Инфляцияның теориялық аспектілері

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 13:56, курсовая работа

Описание работы

Инфляция – бұл күрделі де көпфакторлы құбылыс. Ол ақша айналым арналарының артық ақша белгілерімен аса толып кетуінің нәтижесінде тауар мен көрсетілетін қызметтердің бағасының өсуі. Латын тілінен аударғанда инфляция «көтерілу, қабыну» дегенді білдіреді. Ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады. Инфляция – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе-теңдік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл жалпы ұсыныс пен сұраным ұсынымнан артық болса, бұл тауарға баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген нарық сәйкессіздігі инфляцияны қалыптастырмайды. Инфляция – бұл нарықтың көбінде сұранымның артуынан қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі.

Содержание

Жоспары
Кіріспе..............................................................................................................3
Негізгі бөлім
І бөлім. Инфляцияның теориялық аспектілері
Инфляция түсінігі, пайда болу себептері...............................................6
Инфляцияның түрлері мен факторлары....................................................10
Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары...............................17

ІІ бөлім. Қазақстан Республикасындағы инфляция және оны реттеу негіздері
2.1. Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы және оның ерекшеліктері.....22
2.2. Қазақстан Республикасындағы инфляцияның қазіргі кездегі даму қарқынын талдау............................................................................................24
2.3. Инфляция салдарынан туындайтын проблемаларды талдау.................29
ІІІ бөлім. Инфляциямен күресу шараларын жетілдіру жолдары
3.1. ҚР инфляцияға қарсы күресінің болашаққа арналған бағыттары.............34
3.2. Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы 2009-2010 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары...........................................................................39
Қорытынды...................................................................................................43
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.....................................................................46

Работа содержит 1 файл

Курсовой Макроэкономика.doc

— 269.00 Кб (Скачать)

     Инфляцияның дамуының қосымша факторы пайдаланылатын кредиттер бойынша пайыздарды жатқызудың тәртібі болып табылады; кредит үшін төлемақының өсуі жағдайында бұл өнімнің өзіндік құнының, оның ізін шала бағаның да өсуіне соқтырады.

     Айтылған  факторлар өндіріс шығындарын –  өндірушілер инфляциясын арандатушы факторларға жатады.

     Бағалардың  артуы жағдайында халықтың, әсіресе жеке кәсіптік және әлеуметтік топтардың әлеуметтік дөмегөйліктерінің өсуін инфляцияның даму факторы деп есептеуге болады. /16, 506б./

     Егер  баға жайлап өсе бастаса, ол жағдайда тұрғындар, кәсіпорындар оған дайындалады. Ақша жоғалмау үшін тұрғындар тұтыну тауарларын  сатып алады, ал кәсіпорындар инвестициялық тауарларды алады. «Инфляциялық психоз» бағаға қысым жасайды, сонымен инфляция өрши бастайды. Кәсіпорындар шикізат және даяр өнім алуға тырысады, ювелирлік тауарларды, алтынды алуға талпынады. Төтенше жағдайларда: бағаның шексіз өсуі жағдайында экономикалық қарым-қатынастар күйрейді. Ақша өзінің функциясын орындай алмайды. Сондықтан заттай айырбас орын алады. Өндіріс пен айырбас тоқтауға бағытталады. Қорытындысында экономикалық, әлеуметтік, саяси бейбастақсыздық болуы мүмкін. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     ІІ. Қазақстан Республикасындағы  инфляцияжәне оны  реттеу негіздері 

     2.1 Қазақстандағы инфляцияның  пайда болуы және  оның ерекшеліктері 

     Осы күндері Қазақстанда қалыптасып отырған инфляцияның ерекшеліктерін және негізгі себептерін бұрынғы  Кеңес Одағының тарихи-экономикалық даму процесінде қалыптасқан өндіріс, қаржы және баға жүйелерінің құрылымдық диспропорцияларынан іздестірген дұрыс болады.

