әсері қаржы-несие сферасын әлсіретеді. Бұл оның инфляцияға әсерін тигізе алатындығын көрсетеді. Экономикадағы «долларизация» деңгейін жоғарғы деңгейде сақтап қалу қаржы-несие саясатына және қазақстан экономикасына асау жеріне кері әсерін тигізеді.

      Ұлттық  Банктің бағалы қағаздар портфелі көлемінің  жетіспеушілігі – ашық рынокта кең  көлемде операциялар жасауға  кедергі келтірді. Міне осы операциялар  инфляциялық таргеттеуге жоғары талаптар қояды.

      Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриалды-инновациялық даму стратегиясының қабылдануы және қазақстан экономикасындағы диверсификация процесінің жылдамдығы – экономикалық әр жақтылығы. /22, 60б./ Бұл өз кезінде экономиканың дүнежүзілік конъюктураға тәуелділігін төмендетеді. Бұл жерде ішкі және сыртқы рыноктарда бәсекег түсе алатын елдің индустриалды комплексін құру туралы айтылған.

      Инфляция  инфляциялық таргеттеу кезінде  маңызды рөлді атқарады. Сонымен  қатар, ауыспалы ұсыныс пен сұраныс, ақша агрегаттары, пайыздық ставкалар, валюталық бағам, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы, инфляция және баға мен инфляциялық тосу бірге қолданылады. Осыған байланысты Ұлттық Банк трансмиссиондық модель дайындап, ақша-кредит саясатының экономикаға әсерін бақылап, «базалық инфляцияның» индексі саналуда.

      Бүкіл әлемдік мұнайға деген баға тербелісі  Қазақстан экономикасына кері әсерін тигізу қаупі тұр, себебі айырбастау курсы тұрақты болмай мұндай шығару экспортының көлемінің ұлғаюына байланысты ұлттық валютамыздың курсының ревальвациясына, ол өз кезегінді «Голланд ауруының» симптомдарына әкелуі мүмкін. Көрші елдердегі экономикалық тұрақсыздық та біздің елдің экономикаысна зардабын тигізу қаупі бар.

      Отандық қаржы нарығының сиымдылығының  жеткіліксіздігі оған шетел капиталын  толық жұтуға мүмкіншілік бермейді. Қысқа мерзімді спекулятивті капиталдың келуі экономиканың күйреуіне, сонымен қатар, елде экономикалық кризиске қақтығысу қаупі болуы мүмкін.

      Сонымен қорыта келе, инфляциялық таргеттеу  принциптеріне көшу процесі, көптеген элементтердің институционалдық негізі инфляцияның бағыт көрсеткішінің Қазақстанда жұмыс жасауымен және осы режимді орнықтыруға барлық жағдайлар жасалғанымен жеңілдетіледі. Бірақ, тек қана практика жүзінде ғана қорытындыға келіп, осы режимнің ақша-кредит саясатындағы орнын анықтауға болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      3.2 Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы 2009-2010 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары 

      2008 жылы 10 қарашада премьер-министр  Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен  Үкіметте болып өткен селекторлық  кеңесте қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық ахуалының үш маңызды факторына нақты да толымды сипаттама берілген болатын.

      10 қарашадағы жағдай бойынша еліміздегі инфляция деңгейі 8,8% пайызды құрап отыр. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 4,6% папйызға төмен. Инфляцияның болжамды мөлшері үстіміздегі жылдың аяғына дейін 10 пайыздық межеден аспайды. Бұл ТМД мемлекеттерінің ішіндегі ең төмен көрсеткіш. Саралап айтар болсақ, үстіміздегі жылғы қазан айындағы мәлімет бойынша, инфляция деңгейі Ресейде 10,6% пайыз, Қырғызстанда 15,6%, Беларусьте 9,4%, Украинада 16,1% пайыз болған. Сондықтан еліміздегі бұл саладағы жағдай басқалардан әлдеқайда тәуір болады деп айтуға толық негіз бар.

      Үкімет  еліміздегі жанар-жағармайдың бағасын  едәуір төмендетуге қол жеткізді. 1 қарашадан бастап 1 литр А-80 маркалы бензиннің бағасы – 60 теңгеге; АИ – 92\93 – 87 теңгеге; АИ 95\97 – 100 теңгеге дейін арзандатылды. Қысқы дизель отынының 1 литрі 94 теңгеге дейін төмендетілетін болады.

      Осы мерзім ішінде елімізде азық-түлік  мүшесі 9,5 пайызға көтеріліп, еліміздегі инфляцияның жалпы өсуіне 3,9 пайыз әсер еткен. Азық-түлік емес тауарлар 6,5 пайызға артып, жалпы инфляцияның өсуіне 2-1 пайыз әсер еткен. Солай бола тұрса да 4 қарашадағы мәлімет бойынша бірқатар тауарлардың бағасы атап айтқанда, картоп – 4,5 пайызға (64 теңге), сиыр еті – 8,5 (573 теңге), қой еті – 5,6 (594 теңге), күнбағыс майы – 3,9 (318 теңге), қант – 2,6 (113 теңге), ұнның бірінші сорты – 1,2 пайызға (80 теңге) төмендеген. Ал қырыққабат – 4,3 пайызға, жұмыртқа – 4 пайызға, «Ақмаржан» 1,04 пайызға қымбаттаған.

      Тұтыну  тауарларының төмен бағасы – Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды, облыстарында. Ең қымбат баға – Астана, Алматы, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында көрініс тапқан. Елімізде азық-түлік қауіпсіздігін және олардың бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Үкімет тұрақты үнемі мониторинг өткізіп отырады. Онда ішкі рыноктағы және шеттен келетін азық-түлік тауаларының бағасы сараптаудан өткізіледі. Ол үшін арнаулы жұмыс тобы құрылған. Жыл басынан бері бұл жұмыс тобының алты жиналысы өтті. Еліміздің барлық өңірлерінде маңызды азық-түлік тауарларының, оның ішінде өсімдік майы, қант, күріш және ұнтақталған сүттің жеткілікті қоры жасалған. Был өсімдік майын өндіретін дақылдардың шығымы 160 мың тоннаны құрады. Бұл еліміздің өсімдік майына деген сұранысының 80 пайызын ғана қанағаттандырады. Қызылорда облысында 310 мың тонна күріш жиналды, оның 130 мың тоннасы азық-түліктік сорт. Бұл еліміздің күріш дақылына деген сұранысын толық қамтамасыз етуге жетеді. Еліміз бойынша 1,8 миллион көкөніс, 1,9 миллион тонна картоп жиналды. Мал шаруашылығы өнімдері бойынша да жағдай тұрақты. Үстіміздегі жылы барлық мал түліктерінің өсімі 4-5 пайызды құрады.

      Инфляцияға қарсы күреске барлық өңірлердегі ӘКК-лер белсенді ат салысуда. Олар өңірлерге көкөніс тауарларын жеткізу және жылыжайлар мен көкөніс қоймаларының құрылысын салуға қатысатын болады. 2008-2009 жылдары ӘКК-лердің қатысуымен жалпы сыйымдылығы 34,9 тонна болатын 10 көкөніс қоймалары салынып, пайдалануға беріледі. Сонымен бірге Қазақстанда экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын баж салығын 210 АҚШ долларынан 139 долларға дейін, экспортқа шығарылатын мазутқа салынатын баж салығын 130 доллардан 95 долларға дейін төмендету көзделіп отыр.

Информация о работе Инфляцияның теориялық аспектілері