     Қоғамдық  өндіріс құрылымы қаржы баға жүйелерін  анықтайды. Өндірісте диспропорциялар қалыптасса, қаржы мен баға жүйелерінде де сәйкессіздіктер пайда болады.

     Кеңес экономикасының 70-ші жылдың даму кезеңдерінде қоғамдық өндірістегі диспропорциялар  әр бесжылдық сайын тоқтаусыз  ұлғайып тереңдеп отырған. Кеңес  экономикасында тарихи түрде қалыптасқан  диспропорцияларды бірнеше топқа бөліп анықтауға болады:

  1. өнеркәсіп өнідірісі мен ауыл шаруашылығы арасындағы алшақтық;
  2. ауыр өнеркәсіп пен жеңіл өнеркәсіп арасындағы сәйкессіздік;
  3. шикізат өндірісі мен дайын (түпкі) өнімдер өндірісінің арасындағы диспропорция;
  4. әскери өндіріс пен азаматтық өндіріс арасындағы сәйкессіздік;
  5. материалдық өндіріс пен материалдық емес өндіріс арасындағы диспропорция т.б.

        Бұл диспропорциялар  Кеңес экономикасының өзінде бағалардың инфляциялық өсуін тұрақты түрде  қалыптастырып келді. Кеңес шаруашылық жүйесінде әрбір 10-15 жылда бір рет жүргізіліп келген бағаларды реформалау щаралары осы инфляцияның нәтижесін заңдастыру ғана болған.

        Қазақстанда қалыптасқан  өндірісаралық, оның ішінде шикізат  өндірісі мен түпкі өнімдер өндірісі арасындағы диспропорция, тіпті бұрынғы Одақтас Республикаларға қарағанда, бірнеше есе жоғары. Қазақстанның экономикасы негізінен Кеңес Одағының, тіпті бүкіл социалистік елдер қауымдастығының шикізат пен энергия өндіруші базасы ретінде дамып қалыптасқан. Қазақстанда өндірілетін шикізат өнімдерінің 90-95% шетелдерге жіберіліп отырған, ал өзіне қажетті өндіріс құралдарының 90%, тұтыну тауарларының 60% сырттан тасымалданатын. Кеңестік жүйе ыдырап күйреген кезде Қазақстанда тауар тапшылығы қалыптасқаны белгілі. 1991-1993 жылдары Ресейден тауарлар алу үшін алынған несие көлемі бір жарым млрд.доллардан артып кеткен болатын. 1993-1998 жылдары Қазақстандағы бағалардың өсуі мен ақшаның құнсыздануы 2000%-дан 20%-ға төмендеді. Бұл кездері Қазақстанда гиперинфляция қалыптасты, тек өзіміздің ұлттық валютаны (теңгені) енгізгеннен кейін ғана, Қазақстан инфляцияға қарсы саясат жүргізіп, оның деңгейін 3 жылдың ішінде 100 есе төмендетті. Бұл өтпелі кездегі Қазақстанның макроэкономикалық деңгейдегі айтарлықтай жетістігі болды. Бірақ Қазақстан үшін бұл жеңіс тегіннен тегін келген жоқ, оның нәтижесінде ұлттық өндіріс күрт құлдырап кетті. Мысалы, жеңіл өнеркәсіп пен машина жасау көлемі 90 % - ке, ауыл шаруашылық пен азық - түлік шаруашылықпен азық - түлік өндірісі - 50 -60% -қысқарды.

     Сонымен түйіндей келе, Қазақстан Республикасындағы инфляцияның дамуы - мемлекеттік бюджет тапшылығына байланысты болған болатын. Бюджет тапшылығы Қазақстанның егемендігі жағдайында да сақталынып тұрды: ол 1991 ж. бюджеттің шығыс бөлігінде 20,4 %, 1992 -8,6 %, 1993 - 11,9 %Д994 - 10,2 %, 1995 - 17,4%, 1996 - 15,4 %, 1997 - 17,7 %, 1998 - 18 %, 1999 - 14,3 %, 2000 - 9,8 %, 2001 - 6,4 %, 2002 - 5,2 % құрады. 2008 жылы республикалық бюджеттің тапшылығы 1,453 млрд. теңгені (ЖІӨ-ге 0,11 %) құрады. Бюджет тапшылығы инфляцияның қайталама факторы болып табылады, өйткені ол шығындардың инфляциясынан және осыған байланысты мемлекет кірістерінің құнсыздануынан туады. /8,456./ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.2 Қазақстан Республикасындағы  қазіргі кездегі  инфляцияның даму  қарқынын талдау 

         Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 2008 қазандағы берген мәліметтері бойынша мынадай жағдайды көруге болады:

         Қазақстан Республикасының Статистика  жөніндегі агенттігінің ресми  деректері бойынша инфляцияның  ең жоғарғы деңгейі 2008 жылдың  қаңтар- тамыз айларында орын алды, яғни 19.4 % құрады. Бұл соңғы жылдарда белгіленген ең жоғарғы деңгей болып табылады. Әсіресе азық-түлікке деген баға өте жоғары деңгейде болып, көшбасшылыққа ие болды - 27.8%.

        2008 жылдың қараша айында 2007 жылға  қарағанда ұн бағасы 75%, күріш -75%, нан - 40.6%, жарма - 16.7% -ға қымбаттады. Майдың бағасының өсуі -5.9%, сүт өнімдері мен жұмыртқа бағасының өсуі болса - 15.9% ды құрады. Жеміс бағасы - 22%, көкөніс - 20.4, кондитер өнімдері- 16.2% - ға өсті. Ет пен ет өнімдеріне - 19.7%, балық пен теңіз өнімдері деген баға осы кезеңде 14.6%-ға өсті.Соның ішінде құс еті - 24.9%, жылқы еті - 12%, шошқа еті - 17.9% қой еті - 17%, шұжық өнімдері - 16.6% - ды құрады.

     2008 жылдың қараша айында қатты  отын 4.7%, нығыздалған газ -Ц .6% ға өсті. Жуу және тазалау құралдары 1.9%, дәрі дәрмек - 1.1% , киім және аяқ киім — 15, жеке гигиена тауарлары 0.9% ға көтерілді. Ал бензин бағасы 16.3% мен дизельді отын - 11.9% ға төмендеген болатын.

     Ақылы қызмет көрсетудің ішінде білім беру мекемелерінің қызмет көрсету құны - 0.9% - ға, медицина мекемелерінің қызмет көрсетуі - 0,8% , мәдени қызметтер - 0.8%, тұрғын үй - коммуналдық қызмет көрсету және жолаушылар көлігінің қызметі 0.3% - ға қымбаттады. Шаштараз қызметі - 1.2%, ресторан және қонақжай қызметтері - 1% - ға қымбаттап отыр.

     Сонымен 2008 жылдың 1 - жартыжылдығында ресурстардың нетто - әкелінуі талдау көрінісінде (резервтік  активтердің өзгеруіне байланысты операцияларды есепке алмағанда) өткен жылдың осындай көрсеткішінен екі еседен астамға асып түсіп, 1,8 млрд. долларды құрады. 2008 жыл үшін Қазақстанға шетелдік тікелей инвестициялар сияқты Қазақстан резиденттерінің шетелдік кәсіпорындарға тікелей инвестицияларының да өсуі тән болды. 2008 жылдың 1 - жарты жылдығында Қазақстанға шетелдік тікелей инвестициялардың жалпы әкелінуі 2523 млн. доллар деңгейінде тіркелді, нетто - әкеліну 1696 млн. долларды құрады, бұл өткен жылдың осындай көрсеткішінен 1,7 есе асып түседі. /21, 26./

     2008 жылдың 1 жартыжылдығында борыштық капитал бойынша міндеттемелер 1,8 млрд. долларға, резиденттердің шетелдік активтері - 1,3 млрд. долл. өсті.

     2008 жылдың 1 - жартыжылдығында жалпы  сыртқы борыш 12,7 % - ға өсіп, 25,8 млрд. долларды құрады. Мемлекеттік  және мемлекет кепілдік берген борыш бойынша міндеттемелер 3,59 млрд. долларға төмендеген кезде, сыртқы борыштың өсімі банктердің және үлесіне сыртқы борыштың 86%-ы тиесілі, кепілдікпен қамтамасыз етілмеген республика кәсіпорындарының заемдық операцияларымен толық қамтамасыз етілді.

     Тұтастай  алғанда, 2008 жылы тамызда шілде айына  қарағанда инфляция 0.8% деңгейінде қалыптасты.

     Тұтыну  бағалары құрылымы бойынша неғұрлым жоғары деңгейде азық- түлік тауарлары -7,4%-ға қымбаттады, азық түлікке жатпайтын  тауарларға және ақылы қызмет көрсетулерге бағалар мен тарифтер тиісінше 6,2%-ға және 5,9%-ға көтерілді.

     2008 жылы инфляция динамикасына тән  ерекшеліктердің ішінде барлық  тұтыну тауарларына және қызмет  көрсетулерге бағаның өткен жылдағыдай  ерекшеленген «лидерлерсіз» іс  жүзінде біркелкі өсуін атап айтуға болады. Бұдан басқа, теңге енгізілген сәттен бастап барлық жылдарда болған инфляцияның күтілетін маусымдық төмендеуінің орнына есептік жылдың 2007 жазғы айларында оның көтерілгендігі байқалды.

     2004 жылдан бастап Ұлттық Банк  ақша-кредит саясатын жүргізу кезінде базалық инфляцияның көрсеткіштерін бағдарға алады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысына сәйкес базалық инфляцияның есебі екі әдістеме бойынша жүргізіледі және оны Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі жүзеге асырады. Базалық инфляция есебінің бірінші әдістемесіне сәйкес тұтыну бағалары индексінен (ТБИ) көкөністерге, жеміс-жидектерге, жанармайға және көмірге бағаны алып тастау, ал екінші әдістеме бойынша - ТБИ-ден бағаның ең жоғары өсуін көрсеткен компонентті және бағаның неғұрлым төмендеуін көрсеткен 5 компонента алып тастау көзделеді. /21, 36./

     Ақша-кредит саясатының 2004-2007 жылдарға арналған негізгі  бағыттарында негізі қаланған 2007 жылға  арналған базалық инфляцияның болжамы, бір жылда орташа алғанда 4-6%-ды құрайтынын ескере отырып, өткен жылдың қорытындылары бойынша тұтастай алғанда болжанған деңгейден нақты деңгей шамалы ғана асатын болды.

     Алдыңғы жылдарға көз жүтіртсек 2007 жылы жылдық инфляция деңгейі 10,7%-ға жетті (2007 жыл  желтоқсан 2006 жылғы желтоқсанға), алдыңғы жылдарға қарағанда біршама өскен.

     Тұтыну  бағаларының өсуінің басты себептері  азық-түлік тауарларының қымбаттауы (8,1%-ға) және ақылы қызмет көрсетулері  бағаларының өсуі (8,0%-ға). Азық-түлікке  жатпайтын тауарлар 5,9%-ға қымбаттады.

     2007 жылы азық-түлік тауарларының  құрылымында бағалардың жоғарылауы  тіркелген болатын: көкөніс пен  жеміс-жидек - 23,1%-ға, күріш - 18,3%-ға, ет және ет тағамдары - 12,5%-ға, қант - 11,9%-ға, балық және теңіз  тағамдары 11,0%-ға. /19, 26./

     Азық-түлікке жатпайтын бағалар тобына да бағалардың өсуі байқалды. Олардың іптінде: киім-кешекке - 8,8%, аяқ-киім Щ 7,0%-ға, баспа құралдарына - 5,7%, жанар-жағармай - 3,2%-ға қымбаттады.

     Ақылы қызмет көрсету құрылымында тұрғындық-коммуналдық  қызмет көрсету аясында баға 7,4%-ға жоғарылады. Оның себептері: газбен қамтамасыз ету - 34,5%-ға, тұрғын үйді қамтамасыз ету - 9,6%-ға, қоқыс шығару - 8,0%-ға қымбаттады. Сонымен қатар, білім беру мекемелерінде де 19,5%-ға қымбаттауы тіркелді, денсаулық сақтау - 7,2%-ға, жолаушылар көлігі - 6,0%-ға қымбаттады. /19, 26./

     Орта  жылдық инфляция 7,6% құрады, 2006 жылғы  мақсаттық межені асып түсті (5,2-6,9%). /19, 26./

     2008 жылғы инфляция деңгейі жыл  басынан бергі уақытта дейін  %-ға жетті. Қазіргі таңда доллар  девальвациясы жалғасып тұр. Оның бағамы жыл аяғына дейін 1=120 дәрежесіне жетуі мүмкін. Мұндай жағдайда экспорттың ақшаға шаққандағы (номиналды) көлемі ғана ұлғаяды. Ішкі жалпы өнімнің өсімі де сол деңгейден аспайды. Ал шын өсім бұл екі көрсеткіште мардымсыз болуы әбден ықтимал. Өйткені қымбаттаған теңге - тауардың өтімі, яғни сыртқы рыноктағы бәсекелестік қабілеті кемиді. Бұл ретте екінші деңгейдегі банктер үлкен кері әсер етіп тұр. Дәлірек айтқанда олар, әсіресе, елдегі жарғылык коры мол ірі үш банк шет елден жеңіл несиелер алып елге үлестіруін үдете түсуде. Бұл екі жақты зиянды. Біріншіден, Ұлттық Банк айналымдығы валюта молшерін азайту үшін оны сатып алуға мәжбүр болады. Демек, сақтық қордағы валюта мөлшері үлғаяды, сол арқылы оның құнсыздануы өзінен-өзі жүріп, Ұлттық қордағы номинальді қазына мөлшері теңгеге шаққанда азаяды. Демек, ұтыстан ұтылыс басым болып тұр. Мұндай жағдайда Ұлттық Банк теңгені үстеп қоректендіру (рефинансирование) тәсілін қолдануы мүмкін. Жыл басынан бері бір рет бұл тәсіл жүзеге асырылды да. Оның пайдасы шамалы болды. Теңге бағамы өсе түсті. Сөйтіп, онсыз да қымбаттап бара жатқан (шет ел валюталарына қарағанда) теңгеміз ішкі рынокта құнсыздануын (инфляцияға ұшырауын) жалғастырады. Бұл дегенініз ең алдымен өткен жылдық мемлекеттік төлемдердің 30-100 пайыз деңгейінде өсуінің салдары. Сатармаңдар айналымдағы бос ақшаны өз қалтасына түсіруді ойлауы нарық заңдылығы. Ішкі рынок сұранысты тауарларға толмай тұр. Демек, инфляцияны өсіруші, сөйтіп, экономиканы «Голланд ауруына» әкеліп тіреуші қоздырғыш күші әлеуметтік төлемдердің еселеп арттырылуы болып шықты. Бір жағынан халыққа жақсылық жасағандай, ал сол жақсылық экономикаға кері әсерін тигізіп отыр. Мұны экономика тілінде «Голланд ауруы» дейді. Біреулер Қазақстанды «Голланд ауруымен» үрейлендіре бастағанына екі-үш жылдың жүзі болды. Бірақ ондай дерттің алуы мүлде алыс. Оған себеп Қазақстан экономикасы әлі де болса ондаған, тіпті жүздеген миллиард доллар көлеміндегі инвестицияны ағзасына сіңіре алатын, қазақшалап айқанда мүлде «шөліркеп қалған» субъект. /18, 76./

Информация о работе Инфляцияның теориялық аспектілері